Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет35/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   248
ҰУ, ЫУ, ІУ, ҮУ 
(Емле жайында айтыс ретінде)
Жаңа əліпті алдық. Дəйекші бітті. «У» – дауыссыз (əлсіз) 
болды.  Енді  жаңа  əріппен  сөз  жазып  көрейік.  Жазатын 
сөздеріміз мына болсын: 
құу, оқыу, сүурет, іліу.
qиv, оqьv, sуvret, іlіv
Бұдан  шығатын  түйін:  бұрын  араб  əрпімен  жазғанда, 
ұзын ұу екі түрде жазылушы еді. Енді дəйекші жоғалған соң 
жуан-жіңішке  сөздерді  айыру  үшін  «ұу»  төрт  түрлі  жазы-
лып отыр. Бір «у»-ды төрт түрде жазып үйрету, үйрену оңай 
емес, өте қиын. Ендеше араб əрпіне лайықталған ескі ереже 
жаңа əліппе жарамайды. Мұны оңайлату керек. 
Араб  əрпінің  тұсында  да  осы  ұу  мен  ыу  талқыға  түсіп, 
əбден іиі қанып еді, түрлі жобалар айтылып еді. Олар: 
ұзын «ұу» қай жерде болсын бір түрде ұу (бұу, табұу) бо-
лып жазылсын; 
ұзын «ұу»-ға бір таңба, шолақ «у»-ға тағы бір таңба алын-
сын;
ұзын «у» да, шолақ «у» да бір-ақ түрде (у) жазылсын. 
шолақ «у» өз алдына «у» боп тұрсын да, ұзын «ұу» – дың 
өзі екі түрде (сұу, асыу) жазылсын» деген еді. 
Бұл  жобалардың  соңғысы  өшіп,  ереже  болып,  бүгінге 
дейін іке асып келді. 
Қазақ  тілінде  ұзын  «ұу»  жоқ,  ол  екі  дыбыстың  (ұ  –у) 
қосындысы екен. 
и –     , v –       болады. 
«ұу» дыбысын белгілеуге осы екеуі жетпей ме? «Сұуды» 
да, «асыуды» да осы екеуімен (euw, asmv) жазсақ, сөздің ата 
тегіне, үрім-бұтағына, тұрпатына, тұлғасына қандай кемшілік 
келер екен? Біз кемшілік келмес деп ойлаймыз, қайта «uv»-
дың суреттері азайып, нығайған сайын хат танытуға, жазуға 
көп жеңілдік келтірер деп сенеміз. 
Оның үстіне ғылым көзімен қарағанда, да бұл жоба қолай-
лы болар дейміз. Бізде «у» мен «и» – бір заңдас дыбыстар. 
Бай – бау, тай – тау, би – бу, ти – ту. 
Жаңа əліппен (и) екі-ақ түрде жазылады, қатты болса – 
«ы», жұмсағына і. 
«У»-ды да осымен заңдас десек, оны да екі-ақ түрде жазу 
керек. Қатты  болса, ұу, жұмсақ естілсе, үу. Осылай қыб жа-
затын  болсақ,  əрі  жазуды  оңайлатамыз,  əрі  у  мен  и-ді  бір 
қалыпқа түсіреміз, əрі дыбыс, тіл заңына келтіреміз. «У»-лар 
былай болмасын: 
ыv, іv, ұv, үv. 
Былай болсын: ұv, үv. 
Жоғарғы сөздер: quv, oquv, sуvrеt, іlуv болып жазылсын. 
Бұған не айтасыздар. 
Күттік. 
Аймауытұлы 
Жаңа əліббешілер сиезіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет