Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет180/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248
y, q, o
1
, d деген алты əріп, бұлардың сабағын екі есе төмен 
салбыртбай ŋ дардай қылып жазса қата болады.
Латынша үйренушілер əріптер осылай үш түрде жазыла-
тынын ұмытпау керек.
4.  Орыстарға  жаңа  əліппені  үйретуден  оңай.  Бұларға 
латынның қай əрібі орыстың қай əріпіне келетінін көрсетсе, 
орыста  жоқ  əріптер  қалай  айтылуын  көрсетсе  болады. 
Орыстарға  үйреткенде  есте  болатын  нəрсе:  əуелгі  кезде 
орысшада  қазақшада  айтылуы  мен  мəнісі  бірдей  сөздерді 
алу керек. Мысалы, арав, арва. Вazar. Kapіjtal сияқты. Онан 
соң мəнісі бір, айтылуы да ұқсас сөздерді алу керек. Мысалы 
боран, станса ошақ, доға сияқты мұндағы пайда мынау:
1) Орыста-қазақша тез оқып үйренеді, 2) Сөздің мəнісін 
тез түсінеді, 3) Орыста бар сөздер қазақша қалай өзгеретінін 
аңғарады; 4) Қазақ  тілі  дыбыстарының  заңын  байқауға  се-
беп  болады.  Орыстарға  қазақша  қалай  үйрету  əдісі  жайы-
нан айырықша мақала жазамыз, сондықтан əңгімені осымен 
доғарамыз.
5. Сауатсыз ересектерге жаңа əліппе мен қат таныту əдісі 
екеу: 1) дыбыс əдісі, 2) Америке əдісі.
Оқытушы қай əдісті жақсы білсе, ол əдісті ұстағаны дұ-
рыс, сонда ісі өнімді, жемісті болады. Дыбыс əдісінен Аме-
рике əдісінің артық жерлері көп, əсіресе тариқы я марпало-
гие імласы бар елдер үшін артық.
Сөйлеуі  де,  імласы  да  дыбыс  жүйесіне  құрылған  қазақ 
тілі үшін дыбыс əдісінің кемшілігі жоқтың қасы. Сондықтан 
үлкендерге дыбыс жүйесі мен қат танытудың іш бір құбжығы 
жоқ. Қазақ тілі мен қазақ імласына қарай дыбыс əдісі тез са-
уаттандыратын əдістің бірі деп қарауымыз керек.
Дыбыс  əдісінің  кемшілігі  бірден  адамға  түсінікті  сөзді 
оқыта алмайды, белгілі теме мен оқытуға кемістік келтіреді, 
жанды дыбыс пен істес болмай, кесінді дыбыс пен істес бо-
лады. Бұл кемшіліктер бүтін сөз əдісінде жоқ.
Осы  күнгі  бүтін  əдісін  қолдаушыларымыз  сол  əдістің 
тараулары  мен  таныс  емес,  иə  соқырша  көргеннен  жаз-
байды, бүтін сөз əдісін қазақ тілі мен жазуына үйлестіре 
алмайды.
Осы  күні  бүтін  сөз  əдісі  деп  ұстап  жүргендерге,  жазып 
қарасақ,  алдымызға  əкеп  тартып  отырғаны  біреудің  ақау 
татыған ескісі, «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық». Мұнан 
5-6  жыл  бұрын  балалар  үшін  Америке  əдісі  мен  «Пиенерң 
деген, ересектер үшін «Нашаниба» деген сияқты əліпбелер 
шықты. Бұл əліппелердің əдісі Америке əдісі аталсада ескі 
қиын əдіс. Бұл күнде ол əліппелер əдісін қолдану қалсада, кей 
бір қазақ педагоктері соның қыр соңынан қалмай келеді.
Біз Америке əдісінің мынадай тарауын ұсынғымыз келеді: 
алдыңғы кезде сауат ашу «Панемеижески» əдіс пен бастал-
сын. Ол бұлай: мағыналы бір дыбысы сөздер алынады. Мы-
салы: o, a сияқты əр сабақта бүтін сөз ішіне бір иə екі жаңа 
дыбыс кіріп отыруы керек. Мысалы жаңағы а-дан соң, нан, 
ана деген сияқты бүтін сөздерді алуға болады.
Əуелгі кезде ашық буынды сөздер алынуы керек, мыса-
лы  ба-ла,  а-на  сияқты.  Соңынан  екі  дыбысты  тұйық  буын 


472
473
алынады;  aт, aн сияқты. Ең соңынан үш дыбысты ортасы 
дауысты буын алынады: sa-вan, nar сияқты.
Алғаш кезде бір-екі буынды сөздерді алу керек: қара, ала, 
ақ сияқты, онын соң барып көп туынды сөзде алынады.
Сауат  аштырғанда  жазу-оқу  қатар  жүруі  керек.  Үлкен 
құрал-кеспе əліппе мен газет, жорнал болу керек.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет