Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет181/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248
АНА ТІЛІНІҢ ОҚЫТУ ƏДІСІ
Қат таныту алдындағы жұмыс
Бүгінгі білгіштер қат танытуға асықпау керек дейді. Əмір-
қан жұртында тұтас сөз əдісі мен күніне екі сөзден, жарты 
жылда (4 айда) 125 сөз  үйретеді  екен. «Сөз-буын»  əдісін 
қолдаушы Стапанов үш айды шамалайды. «Көз-қол» əдісін 
жақтаушы Шапышников қат танытуға 4 ай керек дейді.
Қат  танытуға  асықпау  керек  деушілердің  айтатыны:  ба-
ланың ақыл, ойы, сезім, қайраты жетіліп, білімденуге, бірігіп 
еңбек қып үйренуге жалаң қат тану, оқу емес, өзге жұмыс-
тарда  керек;  қат  тану – білім  берудегі  көп  жолдардың  бір 
тарауы деп есептейді.
Алғашқы  жылы  білім-тəрбие  берудегі  Мақсұт:  баланы 
мектеп тұрмысы мен таныстырып; мектептің тоқсан тарау-
лы  істеріне  төселдіру.  Бұл  мақсұтқа  қат  таныту  мен  ғана 
жете алмаймыз.
Мектеп  тұрмысына  керекті  дағдыға  төселдіру  үшін  ба-
ланың сырын: мінез-құлқын, оңтайын, мағлұматын…. Оқы-
тушы жақсы білу керек. Мектепке жаңа кірген бала не мен та-
ныс, не біледі, білгені анық ба, көмескі ме, сөйлеуге, санауға 
қандай төселген, білетін өлең, ертегі, тақпақ, жұмбақ, мақал 
дегендейлерді қанша. Міне осының бəрін оқытушы байқау, 
шамалау керек.
Жаңа түскен бала бір деңені қадағалап, зер салып бақы-
лау  тұрсын,  екі  сөздің  басын  қосып,  үйлестіріп  сөйлей  де, 
анықтап көре де, ынта қойып тыңдай да білмейді. Балаларды 
зерттегенде, көбінесе солай боп шыққан. Сондықтан алғаш-
қы жылы балаға істелетін жұмыс:
а) Сыртқы сезімдерін (көз, құлақ, мұрын, тіл, сипау-қол) 
жетілту,
б) Өз ойын сөйлеуге, өзгенің сөзін тыңдауға төселдіру,
п) Төңірегіндегі тұрмыс пен таныстыру, ол тұрмысқа қы-
зықтыру, еліктіру, əр нəрсені байқауға, бақылауға, зерттеуге 
үйрету, қала берсе,
т) Мектеп тұрмысына керекті жұмыстарға дағдыландыру.
Ендеше  салған  жерден  қат  танытудан  бастамау  керек 
(комплекс  жүйеде  алғашқы  тақырып: «Баланың  мектеп-
ке  шейінгі  жазғы  өмірі».)  қай  жүйе  мен  оқытсақ  да  əуелгі 
күндерде қат танытуға асықпау керек.
Кей  бір  (Блонский  сияқты)  бапкерлер  (педагок)  шу  де-
геннен  қат  танытуға  кіріс  дейді.  Бала  мектепке  оқимын, 
үйренемін, қат танимын деп келеді. Көпке дейін қатқа жолат-
пай, басқа жұмыс пен, ермек пен күн өткізсең баланың мектеп-
тен көңілі суиды дейді. Бұда жаны бар сөз. Өте-мөте алғашқы 
кезде  не  істерін  білмеген,  керекті  деректерін  (сабақтарын) 
дайындамаған, шалағай оқытушылар, жуырда қат танытбай-
мын деп, баланың тауын шағып, жалықтырып алуы мүмкін.
Алайда келген жерден балаға: – мынау: «а», мынау: «р» 
деп, үйрете бастау дұрыс емес, енді не істеу керек?
а)  Алғашқы  күндердегі  мақсұт – балалар  мен  танысу, 
жақындасу,  олардың  ұялшақтық,  қорғалақтық  пердесін 
ашып, өзіне үйір қылып, баурап, оларды сөйлейтін қылу.
б) Мектепте қалай отыру, жүріп, тұру, оқыған адамның 
қандай  əдеттері  болу  жағынан  балаларға  бір  талай 
мағлұматтар  беру.  Ондай  жақсы  əдеттер  балаға  қонғанша, 
оқытушы  үрдіс  байқап  жүріп,  бара-бара  бақылау  міндетін 
балалардың өз мойынына арту.
п) Ұрымтал жерде дəрігер болса, алдырып, жаңа түскен 
балаларды қаратса тым жақсы болар еді. Дəрігер болмағанда, 
мұғалім өзі қарап: қолдарын, көзін, аузын, құлағын, басын, 
кеудесін көріп, көрініп тұрған күдікті дерті болса (қотыры, 
тазы,  мерезі,  бұлағы,  көзгелдегі,  жарасы,  биті,  кірі  деген-


474
475
дей),  сақтандырып,  қаратуға  дəрігерге  жіберу  керек.  Бит, 
кір, қышма сияқты оңай кеселге шара қолдану керек.
Балаларды  бойына  үйір  қылу  үшін,  оларға  қызықты, 
қымбат  нəрседен  əңгіме  қозғау  жөн,  оларға  не  қызықты? 
Ойын-сауық, қуаныш, күлкі, ермек, еңбек пен асыр салу мен 
өткізген жаздан қызық, одан қымбат балаға не бар?
Ендеше, жаз туралы əңгіме сөйле, оқы, өлең жаттап, серу-
ендет, егін қорған, шөп шапқан, еңбек қып жатқан жерлерді 
көрсет,  шөптерді,  астықты,  құстарды,  құрт-құмырсқаны 
бақылат,  баланы  жүгірт,  ойнат;  ойната  жүріп,  есепке,  епке 
үйрет; сурет салғыз, сызық-шимай сызғыз, əн салғыз, қалайда 
мектеп қамап, қапа қып, сарылтып отыратын, абақты тəрізді 
көрінбесін, ермек-еңбек, білім-өнер орны боп көрінсін. Бала 
мектепке келгенше асығатын болсын.
Ойын, сурет, сызық, əңгіме, бақылау қандай болу керек? 
Оларды сөйлеу біздің тақырыпқа жанбайды. Сондада бір-екі 
сөз айта кетейік.
Əңгіме – мектепке жаңа кірген бала жайынан, оқудың пай-
дасы, баланың үй іші, еңбегі, ойыны жайынан, болғаны жөн. 
Ондай  əңгімелерді  оқу  кітаптарынан,  балалар  əдебиетінен 
табуға  болады.  Ондай  қызықты  əңгімелер  балаларға  арна-
лып бұл жыл бір неше кітапшасы басылып жатыр.
Ойын – «Əйгелек», «Шілдік»,  санап  деп  қағу, «бірім-
бірім,  екім-екім», «сен  тұр,  сен  шық», «Нəпи  молдаға  не-
шінші  молда  қалдырмақшы...»  сияқты  əрі  жүгіртіп  денені 
қозғалтатын,  əрі  санауға  ыңғайлы,  епті  болуға  үйрететін, 
мəнілі ойын болу керек.
Суретте – балалардың өз қалағанын, шамасы келгенін сал-
дыру керек. Сонда да əуелі балға, балта, орақ, шалғы, кебеже, 
есік, зере, табақ, жапырақ сияқты жалақ, жансыз нəрселердікі, 
жүре  жандыныкі  болу  керек.  Балажанды  нəрсенің  суретін 
салғанды сүйеді. Көбелек, инелік тəрізді оңайларын салдыру-
дан қашпау керек. Əйтеуір жаман да болса, айғыздай берсін.
Сызық туралы, бау, басқұр, сырмақ, текемет, сандық қап, 
додеге,  ши,  орамал  сияқтылардың  өрнегін,  ою,  шимайла-
рын, жиегін сызуға қолдарын жаттықтыру керек. Əуелі түзу 
сызықты оңайларынан бастап, жүре имек, қошқар мүйіздерге 
көшу керек. Жазу үйренуге бұлардың үлкен көмегі бар.
Əуелі қысқалау, үзіктеу өрнектен басқа, соңынан қолды 
көтермей біріне бірін жалғастыра беретін өрнектер сүгіретін 
салғызу керек. Қазақ жаңа əліппесінде сөз үзілмей жазыла-
ды. Сондықтан шұбалма-тізілген сызықтар жаңа əліппе мен 
жазуды жеңілтеді.
Серуен туралы басқа жерде айтылар.
Алғашқы  күні  əр  балаға  белгілеп  орын  көрсетіп,  жасы-
на,  бойына,  көру,  есту  қуатына  қарай,  алға,  артқа  іреттеп 
отырғызуда  жұмыс.  Балалар  ұйымдасып  үйренгенше, 
мұғалымсыз орын ауыстырмау керек.
Балалардың аты, жөнін сұрап, жазып алу, мұғалім өз атын 
айтып, өзін не деп атату – бұда алғашқы күнгі жұмыс (бір 
талай елде балалар мұғалімін «ағай» деп атайды. «мұғалім» 
дегеннен,  атын  атағаннан, «ағай»  деген  жақындық, 
сыпайылықты білдіретін сөз-ау. Мұғалім жас балаларға, тегі 
қай бала болсын, «сен» деген жөн. «сіз» деу – тым сыпай, 
салқын, перделі сөз).
Тазалық жөнінен қысқаша жөн көрсету керек:
а)  Таң  ертең  беті-қол,  мойын,  құлақтарыңды  тазалап 
жуыңдар!
б) Тістеріңді тазалаңдар!
п) Киімдеріңді, аяқтарыңды былғамай, сүртіп келіңдер!
т)  Денелеріңді  кірлетпей,  шомылып  (моншаға  барып) 
жүріңдер!
ж) Шаш, тырнақтарыңды өсірмей, алып жүріңдер! –деп 
тапсырып күнде таң ертең осы міндеттердің орындалғанын 
бақылап, қолы, не мойыны кірлерін жуғызу керек (мектеп-
те дəйім қол жуғыш болу керек.) тырнағы өскендерін алды-
ру керек. Күнде осылай қып отырса, бұлар əдет боп кетеді. 
Əдет-сүйекке біткеннің інісі.
Оқыған бала құнтақты, ұқыпты болу керек, ол үшін тағы 
бір шараны көрсетейік.
Үшінші  күннен  бастап,  балалардың  тазалығын  байқасы 
мен, түгел келгендерін тексеріп, кешіккендердің себебін сұрау 
керек, келмегендерін белгілеп, қағазға түртіп қою керек қой.
– Балалар, мектепке келмей қалғандарыңды, кешіккенде-
ріңді ұмыт қалмас үшін, не істесек екен? – деп, кеңеске салу 


476
477
керек.  Балалардың  жобасы  қолайлы  келмесе,  мұғалім  өзі 
ұсынысын: -бəрің  қат  білсең,  аттарыңды  жаза  едік  те,  бір 
айға  бір  кесте  жасап,  келмегендерге,  кешіккендерге  белгі 
қойып отырар едік… Айтседе сендер үшін əзір мен жазайын, 
сендер аттарың жазылған сызықты белгілеп алыңдар. Күнде 
келсі  мен  аттарың  тұсындағы  торды  бір-бірлеп  қарындаш 
пен  қаралап  қойыңдар,  келмегендердің  торы  қараланбай 
ашық қалсын. Кешіккендерге сырге белгісін қояйық.
Жұма күндеріне, мейрамға ноқат қояйық, – деп төменгі 
кестені  сызып  қабырғаға  іліп  қою.  Əр  балаға  өз  аты  қай 
сызықта екенін көрсету керек.
Түгендеу кестесі Октабыр
Мұндай кесте бір айға жасалып, барлық балалардың аты 
жазылу керек. Алғашқы кезде аттарын тауып алуға мұғалім 
көмек көрсетеді.
Бұл  кестенің  пайдасы:  а)  Əрі  ұйымдасуға,  б)  Əрі  есеп 
тануға, п) əрі қат тануға бір саты.
Қат  танымай  тұрып-ақ,  əр  бала  өз  атын,  жолдасының 
атын көре жүріп, көзі қанып қалады. Өз атын жазып үйреніп 
те алады. Өз аттарын жаңылмай табатын болғанда, белгіні 
өздеріне  салғызу  керек.  Белгілі  салам  деп  жүріп  қағазды 
тесіп  алмас  үшін,  кестенің  көлеміне  лайықтап  тегіс  тақтай 
жасап  не  қатырғы  қағаз  қылып,  соның  бетіне  жапсырған 
дұрыс: қабырға тегіс бола бермейді ғой.
Ермек пен бірге балаларды еңбеккеде үйрете бару керек. 
Қарындаш ұштату, тырнақ алдыру, қалақ, мылтық, зырыл-
дауық арба істету, жіп күрмеу (бұзауды қалай байлау, атты 
қалай  тұсау),  қағаздан  қайық,  шалбар,  шəйнек,  тирмен, 
қалта  қоржын  жасату,  түймесін  қадату,  жыртығын  жама-
ту…  сияқты  уақ  түйекті  істете  беру  керек.  Əрине,  мұның 
бəрі жүре істеледі. Сондада. Міне осындай жұмыстар істеле 
жүріп қат таныту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет