Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет38/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   248
ЖАРТЫ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
(«Дұрысы қайсыға» жауап) 
Дауыссыз дыбыстардың бір тобы жарты дайысты атала-
ды. Жарты дауысты дыбыстар төртеу: р, л, у, й. Бұлардың 
өзге  дыбыстардан  өзгеше  бір  қасиеті  сол:  бұлар  сөздің  ба-
сында айтылмайды – сөздің бас буынында жарты дауысты 
дыбыс болса, оның алдында ылғи бір дауысты дыбыс бола-
ды. Жарты дауысты дыбыстардың мұндай қасиеті бар екені 
1924-інші  жылы  болған  білімпаздар  сиезінде  де  тексеріліп 
еді, бірақ оның анығы ашылмаған соң (басында жарты дауы-
сты дыбыс естілетін сөздердің барлығы түгелімен тексеріліп 
болмаған соң) сиез ол туралы ештеме ашып айтқан жоқ. Сиез 
кемесиесі:  жарты  дауысты  дыбыстар  дауысты  дыбыстарға 
жалғаса айтылады, дауысты екі дыбыстың ортасында да ай-
ытылады деп (сиез мəжіліс қатында 44 – 45 беті) көмескілеу 
қаулы  шығарған.  Бұл  мəселе  онан  бері  жете  тексеріліп 
шешіле қойған жоқ. Сүйтсе де, мысалға алып тексерген сөз-
дердің қай-қайсысы да жарты дауысты дыбыстардың сөз ба-
сында айтылмайтын ыспаттайды. 
Мəселен: «ылас»  деген  сөздің  басындағы  дыбыс  «л» 
емес, ы: басындағы дыбыс «л» болса «өте ылас» деудің ор-
нына  (қап-қара,  қып-қызыл  дегенге  ұқсатып)  лап-лас  дер 
едік, дұрысында олай демейміз. – ып-лас дейміз. Сондықтан 
«ылас»-ты осылай ы-мен бастап жазған дұрыс болады. Сол 
қалыпты ып-ырас, іп-іретті дейтін болған соң – ол сөздерді 
де ірет, ырас деп жазу керек. 
Радлов қазақ əдебиеті тақырыпты жазған кітебінде (Рад-
лов, том ІІІ. стр. ХХІІ) ұрыуымды сұрасаң, Бағаналы деген 
өлеңді  мысалға  келтіріп  «ұрыуымды»  деген  сөзді  орысша 
«румду» деп жазған да, төрт буынды сөзді екі буынды деп, 
қазақша өлеңнің буындары кейде осылай тиісті санынан кем 
де  болып  шығды, –деген.  Радлов  ол  сөздің  басында  р-ның 
алдында дауысты ұ бар екенін, сөзбенен жана р-дан кейінгі 
ы, у, м үшеуін бір-бір дыбыс деп түсінген. Дұрысында əнге 
салып айтуға келетін қазақша өлеңнің буын саны кəтесіз бо-


98
99
лады.  Жаңағы  өлеңді  əндетіп  айтқанда,  ұрыу  деген  сөздің 
барлық дыбыстары да анық естіліп, «р»-ның алдындағы ұ өз 
алдына бір буын болып шығады. Сондықтан ұрыу-ды да (рұу 
иə рыу демей) осылай ұрыу деп жазған дұрыс болады. Жар-
ты дауысты р, л, у дыбыстары бар сөздердің қай-қайсысын 
да осылай тексерсек: олардың бəрі де сөздің басында айтыл-
майтынын, алдында дауысты ы, ұ сықылды дыбыс болаты-
нын білеміз. 
Елдес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет