Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет39/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   248
ЕМЛАМЫЗДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ
Осы уақта əркім əр түрлі жазады. Тіл құрал заңын қол-
даныб,  таб  басыб,  дəл  жазыб  отырған  адам  аз.  Əр  кімнің 
өзіне қас ережесі бар. Бұлардың бұлай болуы да емламыздың 
тұрмысқа сəйкес еместігін көрсетеді.
Мысал: «Тіл – құрал» ережесінде «баратұн», «алатұн» деб 
жазу керек; үйткені бұл етістердің түбірі тұғынан өзгерген 
деб арғы шыққан заузатын қазыб барыб дəлелдеуші еді. Ал 
осы күнде «тұнды» бастаб, «тын» деб жазыб барады. Тегінде 
осы  соңғысы  мақұл.  Үйткені  қазақ  тілі  керісінше,  қалай 
айтылса  солай  жазылсын  деб  отырмыз.  Біздің  тіліміздің 
сүйенетін жалпы негізі осы сөзді естілген күйінше жазу бол-
са, «болатұн», «баратұн», «алатұн»  деген  сөздің  заузатын 
қазбай-ақ,  атасының  атын  жазбай-ақ  естілген  қалпын  жа-
зуымыз керек.
Екінші ережемізше: демеуде «т» мен «ж» жазылады. Жал-
ғаужа  естілсе,  естілген  күйінше  жазылыб,  бірақ  қосылыб 
жазылады дейміз. Бұл ережеде дұрыс емес. Балаларға үйрет-
кенде де шатақ. 
Ал,  демеудің  жалғаудан  айырылатұн  белгісі  «д»  болыб 
жазылуында  емес;  баян  жазылуында  (шағына,  жағында). 
Мысал: «қат  да»,  ат  да,  сарт  да»  деген  сөздердегідей  «да» 
демеулігі естілгенде «та» болып естіліп тұр. Міне, осында та 
болып естілген демеуліктерді сол естілген күйінше жазсақ, 
бірақ бөлек жазсақ, жалғаудан айрылады да қояды. Осылай 
жазсақ, «Тіл – құралдағы»  демеу  мен  жалғауды  айыратұн 
ережеден құтыламыз. Тек, демеу бөлек жазылатұнын білсек 
болғаны. Оны ережесіз-ақ білеміз. Үйткені «демеу» шылау 
сөздер,  түсінбек  «да,  де»  демеу  (н  түбір  сөзге,  қай  сөздің 
астарында  келсе  де)  бірге  қосыб  жазайық  дейді.  Дəлелі 
жатыс  жалғаудағы  «да»  лар  мен  (малда  қашар  бар,  үйде 
қонақ  бар) «да»  демеуліктерінен  айыру  қиын  дейді.  Қиын 
екені  ырас.  Бірақ  демеудің  қызметі  көбінде  екі  сөздің  ара-
сын  құраб  жалғастыру  (ба,  да,  үйтсе  де  бүйтсе  де,  əлде). 
Көбінесе атқаратын қызметі сол.
Ал Жүсіпбекше жалғап ақ жазайық! Сонда барлық демеу-
ліктерді  де  жалғап, (əлде,  үйтсе  де-лерді)  жазамыз  ба?  Не 
болмаса «да» мен «ба»-ны ғана (түбір сөздің ақырғы дыбы-
сына  қарай  та,  те,  да,  де,  ма,  ме  болыб  жазылады)  бірге 
жазыб, «əлде» мен үйтпесе, əйтпеселерді бөлек жазамыз ба? 
Мына төменгі демеуді бөлек жазыб, ана да, ба демеуліктерін 
бірге  жазғанда  балалар  бірін  бөлек,  бірін  бірге  жазатұн 
себебіміз не деб сұрамай ма? Онан қалай қашыб құтыламыз? 
Əлде  «да», «ба»  демеуліктер  қасиетін  жоғалтыб,  жалғау 
сияқтаныб қана ма? Бұл арасына бір ереже керек емес бе? 
Өзіміз  ережені  азайтамыз  деб  отырғанда  тағы  бір  ережені 
қосыб алмаймыз ба? Мен «ба», «да» демеуліктерін жалғаб 
жазу  керек  деген  кісіге  бір  ережесін  дайарлай  берсін  дер 
едім.  Сонд: – «да», «ба»-лардың  демеулік  жайыб  апарыб 
жалғамасақ,  бірге  жазудың  қажеті  жоқ.  Тек  септелуінше 
жазсақ болады. 
Екінші Жүсіпбек жарты дауысты и, у-ларды дауысты деб 
алайық дейді. Сонда и, у дауысты дыбыстарының бойындағы 
қасиетін өзіне меншіктей ала ма? Мəселен: осы уаққа дейін 
бір буында бір дауысты дыбыс болады, буын болуы ү, дауыс-
ты дыбыс болуы шарт деб келдік.
У  мен  и-ларды  дауысты  дыбыс  деб  атағанда  таза  буын 
деген атақты «тіл емласын жоқ қыламыз ба?» Босқа болмаса 
дауысты дыбыс жалғыз да болса буын жасайтұғыны белгілі. 
Менің  ойымша  емланы  ықшамдағанда,  оңайлатқанда  оңай 
болсын деб, пəлен əдіске, түлен əдіске бұра келсін деб бой-


100
101
ында  жоқ  қасиеті  бар  қалыб  сүйремей  əкелудің  орны  жоқ. 
Түйдек  жүйесі,  тұтас  əдісі  жақсы-ақ  шығар.  Осы  жақсы 
əдістерге шақтағанда, үйлестіргенде, сөздердің жеке дыбы-
сының қасиетін бір-біріне тигізіп отыратын сүрегін ғылым 
жөнімен тіркестіріб барыб шағындау керек қой деймін.
Үшінші үлкен мəселе: «ы» туралы. «ы»-ны тастағанмен, 
ереже азаймайды. Қайта бір ереже қосылады. Бұрын «ы» қай 
жерде естілсе, сол арада жазсақ, (ереже жоқ еді) енді «ы»-ны 
бітеу буында жазбақ, ашық буында жазсақ, бұрынғыша «ы»-
ны естілсе де бітеу буында жазбай, ашық буында жазамыз 
деб  тағы  бір  ереже  шығармасқа  амал-шара  жоқ.  Дауысты 
дыбыс бір буын жасайтұны тағы тұр. Бұл арада да жоғарғы 
и  мен  и-ге  айтқан  сөзімізді  айтамыз.  Дұрысында  дауысты 
дыбысты көбейткен дұрыс (и, у-ларды дауысты дыбыс деб 
аламыз дегені). Бірақ дауысты дыбыс баса алмайтұн дыбыс-
ты болдыру (қалық ауанында дауысты дыбыс қасиеті жоқ) 
сиырға құлын тілегенмен бірдей болады.
Тұтас сөз əдісін алғанда да сөзді буындамай, бір буынды 
сөзді үйретпей амал жоқ. Дұрысында тұтас сөз əдісінде əуелі 
өзі бір дыбысты, бір буынды сөздерді үйретіб басбалдақтай 
келеміз ғой. Шағыны буынды, мидай араладық қой.
Біздің сөзімізде «ы» көб қатысады. Олай болса, жалғыз өзі 
бір буын бола алмайтұн дауыссыз дыбыстарға «ы»-ның қадірі 
артық. «ы» сүйеніш есебінде, «ы» сияқты дауысты дыбысы-
мызды  бітеу  буында  тастаб, «ықтын»-ды  қтын, «ыстықты» 
«стық»  деб  жазсақ,  байағы  арабтың  дауысты  əріп  орнына 
«асты, үсті, сəкін үтір қойыб жазатұн ескі жазуына жуықтаған 
боламыз. Бұл ілшгерілеук емес, кері кету болады. Дұрысында 
дауысты дыбыс сөздің жаны есебінде, яғни маторы есебінде. 
Бірақ мұнан кəдімгі болса, дауыссыз дыбысты көбейте беру 
керек деген ой аңғарылмасын. Əр жұрттың тілі бəріне лайықты 
дауысты  (өсіб,  өркендеу  заңына  қарай  дыбысын  жасайды. 
Ешкім қолынан дауысты дыбысты дауыссыз, жарты дауысты 
дыбысты дауысты қылыб жасаб ала алмаймыз. Тұрмысынан, 
шаруашылығынан барыб-барыб өрбиді.)
Ал Жүсіпбектің «ғой» мен «бен» сияқты сөздерді «əлдем-
ғой, малмен, кітаббен деген сияқты сөздерді бірге жазайық 
дегені дұрыс. Мұнан қайда бартағ да Жүсіпбектің бір ұсыныб 
отырғаны  тілдің  өзгеріб,  шашу  ашыб  келе  ме?  Жатқанын 
күн  ілгері  ақылаб,  ықшам  түрін  жазу  керек  дегені.  Бұл  да 
дұрыс.  Тіл  де  жанды  зат  сияқты  өркендеб,  өсіб  отырады, 
өзгеріб отырады. Кейбір мамандарымыз жерден танар, бас-
тау  қазғандай  тілдің  ата-баасын,  заузатын  қазыб,  пəлен 
жердің қазағы былай айтады, бұрын түбірі былай екен деб 
жататұны бар. Бұл дұрыс емес. Тіл қалай өсіб келе жатыр, 
солай əріб жазыб отыру керек.
Ол кісі. О кісі.
Сол кісі. Со кісі.
Алып бару – апару
Уақытта – уақта.
Сонан  соң – сонсоң,  сонсын  деген  сияқты  сөздердің  ке-
йінгі жазыб дағдылану керек.
Бір шатақ болып жүрген үндестік заңы. Үндестік заңы тіл, 
емла жөнінде бел байлап секерлік заң емес. Тілді үндестік 
заңына сыйғызыб тұруға үндестік заңының шені жетпейді.
Кейбіреулер: үндестік заңына көндірейік деб. Міне, саған 
керек болса, үндестік заңының шаңы. Бұл сияқты үндестік 
заңын иман қылыб ұстауға болмайды.
Байтоғайұлы Балқай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет