Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет176/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248
Басқарма:  Бұл  жаңа  жол  мен  сабақ  беруге  талап  деп 
басылып  отыр.  Мақалада  технеке  жағынан  міндері  жоқ 
емес.  Бірақ  жас  мұғалімдер  мұны  жақсылап  тексеріп,  өз 
мектебінде іске асырып қарап, мінді мінсіз жерлерін ашып 
басқармаға білдіруі дұрыс.
ҚАЗАҒЫСТАНДА  
ГУС ПЫРАҒЫРАМЫНЫҢ ЖАЙЫ
Бүтін  Қазағыстанда  пырағырам  ісін  үйрету  əдістерінің 
жұмысын  білім  ордасы  басқарып  отырады.  Биыл  білім  ор-
дасында  ірі  жұмыстар  жасалып  жатыр.  Білім  ордасы  ГУС 
пырағырамдарын  Қазағыстан  тұқрмысына  үйлестіріп  жа-
сап жатыр, бір қатарларын жасап болып, бастыруға əзірлеп 
жатыр.  Пырағырам  жасағанда  білім  ордасы  бір  жағынан 
гүбірнелердің тəжірибесіне, екінші жағынан аймақтық тəжі-
рибе мектептерінің жұмыстарына сүйенеді.
Бұл  күнде  сауатсыздықты  жоятын,  жаңаша  сауаттылар 
мектептерінің  пырағырамдары  жасалып  бітті.  Бұл  пыра-
ғырамдар  комплекс  жүйесіне  құрылған.  Қазағыстанда  ай-
мақтық нұсқаушылар мектебі бар. Бұл – тəжірибе қана. Осы 
екі пырағырам сол нұсқаушылар мектептің тезіне түсіп шық-
ты; жуырда басылып жер-жерге тартылмақ.
Бұрын оқытушыларды даярлайтын техникұмдеріміздің пы-
рағырамдары əр түрлі болып келді. Оған түрлі себептер болды. 
Бұл күнде оқытушылар пырағырам жасалып жатыр. Келер оқу 
жылының басына шейін пырағырам əзірленіп болады.
Ең қиын мəселенің бірі – еңбек мектебінің, əсіресе бірінші 
басқыш мектебінің пырағырамдарын жасау.
Жалпы  мектебіміз  осы  қыс  білімділер  сиезі  бекіткен, 
Аккорд жүйесі мен (байланысу) шыққан пырағырамды қол-
данды. Тек кей бір мектептеріміз ғана комплекс жүйесін ұста-
ды. Орынбордағы аймақтық тəжірибе мектебіміз былтырдан 
бері  комплекс  жүргізіп  келеді.  Бұл  мектеп  пырағырамның 
үлгісі «Жаңа мектептің» № 3-нде басылды. Осы күні білім 
ордасы бірінші басқыш мектебінің пырағырамын жасап жа-
тыр. Сол пырағырамның білім ордасының білім-педагогике 
сексиесінен өткен бір комплексі осы номерде басылып отыр. 
Биыл  жазды  күні  болатын  мұғалім  курістернде  осы  жаса-
лып жатқан пырағырам жүргізілмек. Бұл пырағырам кей бір 
гүбірнелердің,  аймақтық  мектептердің  тəжірибесіне  арқа 
сүйеп жасалып отыр.
Бұл пырағырам ГУСтен не пайдаланды? – бұл пырағырам 
идеиесі  ғана  гуске  жатады.  ГУС  пырағырамның  мазмұны 
қазақ тұрмысына тіпті үйлеспеді деуге сияды. ГУС пырағы-
рамының  идеясы  ғана  болмаса,  мазмұнының 95% төменгі 
пырағырамда жоқ деуге болады. Шаруашылық тұрмысымыз, 
мектептеріміздің  тəжірибасы  мен  күйі  осылай  қылуды  ке-
рек  тапты.  қала  берді  ГУС  пырағырамының  үш  бұты  бар. 
Оны  бəрімізде  білеміз.  Біздің  пырағырамымызда  төрт  бұт, 
бір  құйрық  бар.  Шаруамыздың  дені  мал  бағу  болған  соң, 
төрт  бұт,  бір  құйрықсыз  пырағырам  жасауға  келмеді.  Бұл 
күлдіргі сөз емес, шын сөз. ГУСтің «жаратылысы», «Еңбек», 
«қоғам»деген үш бұты біздеде бар. Біз «жаттығу»(пормални 
набык) деген төртінші бұт қостық. Онысыз бізге келіспейтін 
болды.  Біздің  пырағырамымыз  біраз  жасалып  қалған  соң 
алған қабарымызға қарағанда, бұл төртінші бұтымыз орын-
ды көрінеді. Ол қабар дегеніміз ГУСтың білім – педагогике 
сексиесі еңбек мектебінің пырағырамын қайта өңдеп жатқан 
көрінеді;  жаттығуға  артықша  мəн  беретін  көрінеді.  Төрт 
бұтқа құйрықша дегеніміз – «Үйрету əдісі»деген баған. Бұл 
оқытушыларға  жеңілдік  беру  үшін  істелген  нəрсе.  Мұнан 
артық бойға бөле берсе, пырағырам ауырланып кетер деген 
ой болды.
Гүбірнелеріміздің  көбі  ГУС  пырағырамына  сын  көзбен 
қарамай, құр еліктеу жағын күшейткен. Көбі керекті жерінде 


462
463
ГУС пырағырамының комплексінің орнына өз тұрмысымызға 
жанасарлық  комплекс  салмақ  түгіл,  мазмұндарының  да 
оғаш  жерлерін  жергілікті  тұрмысқа  иіп  келтірмеген.  Көбі 
ГУС  пырағырамындағы  орысша  сөздерді  тек  қазақша  ауда-
рып  ғана  қойған.  Бұл,  əрине,  ГУС  пырағырамының  негізіне 
түсінбегендіктен  турады.  ГУС  пырағырамының  мазмұнын 
Қазағыстан тұрмысына, шама келгенше, үйлестірген жерлерде 
бар. Бірақ ондай мектептер тіпті аз. Бірақ, солардың бəрінің ма-
териалын  қарастыра  келгенде,  білім  ордасына  мектептеріміз-
дің əлсіз жері, күшті жағы, неге мұқтаждығы, бағыты қалайлы-
ғы анықталды. Пырағырам жасауға бұл үлкен дерек.
Қалың мүғалім, əдіс бұйралары төменгі пырағырамды аса 
зейін салып қарастырулары керек. Түсінбеген жерлері болса, 
білім ордасынан іркілмей сұраулары керек. Бұл пырағырамның 
бір сызығына шейін қалың мұғалімға дүдəмал болуы керек. 
Түсінбеген жерін қалың мұғалім сұрап, айқындаса ғана пы-
рағырамымыз  дұрыс  орындалмақ.  Келер  нөмірлерде  бұл 
пырағырамның жалғасы ылғи жазылып отырмақ. Бұл пырағы-
рам келер күзден мектептерде жүргізіле бастамақ.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет