МЕРЛЕ е т. ж е р г. Мөлшерлеу, өлшеу;
көздеу. Əлжан қосауызды қос аяқ тұғырына
орнатып, асықпай м е р л е д і де, атып
жіберді (Ə.Сарай, Атырау, 82).
МЕРЛЕУ Мерле етістігінің қимыл
атауы.
МЕРТТЕС е т. с ө й л. Алысу, жұлысу,
соғысу. Не жауласып м е р т т е с к е н емес,
не жөндесіп серттескен емес, қит етсе,
бір-біріңнің жоқ-жіктік, кем-кетіктеріңді
айтып, ел көзінше қаңқулассаңдар, əрине,
жараның ауызы ұшыға береді (Лен. жас.
15.08.1973, 3).
МЕРТІК: мертік балық с ө й л.
Бақатіс. Ертеде халық медицинасын-
да бақатісті кептіріп, сүйек сынғанда
қолданған. Сондықтан оны «м е р т і к б а
л ы қ» деп атаған (Білім жəне еңбек,, 1985,
№2, 15).
МЕРУЕРТ: меруерт жүзік... М е р у
е р т көзді ж ү з і к аса сирек кездесетін
əшекейлердің қатарына жатады (Қаз. этно-
графия., 2, 479).
МЕС¹ з а т. к ө н е. Ішіне жел тол-
тырылған мес сияқты музыка аспабы.
Ал м е с, безілдек, дүңкілдек, азаншы
секілді біраз аспаптарды қалпына келтіру
жолдарын əлі де іздестірудеміз (Қаз. əдеб.,
13.07.1984, 12).
МЕС²... 2. а у ы с. Семіз, жұнттай,
қарны қампиған ат. М е с құладан түсіп,
сүйретінді ізге жаяу түстім (Ж.Орманбаев,
Тұзақталған., 5).
Мес қылды. Семіртті, қоңдандырды,
шайлатты. – Бұл неменің мешкейлігі де,
м е с қ ы л ы п жемдесең де шыр қонбайтын
тырақылығы да саған тартқан, - деп шағыр
көз шабдардың қызалағыштығын да
Ситан Асекеңе теліді (Қ.Ысқақ, Ақсу., 433).
Мес торы. Қарны қампиған торы (ат).
М е с т о р ы с ы н шартаңдатып желе
жөнелді (Қ.Ысқақ, Тұйық, 13). Бірақ м е с т
о р ы н ы ң жерден бас алмауына қарағанда
сірə өткінші болар (Бұл да, 85).
МЕСБЕРІК с ы н. Мал бағуға, ауыр
жұмысқа пайдалануға қолайлы (ат). Қазақ
аттары төрт түрлі болады: жүйрік, жорға,
жүрдек-жүрісті, м е с б е р і к (Қаз. əдеб.,
11.11.1988, 13). М е с б е р і к аттарды ау-
ыр-машахатты қызметке жұмсайды. Бір
м е с б е р і к бірнеше ай мал бағуға жарай-
ды (Бұл да).
МЕСЕКЕР с ы н. Қолынан іс келетін,
шебер.
МЕСЕКЕРЛІК з а т. Қолынан іс келе-
тіндік, ісмерлік. Ол жалғыз арбасымен
ел аралап, қолының м е с е к е р л і г і н е
сүйеніп жан бағатын (Ғ.Білəл, Ғасырлық.,
196).
МЕСЕР з а т. ж е р г. Есер, ақымақ,
жындысүрей. М е с е р м і з-а у: қырдың
көгі тебіндесе болды, сол бір алдам-
шы үш жапырақты теңгешөптің төрт
жапырақтысын іздеп əуре-сарсанға түсетін
едік (О.Бөкеев, Үркер, 41). Жұрт совет
өкіметінің атын жамылған м е с е р л е р
д е н жан сауғалап кардон асса, менің
əкемнің зираты да мынау іргеде жатыр
(Қ.Ысқақ, Ақсу., 461).
МЕСКЕ з а т. с ө й л. Мескей. Қолында
бетін майлық орамалмен қымтап жапқан
м е с к е. М е с к е д е ешкі етінен жасал-
ған салма (С.Жүнісов, Заманай., 5).
МЕСКЕЙ ... Жағаға жасырып қойған
м е с к е й і, кішкене тостағы мен қасығы
болатын (С.Байжанов, Ақ маржан, 9).
Мескөрік ... М е с к ө р і к – бітеу сы-
пырылған көріктің теріден жасалынған
байырғы түрі. Ол тез жиналады, əрі көшіп-
қонуға ыңғайлы (Қаз. этнография., 3, 213).
МЕСҚОБЫЗ ... Ал сол уақыт тозаңынан
артылған аспаптардан сазсырнай мен
жетіген, дауылпаз бен шаңқобыз, м е с
қ о б ы з бен сыбызғының «Отырар са-
зында» мейлінше жарасым тауып, пайда-
лану мүмкіндіктері молынан ашылған
(Лен.жас., 17.12.1983, 4)
МЕСҚОБЫЗШЫ з а т. Месқобызда
ойнаушы. Оған қобызшы Г.Тоқтыбаева,
сазсырнайшы Г.Бекетова, м е с қ о б ы з
422
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ш ы С.Оразалиев, əнші М.Қазтуғанова,
сыбызғышы Е.Құсайынов сияқты шебер
орындаушылардың аяқ алысы көз жеткізеді
(Лен. жас., 17.12.1983, 4).
МЕСІН ...? Мəшһүр Жүсіп м е с і н
д е г і батаның бір бөлігі қарсы жаққа
айтылған қарғыс түрінде келеді (Қаз. əдеб.,
26.08.1983, 13). Мəшһүр Жүсіп м е с і н д е
г і материалдардың біраз бөлігі – шешендік
сөзге арналған (Бұл да).
МЕТАГРАММА з а т. л и н г в.
Жұмбақталған сөзді табу ойыны. М е т а
г р а м м а д а белгілі бір сөз жұмбақталады.
Алдымен соны табуға тиістіміз. Содан соң
нұсқаған əріпті басқа əріппен алмастырсаң,
сөздің мəні өзгереді. Мыс: «С»-дан бастасаң
– бояумын. «Қ»-дан бастасаң – далаңмын.
«Ж»-дан бастасаң – өлеңмін, Аузындағы
адамның (сыр – қыр – жыр) (Білім жəне
еңбек, 1973, №1, 32).
МЕТАЛЛУРГИЯ: Металлургия
комбинаты. Металл өндіретін жəне
өңдейтін комбинат. Айталық, Қарағанды
мен Теміртаудың м е т а л л у р г и я к о м
б и н а т т а р ы н а н шыққан ақаба су
Нұраға осы жолмен табысады (Қаз. əдеб.,
18.03.1988, 3).
Металлургия отаны. п е р и ф р.
Кенді Алтай осылай да аталады. Бүгінгі
кенді Алтай – үлкен өнеркəсіптік аймақ.
М е т а л л у р г и я о т а н ы (Жас алаш,
20.09.2003, 2).
МЕТАФОРАСЫЗ с ы н. Мета-
форасы жоқ, метафораланбаған. Ал
Ш.Руставелиде м е т а ф о р а с ы з жол жоқ
десек те қате айтпаған болар едік (Жалын,
1974, №1, 126).
МЕТКЕЛДЕЙ с ы н. Меткел сияқты,
меткел тəрізді. Лəпкеде бейне м е т к е л
д е й Кіршіксіз еді зайыбың (Досқожа би:
Қаз. əдеб., 22.02.1991, 7).
МЕТРАНПАЖ з а т. т и п о г р. Терілген
мəтіннің верскасын жасаушы, оны рет-
ке келтіруші маман. Ең бірінші кезекші-
лікке барған күні м е т р а н п а ж əйел-
дің талап еткен «клишесінің» орнына
бұрышта сүйеулі тұрған таяқты алып барып,
əбден масқарам шыққан-ды (Р.Тоқтаров,
Ғасыр наны. 54). Газет редакциясында
əдебиетші Төлеутай, линотипист жəне
м е т р а н п а ж Забира мен Таңсық бар
екен, мен жетіншісі болдым (Қаз. əдеб.,
13.04.1973, 4).
МЕТІРКЕ з а т. Туылғандығы жөнін-
дегі куəлік. Үйлеріңде, аты немене еді, əлгі
м е т і р к е л е р і бар шығар (Ə.Қалдыбаев,
Таңд. шығ., 2, 51).
МЕХАНИКАЛЫҚ: Механикалық
сағат. Арнайы механизм мен тиісті те-
гершіктер жүйесі арқылы тербеліске тү-
сетін сағат. М е х а н и к а л ы қ с а ғ а т –
сағаттың ең көп тараған түрі (Шаңырақ, 77.
МЕХМАН з а т. к і т а б. Мейман.
Билікті əміршіге лайық құрметпен, түземді
əскер, мерейлі м е х м а н д а р алдында
салтанатты атанды (М.Мағауин, Аласапы-
ран, 2, 103).
МЕХНАТКЕР з а т. Мехнат шегуші,
бейнеткер. Жалғыз Талас емес, бүкіл
байтақ Түркістанның м е х н а т к е р
комиссары болып тұрмын (Ш.Мұртазаев,
Жұлдыз көпір, 9).
МЕШЕР з а т. Сібір халықтарының
бірі. Жұрт боғұлдар мен м е ш е р л е р д і
ң бастарына жастанып жататын теңдеріне
телмірді (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 94).
Тұрсынбайды оңашалаған м е ш е р жігіт
алақтап: - Атаман, кессең басым міне, -
деді (Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау,. 98).
Жасы отызға жетпеген, орыс емес, шүршіт
пе, қалмақ па, м е ш е р м е? Белгісіз
(З.Ақышев, Жаяу Мұса, 298).
МЕШІТТІ с ы н. Мешіті бар, мешіті
көп. Төрттөбе елі бай, м е ш і т т і ел
(Б.Майлин, Таңд., 346).
МИ ... Енді ол сыбызғыға до, ре, м и,
фа, соль, ля, си – үшбұрыштаған жеті тесік
жасап жатыр (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 64).
МИ: Ми қойыртпақ. Мидай араласып
кеткен, қойырпақ болған. Осының бəрі
жергілікті халықпен араласып, м и қ о р ы
т п а қ болған (Б.Соқпақбаев, Таңд., 59).
Миын атала қылды. Миын жеді, миын
ашытты. Келе жатып асыр салып, үйдің
астаң-кестеңін шығарған немерелері бір-
екі сағаттың ішінде м и л а р ы н а т а л а
қ ы л ы п ж і б е р д і (Н.Ораз, Сиқырлы., 165).
Миын бықыртты. с ө й л. Миын ашыт-
ты. Мына əр үйден жиылған тентектер м и
ы ң д ы б ы қ ы р т ы п жібермесе қайтсін
(Жалын, 1974, №6, 78).
МИҒҰЛАЛАН е т. Миғұла болу,
ақылынан адасу. М и ғ ұ л а л а н ы п
отырған жоламанның басына бір кезде
əлдеқалай сəуле жарқ еткендей болды
(М.Қуанышбаев, Тайталас, 98).
423
Байынқол Қалиев
МИҒҰЛАЛАНУ Миғұлалан етістігі-
нің қимыл атауы.
МИДИЯ з а т. з о о л. Теңіз суларында
тіршілік ететін моллюскілердің бір түрі.
Адамдар устрицаларды, м и д и я л а р д ы,
айдаршаларды жəне басқа қос жаппалы
моллюскілерді ежелден тамаққа пайдала-
нып келеді (Су асты. тіршілік., 21). Қос-
жақтаулыларға жататындар: айқұлақ, м и
д и я, устрица т.б. (Р.Сəтімбеков, Қызықты
биология, 40).
МИЗАМ з а т. ж е р г. Жаңа заңдылыққа
негізделген жаңа құрылым. Сөйте тұра
жаңа м и з а м д ы, оның əпербақандарын
жаны жақтырмайтын (З.Қиянатұлы,
Көшпенді., 170).
МИЗАМДЫҚ з а т. с ө й л. Мизам.
Сентябрьді – мизам деп атайды. Кейде
бұл айды таразы деп те атайды. Таразы
мизамда туатын жұлдыз аты. Бұл айда
желісі сағыммен шұбатылып, м и з а м
д ы қ ұшады (Ана тілі, 21.02.1991, 7).
МИЗАМТОЙ з а т. ж е р г. Сабантой.
М и з а м т о й ғ а халық өте көп жина-
лады. Онда бағбандар жетім-жесір, кедей
адамдарға жеміс-жидек, диқандар кеу-
сен таратады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 5, 44).
МИЗАМШАЛАП ү с т. ж е р г. Жаңа
заманға лайықтап, еуропашалап. Үстімде
м и з а м ш а л а п тіккен қайырма жағалы ша-
паным бар (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 147).
МИЗАН з а т. з о о л. Денесі қара қоңыр
түкті, суда тіршілік ететін өрмекші
түрі. М и з а н (серебрянка) суда тіршілік
еткенімен, ол атмосфералық ауамен тыныс
алады (Р.Сəттімбеков, Қызықты биология,
64). М и з а н өрмек торын төңкерілген
қоңырау пішінді етіп, су астындағы
өсімдіктерге бекітіп тоқиды (Бұл да).
МИЗАНСЦЕНАЛЫҚ с ы н. Мизан-
сценаға тəн, соған қатысты. Актерлер
жарықтың түскен жерінде ғана əрекеттену
салдарынан образдардың сахналық, м и з а н
с ц е н а л ы қ мүмкіндіктері кеміп кеткен
(Қаз. əдеб., 30.01.1976, 4).
МИЗЕТ Мизе етістігінен жасалған өз-
гелік етіс. Өркешінен ұстап тартқылады. М и
з е т е алмады (О.Бөкеев, Өз отыңды., 209).
МИКРОРАДИОҚАБЫЛДАҒЫШ з а
т. т е х н. Кішкентай радиоқабылдағыш.
Онымен қоймай, қыз мойнында қос «ұялы»
қалта телефон, транзисторлы м и к р о р
а д и о қ а б ы л д а ғ ы ш ұзын баулары-
мен салаңдап тербеледі (М.Қарайқұлов,
Құпия., 15).
МИКРОКЛИН з а т. г е о л. Ашық
қызыл түсті тау жынысы. Қызыл, көк
түсті слюда, ашық қызыл м и к р о к л и н,
мөлдір көк флюрит, қою жасыл турмалин,
қан қызыл граниттердің өзі неге тұрады
(Т.Əбдіков, Айтылмаған., 201).
МИКРОПРОЦЕССОР з а т. и н ф.
Шағын процессор. Бір микросхемадан
тұратын процессорды – м и к р о п р о ц е с
с о р л а р арзан, əрі көлемі де шағын (Білім
жəне еңбек, 1986, №1, 7).
МИКРОСЕКУНД з а т . т е х н. Се-
кундты мыңға бөлгендегі бір бөлшегі. Ал
ғалымдар мұндай да сағаттар жасады. Оны
миллисекунд, м и к р о с е к у н д, наносе-
кунд деп атайды (Шопан серігі, 272).
МИҚАП з а т. Мидың қабы, сыртқы
қорғанышы. Мылтықтың оғы арқардың екі
мүйізін түбінен сынырып түскен, бірақ м и
қ а п аман (Ғ.Нұрпейісов, Аңшы сыры, 88).
МИҚҰРТ ... Павлодар облысының
колхоздары мен совхоздарында қойлардың
м и қ ұ р т ауруы көп тарап кеткен жəне
оларға экономикалық жағынан едəуір
зиян келтіріп жүр (Қазақс. ауыл шаруаш.
1960, 70). Бұл ауру қойда көп болады.
Шопандардың «айналма», «тентек» деп
айтып жүрген осы м и қ ұ р т ауруы. (Ком-
мунизм жолы, 07.05.1969, 3).
МИЛИАРДТАП ү с т. Милиард-милиард
етіп, милиардпен есептеп (Б.Шайкенов,
Табиғаттағы., 35).
МИЛЛƏТ з а т. а р. к ө н е. Ұлт. Бұл
күнде м и л л ə т і н е қаламымен қызмет
қылып жатыр (Айқап, 1915,4). М и л л ə т
т і ң кел де берік, ал жастары! Қызмет
қыл, өткір қылыш, алмастары. Бəріміз қуат
қосып бірге тартсақ, Анық қой надандықта
қалмастары (С. Торайғыров, Таңд. шығ.,
45). Күйіңмен күнді күлдіріп, Əніңді айға
көлбеттің. Бəрі де білді атыңды, Жетпіс екі
м и л л ə т т ің (Лен. жас, 08.06.1972, 3).
МИЛЛИЛИТР з а т. Литрлеп өлшеудің
ең төменгі мөлшері. Əрбір алты сағат сай-
ын екі м и л л и л и т р д е н морфи егуді
ұмытпаңыздар (С.Ғаббасов, Қандауыр).
МИЛЛИМЕТРЛЕП ү с т. Миллимет-
рлеп өлшеп, дəл етіп. Қысқасы, бір сабақ
жіптен бастап м и л и м е т р л е п өсетін
көлемді гобеленді тоқу арысында көп
424
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ізденуге, еселеп тер төгуге тура келді (Лен.
жас., 30.01.1985, 3).
М И Л Л И М И К Р О Н . . . Ж а р ы қ
толқындарының ұзындығын м и л л и м и к
р о н м е н (млк) өлшейді. Қазіргі атауы – на-
нометр (нм) (Ə.Қайдаров, Сырға толы., 9).
М И Л Ы с ы н . М и б а т п а қ т ы .
Жамандықты бастау қиын, бір басталса ол
адамды м и л ы қарасудай түбіне қарай тарта
жөнеледі (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 211).
МИЛЫҚ з а т. Жүгеннің миға жақын
жатқан бөлігі. Жүгенде екі «жақ», бір
«м и л ы қ», «кеңсірік», «сағақ», «ауыздық»,
«желкелік, «кекілбасар» болады (Шаңырақ,
520). М и л ы қ т ы кейде кекілбасар деп те
атайды (Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман, 197).
МИЛЫҚТАН Милықта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Ең артқы қаба
сақалды қара кісі еді. Басыңдағы жалбайы
м и л ы қ т а н ы п, буы бұрқырап терлеп,
ентіккендей болып тұрды (Б.Майлин,
Таңд., 165).
МИНИАТЮРШЫЛ з а т. Кішкене
көлемді сурет салуға жаны құмар адам.
М И Н И АТ Ю Р Ш Ы Л Д Ы Қ з а т.
Кішкене көлемді сурет салушылық.
Брюллов суретшілерге «Кеңірек, кеңірек
көселіңдер. М и н и а т ю р ш ы л д ы қ қ а
бой алдырмаңдар,- деп кеңес берген екен
(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 142).
МИОКАРДИТ ... – М и о к а р д и т с ы з
б а? Əлде инфарксыз ба? – дедім өзім шала
білетін жүрек ауруының аттарын есіме əзер
түсіріп (І.Есенберлин, Ғашықтар, 56).
МИРШИКАР з а т. к ө н е. Хан сара-
йындағы аңшылық бастығы. Моғолстанның
жоғары қызмет баспалдағында инақтар
(хан кеңесшілері), м и р ш и к а р (аңшылық
бастығы), сондай-ақ наиб (орынбасар) жəне
басқа қызметтерді атауға болады (ҚазССР
тарихы,, 2, 198).
МИСАҚ ... «Сусылдап судан ұшқан
сұқсыр, м и с а қ, Су қылып қанатымды
кетпе тастап» (Айтыс, 1940, 198).
МИСЫҚ з а т. ж е р г. Азып-тозды,
ес-түсінен айырылды, сансырады. Залым
деген ілгергі, Болыстар сотқа сұралып,
Қорлықты байлар тым көрді. М и с ы қ
боп кетті көрсеңіз (Ө.Ақжолұлы, Үрият-
нама, 95).
МИТТЕЛЬШПИЛЬ з а т. Шахмат
ойынының орта тұсындағы жүрістер.
М и т т е л ь ш п и л ь д е қарсыластардың
күші теңдес болғанымен, біздіңше əзірше
сəл де болса Каспаровтың фантазиясы ба-
сым (Лен. жас., 07.11. 1985, 4). Əдетте пар-
тия үш құрамдас бөліктен тұрады: дебют,
м и т т е л ь ш п и л ь, эндшпиль (Лен. жас,
12.11.1985, 4).
МИТЫ з а т. и х т и о л. Бұлақ суларда
тіршілік ететін балық. Қызыл, алақанат,
қашаған қызыл, м и т ы – қызыл балық тек-
тестерге жатады (Қаз. этнография., 1, 403).
МИША ү с т. Ми тəрізді араласып,
опыр-топыр болып. Екі жақ тағы м и ш а
былығып, жан алып, жан беріскенқан май-
дан ұзаққа созылды (Т. Зəкенұлы, Мəңгітас,
476).
МИЫҚ: Миық тартты. Миығынан
күлді, жымиды. Қыз сəл м и ы қ т а р т
т ы. Сонда ғана Шеге өзінің қисынсыз
көп тұрып қалғанын байқады (С.Елубай,
Ақ боз., 111).
МИЫҚТАН Миықта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бесінші, бір жігіт
бар тұйықтанған, Ала көз қалың шашты м и
ы қ т а н ғ а н. Өзіне өзі білгенің жөн демес
ке, Қорсылдақ, шошқа мінез сияқтанған
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 416).
МИЯСАР с ы н. ж е р г. 1. Кеңес бе-
рер, ақыл қосар (қария).Бөкенбай мен
Əбілқайыр Қарақұмдағы жиыннан кейін
ұлыс-ұлыстан жаубасар жігіттерді ғана
емес, м и я с а р қарияларды да жинады
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 137). М и я с а р
қариялардың білмейтіні жоқ (Бұл да, 138).
2. Он саусағынан өнер тамған, шебер,
іскер. Атымды бағып баптауға, Асылдан
соққан найзамды. Қарағайға саптауға,
Құртқадайын м и я с а р, Жар тапқанша
талай бар (Ақсауыт, 1, 38).
МИЯСКЕР з а т. ж е р г. Ұста, ше-
бер. Шын м и я с к е р д і ң қолына түссе,
қажетке аспайтын нəрсе болмайды екен
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 138).
МИЯСКЕРЛІК с ы н. ж е р г. Шеберлік,
ұсталық. Тастан түйін түйетін сəулетшілік,
киіз үй, қару-жарақ, жиһаз жасайтын м и я с
к е р л і к өнері қайтадан қаулап, өсе бастады
(Егем. Қазақст., 26.09.1991, 3).
МИЯТТАС Миятта етістігінен
жасалған ортақ етіс. Сөйтіп ауылдың
көл-көсір дастарқанына жиналған көп жұрт
бір мезет ата-бабадан əңгіме қозғап, екі
жарыла м и я т т а с а қалып, бір-бірлеріне
қораздана қарасып талай жерге барып
425
Байынқол Қалиев
қайтты (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 85).
Жаман адам белгісі, Көтерілер шат болса,
М и я т т а с ы п отырар, Қайдағы ауыл
жат болса (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама, 25).
МИЯТТАСУ Мияттас етістігінің
қимыл атауы.
МОГАР ... Мал азығындық бір жылдық
шөптің ішіндегі бағалылары – судан шөбі,
м о г а р, ақ жүгері, тары жəне басқалар
(Шопан сырласы, 115).
МОДЕЛЬЕРШІ з а т. Модель жа-
саушы, модельші. Үміттің де алған
жолы Ұлбосынның жолы секілді. О да
манекеншіден м о д е л ь е р ш і г е ауысқан
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 337).
МОЖА: Можап калды. ж е р г. Көңілі су
сепкендей басылды, еңсесі түсті, мұңайды;
қабырғасы қайысты. Майдандағы баласы
Дəуреннің қара қағазы келгенде, м о ж а п
қ а л ы п еді (Ə.Кекілбаев, Бір шөкім., 26).
МОЖАЛАН е т. Əжім түсу, мыж-
мыж болу. Əлі жасы жетіп м о ж а л а н
б а ғ а н келіншектің борықтай аппақ тəні
көзін арбап, сиқырша тартып жүре берді
(А.Əлсеров, Ар алдында, 75).
МОЖАЛАНУ Можалан етістігінің
қимыл атауы.
МОЗАЙКАЛАН е т. Мозайкамен
əрлену, мозайкамен өрнектелу. Қазандық
пен гөрхананың ішкі қабырғасы м о з а й к
а л а н ғ а н (Лен. жас., 05.06.1975, 4).
МОЗАЙКАЛАНУ Мозайкалан етіс-
тігінің қимыл атауы.
МОЙТАПТАУ е т. ж е р г. Тойтару.
Жазушы Ғ.Слановтың «Дөңасқанында»
ерсі дегенді əбес, мүдірту дегенді жөкелту,
қопару дегенді қорыс қылу, ешбір дегенді
биғайым, тойтару дегенді м о й т а п т а у
деп берген (Соц. Қаз. 15.01.1958, 3).
Достарыңызбен бөлісу: |