Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ОҚУ, ЖАЗУ, ҮЙРЕНУ ТУРАЛЫ ПСИХАЛОГИЕ



Pdf көрінісі
бет167/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ОҚУ, ЖАЗУ, ҮЙРЕНУ ТУРАЛЫ ПСИХАЛОГИЕ 
НЕ АЙТАДЫ?
Оқу,  жазу  үйренуден  шаруаның  көздейтін  мақсаты:  алыс 
берісін,  қатынасын  жеңілдету,  тұрған  ортадағы  түрлі  өзге-
рістердің құбылыстардың түп мəнісіне түсініп, мұның шаруа-
шылығына тійетін пайда залалын айқын білуі болады.
Шаруа бұл мақсатты орындау үшін көпке арнап жазылған 
кітап газеттерді оқып аңғара білуі керек. Қысқаша өз тілі мен 
оқып  жазып  басқаға  білдіре  алатын  болуы  керек.  Імлəнің 
жиі  ұшырайтын  ережелерін  ұстай  біліп  тыныс  белгілерін 
қойуға, қатаң жұмсақ естілетін дыбыс таңбаларын жана ый, 
ій, ұу, үу сыйақты қазақ імлəсінде екі дыбыстан құралып жа-
салатын құрама дыбыстарды айруға жаттығу тиіс.
Оқу,  жазуға  жаттығу  үшін  алынған  деректердің  (сөз, 
сөйлем)  əр  кім  аңғаратын  мəні  болуы  тиіс.  Сондықтан 
үлкенге болама, балаға болама қат таныту үшін қысқа жана 
жиі ұшырайтын сөз сөйлемдер теріп үйрету керек делінді.
Оқушы  баспа  иə  жазбаның  таңбасын  айырып,  қарасын 
танығаны мен мазмұнын аңғара алмаса, көшіріп жаза алғаны 
мен өз тұсынан сөз құрастырып таңбалауға əлі келмесе – қат 
таныту жұмысын мектеп орындай алмаған болады.
Осы  айтылғандар  үлкендерге  қат  танытатын  мектеп 
не  істеу  керекгін,  оқу-жазу  үйрету  əдісінің  қандай  негізге 
құрылуы керегін ашық түсіндіре алады.
Оқу-жазу үйретуде адамның табыйғатына, саңлау мүше-
лерінің  ыңғайына  ылайық  тетелес  жол  ұстау  керек.  Бұған 
ең  жабайы  мысал  үлкендер  мен  жас  балалардың  оқып  қат 
тануы  арасындағы  айырмашылықты  көрсетсек  жеткен-
дей.  Бірақ  негізінде  үлкенге  де  балағада,  не  үйреттіксекте 
табыйғатын қыйнамау, ынтысын  қажытпау жағын қарасты-
рамыз. Түсінікті, көрнекті деректер қолданып ебін оңтайын 
тəрбиелеу жағын іздейміз. 
Қат үйретудің негізгі ережесі: 1) оқыған жазған сөз-сөй-
лемнің қоғамдық мəніне оқушының қанық түсінуі. 2) адам 
денесінің,  мүшелерінің  жаратылысындағы  өзгешеліктерді 
ескеріп  тəжірибе  мен  анықталған  ілім  заңына  сүйеніп  іс 
істеу.
Оқуда түрлі мүшелердің қызметі – басқаға қарап көзіміз 
əсер  алады.  Жазу  таңбалары  сөйлем  мүшемізді  қозғайды. 
Бұл мүшелердің түрліше құбылып  қозғалуына (көмекей, ды-
быс қабыршықтары, ерін, тіс, мұрын, тіл) дыбыс, сөз туралы 
естіретін мүшеміз құлақ. Құлақ дыбыстың сөздің бір қалыпта 
айтылуын бақылап, түзеп отыратын болады. Сондықтан оқу 
жазу,  үйренгенде  сөйлеу  мүшесінің  қызметі  дұрыс  жүруі 
үшін, дыбыстың сөздің қалай естілуіде есепке алынады. Көру, 
есту, сөйлеу мүшелеріміз бірі мен бірі ілесіп, əр қайсысының 
алған  əсерінен  айағында  бір  қалыпты  дыбыс  сөз  шығады, 
бұл төмендегі сүгіреттен 
анық түсінікті. 
Баспа иə жазба таңба-
лары  көзге  шалыну  мен 
əсер «к» жүйке тамырын 
қозғайды.  Мұнан  мидың 
көру  түбегі  қозады,  түй-
сік  алады  (сүгіреттегі  а 
мен  көрсетілген  түбек) 
бұл  түбектегі  серілудің 
айағы  көру  кіндігінен 
тіл  түбегіне  ауысады. 
Көзге  деген  жазудың 
əсері  құлаққада  тійіп 
(іштен  өзіне  есіттіріп 
оқу  түрі)  есту  жүйке  та-
мырлары  бойынша  есту 
түбегіне  барады.  Бұл 
түбектің алған əсері көру 
жүйкесінікі  мен  сөйлеу 


430
431
түбегінде тоғысатын болады. Осы екі қозғалыстың түйдегі 
сөйлеу мүшелерін жалғайды, дыбыс сөз жасалады.
Оқығандағы түрлі мүшелердің қызметі мына сүгіреттегі-
дей 
Жазу  жазғанда  түрлі 
мүшелердің қызметі.
Жазу 
жазғандағы 
өзгешелік – көру,  есту, 
сөйлеу  мүшелерінің  қый-
мылымен  жалғас  қол,  аяқ 
саусақтарыда    іс  істейді. 
Осылайша  жазу  жазғанда 
мидың  төрт  түбегі  бірдей 
қызмет атқарады: 
Кесте  түрінде  бұлай-
ша:
Көздің алған əсері кө-
ру  жүйке  тамыр  бойын-
ша  мидың  көру  түбегіне 
қонады.  Мұнан қол қоз-
ғайтын түбекке ауысады. 
Қолдың  қимылын  ту-
ғызады  сырттан  алынған 
түрткі əсердің құлаққа естілуі (əуеннің қозғалуы толқыны) 
есту жүйке салаларының қозуынан мұның да  əсері қозғау 
түбегіне  келеді;  бұлда  қолдың  саусақтардың  бір  ыңғай 
қозғалуына себепші болады.
Шынында көру арқылы есту арқылы сөздің түйсектелуі 
бір қалыпты деп түсіну керек.
Бұл  кестеден  пайдаланып  қара  шаруаға  жұмысшыға 
қат  үйретудің  əдісін  белгілеу  қиын  емес.  Үйткен  мен-
де  пісійқалогияның  жоғарыдағы  ережесін  ғана  ұстану 
жеткіліксіз. Оқудың да жазудың да қоғамдық қасиеті, мəні 
болу  керек.  Қайткенде  оқушы  тез  аңғарып,  қалыпты  оқуға 
жете алады. Жазуға қолы төселеді, бұл мəселені жеке қарап 
шешуіміз керек.
Бұл мəселеге келгенде əдісшілдер арасында бұрынырақта 
екі түрлі талас пікір болатын. Біреулердің айтатыны:
Алды мен жалаң оқуға төселдірудің амалын істеген жөн. 
Алған  дағдысын  іске  жұмсау  оқу-жазу  үйрету  мен  қатар 
жүргізуге келмейді, əбден оқу жазу төселгеннен соң ғана ша-
руа өз керегін жаза бастасын, кітап оқитын болсын. Бұл жағын 
оқи жазу мен бір кезеңде орындаудың қыйсыны жоқ делінеді. 
Бұл  жол  оқушының  көру,  есту,  жəне  сөйлеу  мүшелерін 
тəрбиелеуді ғана қуалайды. Бұлай деушілердің дəлелі оншама 
күшті емес. Үйткені оқу жазу үйренуде, шаруаның іздегені ең 
соңынан ғана табылады. Əбден қатқа төселгенге дейін шаруа 
өзді өзін сынай алмайды. Істеген еңбегінен не нəтиже келіп 
шығуы  қараңғы.  Ынта  жігері  қайтып  əр  бірден  соң  оқудан 
көңілі қайтуғада болады. Не деген мен оқуы айақтағанға дейін 
не келіп шығатынын түсіне алмай, сенімі кемиді. Оқу жазуға 
жақсы төселудің бір тіреуі қолына əліппе мен қарандаш, қағаз 
алғаннан – ақ шаруаның күнделік арпалысатын өмір жүзінде 
жиі  кездесетін  жəйді  жазғыза  бастаған,  оқыта  бастаған  жөн 
(Əліппе жазылу іреті де осылайша).
Оқушы  қара  танып  оқи  алғаны  мен  сөздің  сөйлемнің 
мəнісіне түсінбесе, көшірме жазып дағды алғаны мен өз ойын 
жазып таңбалай алмастай болса, оқудың қоғамдық мəні тіпті 
жойылып кетеді. Сондықтан бұл жол қата деп танылған.
Екінші көз қарас жоғарыдағы пікір мен үйлеспейді, оған 
қарсы пікір.
Бұл жолдың дұрыстығы тəжірибе жүзінде көп байқалған. 
Педагогике ілімі жолы мен айрықша тексеріліп оқытудың ең 
төте жолы деп анықталған.
Осы негізге құрылған оқуда: оқу-жазу, үйрету үшін толы 
мағналы,  шаруаның  өміріне  үйлесімді  жеке  сөз  иə  сөйлем 
алу керек. Бұл əдіс бастап шыққан кезде сыңар жақ кетіп – 
оқу, жазу, үйретуді қыйындатып жіберген болатын – ол мы-
надан болады: шаруаны не ғұрлым қоғамдық мəні бар, толы 
мағналы  сөз  сөйлем  таңбасын  көрсетіп  білдірген  дұрыс, 
бұлардың  таңбасын  айыртудың  оңай,  қыйын  жағын  ескер-
меугеде болады деп қараған. Бұл негізге құрылған əліппелер 
орыс тілінде 1926 жылдарға дейін шығып келеді, жаңа қазақ 


432
433
тілінде  де  бірен-саран  жазылған  бірақ  басылып  тарамаған 
кітаптар болды. Қазақтың əсіресе ескі арап əліппесі жоғарыдағы 
негізді  ұстап  кітап  жазуға  тіпті  үйлеспейтін.  Себебі:  оқушы 
буынға, дыбысқа жіктеу тəртібі мен біздің күшіміз бірлесуде 
иə  болмаса  жер  еңбекшілер  қолына  көшті  деген  сыйақты 
сөйлемдерге қарап отырып əсте қат таный алмақ емес.
Орысшасында  оқушылар  айыра  алмайтын  Ю  таңбасы 
кездескені  сияқты  қазақшасында  да  талай  қыйын  иректер 
кездесетін (қазақша қол жазба Малабай ұлыныкі).
Бұл əліппелердің тұтынған жолы мүлде теріс болмағаны 
мен хат үйрету жұмысын ұзаққа созатыны тəжірибеде көрілді. 
Қайтадан тексеріп түзеу керек табылды. Түзелгені сол: бір 
ыңғай толы мағына білдіретін сөз. сөйлем кійліктіріп қана 
қат  үйрету  жазуға  қолын  төселдіру,  оқудың  бұзылмайтын 
шарты  деп  қаралмайды.  Толы  мағна  білдіретін  қысқа 
таңбалы, аз дыбыс пен айтылатын сөз иə сөйлем алынады. 
Бұрын  өтілген  буын  дыбыстарды  кійліктіріп  сөз  сөйлем 
құрастырылады.  Жазу  жазғызылады.  Сүйтіп  бұл  түрі  ескі 
мен жаңаның бірлескені деп тану керек. Бұған дəлел:
Адамның неге болсада ебі оңтай тəрбиеден жəне қайта-
қайта  істеп  дағды  алуынан  болады.  Бірақ  бойдағы  ын-
таны  қоздырып  еріксіз  ынта  тудыру,  жасанды  ынтамен 
іске  бұйыру  көбінесе  адамды  қажатады,  жалықтырады. 
Үздіксіз бетінен қайытпай іс істеу ден қалып қойады. Оқу, 
жазу үйренгенде де бір ыңғай дерексіз таңбаларды үйрену, 
таңбаның сүгіретін салу қызықсыз үтір адамды шаршататын 
жұмыс. Енді «Өздігінен қызық емес ынта тартпайтын нəрсе 
ынта  тартатын  нəрсе  мен  байланса  қызық  болып  кетеді. 
Байланысқан  екі  нəрсе  қайнасып  қызықты  бөлімі  сұраңыз, 
бүкіл  нəрсеге  жайады»  деген  педагогике  ережесінің  осы 
жерге əбден керегі бар.
Адамның  əрең-мəрең  əріп  таңбаларын  айыруға  ғана 
мүшесі  келген  арада,  шаруаның  күнде  қолынан  түспейтін 
құрал сайман аты,  күндегі еңбегінің бір жағдайы. Айтылса-
бас  буынын  тану  мен  оқушы  көп  қыйналмай  айағына 
шығады.  Сөйлемде  осы  сияқты  бас  сөзін  оқығаннан  кейін 
кейінгісі өздігінен аузына түсетіндей сөз болса, танымаған 
əріп таңбасын нобайлап оқып беретін болады.
Осы  жөннен  «ынта  мүдде  қоздыратын,  қоғамдық  мəні 
бар сөз сөйлем арқылы оқу үйрену» аса салмақты дəлел.
Оқу-жазу  үйренетін  адам  жоғарғыдағыша  орындаса  екі 
жұмысты бір жола істейтін болады. Олай болса оқушының 
көңілі көбінесе қай жағына аууы тиіс, «Күшті қайссына мол 
жұмсайтын болады» деген сұрақ өздігінен келіп туады.
Ол мынадан көрінеді:
1)  Оқығанда  жазғанда  көруге,  естуге,  ауыз  айтып  сөз 
туғызуға дененің қызметі керек. Дененің қыймылы, қозғалуы 
үшін дененің қуаты күшті жұмсалады.
2) Оқушы қарасын айырып оқығанын жəнə қолын жүргізіп 
жазғанын аңғаруға тырысады.
Төмендегі  көлбеу  сызық  «А»  оқушының  оқығанда  иə 
жазғандағы жұмсайтын күшінің мөлшерін көрсететін шарт-
ты  сызық  бұл  күш  жоғарыда  айтылғанша  оқу  жазудың  екі 
кезеңіне бірдей жұмсалған күштің жійіні. Əр қайсы кезіңіне 
бұл  күштің  қаншасы  келетінін  білгіміз  келсе  жоғарыдағы 
сызықты екіге бөліп көрсету орнына жан жағына тік сызық 
жүргізіп көрсетелік.
Алғаш қат үйрене бастаған кезде оқушының күш салған 
жəне  көңілі  ауған  нəрсе  таңба  сызықтарын – ирегін  көріп 
қалай салынғанын байқау. Жазуда саусақтарын қалай қозғау 
керегін бейімдеу болады.
Осы  қалыпта  оқушының  күш  жұмсау  іреті  біртейлеп 
өзгере келеді. Ең айақты оқу-жазу əдісін алғансын жазу таң-
баларын айыруға таңбаны дəл келтіріп салуға көп қиналмай 
мазмұнына түсіну жағын қарастырады.
Жоғарыдағы кезеңдерді сызықпен білдірсек мынадай түр 
келіп шығады:
Алғаш қат үйрене бастағандағысы  Оқу-жазуға жаттыға 
келе күштің ауысуы
С
А
В
С
А
В


434
435
А – оқу-жазуға жұмсалған күштің жиыны.
В – Күштің жазу таңбасын айыруға иə таңбалауға кететін 
бөлігі.
С – Күштің жазудың мəзмініне түсінуге кететін бөлегі.
Қортынды: оқу, жазу үйренудің кезеңдері.
Жоғарыдағы ережеден мынадай қортынды шығады:
Көру-есту-сөйлеу  мүшелерінің  қызметі  бір  басқа  да,  өз 
керегіне ылайықтап жазу таңбаларын салу иə оқу өзі басқа, 
екеуі  бір  жола  орындалған  мен  күш  екеуіне  бір  шамада 
жұмсалмай,  ауысып  отырады.  Алғаш  оқығанда – жазғанда 
ең  көбі  қолын  жаттықтыруға,  таңбаларды  тануға  (оқуға) 
кетеді, бұл оқу, жазу үйретудің бірінші кезеңі.
Екінші  кезеңде – оқушы  сөздің  сөйлемнің  мазмұнын  тез 
айыруға дағды алу көзделеді. Бұл кезде оқытушының жəрде-
мі мол керек.
3-інші кезек: оқушы өз беті мен оқып мазмұнына түсінуі 
керек.  Оқытушының  жəрдемі  оқушы  бір  оқып  шыққаннан 
соң ғана керек (мəзмінді толығырақ түсіндіру үшін).
Осы кезеңнен былай қарата оқушының өз бетімен аңға-
рып оқу, жазуға бет алғаны көріле бастайды.
4-інші  кезеңде  оқушы  мұғалімнің  жəрдеміне  сүйенбей 
өздігінен оқып аңғара алатын болады.
2) Жазу үйренудегі кезеңдер:
Жазу үйренудің 5 кезеңі бар.
І - кезең: Көру – есту – сөйлеу мүшесінің жəне қозғалу 
мүшесінің қызметін тілейді. Оқушы көбінесе көзі көргенін 
қолының  əрекеті  қыймылы  мен  байланыстыру  жағын 
қарастырады.
ІІ - кезең: жоғарыдағы мүшелердің қызметі тағыда арта-
ды. Бірақ көз көрген, құлақ естіген, ауыз екі айтылған нəрсе 
үшеуі  бірдей  қолдың  қозғалуы  мен  байланыстырылады 
(Көшірме, жат жазу, өзі шығарып сөз құрастырар жазу).
ІІІ- кезең: өз ойынан шығарып сөз жазу, иə жат жазу ба-
сталады.
ІV- кезең: оқыған нəрсені (əнгіме, көркем əдебиет, газет 
мақаласынан алып) қысқа сөз сөйлем мен жазу.
V- кезең: қол жазу əнкет сыйақты өмір де жиі кездесетін 
қағаздан жазуға үйрене бастау.
Əміржан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет