Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет169/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Приденберіктің «Еңбек мектебіндегі əдісі»:
1)  Мектепте  жат  тілді  оқытқанда  сөйлеу  жағын  ғана 
мақсат қылуға болмайды.
2)  Жат  тілді  үйренгенде  көз,  құлақ,  қозғалыс  əдістерін 
қолдану керек.
3) Оқытушы дұрыс, ашық, қатты сөйлеп оқушыларға үлгі 
болу керек.
4) Оқушылардың əр сөзді дұрыс айтуына назар салу ке-
рек.
5) Ана тілден жат тілге аударудың керегі жоқ.
6) Сөзді құрғақ жаттау жағын азырақ алып, көбінесе сөзді 
жаттықтырумен есте қалдыру керек.
7)  аударғанда  жеке  сөздің  мəнісінен  түсіну  қажет  емес. 
Тек сөйлемнің мəнісіне түсінсе болады.
8)  Тіл  құралының  ережелерін  оқушыларға  оқылып 
отырған сөйлемдерден байқату керек.
«Кітап оқу жобасы» Ганшина мен Кестеренікі:
1) Кітап оқу белгілі жобамен болу керек.
2) Оқу екі түрлі: түсіндіре оқу не шолып оқу.
3) Түсіндіре оқуда ережелер жағынан тексеріледі. Көбі-
несе дұрыс, дəл ұғу жағына, сөз мəнісіне, əлпетіне назар са-
лынады. Түсіндіре оқуды ІІ семестрден бастауға болады.
4) Шолып оқуда тексеру болмайды. Тек сөйлемнің ұзын 
ырға мəнісі айтылады.
5) Оқушылар өз бетімен тексеру үшін үйлерінде де оқи-
тын сабақ беру керек.
«Сөзге байыту жолы» Ганшинанікі: 
1)  Тексерілетін,  жанталатын  сөздер  көпке  ортақ  сөздер 
болу керек.


438
439
2) Сөз жаттатқанда əуелі деректі сөздерден бастап, содан 
дерексіз сөздерге көшу керек.
3) Сөзге байыту үшін алғашқы кезде жеке сөздерді көбі-
рек жаттату, артынан сол сөздердің басқа мағыналарын көр-
сетіп, қосақтап сөйлемдер жасату керек.
4) Құрғақ жаттаумен сөз миға қонбайды; ұмытыла береді; 
олай болмас үшін сөздерді қосақтап өзгертіп сөйлемдер жа-
сату керек.
5) Қосақтау (жіктеу) реті екі түрлі: не сыртқы тұлғасына 
қарай жұрнақ қосқызу, не бір ұғым айналасына кіретін сөз-
дерді бірыңғай жіктеу. Соның екеуін де қолдану керек.
«Жазу жолы» Приденберіктегі:
1) Тіл үйрену үшін жазу – үлкен құрал.
2) Жазу реттері мынадай болу керек: 
а) Тексерілген сабақты түсініп көшіру;
б)  Тіл  ережелерінің  жаттықтыратын  сұрауларға  жазып 
жауап беру;
п) Етістіктерге жалғау қосу;
т)  Оқып  өткеннен  кейін  кітапті  ашып  қойып,  сөздердің 
тұлғасы,  жағы,  шағы,  сияқтыларды  өзгертіп  айттыру,  жаз-
дырту;
ж) Көркем əдебиеттен аударту;
д) Бір тақырып алып сол туралы оқушыларды бірлестіріп 
(коллек) жаздыру;
ш)  Оқылған  əңгімеше  сияқтыларды  қорыттырып  (кон-
спект) жаздыру.
«Алғашқы  жылдарда  оқыту  əдісі  жаңа  прағырамы» 
Мамунанікі: 
1) Жат тілді оқыту үшін ана тілді білу керек.
2) Сабақтың негізі күндегі ауыз екі сөздер болу керек.
3)  Көз,  құлақ  сезімдерін  қозғалыс  орындарын  күшейту 
үшін əр түрлі нəрселер, суреттер, ойындар, өлеңдер мен пай-
далану керек. Əуелі класта одан кейін үйге, қораға, бақшаға, 
көшеге,  қалаға,  ауылға,  мемлекетке,  жер  жүзіне  тиісті 
нəрселер болу керек. Суреттер сол жат елдің тұрмыстарын 
айқын көрсетерліктей болу керек. Өлеңдер ырғақты болған-
дықтан, əр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Өлеңнің арқа-
сында  оқушының  құлағы  жат  елдердің  тіліне,  дыбысына 
жаттығады.
Əр  түрлі  ойынды  ойнағанда,  ойнаушылар  жаңадан  сөз 
қосады.
4) Алғашқы жұмаларда жазу-оқу болмайды. Тек оқытушы 
үшінші  бөлімде  көрсетілген  ретпен  əр  сөзді  дұрыс  айтуға 
жаттықтырады.
Одан  кейін  оқытушы  оқушыларға  таныс  сөздерді  қара 
тақтаға жазып,  дауыстап оқыттырады. Сөзді бөлмей тұтас 
оқыту керек.
Екінші  семестрде  таныс  сөздерді  кітаптан  оқыту  керек. 
Оқушылар таныс сөздерді оқыса аудармай ұққандықтан жат 
тілде ойлауға үйренеді. Алғашқы жылы түсіндіре оқу ғана 
болу  керек:  əуелі  оқытушы  өзі  оқиды.  Сол  оқығанын  оқу-
шыларға айтқызады. Содан кейін оқытушы ережелер жағын 
жіктеп көрсетеді.
5) Оқумен қатар жазуға үйрету керек. Көшірілетін сөйлем-
дерді күн бұрын түсіндіру керек. Оқушы таныс сөйлемдерді 
көшіргенде, дауыстап оқып отыру керек. Жаттатқызғанда да 
осылай болу керек. Одан кейін суреттерге қарап нəрселердің 
аттарын жаздырту, бір аздан соң сөйлем құрастыру.
6) Тіл құралы жеке оқылмайды. Тек оқытушы жат тілдің 
тұлғаларын байқауға үйретіп, ана тілдікі мен салыстыру ке-
рек. Сөйлеудің түйіні етістік болу керек. Нені болсада етіс-
тікке байланыстыру керек.
«Əдебиетті оқу жолы» Мамунанікі: 
Қарап оқу сабақ берудің негізі
Қарап  оқуда  екі  түрлі,  екі  мақсат  бар:  не  жат  елдің  тіл 
құрылысымен  таныстыру;  не  жат  елдің  мəдениетімен  та-
ныстыру.  Оқылуға  арналған  деректі  саясат,  шаруашылық, 
қоғам  тұрмысымен  байланыстырып  сайлап  алу  керек.  Бұл 


441
үшін əдейі арналып жазылған кітаптар, журналдар болу ке-
рек. Əдеби арналып жазылған кітапта, көркем сөз өрнектері 
қара сөзбен де өлеңмен де болу керек. Жəне жат тілдің жат 
елдің  қара  шаруалары,  жұмысшылары  туралы  да  төңкеріс 
қозғалысы туралы да, қазіргі шаруашылық қоғамшылық ту-
ралы да болу керек.
«Аударудың керектігі» Ганшинанікі:
Мəскеудегі білім-тəрбие институтының пырағырамында 
мектеп  жат  тілдегі  кітапті  оқуға,  ұғуға  үйретеді – дейді. 
Оқылғанды  ұғынуға  екі  жол  бар:  бірі  аудару;  екінші  сөзге 
түсіну.
Осы күнгі білім-тəрбие пəні аударусыз да, жат тілді ұғуға 
болатындығын сипаттап отыр. Оқылғанды ұғу үшін тілдің, 
сөзді тұлғасын айыра білу керек.
Оқымастан бұрын таныс емес сөздердің мəнісі тұлғасы ай-
тылады. Содан кейін оқытушы дауыстап оқиды. Осы ретпен 
жалпы  мəнісі  түйістіріледі.  Ең  артынан  оқытушы  ұғымсыз 
сөздердің  мəнісін  толық  түсіндіріп,  екі  сөздің  арасындағы 
байланысты көрсетеді. Бұларды түсіндіргенде бұрынғы та-
ныс жүздерді мыйсалға алу керек.
Осылай түсіндіргеннен кейін ғана аударуға кірісу керек.
Аудару екі түрлі: бір түрі – жеңіл сөйлемдерді аударғанда, 
негізіне  жақынырақ  аудару.  Екінші  түрі – көркемшілік 
жағын көздеу.
Ана  тілден  аударудан  онша  пайда  шықпайды.  Өйткені 
мектепте жат тіл туралы алатын білім ана тілден толық ауда-
руға шамасы келмейді.
Қошке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет