226
227
соң қазақ тілінде мектептер ашыла бастады, кітаптар жа-
зыла бастады. Газет-жорнал көбейе бастады, баспақаналар
шықты, қазақ тілі кеңселерде жүре бастады. Бұлардың бəріне
де əліппенің үлкен қатысы бар. Іс жүзінде араб əліппесінің
үйренуге қиындығы, жазу-басу ісіне тиімсіздігі күнбе күн сезі-
ле бастады. Бір қатар азаматтар арап əліппесінің кемшілігі
көп, дұрыс əліппе алалық деп, латын əліппесіне тоқтады. Бір
қатар азаматтар арап əліппесінің жыртығын жамап, ұстай
берелік десті. Кім біледі, мектеп, баспақана сықылдыларымыз
көбеймесе, араб əліппесінің кемшілігі көпке шейін сезілмей
жүре берер еді де. Бірақ, тұрмыс ағымы айдап келіп, арап
əліппесінің кемшіліктерін көрсетті. Түбінде арап əліппесі
тұлдырық болмаса, əрине, əдебиетіміз байымай тұрған кез-
де, елдің 2% – ғана арап əліппесі мен қат танып тұрған кезде
жақсы əліппеге көшу оңай жəне осы күні əуелі бір кемшілікті
армансыз бітеп алып болып, жайласып екінші кемшілікті
дұрыстауға кірісіп отырған ел барма? əліппе кемшілігі ба-
сты кемшіліктің бірі екенін жоғарыда көрдік.
Латын əліппесінің бір зор кемшілігі – əріпінің саны
аздығы. Бірақ, түрік елдері тілінің дыбыс таңбалауға арап
əліппесінен латын əліппесі оралымды. Арап əліппесінде:ﺍ ﺏ
ﺕ ﺙ ﺝ ﺡ ﺥ ﺩ ﺫ ﺭ ﺯ ﺱ ﺵ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻉ ﻍ ﻑ ﻕ ﻙ ﻝ ﻡ ﻥ ﻭ ﻩ ﻯ -деген
28 əріп бар. Осы 28 дің: ﺙ ﺡ ﺫ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻉ -деген 8 «əріптің
түрік тіліне керегі жоқ (Қырым ноғайлының сөз жүйесі
«прапессұр Шобан – Зада). Сонда арап əліппесінің 20 əрібі
ғана түрік тілінде кадеге асады, жетпеген əріпті жаннан ой-
лап шығару керек.
Қазақ тілі үшін арап əліппесінің: ﺙ ﺡ ﺥ ﺩ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻍ ﻑ
ﻫ -деген 11- əрібі артық; Бұл əріптерге сəйкес қазақ тілінде
дыбыс жоқ (қазақ білімпаздар тобының қаулысын, Елдестің
баяндамасын қара). Енді қалған араптың 17- əріпінің 3-еуі
бізде түрін сақтап қалған мен, дыбысын өзгертіп отыр.
Олар: ﺝ ﻭ ﻯ (араб өзінде) ﺝ алдында болар-болмас «ﺪ» қылып
айтылады). 17 ден үшеуді тағы шығарсақ, араптың қазақ
тілінде өзгермеген 14 – əрпі қалады. Араптың «ﺁ» сы түрін
өзгертіп əріпі қалып «ﺍ» болып отыр. Сонда бізде араптың
түрі мен дыбысы өзгермеген 13-қана əрпі қалып отыр (12
болар еді, бірақ білімділер съезі چ орнына ﺵ ды қайта алды).
Сөйтіп араптың түрін, дыбысын өзгерткенде 17-əріпті шаққа
құрастырып тауып алып отырмыз. Қазақ тілінде 24 дыбыс
бар. Қалған жеті дыбысымызға əріпті қолдан жасап алып
отырмыз олар: ﻩ پ گ ۋ ﻙ ۉ ﻯ. Бұл жеті əріптің араб əліппесіне
қатысы орыс əліппесіне латынның «R» ның қатысындай
(мəселен, «ﻪ» латын əріпі болады деп біреу мойындаса, бізде
сөзімізді қайтып алалық). Сөйтіп, өзгермесе арап əліппесі
дыбысымыздың жарысын да таңбалай алмай тұр, өзгергенде
7 дыбысқа əріп тауып бере алмай тұр.
Латын əліппесінде 24 əріп бар (қаралатын тіл құралын).
Олардың 18-ы түрінде, дыбысында өзгертпей қазақ тіліне
жарайды. Ол 18 мыналар: A, B, D, E, G, J, K, L, M, N, O, P,
R, S, T, U, Z, Y = 18.
Араптың ﻭ ﻯ лары сияқты енді үш əріп түрін бұзбай, тек
сəл-ғана дыбысын өзгертіп барып жарайды. Бұлар: c, o,
y енді
қалған үш дыбысымызға тектес дыбыстар əріптерінің түрін
өзгертіп алуға болады. Мəселен, арапта жоқ « پ « ны қолдан
жасағанымыз сияқты. Бірақ арап əліппесіне 7 əріп жаңадан жа-
сап алып отырмыз, латынға үш əріп керек. Араб əліппесі таза
күйінде 13 дыбысымызды таңбалап отыр, латындікі 18 дыбы-
сымызды таңбалап отыр. Сан тілін түсіндірудің керегі жоқ.
Ескерте кетеміз: түрік елдерінің ішінде імлə ең дұрыс
жолға қойылғаны қазақ. Імла мен əліппені шатастырмасқа
керек. Дəйекші, үндестік заңына сүйеніп, əлденеше əріп ор-
нына тұр. Біздің ойымызша арап əліппесі белінің бүкірлігі
сүт пен біткен, сүйек пен кетеді емдеуге келмейді. Мұны
тəжірибе көрсетіп отыр. Осы араб əліппесінің құнысын
түрік елдері емдегелі отыз шақты жыл болды. «Қатпа болған
түйеге ойсылқара» дым қыла алмады. Арапшыл Əлімжан
Шарап айтуынша, осы күні араб əріпін жөндеудің 5 жо-
басы бар. Бесеуі де іске жарамайды. Сол бес ағым бірінің
жобасын бірі жаратпайды. Біреуі тек бас əріпті аламыз деп
ұсынады, екіншісі аяқ əріпті ғана аламыз деп шегінеді,
үшіншісі бір бас бір аяқты аламыз деп таласады, төртіншісі
жеке түрін аламыз деп тартысады, бесіншісі орта əріпті
аламыз деп дауласады. Біз əріпті қосып жазып жүрдік,
229
бұрнағы жылы жеке жазып, құйрығын кесіп көрдік. Был-
тыр бір қатар əріпке тағы құйрық қосып жаза бастадық.
Енді, Құдай біледі, алпарыптың құйрығын кескен əріптерін
аламыз деп тағы дауласамыз. Бұл дау бітер ме? Бітер деу-
ге əзір дəлел жоқ. Əзір көріп отырғанымыз. Тек араптың
оңайырағын қиындату. Араптың жылмағай « ﻭ» ның үстіне,
басқа əріптерінің ноқаттары аздық қылғандай-ақ, бір нұқып
шоқпар қондырып, ۇ қылдық, ол бишараға бұл азабың да аз
дегендей төбесінен үш түртіп ۋ қылдық. Араптың ﻙ сының
соры да мұнан жеңіл болған жоқ: گ ﻙ қылу жазуды – басуды
жеңілдету ден гөзі, ауырлату болатын шығар. Ноғайдікі тіпті
сорақы: біздің ۇﻟﮨﻡдегенімізді арапты жамаушы ноғайлар ﮨۇﻟﮨﻡ
деп жазатын шықты. Құран жазуына түсуге бұларға жарты
адым ғана қалып тұр. «ﺀ» қойылмаса іс тамам. Бұлардың
бəрі араб əліппесінің құнысын емдегендігіміз. Бірақ, шы-
нында құныс сорлының белін бұрынғыдан бетер какырайту
болады. Рас, мұндай жамаудан імла дұрысталар. Бірақ, жазу
мен тасқа басу қиындалуында не дау бар?
Арапшылдар тынбай арап əліппесін өзгерте беруі, жылма-
жыл құбдана беруі, бірінің жобасына бірі дау соғуының өзі
де араб əліппесінің белі құныштығын көрсетпей ме? Араб
əліппесі оңды болса, араб əліппесін жақтаушылар тəуір
көретін əліппесін құбылтып өзгерте береме. Бірақ, араб
əліппесі белінің какірі түзелмес, онан да, бос азаптанбай,
əзір тұрған ыңғайлы əліппені алу жөн емес пе?
Арап əліппесінің бұл айтқандарымыздан басқа оқыту-
үйрену, жазу, тасқа басу, мəдениет жағынан үлкен-үлкен
міндері бар. Оларын ілгері де жазармыз. Əзіргі айтайын
дегеніміз – мəдениет таратушы оқытушылар. Əліппе мəселесі
басқадан да гөрі оқытушыларға жақынырақ. Сондықтан
əліппе мəселесіне оқытушылар өте-мөте зейін салып, сын
көзі мен қарап, істің анығына жетуге тырысып, өз ақылына
дүп келген əліппеге бет бұруы керек.
Телжан
Достарыңызбен бөлісу: