Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет100/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   168

МƏНІСТІ  с  ы  н.  Мəні  бар,  мəнді. – 

Болды, көңілдеріңді түсірмей-ақ қойыңдар, 

-  деп  Асқарға  м  ə  н  і  с  т  і  көз  тастады 

(Ə.Байбол, Теміржол., 51).



МƏҢ: Мəң болды. с ө й л. Басы мең-

зең  болды,  мəнгірді,  есеңгіреді.  Өгіздің 

417

Байынқол Қалиев

арқасынан жерге түскен бетте басы айна-

лып, өзің де м ə ң б о л ы п, көпке дейін 

ес  жинай  алмайсың  (А.Əшімов,  Шығ. 

жин., 1., 53). Содан м ə ң б о л ғ а н адам-

дай мелшиіп отырып қалған (К.Сегізбаев, 

Жылдың., 129).

МƏҢГІТАС  з  а  т.  Моңғол  жеріндегі 

көне түркі ескерткіші. Жақында Маңғол 

жеріндегі  көне  түркі  м  ə  ң  г  і  т  а  с  т  а 



р  ы  н  ы  ң  бірі  (Күлтегін)  қазақтың  жаңа 

абат-байтағы  Астана  қаласына  жеткізілді 

(Т.Зəкенұлы,  Мəңгітас, 5). Бұл  киелі 

жер  еді,  қазір  де  киелі  жерге  айналды. 

Сондықтан осында, киелі жерге, м ə ң г і 

т а с жасаттым (Бұл да, 496).

МƏПАҚА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Нəпақа.  Əр-

қайсысының  аз  күндік  несібесі  мен  аз 

күндік м ə п а қ а с ы өз үйінде (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 356). 



МƏРЕМДЕ  е  т.  ж  е  р  г. 1. Əлемдеу, 

бүлдіру. Əнеукүні ауырып, малды өрістен 

күтуге шамам келмей қалып еді, əлгі қарасан 

келгір неме осылардың бақшасына түсіп, 

біраз м ə р е м д е п кетіпті (Ұ.Доспанбетов, 

Шығ., 4, 338). 2. а  у  ы  с.  Аймандай  ету, 

масқаралау.  Қанша  дегенмен  ер  азамат

қой,  оны  аймандай  етіп,  м  ə  р  е  м  д  е  п 

тастаған  Алуаның  жаңа  қылығынан  бəрі 

шындап  шошынды  (Ұ.Доспанбетов,  Ел 

есінде, 225). 

МƏРЕМДЕУ  Мəремде  етістігінің 

қимыл атауы. 

МƏРЕШІ  з  а  т.  Мəреде  тұрып, 

жарысушыларға бақылау жасаушы адам. 

Ойын өткізу үшін аға төреші, м ə р е ш і, 

бақылаушы жəне есепшіден тұратын алқа 

құралады (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 78).



МƏРЖІК с ы н. с ө й л. Мыржық. Кеп-

касының күнқағары сынған м ə р ж і к бас 

шал келісе кеткені (Қаз. əдеб., 19.10.1973, 4). 

МƏРИ з а т. к ө н е. Матаның бір түрі. 

Үкілі жекей тұмақ, құндыз бөрік, м ə р и д 



е н, шидемнен тігілген, өңірі оқалы, шолақ 

жең қамзол (М.Мағауин, Аласапыран, 50).

Автордың бұрын аз қолданылып немесе 

тіпті қолданылмай келген: ... аймандай оқ, 

бүкті тоғай, қалбағай шатыр, берузəлі, м ə 

р и д е н тігілген, топсалы бұтырлақ сөздері 

сол XVI ғасырдан теріп, жинап тапқандары 

(Қаз. əдеб., 02.04.1982, 7). 

  МƏРМƏРША  ү  с  т.  Мəрмəр  сияқ-



ты,  мəрмəр  тəрізді  (А.Сейдімбеков, 

Ақиық, 47). 



МƏРТАЗА с ы н. Мəрмəрдай таза, ақ, 

тұнық. Мақтан тілеген м ə р т а з а көңіл 

аттың басын ауылдың ортасына бұрғызған 

(Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 10).

МƏРТЕБЕЛЕН е т. Мəртебесі, мерейі 

өсу;  марқаю.  –  Қасымхан,  Əбеке,  үйге 

жүріңдер, - деді  Зəріп  олардың  келгеніне 



м ə р т е б е л е н і п (Б.Нұржекеев, Жау 

жағадан., 293). Ол былқ етер емес: «дегенім 

болды, бола да бермек» - деп, м ə р т е б 

е л е н г е н д е й бөртіп отыр (Т.Нұртазин, 

Адам бекерге., 89).



МƏРТЕБЕЛЕНУ  Мəртебелен  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

М Ə Р Т Е Б Е Л Е У   . . .   О с ы   о р а й -

да  анықтамалықты  орынды  іс,  қажет 

дүние  деп  атап  айтып,  баспа  орнын  да, 

шығарушыларды м ə р т е б е л е у г е əбден 

болады (Қаз. əдеб., 22.10.1983, 9). 

МƏРТЕБЕЛІРЕК  с  ы  н.  Мəртебесі 

артықтау,  мəртебелілеу.  Əйтсе  де,  оң 

жанақ қолбасысы сəл-пəл м ə р т е б е л 



і р е к көрінер еді (М.Мағауин, Аласапы-

ран, 301). 



МƏРТТІЛІК  з  а  т.  Жомарттық, 

мырзалық;  мəрттік.  Ақжүніс  үш  батыр-

дың  хас  жаужүрек  м  ə  р  т  т  і  л  і  г  і  н  е 

риза болса да, əкесі үшін құрбандық еткен 

жауыздарға аяу тілемеді (С.Ордашева, Кек 

жуған, 7).

МƏСЛИХАТ:  Мəслихат  хатшысы. 

Мəслихат  депутаттарының  жұмысын 

үйлестіруші  адам. – Алдыңғы  күнгі 

«Егеменнің» санын қарап шыққан сияқты 

едім, - деді м ə с л и х а т  х а т ш ы с ы бəсең 

дауыспен (М.Мəжитов, Аманғали, 26). 



МƏСТЕКІ з а т. Қу, сұм. Мұндай м ə с

т  е  к  і  н  і  көрген  емеспін  (Ғ.Мүсірепов, 

Ұлпан, 163).



МƏСТҮР з а т. Бір істің шебері; ұста. – 

Қызыңды м ə с т ү р етіп шығғардың, мың 

да  бір  рахмет  саған,  ал  ұлыңның  билігін 

маған қойшы... (Қаз. əдеб., 11.07.1975, 4).



МƏСУЕК ... Жастан жолдас болған бес 

жолдасы: м ə с у е к, тəспық, орамал, бəкі, 

қамшы болар (Шешендік сөздер, 44).

МƏСІХШІ з а т. д і н и. Мəсіх салтын 

сақтаушы,  мəсіх  дəстүрін  ұстанушы.

М ə с і х ш і л е р ауылына екінші күнгі са-

парымыз осылай аяқталды (Қ.Əбілқайыр, 

Текес, 192).

МƏСІШЕ ү с т. Мəсі тəрізді, мəсі сияқ-

ты. Қап-қара пұшпақтары нəп-нəзік төрт 


418

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

сирағына арнап тіккен м ə с і ш е жараса 

қалған (А.Сейдімбеков, Серпер, 98).

МƏТЕЙ з а т. Бойы аласа, ені жалпақ-

тау  келген  бөшке,  тенек.  Қысқа,  бірақ 

жалпақ, кең күбіні – тенек, кей жерде м ə 



т е й деп атайды (Ана тілі, 02.10.2008, 4).

МƏТҚАПЫЛ з а т. ж е р г. Кесепат, 

кесір;  қауіп-қатер.  Бұлардың  ісі  де  со-

лай.  Артқа  қарап  алып,  алға  ұмтылады. 

Көзомақа, жаппай шабыстың бір м ə т қ а 

б ы л ғ а соқтырарын жақсы біледі (Жалын, 

1969, №4, 99).



МƏТ-МƏТ  з  а  т.  Ойын  аты.  Балаң-

ның  баяғы  сонарда  жалаңаяқ  жүгіретін 



«м  ə  т – м  ə  т»  ойнайтын  шабыры  осы 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 164).



МƏТӨКТІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ақымақ-

тық,  ақылсыздық,  кещелік.  Көктемде  бір 

мəрте  қалаға  қонып  қалды.  Сол  жолғы



м  ə  т  ө  к  т  і  г  і  н  əлі  күнге  кешірмейді.

Несі  бар  еді? (Ж.Нəжімеденов,  Кішкен-

тай, 69).

МƏТТАҚАМДЫҚ з а т. Ұқыптылық, 

жинақылық.  Тұрмыстағы  күнбе-күнгі 

ұқыптылық  өнердегі  м  ə  т  т  а  қ  а  м  д 



ы  қ  т  ы,  ұқыптылықты  аңғартқандай 

(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 96).



МƏТТАҚЫМ  қ.  Мəттақам.  Бізге

ана тілінен сабақ берген мұғалімдер ішін-

де тіл тазалығына, дұрыс сөйлеуге, мəнді-

мағыналы сөйлетуге аса м ə т т а қ ы м, 

ұқыпты маман Лəбиба Ғұсманова осы күні 

пенсияда  (М.Əлімбаев,  Көңіл  күнд., 22). 

Бұл  қара  бастығының  қадағалауынсыз-ақ 

жұмысқа м ə т т а қ ы м, іскер (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 57).

МƏТҮШКЕ з а т. с ө й л. Орыс əйелдерін 

қазақтар осылай атайды. Доңыз етін жеті 

жыл  аш  жүрсе  де  жемейді,  сеніңіз.  Ал 



м ə т ү ш к е л е р м е н көңілдес дегені 

түп-тұқиянымен  өтірік  (З.Иманбаев,  Қос 

қайың, 512).

МƏТІБИ ... 2.  Шебер,  ұста,  епті. – 

Мені  мұқатуға  м  ə  т  і  б  и  с  і  ң  əйтеуір! 

(Қ.Найманбаев,  Беймезгіл. 64). - Өстіп, 

оңай олжаға ғана м ə т і б и с і ң (Бұл да, 

212). Əншейінде көлеңкеде отырып пыш-

пыштағанда  жұрттың  бəрі  де  м  ə  т  і  б  и 

(Ə.Кекілбаев, Құсқанаты, 266).

МƏТІБИСУ  Мəтібисі  етістігінің 

қимыл атауы. 

МƏТІБИСІ е т. Қожа болғансу, билік 

жүргізгенсу.  –Шайыңды  жина,  су  əкел, 

қонаққа көпшік əпер, - деп əйеліне м ə т 



і б и с и д і (Д.Досжанов, Жолбарыс, 15).

МƏТІРӨШКЕ  з  а  т.  б  о  т.  с  ө  й  л. 

Киікоты (душица). Біреулер «м ə т і р ө 

ш  к  е»  атап  кеткен  таудың  күлгін  гүлді 

өсімдігінің жапырақтарын шілде түсе екі-

үш  қап  қып  жинап  алады  (К.Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 4).



МƏУЕЛЕН ... Жеміс  ағаштары, 

теректері м ə у е л е н і п, жарыса бой түзеп 

тұр (Саятшылық, 92). 

МƏУЖІР с ы н. ж е р г. Соры қайнаған, 

бейшара;  мыжырайған.  Қартайғанда 

қатыны өліп, тоқал іздеп, амалсыз сақал-

мұртын күзеп, жасанып шыққан м ə у ж 

і р еркектердей жасыл мен қызылды ара-

лас  жамылып,  əсіре  əлеміштеніп  алыпты 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 96).

МƏУКІЛ з а т. и х т и о л. Балықтың 

бір  түрі.  Əйтеуі  сол  тұста  қысы-жазы 

алабұға мен м ə у к і л жыбырлап жатады 

(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 155).

МƏУЛЕН  з  а  т. 1. Арыстанның, 

жолбарыстың баласы (Білім жəне еңбек, 

1984, №9, 25). 2. Ұрғашы мысық (Ана тілі, 

05.02.1998, 16). Мысықтың м ə у л е н і ми-

яулап туар (Түбі бір түркі тілі, 56). 



МƏУЛЕТ з а т. а р. Туған жер, Отан. 

Жетісу ед м ə у л е т і, Сырымбет ед əулеті 

Дулат еді руы ( Жамбыл, Шығ., 1, 162).

МƏУЛІТ…Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасы  Мұхаммед  пайғам-

барымыздың  дүниеге  келген  айына  орай, 

жылдағы  дəстүр  бойынша  М  ə  у  л  і  т

салтанатын  ұйымдастырады  (Ана  тілі, 

07.02.2013, 3).



МƏУЛЯНА з а т. а р. к ө н е. Діни адам-

дарға берілетін құрметті ат, атақ. Бұл 

ұзын  бойлы,  ат  жақты,  қалың  қабақты, 

көзге  көрікті  жігіт  еді.  Діни  оқудағы 

шеберлігі  үшін  м  ə  у  л  я  н  а  атын  алған 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 204).

МƏУШАРБАҚ з а т . ж е р г. Балкон 

д. м.

МƏУІЛДЕК з а т. с ө й л. Мысықтың 

баласы. Көзі ашылмаған м ə у і л д е к т е р 

і н бір-бірлеп тістеп таситын мысықта əрлі-

берлі қалай сүйрелеп жүрсін (М.Сқақбаев, 

Ұят тур., 118).

МƏУІЛЖІ е т. с ө й л. Уылжу. Нұра 

өңірі  ақшұбар  гүлді  шыт  көйлек  киген 

арудай м ə у і л ж і п тұрды (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 250).



419

Байынқол Қалиев

МƏУІТІ:  Мəуіті  шапан.  Мəуітіден 

тігілген шапан. Басына сусар бөрік, үстіне 

м ə у і т і  ш а п а н киген қазақтың би-

болыстары мен байлары жүр (Т.Мəмесейіт, 

Таудан., 15).

МƏШ…  Əзім  ебін  тауып  ет  асай-

тын  сəтті  пайдалануға  м  ə  ш  (Қаз.  əдеб., 

12.11.1982, 7). 

МƏШКЕ з а т. ж е р г. Сиыр. – Жалғыз 

м ə ш к е сойып едік, қалған жарты жаясын 

кеше бұзып алдық, одан басқа тұлдыр болса 

бұйырмасын (Б.Майлин, Таңд., 378).



МƏШКЕ:  Мəшке  ит.  Үлкендігі 

мысықтай-ақ  болатын  кішкене  ит 

тұқымы.  Жайма-шуақ  үннен  əлдебір 

жылы  ықылас  аңғарған  м  ə  ш  к  е    и  т 

еркелей  бəйпектеп,  сабалақ  құйрығымен 

иесінің жалаңаш балтырын сып-сып соғады 

(М.Сқақбаев, Ұят тур., 253).

МƏШРАП  з  а  т.  Ұйғыр  халқы  мен 

өзбек халқының хормен айтатын əні. Əр 

мұқамның аяғы дəстүр бойынша м ə ш р а 



п п п е н – көпшілік қатысатын əн-би, хор-

мен аяқталуы керек (О.Сəрсенбай, Шығ., 

4, 164).

МƏШҺҮРЛІК ...Шынында да детектив 

дүниелердің халық арасындағы м ə ш һ ү 



р л і г і ақиқат қой (Қаз. əдеб., 08.06.1984, 

6).Əбу  Əли  ибн  Сина  өзінің  кітабында: 

оның  [əл-Фарабидің]  шығармаларын 

пайдаланғанын, сол арқылы м ə ш һ ү р л і 



к к е қолы жеткенін еске алады (Лен. жас. 

03.01.1973, 3). 



МƏШІК з а т. Кейбір жерде «лапта» 

деп  аталатын  балалар  ойыны.  Мұндағы 

балалар доптың орнына «лапта» – м ə ш і 



к ойнайды (Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 309).

МЕДБИБІ...Тұңғышы  Жанбөпе – м  е 

д б и б і. Медсестра м е д б и б і деп аудара 

бастады (Алматы ақшамы, 11.04.1991, 4).



МЕДБИКЕШ з а т. с ө й л. Медбике. 

Күнделікті  дəрумендерді  ішкізуге  келе-

тін  м  е  д  б  и  к  е  ш  абайсызда  «Аққан 

дертінен емделгендер де болған» деп сы-

пайылап жеткізіп қойды (С.Ордашева, Кек 

жуған, 57).



МЕДИНЕ з а т. к ө н е. Штаб. Қазіргі 

жағдайда Моғолстан м е д и н е с і н бекінісі 

нашар  Алмалыққа  қалдырамыз  ба,  əлде 

жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына 

қайта  көшіреміз  бе?  Соны  шешіңдер 

(І.Есенберлин, Алмас., 187). Жəнібек пен 

Керей сұлтан бес жүз сойылды салт атты 

нөкерлерімен сіздің м е д и н е ң і з г е келе 

жатыр (Бұл да, 189).

МЕЗАН з а т. к ө н е. Кесененің онша 

биік  емес  дөңгелек  мұнарасы.  Төле  би 

(Қарлығаш би) кесенесі 1873 ж. салынған. 

Есігінің  алдында,  шығыс  жақта  өте  биік 

емес дөңгелек мұнара – м е з а н бар (Ана 

тілі, 31.01.2013, 6).

МЕЗГЕУШІ з а т. с ө й л., Меңзеуші. 

Өзінің қыжылы бар топты м е з г е у ш і л е р:

«Бұл  əлгі  пəленшелердің  бүлігі»  дейді 

(Т.Əлімқұлов, Көкек айы,111).



МЕЗЕ з а т. Көздің қиығы.

МЕЗЕК з а т. Иттің боғы (Жас алаш, 

01.11.1998, 5).



МЕЗІЛІК з а т. Мезі болғандық, ығыр 

қылғандық. М е з і л і к т е н арылып, ты-

ныс аламыз ба деген тергеушілердің тəтті 

қиялын  Байбөрінов  бауырдай  боршалап 

кете барды (Ж.Мусин, Туған үй., 192).



МЕЗІРЕТІНДЕ ү с т. ж е р г. Шамасын-

да, көлемінде, ішінде. Сол бір күн, бір түн 

батырдың содан бергі 3-4 айдың м е з і р е 



т і н д е г і тіршілігінің қуанышты медеті 

болды (К.Сегізбаев, Беласқан, 119).



МЕЙМАНШЫЛА  е  т.  Мейман  болу, 

қонақ  бару.  Көзі  боталаған  ақсары  қыз 

Үкілім мен əжесінің нағашыларына м е й 



м а н ш ы л а п келгендеріне айдан асқан 

(Т.Əбдірайым, Алабұға., 98).



МЕЙМАНШЫЛАУ  Мейманшыла 

етістігінің қимыл атауы. 

МЕЙМАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  Мей-

мангершілік, мейманшылдық. Ішіне төсек 

салып  орын  сайлап,  Əр  үйге  саба  орнат-

ты,  бие  байлап.  Ханына  халық  жиналып 

келгенінде,  Етуге  м  е  й  м  а  н  ш  ы  л  ы  қ

қойған ойлап (Батырлар жыры, 6, 111).

МЕЙРАМҚОСТЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Мейрамшыл. Солай болған күнде де төре 

ауылының м е й р а м қ о с т ы ғ ы н ы ң

оның  мініне  жатқызбасақ  керек  (Тезек 

төре, 8).



МЕЙРАМПАЗ¹  з  а  т.  Елді  күлдіретін 

цирк  əртісі,  сайқымазақ;  клоун.  Ал  осы 

сəтте  жұртшылық  сахна  сəні – Дмитрий 

мен Аркадий тəрізді м е й р а м п а з д а р 

м е н (клоундар) бірге күлкіге қарық болып 

жатты (Лен. жас, 22.01.1977, 4).



МЕЙРАМПАЗ²  с  ы  н.  Мейрамшыл, 

тойшыл, мерекешіл.

МЕЙРАМПАЗДЫҚ  з  а  т.  Мейрам-

паз  болғандық,  күлдіргіштік.  Кезі  келсе, 

420

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

кесірлік  те  танытып,  бұлар  сайқымазақ,



м е й р а м п а з д ы қ қ а жақын жүрген ғой 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 311).



МЕЙРАМСУ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Имансу. 

Ақыры ел денесін тауып əкеліпті. Оң жаққа 

қойып,  м  е  й  р  а  м  с  у  ы  н  берген  кезде 

əлдеқайдан  «Мен – Арқарбаймын,  мен – 

Арқарбаймын» деген дауыс естілсе керек 

(Қ.Олжай, Қанат байла., 33).



МЕЙІРКЕШ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Медбике

А втор  бұған  дейін  «медбике», «медбибі» 

деп жазылып жүрген орыстың «медсестра» 

сөзінің м е й і р к е ш деген жаңа аудармасын 

ұсыныпты (Егем. Қазақст. 17.03.1992, 4).

МЕЙІРЛЕ е т. Мейірі қану, шөлі басы-

лу. Астау басынан м е й і р л е п шыққан 

саулықтарды қашан да суын басқызып, бір 

қаптатып алады (Қаз. əдеб., 21.11.1975, 1).

МЕЙІРЛЕТ  Мейірле  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Малды суға м е й 

і р л е т п е й шығармайды. Бір топылып 

шыққасын, қайта айдап əкеліп кіреді астау 

басына (Қаз. əдеб., 21.11. 1975, 3).

МЕЙІРЛЕТУ  Мейірлет  етістігінің 

қимыл атауы. 

МЕКЕРСУ… - Əй, қайлақы! М е к е р с 

у д і шығарған екенсің. Кеше не болды, айт 

қане? (Жұлдыз, 1973, №3, 75).



МЕКТЕБИ  қ.  Мектептес.  1962 

жылы  жаз  ортасында  мен  бала-шағамды 

ертіп,  Баянауылда  тұратын  м  е  к  т  е  б  и 

досымның  үйіне  бардым  (М.Əлімбаев, 

Көңіл күнд., 78). Ə.Сұлтанов өзінің м е к 

т е б и досының адамгершілігін сыйлаған 

да, қарындасын қалыңмалсыз қосқан екен 

(Жалын, 1974, №4, 117).

МЕКТЕПТІ с ы н. 1. Мектебі бар, мек-

теп салынған. ≈ Мектепті ауыл. 2. а у ы с. 

Үлгі, өнеге беретін, тəрбиелі. ≈ Мектепті 

елдің баласы (И.Байзақов. Құр. сұлу., 320).

МЕЛЖЕМДІЛЕУ  с  ы  н.  Мықтырақ, 

күштірек,  қарымдырақ.  Орағы  сүйірлеу 

келіп, ұсқын-сықпыты м е л ж е м д і л е у

тұмсықты  құсбегілер  «қылыш  тұмсық»

деп атайды (Ж.Бабалықов, Қырандар, 71).



МЕЛЖЕМДІРЕК  с  ы  н.  Үлкенірек, 

мықтырақ,  қарымдырақ.  Буырылдап 

қойған айыр сақалы бар, дембелше келген 

орта бойлы, басы басқа денесінен м е л ж 

е м д і р е к біреу үйге кірді (М.Разданұлы, 

Алттай., 23). 



МЕМЛЕКЕТТІК:  Мемлекеттік 

меншік.  Белгілі  бір  мемлекетке  тиесілі 

барлық  байлықт ар  мен  мүліктер. 

Алтынның  қоры,  алмас  жəне  валюта 

қорлары тек қана м е м л е т т і к  м е н 

ш і к к е жатады (Терминол. анықт., 8, 56).

Мемлекеттік  сапа  белгісі.  э  к  о  н.

Мемлекет  тұрғысынан  бағаланған  та-

уарға  соғылатын  ресми  шартты  белгі. 

Жақында  лаборатория  мамандарының 

жасап  шығарған  домбырасына  М  е  м  л  е

к е т т і к  с а п а  б е л г і с і н беру ұй-

ғарылды (Соц. Қаз., 26.10., 1974, 4).



МЕН:  Мен  білсем.  Менің  білуімше, 

менің ойымша. ≈ М е н   б і л с е м, ол бүгін 

келмейді.



МЕНТ з а т. с ө й л. Тəртіп сақшылары, 

полицей. – М  е  н  т  т  е  р  келе  жатыр 

(Қ.Əбілқайыр, Текес., 42). – Мен сені əлі де 

сүйеді екенмін, - деді м е н т т е р кеткен 

соң (Бұл да).



МЕНШІКТЕЛУШІ  з  а  т.  Біреу-

дің  иелігіне  өткен  зат;  иел енуші. 

Бірақ  тəуелдеу  категориясы  үнемі 

иеленушіні  (меншіктеушіні )  жəне 

иеленілуші (м е н ш і к т е л у ш і) затты 

ғана білдіріп қоймайды, бір заттың басқа 

бір затқа қатысын да білдіреді (Қазіргі қаз. 

тілі., 223).

МЕНШІКТЕУШІ з а т. Бір нəрсені өз 

меншігіне алушы, иеленуші. Бірақ тəуелдеу 

категориясы үнемі иеленушіні (м е н ш і к т 



е у ш і н і) жəне иеленілуші (меншіктелуші) 

затты ғана білдіріп қоймайды, бір заттың 

басқа  бір  затқа  қатысын  да  білдіреді 

(Қазіргі қаз. тілі., 223).



МЕҢЗЕУШІ з а т. Бір нəрсені меңзеген 

адам. 

МЕҢІРЕУ:  Меңіреу  құр.  з  о  о  л. 

Құрдың  бір  түрі.  Мəселен,  шырша, 

балқарағай өскен орманда қанаттылардан 

көбірек кездесетіні – м е ң і р е у  қ ұ р (Лен. 

жас, 30.03.1977, 3).



МЕРГЕН  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспанның  оң-

түстік жарты шарына, дəлірек айтқанда 

Сарышаянның  маңына  орналасқан 

шоқжұлдыз.  Ол  қауыс  (қараша)  айында 

көрінеді.  Шоқжұлдыздардың  саны  көп. 

Олар:  Аққу,  Арыстан,  Бүркіт,  Жетекші, 



М е р г е н, Саршаян, Кіші Аю, Үлкен Аю 

т.б. (Х.Əбішұлы,  Халық  астр., 9). М  е  р 



г  е  н  жұлдызы  Бүркіт,  Қалқан,  Жылан, 

Жыланбөктерген,  Сарышаян,  Ешкімүйіз 

ш о қ ж ұ л д ы з д а р ы н ы ң   а р а л ы ғ ы н д а 

орналасқан (ҚҰЭ., 6, 472).



421

Байынқол Қалиев

МЕРЗІМ з а т. ш а х м. с ө й л. Ферзі, 

уəзір. Бір «жаяуды» жүремін Ойын болар 

порым жоқ. Бұл шатырашта білемін, М е р з 



і м д е р г е орын жоқ (Шəкəрім, Шығ., 400). 

МЕРКІТ  з  а  т.  Моңғол  тайпалары-

ның бірі. Əзелде туысы басқа м е р к і т

–  керейге  сіңді,  ұлысы  басқа  күрлеуіт 

–  қыпшаққа  телінді  (М.Мағауин,  Аласа-

пыран, 2, 148). Шыңғыс хан өзіне бағын-

бай  безе  көшкен  м  е  р  к  і  т  тайпа-

сын  соңынан  қуып  келіп  осы  ырғыз 

қаласында  қырып  кеткен  (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 217). – Қасыңа  мына  Жошымен 

қосып,  түмен  əскер  ал  да,  Гүрганжіге 

қашқан  м  е  р  к  і  т  т  і  шап, - деген 

(Е.Тұрысов, Темірлан, 168).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет