Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет171/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248
САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ МЕКТЕБІНДЕ 
АНА ТІЛІН ҮЙРЕТУ
1
Оқуға үйретудің негізгі шарттары
Оқуға  үйреткенде  тұтас  сөз  əдісі  мен  буын  əдісінің 
араласқан  түрін  алып  араластырып  оқытқан  жөн.  Мұны 
талдап  ұластыру – (аналитикосин)  əдісі  дейді.  Жазу,  сызу, 
есеп үйретудің қатар жүріп жасаған əңгімең алған түйдегің 
оқушыларға азда болса саяси сезім туғызсын. 
1.  Ұрандарды,  оқушылардың  естіп,  көріп  түсінулері 
оқытуға үйретудің бірінші шарты. Ұран шығару үшін алдын 
ала жасаған əңгімең олардың ұғып қалуына аса керекті (естіп, 
көру сезімін оятуға). Сөйтіп ұран, əңгіменің ішінен алынады. 
Алынған  ұран  сөйлеуді  оқытудың  жолына  түсінбей  тұрып 
(оқушылардың өзіне) үйретуші ұран, плақатты (үйретпекші 
болған сөйлемді) кеспе қаріптен тігіп даярлап алады. Содан 
1
 Араб əріптерін ұстаған елге тұтас сөз əдісімен сабақ беруге келмей-
тіндігін өткен жылы Жүсіпбек «Е.Қ.» газетінде жазып дəлелдеген. Басқарма 
Жүсіпбек  ойына  қосылады.  Өйткені  тұтас  сөз  əдісі  көз  тұтқырлығына 
сүйенеді.  Үбірлі-шүбірлі,  кесірткедей  түрін  құбылтқыш  арап  əріптерін 
көз  тұтып  қалу  қиын.  Тұтас  сөз  əдісі  сөздің  басында  да,  ортасында  да, 
аяғында да жеке де бірақ түрлі жазылатын əріптерге үйлеседі. Қала берді 
тариқи    иə,  иірегліп  жазуы  бар  əліппеге  үйлеседі.  Бізде  арап  əліппесі, 
дыбыс імлəсі ұсталады. Сондықтан бізге тұтас сөз əдісі үйлес кете алмай-
ды. Əйтсе де жолдас Мұрат мақаласында ана тілін оқытқан адам аларлық 
кеңес көп. Көп жерін іске асыруға болады. Соны көздеп жорналға бастық. 
Басқарма. 


444
445
кейін тақтаға іліп қойып анық, ашық, қатты дауыс пен оқып 
береді. Біріккен, дара түрде оқытылған сөйлемді қайта айтты-
рып пысықтатасың (бұдан қандай түсінгендігін байқайсың) 
бұдан кейін ұранның жеке сөздері оқылады (Сөйлеу талда-
нады) Жəне ұран, плақат, жасаған сөйлем. Əліп-бидің ішінде 
кездесетін таныс сөздерді айырту мен сөздің сыртқы түрін 
таңбасын  ұқтырасың.  Ақырында  сөйлемнің  сөздерін  ауы-
стырып жазып оқыттырасың. Ұранның сөздерінің таңбасын 
сызып жазып алудан естіп, көру сезімі жеттігеді; бекиді.
2. Енді сөзді буын-буынға бөліп (талдау) буындардан сөз 
құратады. Плақат, ұран, əліп-би  газеттің ішінен таныс буын-
дарды таптырады. Буыннан жаңа сөйлем құралғаннан кейін, 
кеспе қаріптен жасаған, өздері жазып алған сөздерді буын-
буынға  бөлдіріп  (буындатып)  оқыттырады.  Плақат,  кеспе 
қаріптен жасаған сөздердің суретін салып, таңбасын сызып, 
жазып алады. Жазып алғандарын буындап оқиды. Соны мен 
оқу жазу аралас келіп отырады.
Шатастырмай  оқу  қаріптерді  тастап  кетпеуге  буындап 
оқытып дағдыландырғандық артық. Олай еткенде буын, ды-
быс туралы да сезе барады.
Дыбысты үйретпес бұрын, сөз сөйлеуді буыннан құрау тəр-
тібі 5 – 6 сабаққа  созылады.  Керекті  дыбыстардан  жеткілікті 
қор жинап, оқудың амалын оқушылар біле бастаса, кейінгі ды-
быстарды  қостырғанда  көп  қиыншылық  көрмейсің.  Дыбыс-
қа бөлдіргеннен кейін буындатып оқытылады. Өйткені, «дыбыс-
шылдарға» (дыбысты айырып қоса білмейтіндерге) айырықша 
түсініс  беру  үшін  буындап  оқыттыру  керек. «Дыбысшылдар-
ды»  жақсы  бақылау  үшін,  оқытушы  қырағылық  етіп,  ерінбей, 
жалықпай «дыбысшылдардың» қылып еткенін байқап
1
, қаріпті 
сөз ішінен көрсетіп түсіндіру жөн.
1
 Мұны жазушы орыс кітаптарына құр еліктеп өз тажрибасы болмаған-
дықтан айтып отыр. Дауысты дыбысты шама келсе сөз алдында жалғыз 
дыбысты буыннан айыру керек. Мысал, а-ла, у-лан, о-қа (жазушы ж-е+лі, 
қ-а+тын,  қ—ұ+рақ  деп  айыртпақшы.  Бұл  жаңылыс  екені  екі  мысалды 
салыстырғаннан көрініп тұр. Дауыссыз дыбысты сөз айағынан айырт деп 
келіп  айту  да  жаңылыс.  Үйткені  дүдамал  дыбыстарды  сөз  бен  буын  ба-
сында дауысты дыбыстың алдында айырту керек. Мысал, д-а-ла, п-а+ла  
сиақты.  Оны  жазушы  айтқандай  қа+п,  алад  деген  сиақты  сөз  айағынан 
айыртсақ  қиын  болар  еді.  Қатаң  дауыссыз  дыбыстар  ғана  сөз  бен  буын 
айағынан айырылады: а- т, са-қ, та-с сиақты. Басқарма. 
3.  Мұнан  соң  дыбысты  (қаріпті  айыру  болады.  Дыбыс 
айырғанда дауысты дыбысты қаріпті буынның, дауыссызын 
сөздің аяғынан ал.
Бұл тəртіп алғашқы күндерде ғана керек. Бірнеше сөз, бу-
ынды  айырғаннан  кейін  оқушылардың  өздері  ақ  дауыссыз 
қаріпті  сөздің  қай  жерінен  болсада  айыра  алатын  болады. 
Дыбысқа  бөлгеннен  кейін.  Соның  өзінен  дереу  буын,  сөз 
қостыру  керек.  Оқытуға  үйреткен  шақта,  мынау  шарттар 
орындалсын:  оқылған  сөз,  сөйлеу  ауыздан  ашық  шығып, 
анық  қатты  естілсін.  Сөздің  көркі  кетпей  дұрыс  оқылсын. 
Шарттың керектілеріне мойын сұн.
1. Ұйымдасқан түрде плақат оқу, əліп-биден сауыстатып 
бірақ, шулатпай оқыту (естіп, көру сезімі сөзге үйірленеді).
2. Дауыстатып жалғыз (дара) оқыттыру (естіп көру сезімі 
сөз сөйлем мен танысып, қандай түсінгендігі бақыланады).
3.  Кеспе  əріптен  жасаған  (буын-буынға  бөліп  тіккен) 
жаңа сөйлемді. Жеке (дара) біріккен түрде буындатып оқы-
ту.  Əліп-би,  журнал,  газет  ішінен  таныс  сөздерді  таптыру, 
оқыту.
4.  Кеспе  қаріптен  сөйлем  жасап,  əліп-бидің  ішінен 
сөйлем  алып,  қосылып  оқуға  (тəуірі  мен  нашары  бірігіп 
оқуға) дағдыландыру керек. Жəне дыбыстары ұйқас келген 
сөздерденде,  сөз  құрап  оқытылады.  Мəселен, «далалық», 
«балалық».
5. Біреудің көмегінсіз əліп-би оқу, газет (мақаласы тақы-
рыбы), кітап (аты) оқу.
Жазу
Жазуға үйреткенде алдымен өздері жазып дағдылану жа-
ғын ескеру. Көбінесе оқытушы оқушылардың көшіріп жазу-
дан, өздері жазып үйренуге кірсетін жеріне жала береді.
Əсіресе кей бір мектептерде əліп-биді түгел өткенде құр 
қарасын көшіріп, жазу мен болады. Мəселен, оқушының бірі 
тақтаға жазады да өзгелері көшіреді. Əрине бұл оқушылар-
дың өздері жазып үйренгендігі болмайды. Алайда талай мек-
тептер көшіруден бастап, көшіру мен доғарады.


446
447
Жазуға былай үйретуден өнетін аз. Сондықтан, ылғи кө-
шіріп жазуға салынбауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет