Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет175/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248
VІІ  күн
(жаз бен күзді салыстыру)
Кеше  біз  ағаштан  қандай  жапырақтар  алып  қайттық, 
қолдарыңда  бар-ма?  Суреттерін  салдыңдар-ма?  Жаз  жапы-
рақ  қандай  түсте  болады?  Бəрі  бірдей  көк  бола-ма?  Жаз 
жапырақтың құрт тескен, сарғайған, тозған жерлері бола-ма? 
Мына жапырақтардың шеттері неге кемқтілген; дөңгелеген 
тесіктер  қайдан  пайда  болған,  не  жеген?  Осы  күнде  олар 
бар-ма, қайда кетті?
Жаз жорғалап, ұшып жүретін жəндіктердің аттарын біле-
сіңдер ме? Атаңдаршы!
– Құрт…. қоңыз…… құмырсқа….
– Тағы ….. тағы-да білгендеріңді атаңдар! Бұлар бəрі бір 
түрлі бола-ма? Қоңыздардың ұшып жүретіні де бола-ма? Ат-
тарын білесіңдерме?
–  Боқ  қоңыз,  осырақ  қоңыз…  құрттарда  түрлі  бола-ма? 
Аттарын білесіңдер-ме?
– Жауын құрт… көбелек құрты…. Шыбын құрт….
– Тағы білетіндерің бар-ма? Бұлар не жейді екен!? Құрғақ-
та бола-ма, суда бола-ма?
Жоғарылайтын ірі жəндіктерді білесіңдер-ме?
– Жылан…. Кесіртке…
– Тағы… аяғы бар жəндіктерді жүреді дейме, жорғалайды 
дейме?  Кесірткенің  аяғы  болмайма?  Бұлар  қайда  жүреді, 
қайда жатады?
Ұшатын  кішкене  жəндіктердің  аттарын  білесіңдер  ме? 
Атаңдар!
Көбелек… инелік… маса… шыбын… шіркей….
– Тағы… бұлардың бəрі бір түрлі бола-ма, қандай түрлері 
болады, қайда жүреді, қайда қонады, не жейді, қазірде бар-
ма? Қайда кетті, неге жоқ?
Ұшатындардың үлкендерін білесіңдерме? Олар не?
– Құстар-ма? Қандай құстарды білесіңдер, атаңдар! Олар-
дың бəрі бір түрлі бола-ма? Қаздар көлде, бола-ма? Қырда 
бола-ма? Қырда бола-ма? Қаздан басқа суда жүретін құстар 
қандайлар?
– Ақ қу… үйрек….
–  Тағы…  тағы….  Олардың  түрлері…  тағы  қандай  көл 
құстарын білесіңдер? Олар не оттайды? Бұлар жерге қона-
ма, ағашқа қона-ма? Қаз ағашқа қона алмайма? Қаздың таба-
ны қандай болады? Табаны неге жалпақ болды екен? Табаны 
жалпақ болмаса, батпақты жерде жүргенде қайтер еді?
Сендер суға түскенде малтап жүзіп көрдіңдер-ме? Суды не-
мен есесіңдер? Қаздың табаны – да суды есуге қолайлы шығар!? 
Жүретін құстардың бəрінің-де табаны жалпақ бола-ма?
Ағашқа  қонатын  құстардың  аяқтары  қандай  болады? 
Ағашқа қонатын құстарды атаңдар!
– Қарға… қаршыға… бүркіт….
– Кішкене құстардан?
– Шыбшық… торғай…
– Тағы…. Тағы…. Бұлардың аяқтары қандай болады?
– Салалы, тұяқтары имек… істік…
– Неге олай?
– Ағашқа қонғанда салалары мен бұрып ұстап отырады ғой.
– Тұмсықтары қандай?
– Істік… имек тұмсық…
– Неге?
– Тамақ шоқиды, жұлады, ет жейді.
Ағашқы  қонатын  құстар  құрғақта  бола-ма?  Суда  бола-
ма?  Құс  қай  уақытта  жұмыртқа  салады?  Жаз  жұмыртқа 
іздедіңдер-ме? Қандай құстардың жұмыртқаларын көрдіңдер, 
түстері  қандай  болады?  Нешеу  салады?  Құстар  осы  күнде 
қайда, олар неге қайтты?
(Барынша таныс құстарды жəне жазғы жаратылыс суретте-
рін көрсету. Өткен жылғы бірінші бөлімдегі балалардың сал-
ған  суреттері  мен  танысу)  Жаз  өсімдіктер  (өсетін  шөптер) 
қандай түрде болады? Күз қандай болады? Жаз ағаш жапы-
рақтары  қандай  еді,  қазірде  қандай?  Құстар  көлдерде  жаз 
көп бола-ма, күз көп бола-ма? Бақа қай уақытта шақырады 
(бақылдайды);  көлдердің,  батбалдақтардың  (номалардың) 
суы  қай  уақытта  көбейеді,  күз  не  үшін  суалады?  Құстар 
қай уақытта келіп, қай уақытта қайтады? Мал қай уақытта 
төлдейді,  ел  жаз  қандай  жұмыстар  істейді,  күз  қандай? 


460
461
Жазғы,  күзгі  жұмыстардың  аттарын  атаңдар?  Балалар  жаз 
қандай  ойындар  ойнайды,  күз  қандай?  Ауа  рай  (күннің 
жылылығы, жел, жауын) күз, жаз қандай болады? Мектепте 
оқу қай уақытта басталады. Жаз-ба, күз-бе? Тағы да жаз бен 
күздің арасында қандай айырма барлығын білесіңдер?
Байтас ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет