Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет31/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248
Елдес
ЕМЛЕ МƏСЕЛЕСІ 
(ойласу ретінде)     
Қазақша жазудың жүйесі дыбыс жүйесінше дейміз. Бірақ 
таза  дыбыс  жүйесінше  болып  шығатын  емле  ешбір  тілде 
де  болған  емес.  Ондай  емленің  болуы  мүмкін  де  емес.  Біз 
өз  елімізді  дыбыс  жүйесінше  дегенде  оны  басқа  тілдердің 
емлесімен  салыстырып,  басқа  емлелерге  қарағанда,  дыбыс 
жүйесінің  жолына  анағұрлым  жуық  болған  соң  сонымен 
ғана дыбыс жүйесінше дейміз. 
Қазақтан  басқа  халықтардың  ішінде  емлесін  дыбыс 
жүйесіне жанастырып шығарған халық – орыс халқы деуге 
болады. Орыстың жазуы басқа халықтарға қарағанда, дыбыс 
жүйесіне едəуір жуық. Бірақ қазақтың осы күнгі емлесімен 
салыстырсақ, орыстың емлесі де дыбыс жүйесіне келмейтінге 
ұсап шығады. Мəселен орысша: «сдача, сад, окно, режь, ле-
гок, друг» сықылды сөздердегі «с», «д», «о», «ж», «о», «г»-
лердің  естілуі  «з», «т», «а», «ш», «ы», «к»  дыбыстарына 
ұсайды.  Бірақ  орыстар  оны  естілуінше  жазбайды,  басқаша 
қылып  жазып  отыр.  Үйткенімен  орыстың  емлесінің  былай 
дыбыс  жүйесінен  қашықтап  кеткенін  емленің  кемшілігі 
деуге  болмайды.  Орыстар  бұ  сқылды  сөздерді  естілуінен 
басқаша қылып жазғанда жазуды жеңілдету үшін əдейі істеп 
отыр.  Сондықтан  жаңағы  келтірілген  сөздердің  жазылуы 
өздерімен түбірлес сөздермен бірдей болып шығатын болып, 
түбірі бір сөздердің қағаз бетіндегі пішіні де өзара ұқсас бо-
лып  отыр.  Соның  арқасында  ондай  сөздердің  жазылуы  да, 
оқылуы да оңйланып отыр. 
Дыбыс  жүйесіне  деген  орыс  емлесі  де  осы  сықылды 
болған соң орыстан басқа елдердің емелсі дыбыс жүйесінше 
деуге тіпті болмайды. 
Бірақ  келмегені  кемшілік  емес,  əр  елдің  тілінің  жай-
жағдайына  қарай  жеңілдік  үшін  əдейі  шығарған  ережелері 
болған.  Бұл  кезге  шейін  өзінің  жазуы,  əдебиеті  келген 
тілдердің бəрі де, жалғыз қытай тілінен басқасы, қопармалы 
тіл делінеді. Ол тілдердің сөздеріне түрлі жалғау-жұрнақтар 
жалғанғанда, түбіріндегі дыбыстары да қопарыла өзгеріледі. 
Мəселен, арабша «білді» деген сөз                        болады да
«білесің бе» деген сөз            
           болады. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы дау-
ысты  дыбыстар өзгеріп  отырады.  Бұл  қалып үнді-жаурыпа 
тілдерінің бəрінде де бар (Үнділіктердің, парсының, арабтың, 
жебірейдің,  жаурыпадағы  халықтардың  барлығының  да 
тілдері «үнді-жаурыпа тілі» делінеді. Бұл тілдердің түп атасы 
бір). Бұл қалып орыс тілінде де бар. Мəселен, «вода» деген 
сөздің бас буынындағы дауысты дыбыстың естілуі – «а», ал 
сөзді өзгертіп, «воды» десек, сол «а» өзгеріп, «о» болады. 
Жазу  жеңіл  болу  үшін  түбірлес  сөздердің  түбірінің 
пішіні  бірдей  болмаса  бомайды.  Үнді-жаурыпа  елдері 
жазуын  жеңілдету  үшін  дыбыс  жүйесінен  əдейі  бұрып 
шығарып  отыр.  Түрік  тілдерінде  о  сықылды  қопармалық 
қалып  жоқ.  Түрік  тілдеріндегі  сөздердің  түбірі  өзгермейді. 
Сондықтан дыбыс жүйесі  басқа тілдердің жазуына өте қиын 
болғанымен, біздің жазуымызға ондайлық қиын болмайды. 
Сондықтан біздің жазуымыздың дыбыс жүйесіне келмейтін 
жерлері санаулы ғана болуы керек. 
Түбір сөздің дыбысы кейде жалғас дыбыстың ықпалымен 
өзгереді.  Дыбыстың  былай  өзгергенін  тіл  білімі  екі  түрлі 
заңға  келтіріп,  бір  дыбыс  жанындағы  дыбысқа  ұсап  өзге-
ретін  болса,  оны  ымырашылдық  (ассмиляция)  дейді  де, 
жанындағы  дыбыстан  басқаланып,  оған  ұсамай  өзгеретін 
болса,  оны  ымырасыздық  (диссмиляция)  дейді.  Дыбыстың 
былай өзгеруі қопармалыққа (флекция) мүлде жанаспайды. 
Емле дегеннің өзі жазудың ережесі деген сөз ғой. Емле 
болған  соң-ақ  ондай  ереже  болмай  қалмайды.  Жазу  таза 
дыбыс  жүйесінше  болса,  онда  ереже  еш  ереже  де  болмақ 
емес. Олай болған күнде «емле» деген сөздің өзінің де бол-
мауы  керек.  Бірақ  біздің  жазуымыз  дəл  дыбыс  жүйесінше 


78
79
болмағанмен, дыбыс жүйесіне жуық болған соң, біздің ере-
желеріміз де аз болу керек. 
Біздің білуімізше, қазақша жазудың негізі дыбыс жүйесін-
ше болу керек те, оған (дыбыс жүйесіне) келмейтін негізгі 
ереже  (емленің  ережелері)  санаулы  болу  керек.  қазақша 
жазудың  осы  күнгі  қалпын  сынап,  оның    көзге  көрінерлік 
кемшіліктерін  түгзетіп  шығарсақ,  біздің  емлеміздің  негізгі 
ережелері мынадай болмақ: 
Жеке  сөздің  екі  шетіндегі  (алдындағы  жə  артындағы) 
дыбыс  жанындағы  сөздің  жалғас  дыбысының  ықпалымен 
өзгеретін болса, дыбыстың олай өзгергенін елемей, əр сөзді 
өзінің жеке күйінде (басқа сөздің ықпалы тимей тұрған кез-
де) айтылған қалпында жазуымыз керек. 
Бұл  ережені  қабыл  алсақ,  күрделі  күйінде  «қар  өгіз», 
«төралат», «бозғұнан», «көгдөнен», «жас пала», «төпжарған» 
болып  естілетін  сөздерді  əрқайсысының  жеке  күйінде 
естілгенінше: «қара өгіз», «торы ала ат», «боз құнан», «көк 
дөнен», «жас бала», «топ жарған» деп жазатын боламыз. 
Біздің  ережелеріміздің  ішіндегі  ең  күштісі  де,  ең  қиы-
ны  да – осы  ереже.  Сөзді  бұл  ережеге  келтіріп  жазу  үшін 
тізбектеле айтылған сөздердің өзі басқа-басқа сөз бе, тұта-
сып бір сөз болып кеткен сөз бе; əуелі соны ашып алу керек. 
Мəселен, «бүгін», «таңертең», «бозғұнан», «апарсигедім» 
сықылды  сөздердің  əрқайсысы  бір  сөз  бе,  жə  бөлек-
бөлек  сөз  бе,  соны  ашып  алу  керек.  Біздің  білуімізше,  бұл 
келтірген  мысалдардың  ішінде  тұтасып  бір  сөз  болып  кет-
пей,  екі  сөз  деуге  сиятын  жалғыз-ақ – «боз  құнан»,  онан 
басқалары о бастан əрқайсысы бірнеше сөз болғанымен, бұ 
кезде тұтасып екеуі, кейде онан да көбі бір сөз болып кеткен. 
Сондықтан «боз құнан» деген сөзді осылай жазғанмен, онан 
басқаларын жіктемей-ақ тұтас күйінде естілгенінше жазған 
жөн. «Апарсигедім»  деген  сөзді  жіктесе, «алып  барсам  игі 
еді»  болып  шығады.  Бірақ  «алып  барсам»  ықшамдалып, 
«апарсам» болғанда, «апарсам игі еді» ықшамдалып, «апар-
сигедім»  болған.  Бұл  сөзді  «апарса  игі  едім»  деп  бөліп 
жазғанмен, «игі едім» дегенде түк мағына болмайды («Игі 
еді»  десек,  екі  сөздің  бірі  бастауыш,  бірі  баяндауыш  бо-
лып,  қыйсыны  кетер  еді.  Бірақ  «игі  едім»  болып  құралған 
соң, онда мағына да қалмайды. Екеуі өзара қисынбайтын да 
болады).  Сондықтан  «игі  едім», «игі  едің». «игі  еді»-лерді 
ықшамдала келе желғау болды деуге де болады. Сондықтан 
«аларсигедім» бір сөз деуге сияды да, оның осылай тұтасып 
жазылғаны қолайлы болады. 
Міне,  бұ  сықылды  сөздерді  осылай  əрқайсысын  өз  ал-
дына сынап, қайсысы тұтас сөз, қайсысы екі сөз жə көп сөз 
екен, соны қателеспей шешіп алу керек. Бірақ оны ат үстінен 
оймен жүгіріп, үстірт сынап шешуге болмайды. Оған өз ал-
дына айрықша негіз құрыб, қисынын тауып, тексере аларлық 
жол алу керек. Бұ жерге о сықылды сөзжердің бəрін жиып 
тексеру  түгіл,  жаңағы  мысалдағы  сөздерді  түгел  тексеріп 
шығу да оңай емес. Оның да əрқайсысы үшін өз алдына бір-
бір мақала жазбаса болмайды. 
Сондықтан бұ жерде «бүгін» мен «таңертең» деген сөз-
дерді  қоя  тұрып,  əуелі  еш  емленің  жалпы  жолдарын  сөз 
қылған дұрыс-ау деймін. 
Бірақ бұл жерде жалғау, жұрнақтарды қысқаша сөз қыла 
кетпей  болмайды.  Жалғау,  жұрнақтардың  əңгімесі  жалпы 
ережеге тіреледі. Жалғау, жұрнақтарды жеке сөз емес деп, 
түбір  сөзге  қосып  жазамыз.  Демеу,  жалғаулық,  қосалқы, 
одағай  сықылды  сөздерді  жалғау  да  емес,  жұрнақ  та  емес 
деп,  алдындағы  сөзден  бөлек  жазамыз.  Сондықтан  жалғау 
не, жұрнақ не, жалғаулық, демеу дегендер не?  – Соны ашып 
алмай болмайды. Жалғау, жұрнақтарды да, одағай, демеуге 
ұсаған бөлек сөздерді де септеу мен жіктеуге қарап сынауға 
болады. Түрік тілдерінің бəрінде де сөз сөздің ең арты септеу 
болып иə жіктеу болып тынады. Септелген, жіктелген сөзге 
сол  септеудің,  жіктеудің  үстіне  жаңадан  жалғауға  болмай-
ды.  Бірақ  бұған  жатыс  жалғау  келмейді.  Жатыс  жалғаулы 
сөзді жіктеуге болады. «Қалада», «үйде» дегендегі «де»-лер 
жатыс жалғау, бірақ сол сөздерді жіктеп «мен қаладамын», 
«сендер  үйдесіңдер»  деуге  болады.  Жатыс  жалғаулы  сөзге 
жұрнақ  қосып,  өзін  атау  күйге  шығаруға  болады  да,  со-
сын оны жаңадан септеуге де болады, жіктеуге де болады, 
тəуелдеуге де болады. 


80
«Қалада» деген сөзге «ғы» жұрнағын қосып, «қаладағы» 
деп алған соң, оның үстіне басқа түрлі жалғау, жұрнақтарды 
да қоса беруге болады. 
Сондықтан  бөлек  сөздерді  де,  жалғау,  жұрнақтарды  да 
септеу  мен  жіктеуге  қарап  сынаймыз  дегенде,  септеудің 
ішінен жатыс жалғауды айырып алу керек. 
Сонда «қой», «қана», «ма», «да», «ақ», «ау», «мен» сықыл-
ды даулы сөздердің жалғау деуге сиятын-симайтынын тек-
серу  үшін  оларды  түрлі  септеумен  түбірдің  жə  жіктеумен 
түбірдің  арасына  келтіріп  байқауға  болады:  Арасына  кіре 
алатын жалғау деуге болады да, кіре алмайтын бөлек сөз деу-
ге  болады.  Септеу  мен  жіктеудің  артынан  ғана  айтылатын 
сөздерді де бөлек сөз демей болмайды. 
Бұлай сынағанда жаңағы даулы сөздердің бірқатары: сұ-
рау демеу «ма», қосалқы «ақ» сықылдылары жалғау деуге де 
келіп қалады, бөлек сөздерге де сыймайды. 
Жалғауды  жалғаулы  сөздің  сөйлем  ішіндегі  қызметіне 
қарай  да  сынауға  болады.  Жіктеулі  сөз  сөйлемге  тек  қана 
баяндауыш  болады,  септеулі  сөз  не  толықтауыш  немесе 
пысықтауыш  болады,  септеусіз  сөздің  екекуіне  де  жара-
майды  жə  бастауыш  болады.  Жə  анықтауыш  немесе  сын 
пысықтауыш болады. 
Бұ жағынан санасақ, жаңағы сөздердің ішінен «мен» айы-
рылып  шығады. «Пəленшені  өз  көзіммен  көрдім», «ағашты 
балтамен  шаптым»  деген  сықылды  сөйлемдерде  «көзіммен», 
«балтамен»  деген  сөздер  пысықтауыш  болады.  Сонда  бұл 
«мен»-ді  мұндай  жерлерде  септеу  деген  де  болады.  Бірақ 
«адам мен адамның арасы жер мен көктей», «жылқы мен қой 
қысқа берік болады» деген сөйлемдерде «мен» демеу болады. 
Сондықтан бұ жағынан тексергенде, «мен»-ді екі түрлі түсініп, 
септеу болған жерлерінде түбірмен бірге жазып, демеу болған 
жерлерінде бөлек жазуға болады. Əйтпесе осы күнгі қалпында 
ылғи бөлек жазатын болсақ та, ештеңе етпес еді. Соған ұсатын, 
ылғи бірге жазсақ та ештеңе етпейтін болу керек. 
Бірақ «ақ», саұрау демеу «ма» сықылды демеулерге бұл 
сыймайды.  Сөйлем  ішіндегі  сөздің  қызметін  оларға  қарап 
айыруға болмайды. Оларды жалғау жə жұрнақ десек, жалғау, 
жұрнақ дегеннің не екеніне айыра танырлық мағына беруге 
де  болмайды.  Олай  болған  күнде  «үшін», «енді», «шейін» 
сықылды  сөздерді  де  бөлек  сөз  дерлік  жол  қалмайды.  Бұл 
жағын  ескереміз  десек,  бұл  сөздерді  түбір  сөзге  қоспай, 
бөлек  жазуымыз  керек.  Бөлек  жазатын  болсақ,  оларды  бө-
лек сөз есебінде, басындағы дыбыстың өзгеретінін елемей, 
ылғи бір түрде ғана жазуымыз керек. Бірақ «мен» мен «ма» 
алдындағы  сөздің  соңғы  дыбысына  қарай  «бен», «пен», 
«ба» болып өзгеріп отырады. Бұлардың бұл өзгергенін еле-
мей,  үнемі  «м»-мен  бастап  жазу  да  оңай  емес.  Сондықтан 
бұларды бөлек сөз болса да, естілуінше жазамыз десек, ал-
дынан сызықша қойып жазған дұрыс. 
Тұтас  бір  сөзді  тұтас  күйінде  естілгенше  жазамыз  де-
сек, «б»  дыбысы  сөздің  аяғында  келмейді  деп, «қап,  тап, 
жап» сықылды сөздерді естілуінше «п»-мен жазу керек те, 
«қабым», «табамын», «жауып жібер» дегенде де осылай «б» 
болып өзгергенде «б», «у» болған жерінде «у» жазу керек.  
Сөз-сөзді жеке күйінде естілгенінше жазамыз десек, түбірле 
сөздердің қағаз бетіндегі пішінін мың құбылтудың қисыны 
да болмайды, жеңілдігі де болмайды. 
Бұл  жады – негізгі  жол  деп  білсек – «ый»  мен  «ыу»-
ды  ықшамдаймын  деуде  де  мағына  болмайды. «Құйын», 
«түйін», «сояды», «күйеді», «түйеді»  сықылды  сөздерді 
осылай  жазатын  болған  соң  «қиын», «тыйын», «сыйады», 
«кіиеді», «тіиеді» деген сөздерді басқаша қылып жазамыз де-
ген бастауыш мектептегі бала түгіл, үлкен кісінің де ақылы 
жетпейтін бір керемет болады.
«Қыйын», «тіиеді» деп жазатын болған соң «қый», «тый» 
сықылды сөздерді басқа бір жолға салып жазамын деудің де 
қажеті шамалы болар. 
«Шұбат», «сұрат» сықылды сөздерді естілуінше жазсақ, 
«жуат», «суат» сықылды сөздерді осылай жазбай, амал жоқ. 
Сонсын «жұу», «сұу» сықылды сөздерді бұзып жазғаннан да 
жеңілдік шықпайды. 
Елдес


82
83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет