Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет178/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚАТ ТАНЫТУ ƏДІСТЕРІ
Қат танытудың бір жолы бар. Мұны Толыстойдан, Мон-
тессориден,  Житомирскиден  алдым  деп,  Блонски  деген 
тəрбиеші жақтап жүр. Бұл жолды «Буын əдіс» деп жүргізді.
Əңгіме, анау-мынау жоқ, салған жерден балаға бір неше 
дауысты  дыбыстың  таңбасын  үйретеді,  мəселен, «а,  о,  ы» 
таңбаларын.  Содан  кейін  оқытушы  дауыссыз  дыбысты  қо-
сып,  бір  буын  жазады: «Мен, «та»  деп  жаздым». «Ал  енді 
тақтайға бірің келіп, «та» деп жазшы» дейді. «а» ның қалай 
жазылатынын  бала  бұрын  біледі.  Білмесе,  есіне  салады. 
Тақтайға  екі-үш  бала  жазғаннан  кейін,  дəптерлеріне  түгел 
«та» деп жазғызады; жазғанын оқытады.
Балалар «а» ны жаза білді, «та» ны жаза білді. Мен «ата» 
деп жазамын дейді. Жазып жатып «а-та» деп, дауысын созып 
оқиды. Тағы да тақтайға, сонан соң дəптерге жазғызады.
Содан  кейін  «то»  деп  жаздырады; «ты»  деп  қосқызады. 
«Ата» ны жазғызып жүріп, «мен» деп жаздым» дейді. Қайт-
кенде ат болатынын балалар байқайды. Сол тəрізді «тат» ды 
үйретеді.
Былонскидің  айтуы:  алды  мен  балалардың  өз  атынан 
бастап  үйрету  керек. «Маша,  Саша,  Миша,  Паша…  деген 
тəрізді;  аралатпа  «мама,  сама»  деген  сықылды  сөздерді  де 
қатыстыру  керек.  Орыс  аттары  қысқартып  айтуға  келеді. 
Қазақ аттары бəрі бірдей қысқартуға келмейді. Алайда оңай 
аттар  жолығады: «Ақан,  Асан,  Құрман,  Мұқаш,  Құрмаш, 
Омар, Жанақ, Бəкен, Сəкен, Зекен, Шөкен, Болтай, Құлтай, 
Ақыш,  Мақыш….»  деген  тəрізді.  Атын  жаза  білу  балаға 
қызықты  да  көрінеді,  дəптеріне,  кітабіне,  бір  сайманына 
жазуға пайдалы да болады – дейді. Жаны бар сөз. Ескі мол-
далар қат жазғызғанда кісі атынан бастаушы еді. – «Қат жаза 
білесің  бе?» – дегенде,  балалар: «Кісі  атын  жаза  білемін» 
деуші еді.
Қалайда бұл əдісті де байқап көру керек.
Бұл əдіс пен оқытқандағы жұмыс түрі мынау сынды бол-
мақ:
1) Жаңа сөзді оқытушы əр буынды бөліп оқып, əуелі өзі 
жазады.
2) Жаңа қарып қалай жазылатынын оңдап түсіндіреді.
3) Оқытушының жазғанын оқушы тақтайға жазады.
4) Өзге балаларда оны жазады.
5) Ұйқас сөзді өзге балалар айтады да, бір балаға тақтайға 
жазғызады.
6) Барлық бала дəптеріне жазады.
7) Бір жаңа сөзді, қалай жазылатынын түсініп алып, бəрі 
дəптеріне жазады.
8) Жазып үйренген кісі аттарын баспа қарып пен құрас-
тырып тақтайға жапсырып көрсеткенді балалар оқиды.
Бір неше қарыптар мен таныс болған соң, əуелі сөз, со-
дан  сөйлем  құрап  үйренеді.  Дыбыс  əдісі  мен  оқытқандағы 
қиындықтар мұнда болмайды. Тұтас сөз əдісі мен оқығандағы 
сүгірет те болмайды. Қат танытудың оңай жолы осы дейді. 
Мұны да байқап көру керек.
Жүсіпбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет