Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет170/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНДЕ 
ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУ ЖАЙЫНДА
Қазақ бұрынғы уақытта орыс тілін бір керексініп оқыған 
болса,  бұл  күнде  онанда  көрі  керексініңкіреулі.  Өйткені 
орыс  тілі  «октебр  тілі  болып  қадыры  артып  бара  жатыр. 
Жоғарғы дəрежелі білім былай тұрсын, орта дəрежелі білім 
алу үшін де орыс тлін білу керек. Мұның бəрі де орыс тілінің 
дұрыс  жолға  қойылуын  керексінеді.  Орыс  тілінің  дұрыс 
жолға  салынуы  үшін  екі  түрлі  шарт  бар:  Бірі – мұғалім, 
екіншісі кітап. Міне осы екеуі оңды болғанда ғана орыс тілі 
сабағы  пайдалы  болады.  Бізде  бұл  екеуінің  екеуі  де  оңды 
емес,  орыс  мұғалімдарының  бірен-сараны  болмаса,  көбі 
орыс  тілін  орыс  балаларына  оқытуға  маман  орыстан  басқа 
жұрттың балаларына орыс тілін үйрете алмайды. Осы күнде 
көп  мектептеріміз  өз  блаласына  өзінің  тілін  (қазаққа  қазақ 
тілін  оқыту  əдісі  мен  өз  баласына  бөтеннің  тілін)  қазаққа 
басқа  жұрттың  тілін  оқыту  əдісінің  басқа  екендігін  түсіне 
алмай  жүр.  Соның  салдарынан  аты  орыс  тілін  оқытатын 
мұғалім  оқытуы  барланбастан  тіл  оқытушылығына  алы-
нып  жүр.  Бұрын  орысшадан  үлес  ала  алмаған  жеткіншек 
жастарымыздың  орысшаға  шорқақ  болу  себептерінің  бірі 
де  осыдан.  Жоғарғы  орта  дəрежелі  мектептерге  кіре  ал-
май  қалуларының  да  бір  себебі  осы.  Бұрынғы  қазақ-орыс 
школдерінде орыс тілін оқытқан орыс өшетілі мен орыс ба-
лаларына  орыс  тілін  оқытатын  өшетілдің  (маман  болсада) 
арасында жер мен көктей айырма барлығын тұрмыс жүзінде 
талай  көріп  жүрміз.  Рас,  орыс  тілі  мен  тім-тəуір  танысып, 
жақсы ғана оқып қалған қазақ баласына жоғарыдағы айтылған 
екі  өшетілдің  айырмасы  аз.  Орыс  тілін  оқытушылыққа  аса 
шеберлік, əсіресе орыс тілін білмегендерге керек. Оқытқыш 
деген орыс тілі мұғалімдерінің талай жерде қазақ балалары-
на түсіндіре алмай қиқылдағанын көріп жүрміз. Орыс тілін 
орыстарға  оқытқыш  екен  деп  орыс  тіл  мұғалімін  ала  бер-
сек, оның шет жұртқа тіл үйрету əдісін білетін білмейтініне 
көз  салмасақ,  оқушыларымыз  орыс  тілін  білмейтін  бола-
ды. Орыс тілін білмейтін оқушы осы күнгідей өз тліміздегі 


442
443
мектептер  жөнделмей  тұрғанда  оқуын  ілгерілете  алмайды, 
осыны қатты ескеру керек (Орысқа қазақ тілін үйретуде де 
жоғарыдағы  айтылғандарды  ескермесе  болмайды).  Орыс 
тілін  оқымаған,  шала  оқыған  қазақ  балаларына  орыс  тілін 
жақсы оқытудың бір тетігі кітапта екендігін жоғарыда айт-
тық.  Орыс  тілінің  не  бір  жақсы  оқыту  əдісі  мен  жазылған 
тіл құралдары, оқу құралдары (қырстаматиалары) толып жа-
тыр. Солардың бірде бірі қазақ, қырғыз, өзбек… балаларына 
оқытуға лайық емес. Өйткені бұл кітаптарда бəрі де орыс ба-
лаларына орыс тілін үйрету əдісі мен жазылған, бөтендерге 
орыс  тілін  оқыту  əдісі  мен  жазылмаған.  Ондай  кітаптар 
қаншама жақсы жазылған мен орыс болмағандарды оқытуға 
қолайсыз.  Осы  күндерде  қазақ  балаларының  орыс  тілінен 
оқып  жүрген  кітаптары  орыс  балалары  үшін  жазылған 
кітаптар.  Сондықтан  жығылған  үстіне  жұдырық  болып, 
оқушыларымыз  мұғалімдері  ойдағыдай  болмай  бір  сорлап 
жүрсе,  орыс  тілін  үйрететін  кітаптері  қолайсыз  болып  екі 
сорлап жүр. Жоғарыдағы айтылған кемшіліктерді жою үшін 
мынандай шаралар қолданылсын: 
1)  Қазақ  балаларына,  ересектеріне  лайықталып  бөтен 
тілді үйрететін оқыту əдісі мен орыс тілінің тіл құралдары, 
оқу құралдары шығарылсын. Əзірше, оқу мекемелері қазақ 
балаларының  үйренулеріне  жұғымды  орыс  тілін  үйреткіш 
кітаптердің тізімдерін жарияласын.
2)  Қазақ  балаларына,  ересектеріне  орыс  тілін  үйретудің 
əдісін көрсететін кітаптар шығарылсын.
3) Орыс тілі мұғалімі мектепке алынғанда бөтен жұрттың 
балаларын  оқытудың  əдісін  білетін  білмейтіндігі  сыналып 
алынсын. Орыс тілі мұғалімі екіге бөлініп орыс балаларына 
орыс тілін оқытқыштар орыс мектептеріне, қазақ балалары-
на орыс тілін оқытқыштар қазақ мектептерінің дайындала-
тын болсын (екеуі-екі түлік.)
4) Қазақ балаларын орыс тіліне қазақ өшетілдері оқытқыш 
келеді.  Сондықтан  алдымен  орыс  тілін  қазақ  балаларына 
қазақ үйрететін болсын.
5) Мұғалімдер таярлайтын техникумдерде, институттер-
де, орыс мұғалімдерінің курсынде орыс тілін қазаққа үйрету 
əдісі оқытылсын.
Басқарма: бұл мақала пікір алысып сөз ашылу үшін ба-
сылып  отыр.  қазақ  сияқты  елдерге  арналып  шыққан  орыс 
кітаптары  бұрын  болған.  Бірақ  бұл  күнде  жоқ.  Ол  кітап-
тар: Миқайып кітаптары. Шамғали Айтқан кітаптарды оқы-
тушылар  ғана  жаза  алады.  Солар  жазуы  керек.  Миқайып 
кітаптарының ескірмеген бір қатарлары қайта басылса дұрыс 
болар еді.
Орыс тілін үйрету жайында əр кім ойын жазуын басқарма 
өтінеді.
Сарыбай ұлы Шамғали


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет