Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет92/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   248
БАС ƏРІП НЕ ҮШІН КЕРЕК
Орталық жаңа əліп кəмійтетінің осы жылы қазанда болып 
өткен ІІІ інші пленімінде: «Түрік елдерінің əліппесі бірлесуінің 
жаңа бір негізге құрылуының шарты – əліппенің жай түрі де 
бас түрі де алынуында. Сондықтан əріптің жай түрін ғана алған 
елдер мəселені қайта қарап шешкені дұрыс» деп танылған. 
Шынында бас əріпті алу-алмау мəселесі Қазақстанда же-
те тексерілмеген. Бас əріпті жақтаушылардың да қарсы жа-
ғының  да  пікірі  баспа  сөзге  шығып  талқыға  түскен  емес. 
«Көш жүре түзеледі» деген ескі сандырақ мақалаға еріп, істі 
бір жола бастап. Өжеттік пен, төңкерісшіл екпін мен қозғау 
орында – жалпы елдің ең соңына қалып кешеулетіп орын-
дайтын мінез мұнда да соңымыздан қалмай отыр.
Орталық  жаңа  əліп  кəмійтетінің  төр  ағасы  Ж.  Ағамалы 
ұлы жазған бір мақаласында Қазақстан жаңа əліппешілеріне 
қаратып мына сөздерді айтады.
Қазақ  азаматтары  əліппе  мəселесінде  өз  беттері  мен  іс 
істейміз деп, оп-оңай шешілетін жұмысты шұбатып, созып, 
көп уақытты адасу мен алды. Үндестік заңына сүйенеміз – əріп 
санын азайтамыз, қат үйретуге мұнан көп жеңілдік болады 
деп  көп  əлекке  түсті.  Дұрысында  бұл  заң  мен  əріп  санын 
азайтуға келмейтініне өздері де түсінеді. Жіңішке дауысты-
лар да алынды».
Мəселе  мұны  мен  де  айақтамады.  Енді  соңымыздан  қал-
май отырған нəрсе «Бас əріп керек пе, жоқ па деген айтыс. Бұл 
мəселеде де біз өзіміз тапқан дəлелге сүйеніп бүкіл жер жүзі 
бірдей адасып отыр. Ілім жолына да, тəжірибе іретінде де бас 
əріп қолдану үйлеспейді» деп жаңа қисын шығарып отырмыз.
Ж.  Ағамалы  ұлы  қазақ  азаматтары  аз  араның  ішінде  бас 
əріпсіз жазуға оқуға болмайтынына көзі жетер. Еуропа мəде-
ниеті, түркі елдерінің тəжірибесі жолына түсер деп сенімін 
білдіреді.
Түрік  жұрттары  ескі  арап  əліппесі  мен  қош  айтысып – 
жаңа ілім теқнике жолына үйлесімді əліппе таңдағанда – ла-
тын əліппесіне тоқтауының түп мəнісі жер жүзіне таралған 
латын негізіне құрылған əліппені ұстау, Европа мəдениетінің 
табысы күн шығысқа тез жайлауына мұның сүрені мол бо-
луын ескеру болатын.
Егер мəселе оңай жақын əліппе ойлап шығару ғана болса 
араптан да, латыннан да іздемей басқада толып жатқан ійрек 
шыймай табу қыйын емес қой.
Пійзійке  əлімі  Гелимголис  «адамның  көзі  табиғаттың 
ғана қолымен келіп жаралған мүше» деуге қарсы. Көру аспа-
бын қолдан жасауға болса – əлде неше ірет шалымы, көруі 
күшті көз жасауға болар еді, дейді.
Шынында көздің де кемістігі көп. Латын əріптерін де тек-
сере берсек талай-талай артық, керексіз қыйқымдар тауып-
шығару керек болар еді.
Ақаңның арап əріпін түзеткендегі беті осы болатын. Бұл 
жолды  біз  алмадық.  Ақаңның  арап  əріптерінің  быт-шыт 
шығарып  «Түзеуі»  латын  əліппесіне  үйлеспеуі – ап  ашық 
мəселе.  Өршіл  Европа  мəдениетінің  түрін  жұрттарының 
соңынан ереміз деп тұрып «Əріп түзегіштік шеберлігімізді 
бұл жерде де алып келіп киліктіру ұнамсыз ғой. 
Мұндай  «өзімшілдігіміз,  білгіштігіміз»  ілім  жолына  да, 
теқнике айтқанына да қарсы.
Бас əріптің керектігіне дəлелдер мыналар.
1)  Бас  əріп  ескіде  бір  алынып  қалып – жайылмай  келе 
жатқан ескі дəуірдің сарғыншағы емес. Бас əріп – баспа сөз 
күшейу мен ілім – теқнійке қалыптанып өркендеуі мен – бір 
кезде жарыққа шыққан əліппенің əлібіндей ақ керек құрағы.
Оқудың  кілті  жеке  кісі  əріптер  болса,  адамның  көзін 
жетектейтін  тізгін  жазғанды  тез  аңғаруына  бастайтын  ірі 
таңба – үлкен əріптер. Бетпақтың шөліндей тірі жансыз құм 
далада  адасқан  адам  тəрізді – бас  əріпсіз  жазуда  да  адам 
көзін алып жүре алмақ емес.


222
223
2) Оқу-жазудың псиқалогиелік негізі бойынша қалыпты 
оқу,  безендіріп  оқу,  сөздің  мəнісіне  ылайық  дауысты 
өзгертіп оқу, тынатын жерге тыну үшін бас əріп керек. Əріп 
не  құрлым  ұсақ  болса  (газет  əрпі) – жай  тыныс  белгілері 
байқалмай) көбінесе үлкен əріптерге еріп оқыймыз. Бас əріп 
іле сала танылатын ірі тыныс белгілері есебінде.
3)  Қазақ  тілі,  əдебиеті  енді  қана  көркейуге,  байуға, 
мəдени  керектің  барлығын  өтеуге  бет  алып  отыр.  Мəдени 
керектеріміз  ішінде  мəмлекеттік  маңызы  бар  «Кеңес  тілі, 
заң  тілі,  телегірап,  маңдай  жазу,  пылакат,  ұран  барлығы 
бар.  Бұларды  мəдени  түрде  жазғымыз  келсе – бас  əріп  ке-
рек. Осы күндегі əріптің жай түрі мен ғана жазылған маңдай 
жазуларды қараңызшы – көріксіз, ажарсыз шыққан болады. 
Жай əріпті əдемілеп, ірі қылып жазуға болмайды. Тар жол-
дан шығармай жазу керек орында жазудың сыйқы мынадай 
болмақ АLMAТЬ QALALЬQ КЭРERETІBІ. 
Тіл  маманы  академик  «Мар»  əріп  таныу  ғана  жетпейді. 
Мəденій керекті де еске алыу керек. Деуі осындайдан. Мəм-
лекет құрып ұлт мəденійетін көркейтеміз десек маңдай жазу-
ды да, пошта-телеграп қатнасын да еске ала отырыу керек.
4)  Жер  жүзінде  қалыптанған,  қай  жұртқа  болсын,  тілі 
басқалығына  қарамай,  қолдануға  жарайтын  мəшейнелер, 
ілім-теқнике тілі аттары таңбалары бар.
Əліппенің ентернатсыйаналдық мəні жай түріненде – бас 
түрінде № – нөмір жер жүзінде бірдей алынған.
Бігін қазақ кедейінің пəн-теқнике табысына қолы толық 
жетпегені мен аз жылдың ішінде – жеткізіп беруіміз керек. 
Бұл кезде от. – оң тұстық, ст. – сол тұстық, кш. – Күн шығыс, 
кб. – күн батыс сыйақты белгілер алып отырмыз. Жағырапия 
қартасын шеберлеп, бір əріп пен білдіретін оңай ұғымды – 
үш- төрт сөз жазып былғап отырмақбыз ба. Басқа жұрттан 
өнеге алудан қашуымыздың тіпті мəні жоқ. Орыс СНК. ВКП 
(б)  деген  орында  біздерді  де SNK, BKP (в)  десек  бұл  көп 
жеңіл. Мұны ұзақ деп жазғандағы түрі іш мағына бермейді, 
басқа жай сөздерден айырылмай оңаша көрінбей қалады.
Кісі аттары, жағырапия атаулар бас əріпсіз жазылса – жай 
сөздер мен араласып түп мағынасын шешу қыйынға соғады.
Бас  əріп  алынса,  сауаттандыру  жұмысы  қыйындайды, 
əріп саны артады деу құрғақ сөз. Бас əріптер арасында жай 
түрінен өзгеше келетіндер 8 əріп.
Бұлар: 1) Аа, 2) Дд, 3) Ее, 4) Мм, 5) Тт, 6 Ққ, 7) Гг, 8) екі 
түрі бірдей таңбаланатындар.
Бб, 2) Сс, 3)Жж, 4) Əə, 5) Ғғ, 6) Іі, 7) Йй, 8) Кк,              
1) 
9) Оо, 10) Өө, 11) Пп, 12) Сс, 13) Уу, 14) Ұұ, 15) Үү, 16) Зз, 
17) Ыы.
Екі түрінің арасындағы айырмашылығы шамалы таңба, Лл.
Бата келмейтін таңбалар, Н, Һ. Н – бас əріп алынбайтын 
күнде де ұсталады. 
Қазақ баласының зейіні, сана саңылауы еуропа баларынікі-
нен өзбек, татар, балаларынікінен кем деуге кімнің аузы бара-
ды. Олар бас əріпті үйренуге 4-5-ақ сағат бөлетін шығар. 
Ендеше ірі дəлелдердің бірі əліппені оңайлау, сауаттан-
дырыу  жұмысын  жеңілдеу  деген  ойланбай  айтылған,  қо-
рыққанға  қос  болып  көрінген  нəрсе.  Бас  əріп  өмір  керегі 
тұуғызған;  онсыз  қат  танып  шыққаннан  кейінгі  қалыпты 
мазмұнды  оқыу  ақсайтын  болады.  Бұл  күнде  еуропаның 
күллі адамдары гəзет, кітап оқыйды. Жалпыға арналған нəрсе 
оқыуға жағымды, көрікті, көзге шалымды болғаны жөн, бас 
əріптен  қашудың  қыйсыны  жоқ.  Ағамалы  ұлы  айтқандай 
бəрі бір пəренже бүркенген өзбек əйеліндей сыртта қала ал-
маймыз. Сондықтан бүгіннің жұмысын ертеңге қалдырмай 
орындауымыз керек. 
Əміржан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет