Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет91/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248
ОРЫС ЕМЛЕСІ МЕН ƏЛІППЕСІН 
ӨЗГЕРТУ МƏСЕЛЕСІ
Осы күні, əсіресе өктəбірден бері қарай, орыс емлесі мен 
əліппесін өзгерту керек деген əңгіме күшейіп тұр. Орыс елі 
мен қазақ елі қашаннан қатар жасап келеді. Шаруашылық, 
мəдениет жүзінде бірі мен бірі борық тамырындай айқасып 
жатыр.  Қазақ  мектебінде  орыс  тілі,  орыс  мектебінде  қазақ 
тілі  оқылады.  Сондықтан  орыс  емлесі  мен  əліппесінің  өз-
герісі Қазақстан мəдениетіне де əсер етпей қалмайды. Сон-
дықтан бұл мəселе мен қалың оқыушыларымызды танысты-
руды дұрыс таптық.


216
217
Төңкерістен  соң  наркөмқыростың  білім  басқармасына 
жүз  қаралы  орыс  емлесі  мен  əліппесін  өзгерту  жайында 
жоба түскен. Əр жерден тиіп-қаш əнгіме болмаса, ол жоба-
лар дұрыс қаралып, шешілмей басылып жата берген. Білім 
басқармаларының белінен аттап өтіп, быйыл «Ушійтіліская 
газетте»  дерек  жинап,  емле  мен  əліппе,  мəселесін  қолға 
алған.  Бұл  гəзет  осы  өзгерісті  ұйымдастырып  көп  жұмыс 
істеп  отыр.  Бұл  гəзеттің  жігері  мен  өткен  өктебірдің 25 
інде ноябырдың 1-нде Мəскеуде жыйылыстар болып, қызу 
айтыстар  өтті.  Мəселені  көтермелеп  отырған  орыстың 
оқытушылары, жұмысшылары, оқушылары, ілгерішіл оқы-
мыстары, сондықтан да мəселе бұл күнде күшейіп тұр.
Өзгерісшілдер 4 нəрсені талап етіп отыр: 1) орыстың осы 
күнгі емлесін оңайлатуды, 2) тыныс белгілерін оңайлатуды, 
3) бас əріпті құртуды, 4) латын əліппесін алуды, бірақ біреу 
ол  өзгерісті  тілесе,  біреу  бұл  өзгерісті  тілейді.  Біреу  емле 
өзгерісін  тілесе  де,  латынды  қаламайды,  біреу  латынды 
қаласада қазір емле өзгерісіне қарсы.
Енді осы мəселелердің бас-басына аз тоқтап өтелік.
Емле  мəселесі.  Бұл  күнге  шейін  орыс  тілінің  заңына 
сүйенген емле болған жоқ. Ата-бабалары, көшіріп жазушы-
лары  мұнан  мың  жылдай  бұрын  қалай  жазып  келсе,  орыс 
қалқы осы күнге шейін соны ұстап емле деп келеді. Мықтаса 
тек сол ескі жазуларын бір-екі рет жамап-жасқаған ғана бол-
ды. Мұнан 60 – 70 жыл бұрын орыстың тіл маманы əкедемик 
Гірот деген адам сол дағдылы жазуды түсіндіріп кітап жаз-
ды. Оны Гірот емлесі деп атады. Дəл осы күнге шейін баяғы 
Гіроттың  емлесін  кеміру  мен  келдік.  Діншілдерге  інжіл, 
құран қандай болса, орыс емлесіне Гірот кітабы да сондай 
болды.
Тіл  өзгереді,  жазу  өзгермейді.  Сондықтан  гірот  емлесі, 
жас  баланың  қатқан  тоны  сияқтанып,  бір  аздан  соң  орыс 
тіліне  шақ  келмей  қалды.  Шынында  шыққан  кезінде  гірот 
емлесі орыс тіліне шала жарамды болып шыққан, мың жыл-
дар ішінде орыс сөзінің айтылуы да өзгерген, бір қатар ды-
быстары да жойылып кеткен. Жаңадан дыбыстар да туған. 
Емле баяғы ескі күйінде қала берген. Жоғалған дыбыстардың 
əріптері  тасталмаған,  жаңа  туған  дыбыстар  жазылмаған. 
Сүйтіп  орыс  тілі  бір  басқа,  жазуы  бір  басқа  кете  барған, 
аяғында осы күнгі орыс жазуы осы күнгі орыс тілін сурет-
тей алмайтын болып қалған. Керексіз əріпті алып тастаймыз 
деп  тоңкерістен  бұрын  орыстың  білім  ордалары  он  жыл-
дан асу сүрісті. Ақырында патша тақтан құлаған соң, орыс 
əліппесінен артық əріптер 1917 жылы қуып шығарылды да, 
емленің  бір-екі  жері  жамалды.  Бірақ, 1917 жылы  емленің 
негізі қайта қаралып, толық шешілмеді. Емле негізі сөз бол-
мастан қалды.
Неше жүз жылдар əр кім өз білгенінше жазғаннан шық-
қан,  солардың  басын  құрастырған,  ілім  негізіне  дұрыс 
сүйенбеген орыс емлесі ең қиын емленің бірі болды. Орыс 
баласы 9 жылдық мектепті бітіргенде, емле білмейтін шала 
сауатты адам болып шығатын болды. 9 жылдың ішінде ана 
тілін жетілдірудің орнына баланың бар білімі емлені дұрыс 
білу мен бағаланды. Емлені білуге 9-жылдың жарыдан аста-
мы кететін болды, осы күні мектеп дым бермейді оқытыл-
майды  деп  зарлайды.  Сонда  барлығы  да  білім  дейтіндері 
емлені білу деп қарайды. Əсіресе, бұл күнгі жастардың жал-
пы білімі, дүниеге көз қарасы төңкерістен бұрынғы мектеп-
тен оқыған балалардан ілгері.
Орыс  емлесі  тариққа  сүйеніп  те  жазылады.  Сөз  мұнан 
неше жүз жыл бұрынғы жазылған күйінде жазылады, бірақ 
жазылғаннан басқа оқылады. Мəселен: «Красного» деп жа-
зып, «Краснова» деп оқиды. Себебі байағыдан бері мұндай 
сөз  аяғы  «Осо»  жазылып  келгендік.  Орыс  емлесінде  сөзді 
төркініне  қарай  да  жазу  бар.  Мəселен, «Вода»  деп  жаза-
ды да, «Вада» деп оқиды. В дан соң о ны жазғанда, мұның 
ағайыны  «Вод»  деген  сөзде  о  естіледі  деп  жазады.  Орыс 
емлесінде сөзді естілуінше жазу да бар. «Беззувый» дегенде 
е деп соңғы 3 ды естілуінше жазады. Орыс емлесінде тіпті 
ақылға сыймайтын жазулар да бар. Əр кім не жазып келсе, 
соның ізін қуалап жазу бар. Мəселен «собака» деген жазуды 
«сабака» деп оқиды. Бірақ с дан соң о неге жазылатынын іс 
бір  оқымыс  түсіндіре  алмайды.  Орыс  емлесінде  бір  сөздің 
əлде неше түрлі жазыла беруі де бар. Мəселен, «колач» (нан) 


218
219
деп те, «калач» (нан) деп те жазылады. Осындай əр шөптің 
басын бір шалған орыс емлесі балалар жығылатын ор есепті. 
Қанша сөз болса, сонша ережесі бар.
Өктəбірден  соң  тұрмысқа  қожа  болған  орыстың  қалың 
еңбекшілері  емленің  орын  құртуды  талап  етіп  отыр.  Осы 
күні орыс емлесінде екі негіз таласып тұр: дыбыс негізі мен 
туыс  негізі.  Бір  қатар  адамдар  орыс  емлесі  дыбыс  негізіне 
құрылсын  да  туыс  негізі  тек  көмекші  болсын  дейді  (қазақ 
емлесі  осы  негізге  құрылған).  Бір  сыпыра  адамдар  емле 
туыс негізіне құрылып, дыбыс негізі көмекші болсын дейді. 
Қалайда болса, енді орыс емлесі белгілі бір негізге құрыл-
масқа амалы жоқ. Дыбыс негізді қолдаушылар көбінесе оқы-
тушылар, баспасөз қызметкерлері, оқушылар. Туыс жүйелі 
емлені қолдаушылардың көбі оқымыстар, бастығы Ушакоп 
сыйақты прапесірлер. Қай ағым жеңері белгісіз.
Бұл күнде білім басқармасы (Главнаука) емле жобасын жа-
сап шығаруға айырықша кемесійе сайлап отыр. Кемесійе мүше-
лері Іббеденіский, Дəнійліп, Ионійн, Нійкеліскій, Мамонып, Па-
лей, Шапішнійкүп, Уваріп, Ушакоп, Устыйнып (төр-аға).
Тыныс  белгілерінің  мəселесі.  Орыс  жазуында  тыныс 
белгілері  көп  болатын.  Оның  өзін  қайта  таратып  қойуына 
70 – 80 ережесі  қана  балатын.  Орыстың  жоғарғы  дəрежелі 
мектепті бітіріп шыққан адамдарының өзі қай жерде қандай 
тыныс белгісін қойуды білмей алжасатын. Орысша оқыған 
қазақтарда  сол  орыс  тыныс  белгілерінің  ережелерін  қазақ 
жазуының  арасына  араластырып  шатасатын  иінді  жерінде 
жеңілдік  келтірсе  де  бірақ  орыс  жазуындағы  қара  құрық 
тыныс  белгісі  жазу  ортасындағы  қаптаған  тікен  сыйақты 
айақ  бастырмайтын.  Осы  күұні  сол  жауыз  қалың  тыныс 
белгілеріне  қарсы  наразылық  күшейтіп,  соңғы  кезде  сөз 
көтерілді.  Орыста  тыныс  белгілері  де  сиреп,  оңайланар 
деп  ойлаймыз.  Тыныс  белгілерінің  жобасын  жасауға  білім 
басқармасы айрықша тағы бір кəмесійе құрған.
Латын əліппесіне көшу мəселесі, бұл күнде орыстарда күн 
тəртібінде тұр. Латын əліппесіне көшуді орыстың Мійртып, 
Пешковский, Устинып сияқты ірі оқымыстары қолдап отыр. 
Олар ойынша 20-жыл ішінде орыс əдебиеті латын əліппесіне 
көшіп  болса  керек.  Латын  əліппесін  қолдаушылардың 
ұстап  отырған  мықты  дəлелі – бұл  адам  баласына  ортақ, 
інтернатсыйанал əліппе болуға айналды; арап əліппесін қуып 
шығып  латын  əліппесі  өрісін  кеңітіп  барады;  Орыс  халқы 
бөлініп қалмай, басқа елдердің алып отырған əліппесін алу 
керек деседі. Орыс қалқы латын əліппесін алса, біз сықылды 
елдерге бұрынғыдан да бетер, мəдениет жүзінде орыс еңбек-
шілер  мен  қоян  қолтық  араласу  оңайырақ  болатыны  ап 
анық нəрсе. Бірақ əрійне əдебиеті бай орыс қалқына латын 
əліппесіне тез көшу оңай болмас. Латын əліппесі туралыда 
білім басқармасы жанынан айрықша кемесійе құрғалы тұр. 
Бірақ, кəмесійеге кім кірері бізге белгісіз.
Емле, тыныс, латын мəселесі туралы жобалар екі ай ішінде 
бітпек. Сонан соң білім орындарынан өкілдер шақырылып, 
сол жобалар қаралмақ.
Емле  кəмесійесіне  бір  жағынан  Палей  (дыбыс  жүйесін 
өте қолдайтын адам) Устиніп сыйақты дыбыс негізді емлені 
қолдағыштар  кірген.  Екінші  жағынан  Ушакоп  сыйақты 
туыс негізді (емле өзгерісіне қарсыға жақын адам) адамдар 
кіргеніне қарағанда, емле жобасы екі ортақ болып шығуы да 
мүмкін. Дыбыс пен туыс негізі тең шықса ажап емес.
Тыныс белгілерінің кəмесійесіне бір жағынан Пешковіс-
кий сыйақты қалық аузындағы жанды тілді жақтағыш адам 
кіріп,  екінші  жағынан  Барқын  сыйақты  (төр-аға)  сөйлем 
жүйесін сүйгіш, тіл құрал ережесіне тартқыш адам кіргеніне 
қарағанда, тыныс белгісі де орта жол мен шешілуі мүмкін. 
Бір  жағынан  тіл  құрал  ережесіне,  бір  жағынан  жанды  сөз 
ырғағына қарай шығуы мүмкін. 
Бас əріп пен латын мəселесі бұл жолы шешілуі екі талай 
болар деп ойлаймыз.
Қазақ  жаңа  əліп  кіндік  кімійтеті  «Ушителская  газете» 
басқармасы мен, білім басқармасы жанындағы кəмесійелер 
мен, білім қатынас жасауға айналды. Деректер кезінде келіп 
тұрса, оқушыны іс жайымен таныстырып тұрмақпыз.
Емлеге  өзгеріс  болар  деп  сенеміз.  Қалың  бұқара  мұны 
талқыға салып жатқандығы, орыс жазуының өзгеруіне кепіл 
болса керек.


220
221
Орыс  жазуының  жеңілденуіне,  қалың  еңбекшілердің, 
оқушылардың ауыр бейнетінің жайылуына тілектеспіз.
Білім басқармаларының көп білімдерінің астында басы-
лып қалмай, емле өзгерісі тез іске асқай ақ!
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет