234
235
тұрмыстың, шаруаның демеуі мен шығатұн сапа, баяғы
қожа-молдалардың жалпыдан оқшауланып шығып төрден
орын алуына көмектесетұн сана. Бұл күнде жалпы бұқарадан
бұрынғы қожа-молдаларша оқшауланып, бөлек-бөлек тіл
шығаруға, тілді бұзып, өз алдына кітеп тілін шығаруға бол-
май қалып отыр; оны істеймін деп талпынушылар болған
мен үкімет ондайлардың тілеуін құртатұн болып отыр. Сон-
сын жалпыдан оқшаулаудың жалғыз амалы, үкіметтен де
жасқанбай істейтұн амал енді тек латын қаріп болып отыр.
Біз латынды алғанда қалай алмақпыз, 1 – 2 жылдың ішінде,
алып бола аламыз ба? Латыншылардың өздеріне салғанда да
оны бір 20 – 30 жылдың бер жағында істеп бқтіруге бол-
майды: мəселен латынды мектеп атаулының бəрінде алдағы
жылдан ақ бастап кіргізсек, сонан кейінгі оқушылар латын-
ша танитұн болады да, онан бұрын оқып шыққандар, осы
күні қазақша қат танитұндар, қазақша газет-кітеп оқитондар
латынша сауатсыз болып қала береді. Олардың бəрін латын-
ша қат танитұн қылып оқытып шығару қолдан келмейді.
Сондықтан олар латынша үйрене алса, бірен-сараны қана
үйреніп алады, қалған көбінен олар өліп-біткен соң қана
құтыламыз. Сөйтіп осы күнгі қазақша қат танитұндар
өліп біткенше біздің жазуымыз екі түрлі болмақ: қазақша
жазылған да кітап, газеттеріміз болмақ, латыншада болмақ
латынша оқи, жаза білетұн «ардақты армансыз азаматтар»
болмақ, латынға қолы жетпей қалған қара бұқара болмақ,
латынша оқи жаза білетұн азаматтардың ардақты екені өз-
дерінеде аян, ере қалған қара бұқарағада аян болмақ, сонсын
ол ардақты азаматтарға төрден орын қалай тимейді.
Міне, мың жылдан артық жасаған латын əрпін бізге жаңа
əріп деп теліп, латыншыл болған адам жаңашыл, төңкерісшіл
болады деп айқайлаушылардың «игі ниеті» осы. Мұның аты
құр елік, əуестік,
-бірақ дерексіз елік емес, тамыры тұрмысқа
бойлап кірген елік.
Бірақ еліктің тұрмысқа пайдалысы да болады. Латыншы-
лдардың латын əрпі мен салыстыратұн аптебел, тіректірлері
де ел-елге біріне-бірінің еліктеуі мен таралады. Автебел,
тіректірлерді елге, тұрмысқа пайдасыз деп дені сау кісі айта
алмайды, бірақ латын əрпі аптемебел де, қазақ əрпі есек,
ағаш арба- деген қисынсыз құр айқай ғой латын əрпі мен
аурыпаға жұуықтаймыз, кəзіргі əрпіміз ілгері басуға бөгеу
болады деседі. Оны кім айтқан екен десең Телжан Ашмарин
сықылды аты шұулы пұрепессрлерін алып шығады, Тел-
жаннан тек солай «кім айтқан екен?» деп қана сұрамасаң,
«Неге олай?» деп сұрауға болмайды. Біреудің айтқаны бол-
маса өз ойың мен «бүті 2 сомнан болғанда 9 пұт бидайдың
бəсі 18 сом болады» десең, оған кұуе боларлық ашмарин
пұрепессер болмаған жерде, Телжан Нанбайды, тұтас сөздің
ішіндегі əріптерді жолдан сорайып шығып тұрса, əйтпесе
артық нүктелері болса, – ондай сөз оңай танылады – дегенге
ойлай білген кісі меймін пұрепесср Айтпай ақ нануға тиісі
қой бірақ меймінді айтпаса Телжан Нанбайтұн болған соң
афаң оны бастап айтқан мейманның сөзін əдейі келтірген.
Сондықтан Телжан Мейманнен асып кете алмай, тек қана
меймін мынаны айтпаған… деп күмілжиді. Ал енді жыл-
дам оқу жағынан Телжанның пұрепессрден естімеген дə-
лелдеріне келсек: ондай дəлелдері ортақ қолдай үшеу. Дұры-
сында оның үшеуі жиылып біреу болады, – ол біреу: қазақша
жазылған сөздің кей біреулерінің ортасынан омырлып оты-
ратұны; қазақша əріптердің жалпы жазылуында сондай
қасиет болған соң (кей бір əріптері келесі əріппен тұтас жа-
зылып, кей біреулері олай тұтаспай отыратұн болған соң)
«қыр» мен «құр», «сыр» мен «ұр», «қызық» пен «қасық»,
«дым» мен «тым» сықылды дыбыстары ұқсас болғандықтан
біріне бірі шатысып кететұн сөздер жазылғанда бірінен бірі
бадырайып айырылып шығады. Мұнан жазу қиындамайды,
жеңілденеді. Оның анығына, Мейманнен барып сұрамай
ақ, жетуге болады. Телжанның өз дəлелі өзіне қарсы бо-
луы қалай деп таңданушылар болмасын: Телжанның бұл
дəлелі ашмарин пұрепесіриа басқа біреудің шығарған дəлелі
емес, Телжанның өзінің дəлелі, Телжанның ондай өзінің төл
дəлелдері қай күндеде солай болып шығатұн, ондай дағдылы
қалыпқа таңдануға болмайды. Біз Телжанның бұл дəлелінде,
бұ сықылды басқа дəлелдеріне де таңданбаймыз, тек дұрыс
қисынып шығатұн дəлелдеріне ғана таңданамыз. Телжанның
241
ты (əн жазуы), істе-ғырам (жылдам жазу үшін шығарған
таңбалар) бұлар түкке тұрмайтын дəлелдер. Спырды да,ғ
шама тілінің өрнектерін де Аурыпа о баста араптан алған.
Шама тілінің өрнектерін араб баста өз əрпі мен менің манағы
көрсеткенім сықылды қылып жазған. Бірақ Аурыпа əріптің
іліміне өлердей құмар болған мен, дəстүр-салтына, сыртқы
таңбаларына Телжанша құмартып асық болмаған. Ілгері
басайын деп тұрған елдердің арманы өз дəстүрі, өз салты-
нан Телжанша жерімдейді де, жатқа бұлардай табынбай-
дыда ғой. Сондықтан Аурыпа арабтың (б+ж)
2
=б
2
+2бж+ж
2
деп жазғанын өз əрпі мен (a+b)
2
=a
2
+2ab+b
2
деп жазған.
Дұрысында окізде Аурыпаның əрпіде, дəл осы күнгі біздікі
сықылды, өзінікі емес, өз тіліне үйлестіріп алған латын əрпі
еді, жасынан асып қартайып, алжып, кері кетіп өлкен елдің
əрпін аурыпа елі өзінікі қылып алған да, о кезде өздеріне үлгі
болған арабқа еліктемеген. Ілгері басамын деген үмқт болса,
бізде осы күні өзімізді Аурыпаның со кездегі дəуіріне ба-
лауымыз керек. Бізге бұкүнде Аурыпа сөздігі араб сықылды
болу керек окезде араб мəдениеті кері кетуге бет алып еді.
Бұ кезде Аурыпаның капиталы да дəл сондай өлер алдында
тұр, о кезде өзі өрімдей жас, қажымас қайрат, таудай талап
пен алға басқан Аурыпа өзінің надан күйіне өнерлі арабқа
табынған жоқ еді. Біз Аурыпаның алжығанына көзіміз жетіп
отыр оның сыртқы қылығына құдайдай табынатұн болсақ;
тал түсте Құдай ақ да.
Шама тілінің өрнегі, ноты, деген: сөз емес, оларды оңнан
солға айналдырып алу 2 сағаттық ақ жұмыс. Оның оңнан
солға қараған түрі Телжандарға ерсі ақ көрінен, бірақ Ау-
рыпаша теріс түрінен қиындығы болса, бұйырмасын. Істене-
ғырамды өзбектер өзінше айналдырып алып отыр. Оны ке-
рек қылушы болса, қазаққа да істеп алуға болады.
Елдес
Достарыңызбен бөлісу: