ТАНА... Қазанқаптың ішінде қазан
жақсы орналасу үшін оны төрт бұрыштап
пішеді де, түп жағын дөңгелектеп келтіріп,
2-3 жерден т а н а й д ы (ҚСЭ, 6, 391).
ТАНАБАУ: Танабау тағу. э т н. Алғашқы
жетістігі үшін жас балаға түйме-тана
тағып, құттықтау, əспеттеу рəсімі.
Көрші-қолаң, дос-жарандары «Балаларың
жігіт болыпты» деп, ұл болса – түйме-
тана, қыз болса – білезік, сөлкебай тағып
жібереді. Бұл «т а н а б а у т а ғ у» деп
аталады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1,
39). Салт бойынша, баласына «т а н а б а у»
т а ғ ы л ғ а н ата-ана бұл жағдайды міндетті
түрде атап өтеді (Бұл да).
ТАНАЛЫ¹ с ы н. Танасы бар, танасын
ерткен. ≈ Жайлаудан бір т а н а л ы сиыр
айдап келді.
ТАНАЛЫ² с ы н. Тана (түйме) таққан,
танасы бар. Жылтыраған жұлдыздар шол-
пылы, т а н а л ы қыз-келіншектерге ұқсап
кетті (Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 8).
ТАНАПТЫ с ы н. Егістік жер бірнеше
танапқа бөлінген. Бес т а н а п т ы ауыспа-
лы егіс жүйесінің жобасы жасалған екен,
бірақ ол қағаз бетінде қалған (К.Баялиев,
Жер тынысы, 86).
ТАНАТ..? Бес жасыңа келгенде Белдің
қызығын көрсін деп, Бес бедеуге салдыр-
дым. Алты жаста ақтаттым, Аттай мұрның
т а н а т т ы м (Ер Тарғын, 28).
ТАНАУ: Танау маңқа. в е т. Маңқа
ауруының малдың танауына түскен
жеңілдеу түрі. Халық маңқаның өкпеге
түсетін ауыр түрін – көкірек маңқа, танауға
түсетін жеңілдеу түрін – без маңқа, т а н а у
м а ң қ а деп атайтын (Х.Арғынбаев, Қаз.
этногр., 120)
ТАНАУҚҰРТ з а т. з о о л. Қойдың та-
науына түсетін құрт. Т а н а у қ ұ р т көк-
темде қойдың күйі төмендегенде пайда
болады. Оған қарсы кралин дəрісі қолданы-
лады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1970, №7, 55).
547
Байынқол Қалиев
ТАНАУЛАН Танаула етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. – Ит қуған ақиіс
т а н а у л а н ы п кетіпсің, бүлдіріп келдің
бе? (Жалын, 1977, №2, 64)
ТАНАУЛАНУ Танаулан етістігінің
қимыл атауы.
ТАНДЫРЛАН Тандырла етістігінің
жасалған ырықсыз етіс. Күз келгелі ол
басынан байланғандықтан т а н д ы р л а н
ы п жатыр (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 136).
ТАНДЫРЛАНУ Тандырлан етістігінің
қимыл атауы.
ТАНДЫРША ү с т. Тандыр сияқты,
тандыр тəрізді. Қарны ашқан сайын шөл
де қысып, тамағы т а н д ы р ш а кебе түседі
(Оңт. Қазақст., 03.10.1972, 3)
ТАНКІШІ з а т. Танкі жүргізуші, тан-
кист. Т а н к і ш і көркем көрерге Т а н к і
ш і болу зор қызмет. Соғысқа барып енер-
де Пехотаға тағызым ет (Қ.Аманжолов,
Шығ., 2, 224).
ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ з а т. Елге
белгілілік, көпшілікке таныстық. Оның
атының кең т а н ы м а л д ы л ы ғ ы сон-
дай, балалардан: - Кімнің баласысың? – деп
сұрасаң, - Зинегүлдің, - деп жауап береді
(С.Оспанов, Сопы., 94).
ТАНЫМ-ТҮСІНІК з а т. Адамның
танымы жəне түсінігі, ұғымы. Бұл
балалардың ойлау қуатын арттырып,
зейін-зердесін ашып, т а н ы м-т ү с і н і
г і н тереңдетеді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 1, 37).
ТАНЫСУ з а т. Қыздың ұзатылар ал-
дында туған-туысқандарын, ел-жұртын
аралап қоштасуы. Ұзатылатын қыз той
болардан бұрын өзінің ел-жұртының,
төркіндерінің алдында өтеуге міндетті
жоралғыларды орындайды. Соның бірі –
т а н ы с у, яғни ел-жұртымен қоштасу
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 141).
ТАНЫТҚЫШ с ы н. Таныта алатын,
танытатын. –Ей, сенің көкең болғанда
бұлардың көкесі жоқ па? Танытып көр
əкесін, т а н ы т қ ы ш болсаң. Қара мұны!
(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 14).
ТАНЫТҚЫШТЫҚ с ы н. Таныта
алатындық, танытатындық. Бұл олардың
шығармаларының т а н ы т қ ы ш т ы қ қа-
сиетін арттырады (Қаз. əдеб., 21.11.1986, 6).
ТАҢ: Таң асырылды... Қысқы жабулар
Қазақстанның солтүстік облыстарында
киізден жасалып, суытылатын немесе
т а ң а с ы р ы л а т ы н аттарға жабыла-
тын (Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман, 198).
Таңды таңға ұрды. Түнімен ұйық-
тамады, демалмады, тынықпады. Т а ң д ы
т а ң ғ а ұ р ы п жүріп, біз де егін, масақ
тердік (Лен. жас, 16.10.1971, 4).
Таң жұлдызы. а с т р. с ө й л. Шолпан.
Қазақтар Шолпанды т а ң ж ұ л д ы з ы деп
атайды (Н.Қазыбеков, Дала., 112).
Таң құланиектенді. Таң бозарып,
атып келе жатты, таң саз берді. Т а ң
қ ұ л а н и е к т е н і п саз беріп келе жат-
қанда көзі ілікті (Б.Майлин, Таңд., 90).
Қызылшашылар т а ң қ ұ л а н и е к т е н
г е н н е н-ақ плантация басына жинала бас-
тады (Лен. жас, 25.07.1974, 3).
Таң намазы. Таң ертең оқылатын
намаз; памдат. «Намаз тағылымында»
тəулігіне бес рет оқылатын намаздың
аттары – т а ң н а м а з ы, түскі намаз, бе-
сін тамаз, кешкі намаз, түнгі намаз да кел-
тірілген (Егемен. Қазақст., 14.12.1991, 6). На-
маз түрлері мен оларды оқу уақыты: т а ң
н а м а з ы – 4,48; бесін намазы – 12,52; екін-
ді намазы – 17,23; ақшам намазы – 19,23; құп-
тан намазы – 20,48 (Жас алаш, 10.08.2010, 6).
Таң торғаймен. с ө й л. Таңертеңгі
торғайдың шиқылымен, таң атысымен;
елең-алаңда. – Қос шаңырақкерді таңертең
ерте жек, бүгін жарманың бұлқынын
жөндеп қой. Т а ң т о р ғ а й ы м е н тұр
(Ж.Мусин, Туған үй., 117).
ТАҢБАБАСТЫ с ы н. Ерекше,
айырықша. Мен бұл ретте бұрыңғы сесси-
ялардан т а ң б а б а с т ы өзгешілігін ғана
баса айтар едім (Қаз. əдеб., 01.01.1989, 2).
ТАҢБАЛАУЫШ з а т. а у ы л. ш а р.
Сеялкаға орнатылып, жүргізілетін
жүлгенің (борозданың) немесе тұқым
отырғызылатын желінің (сызықтың) ара
қашықтығын өлшеп тұратын техникалық
құрал; маркер (Бекітіл. термин., 77).
ТАҢБАЛЫҚ з а т. Малдың таңба са-
лынатын жамбас тұсы немесе жауырын
тұсы. Ағысы қаттылығы болмаса өзен
құла биенің т а ң б а л ы ғ ы н а н ғана
келді (З.Қинаятұлы, Көшпенді., 5). Көл
суын т а ң б а л ы қ т а н кеше пырылдап,
айнадай жарқыраған су бетіне сансыз əжім
тастаған жалқылар гүрп-гүрп тарпиды суды
(О.Бөкеев, Қайдасы., 33).
ТАҢБАСӨЗ з а т. Белгі беретін,
келісілген сөз; код.
548
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТАҢҒҰТ з а т. Халық аты. - Əлгі орыс,
қазақ, қалмақ, т а ң ғ ұ т, шүршіттердің
жиналып, бір қауыздан су ішіп, жұмыс жа-
сап жатқан жеріне ме? (Қ.Құрманғалиева,
Атырау., 64)
ТАҢҒЫШБАУ з а т. Киіз үй кере-
гелерінің түйіскен жерін таңатын бау
(құр). Бұл күнде киіз үй жасайтын да, оның
ішкі өрнектерін (басқұр, желбау, т а ң ғ ы
ш б а у, шашақбау, уықбау) безендіретін де
шеберлер көп (Қаз. əдеб., 19.04.1985, 4).
ТАҢДАЙ з а т. в е т. Жылқы малының
таңдайы зақымданып, шөп жей алмай
қалатын ауруы. Жылқыда кездесетін
қараөкпе, т а ң д а й, мандам, маңқа, бөген
жəне басқа да аурулар бар (Х.Арғынбаев,
Қаз.этногр.).
ТАҢДАЙ: Таңдай құрақ. Таңдай
пішіндес майда құрақ. Құрақтың қайшы
құрақ, т а ң д а й қ ұ р а қ, жұлдыз құрақ
деген түрлері болады (Ə.Ысқаққызы:
Радиодан).
ТАҢДАЙЛАН е т. Таңдай сияқты болу,
таңдай тəріздену. Таң арайы оны қан-
ға малып алып, аспанға шайып тастаған
ақ қойдың жабағы жүніндей т а ң д а й
л а н ы п көрінеді (А.Жұмаділдин, Сең
бұзыл., 31).
ТАҢДАЙЛАНУ Таңдайлан етістігінің
қимыл атауы.
ТАҢДАЙЛАП ү с т. Таңдай-таңдай
етіп, қатпарлап. Төбесін қара қоғаны
т а ң д а й л а п, кілемше тоқып жапқан
(А.Жұмаділдин, Сең бұзыл., 76).
ТАҢДАЙЛАУ... Əшекейлі түр салудың
кестелеу, зерлеу, көз салу, шымкестелеу,
мүйіздеу, бастыру, т а ң д а й л а у, кереге
көздеу, шаршылау сияқты салалары бар
(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 47).
ТАҢДАМАХШАР з а т. д і н и. Өлген
адамдарды жұмақ пен тамұққа іріктейтін
жер.Т а ң д а м а х ш а р д а кезігермін
бұйырған қатын-бала болса (А.Жүнісов,
Өмір ізі, 72). – Т а ң д а м а х ш а р ғ а
екі адам барған екен, - деп Сиғат сөзін
ауыл арасының анекдотынан бастады
(Қ.Ысқақов, Қараорман, 90).
ТАҢДАНҒАНДЫҚ з а т. Таңғалғандық,
таңырқағандық. Құныскерейдің қырағы
жанары жүргіншіні тани кетті де, жырын-
ды бөрінің жүзінде т а ң д а н ғ а н д ы қ
т ы ң белгісі пайда болды (М.Мəжитов,
Құныскерей, 194).
ТАҢДЫҚ з а т. Тоғызқұмалақ тақ-
тасындағы ең соңғы отау. Ойын-
ның алды бірінші маңдай атауынан ба-
сталып, соңы арт немесе т а ң д ы қ от-
ауларынан аяқталады (О. Жолымбетов,
Айгөлек, 48).
ТАҢЖҰЛДЫЗЫ з а т. а с т р. с ө й л.
Шолпан. Меркурий қазақтарға Т а ң ж ұ л
д ы з ы деген атпен мəлім еді (ҚазССР
тарихы, 2, 374). Қазақ Шабансарыны Т а ң
ж ұ л д ы з ы дейді (Ə.Хасенов, Жат жазасы,
70). Орысша «Венера» жұлдызының қазақ
тілінде Шолпан, Ақжұлдыз, Жарықжұлдыз,
Т а ң ж ұ л д ы з ы, Шағыржұлдыз,
Тұлқатын, Өмірзая, Зуһражұлдыз деген
қосымша атаулары бар (Егем. Қазақст.,
22.11.2000).
ТАҢҚАСҚА ү с т. с ө й л. Таң боза-
рып атып келе жатқан мезгіл. Жұрт
жұмысқа т а ң қ а с қ а д а н шығып, түн-
де бір-ақ қайтады (Б.Соқпақбаев, Бала-
лық., 37).
ТАҢҚУРАЙ... 2. Таңқурай өсімдігінің
жидегі. Енді сіз қып-қызыл боп ал-
бырап жатқан бүлдірген, жоқ болмаса
анау т а ң қ у р а й д ы таңдайыңызға
салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз
(О.Бөкеев, Қайдасың., 184). Олар қазірдің
өзінде-ақ алмадан, құлпынайдан, т а ң қ у р
а й д а н, қарақаттан, қызылшадан, сəбізден
жасалған шырындарға қанық болып алған
(Жетісу, 06.08.1968, 4).
Таңқурай қоңызы. з о о л. Негізінен
таңқурай өскен жерде тіршілік ететін
зиянды қоңыз. Т а ң қ у р а й қ о ң ы з ы н
ы ң жеміс-жидек гүлдеріне тигізетін зияны
мол. Əсіресе ол алмұрт, шие гүлдеріне үйір.
Таңқурай гүлдеген кезде əлгі қоңыздар
түгелдей соған жабылады (Мəден. жəне
тұрмыс, 1969, №5, 19).
ТАҢҚУРАЙЛЫ с ы н. Таңқурай өскен,
таңқурайы мол. Бүлдірген бел. Бүгілген
т а ң қ у р а й л ы Үлп етсе жел кезетін
əн құрайды. Аюлы сай. Апырай, мұндай
кеште, Бала түгіл, үлкен де қаңғырмайды
(Н.Оразалин, Қоздағы шоқ, 66).
ТАҢҚЫ: Таңқы танау. Танауы
таңқиып қалған (адам). Бейімбет – орта
бойлы, бүкіштеу, бадырақ көзді, т а ң қ ы
т а н а у, шот маңдай қалың ерінді, қара
бұжырлау кісі (Лен. жас, 24.05.1974. 3).
Таңқы шаян. з о о л. Шаянның бір түрі.
Азықтыққа жарамды шаян түрі. Алуан
549
Байынқол Қалиев
түрлі ұсақ шаяндар, т а ң қ ы ш а я н д а р,
ас шаяндар – құрлықтағы жəндіктердің
туыстары (Су асты. тіршілік, 30).
ТАҢҚЫЛДАҚ с ы н. Таңқ-таңқ етіп
қалған, қатты сөйлейтін. Бұлардың
соңынан «Райым» колхозының балық-
шыларын басқарып т а ң қ ы л д а қ бас-
қарма да жетті (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 192).
ТАҢЛАҚ з а т. в е т. Жылқының
«таңдай» ауруы кейде осылай да атала-
ды. Т а ң л а қ (таңдай) болған жылқының
таңдайы ісініп, кейде үстіңгі күрек тістен
асып кетеді (Х.Арғынбаев, Қаз. этнограф.,
138). Бір жылқының доғаласына, т а ң л а
ғ ы н а, құйрығының бөгені мен қутұяғына
сырттан дəрігер іздемейміз (Ж.Орманбаев,
Қос басшы, 64).
ТАҢЫРҚАНЫС з а т. Таңданыс,
таңғалыс. Əжесі дем салып, «ысыт-
па» жасап жібергендей-ақ, Дəулетке бір
көргеннен-ақ көңілі құлап, өзі де т а ң
ы р қ а н ы с т а қалғанын мойындаған
(Ж.Ахмади, Айтұмар., 74).
ТАҢЫРҚАУСЫЗ с ы н. Таңырқамаған,
таңданбаған. Т а ң ы р қ а у с ы з, жатыр-
қаусыз - əдемілік дегеніміз осы екен-ау
деп ойласқандай (Ж.Молдағалиев, Алғ.
қоңырау, 68).
ТАҢЫРҚАУШЫЛЫҚ з а т. Таңыр-
қағандық, таңданғандық (М.Мағауин,
Қиянда., 76).
ТАПАЛ Тапа етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Іштерінде т а п а л ы п
қалғандары да, оқ тиіп өлгендері де
жеткілікті (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 63).
ТАПАЛДАН е т. Тапал болу, аласару,
тайпию (Т.Кəкішев, Сəкен Сейфуллин, 30).
ТАПАЛДАНУ Тапалдан етістігінің
қимыл атауы.
ТАПАЛУ Тапал етістігінің қимыл
атауы.
ТАПАШ з а т. к ə с і б. Балықтың құй-
рығының майлы жері. Маған т а п а ш ы н
берсең болады (Қаз. тілі жəне əдеб., 154).
ТАПИР з а т. з о о л. Оңтүстік Амери-
каның экваторлық ормандарындағы
батпақты жерлерде тіршілік ететін
денесі жұмыр, аяқтары қысқа, шөп
қоректі жануар. Кітап сіздерге қорқақ
т а п и р мен аса ұзын жылан – анаконда
жайында əңгіме шертеді (Материктер, 3).
ТАППА ү с т. ж е р г. Кенет, бірден;
мүлде. Бəрі де төбеден тас түскендей т а п
п а тиылып отырып қалды (Д.Досжанов,
Жолбарыс, 63). Қауға сақал əлгі саудыра-
ған сөзуарлығынан т а п п а тиылды
(Бұл да, 296).
ТАПСЫРЫСШЫ з а т. Тапсырыс
беруші адам.
ТАПТАУРЫН... Тақырып т а п т а у р
ы н болған да сияқты. Бірақ бұл алдамшы
сезім (Қаз.əдеб., 19.09.1975, 2).
ТАПТАУРЫНДАУ с ы н. Аздап тапта-
урын болған. Тақырыбы сырт қарағанда т а
п т а у р ы н д а у болғанмен, ескірмейтін
тақырып (Қаз. əдеб., 19.09.1975, 2).
ТАПТАУЫРЫН қ. Таптаурын. Түс
қайта азабы өтіп, сырқат т а п т а у ы р ы н
қылған Бетховеннің денесі жеңілденейін
деді (А.Нысаналин, Алыс. алау., 50).
ТАПЫРАҚТЫҚ з а т. Тапырақ-
тапырақ еткендік; адасқандық. Жөнді
жөн демеген – т а п ы р а қ т ы қ, Ақылды
аздыратын – ақымақтық (Ел аузы., 139).
ТАРАЗБАН з а т. Таразбен өлшейтін
адам (Өркен, 24.02.1990, 12).
ТАРАЗЫЛАС... Екі атаның бетке
қалқып шығар жігіттері колхозда актив-
тікке таласып қана қоймай, «қайсы-
мыз салмақтымыз» деп т а р а з ы л а с
қ а н көрінеді (Ж.Мəмбетəлиев, Ұмыт-
па., 56).
ТАРАЗЫШЫЛ с ы н. Өлшей білгіш,
мөлшерлей алғыш. ≈ Ол өз жағдайына,
шама-шарқына т а р а з ы ш ы л еді.
ТАРАЗЫШЫЛДЫҚ з а т. Бір нəрсенің
бағасын дəл ажырата алатын қасиет.
Елінің ішінде қадір арттырар нелер зор
қасиет болса, соның ең қымбаттысы – өлең
сөздің бағасын ажырата алатын т а р а з
ы ш ы л д ы ғ ы екенін Нұртуған білетін
(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 6).
ТАРАҚАНША ү с т. Тарақан тəрізді,
тарақан сияқты. Қалың мұғалім жан-
жаққа т а р а қ а н ш а бытырай қашып
барады (Ə.Асқаров, Таңд., 177).
ТАРАЛҒЫ: Таралғы бау. Таралғы кей-
де осылай да аталады. Төс тартпа, т а р
а л ғ ы б а у, тебінгілік, Құйысқан, тоқым,
жона, өмілдірік. Жүйрікке қыста жабу,
жазғы ыстықта жабады ақ дедеге төгілдіріп
(Қаз. əдеб., 30.05.1986, 5).
ТАРАЛЫМ... Бұл кітаптың поли-
ция жинап алған т а р а л ы м ы иесіне
қайтарылатын болды (Егем. Қазақст.,
29.02.1992, 2).
550
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТАРАМЫСША ү с т. Тарамыс сияқты,
тарамыс тəрізді. Дегенмен, осы жұмысқа
шыққалы Аламан т а р а м ы с ш а тар-
тылып, өңі бозаң тартты (Э.Төреханов,
Алматыда., 16).
ТАРАН з а т. и х т и о л. Тағамдық
сапасы жоғары балықтың бір түрі. Көл
(Балқаш) айдынында тағамдық сапасы
өте-мөте жақсы сазан, көксерке, лақа, т а
р а н, қарабалық жəне басқа балықтар өседі
(Орталық Қазақст., 12.10.1969, 3). Мысалы,
əрбір бекіре үшін 100 сом, осетр, севрюга,
шип – 50, ақбалық – 40, сазан – 5, табан,
т а р а н, қаракөз үшін 2 сомнан жауапты
адам айып төлейді ( Индер., 14.03.1970, 3).
ТАРАНТАСТЫ с ы н. Тарантас мінген,
тарантасы бар (Ғ.Нұрпейісов, Аңшы
сыры, 52).
ТАРАСУН з а т. Сүттен жасалған
арақ. Шыңғыс хан Бөртеден туған төрт
ұлымен т а р а с у н ішті (А.Сейдімбеков,
Күңгір-күңгір., 213).
ТАРБАҚ: Тарбақ танау. э п и т. Танауы
тарбиып қалған. Құлан жал, бөрі кеуде,
қамыс құлақ, Салпы ерін, т а р б а қ т а н
а у, киік сағақ. Бос белбеу, бота тірсек, қол
ет бөлек, Сіңірі желбеленген, құлан тұяқ
(И.Байзақов, Құралай., 141).
ТАРБАҚАЙ з а т. б о т. Қаратау мен
талас Алатауының тасты жерлерінде
өсетін, биіктігі 10-25 см. аласа бұта.
Т а р б а қ а й – түп жағынан бұтақтанып,
өте баяу өсетін өсімдік (ҚҰЭ, 8, 232).
ТАРҒАЯҚТА... Ақбас атан өрге қарай
т а р ғ а я қ т а п зорға басады (О.Бөкеев,
Үркер, 49).
ТАРҒАЯҚТАТ е т. с ө й л. Сəнін бұзу,
сиқын кетіру. Қайран əнді ашты айғаймен
т а р ғ а я қ т а т ы п тұр екенмін
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 49).
Т А Р Ғ А Я Қ Т АТ У Т а р ғ а я қ т а т
етістігінің қимыл атауы.
ТАРИХИЛЫҚ з а т. Тарихи екендік,
тарихқа сəйкестік. Қос романның да
эпикалық алымы, т а р и х и л ы ғ ы, ке-
йіпкер мүсіндеудегі тереңдігі əлденеше рет
ауызға ілігетін (Қаз. əдеб., 04.11.1983, 6).
ТАРИХТАНУ з а т. Тарихты тану
туралы ілім. Бұл орынды талапты жүзеге
асыруға т а р и х т а н у да үлкен үлес
қосады. Т а р и х т а н у басалқалықты,
білімдарлықты қалайды (Қаз. əдеб.,
08.05.1987, 7).
ТАРҚАТАРЛЫ с ы н. Егін еккен-
де қатар аралығының жақын орналас-
тырылуы. Демек, Балқаш-Алакөл ойпа-
ты аймағының құрғақшылық жағдайын-
да жаздың бидай егудің ең жақсы тə-
сілі т а р қ а т а р л ы тəсіл болып табы-
лады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1972, №2, 11).
ТАРҚАТЫЛҒЫШТЫҚ с ы н. Тар-
қатыла беретіндік, сөгілгіштік. Қосқабат-
ты тоқылған өрімді трикотаждың т а р қ а
т ы л ғ ы ш т ы қ дəрежесі басқаларға
қарағанда аздау (Ж.Əбдуғапарова, Трико-
таж өндірісі., 176).
ТАРҚОЛДЫҚ з а т. а у ы с. Сараңдық,
қытымырлық. Рас, ағайын, биыл таби-
ғаттың т а р қ о л д ы қ жасағаны рас (Лен.
жас, 12.10.1974, 4).
ТАРЛАНБОЗДЫҚ з а т. а у ы с.
Жүйріктік, майталмандық, саңлақтық.
Құлтума Өтемісұлының кеудесін өлең
кернеген т а р л а н б о з д ы ғ ы н а оның
сұлу тізілген, көркем түзілген мына бір
айшықты жолдары толық дəлел (Қаз. əдеб.,
12.02.1988, 15).
ТАРЛАУЛЫ с ы н. Тарлау өскен, тар-
лауы мол. Бір жағы Құсмұрын саласына
жалғасатын бетегелі кең тепсең, екінші
жағы жағалай көк т а р л а у л ы, қара отты
ашылауыт ой (С.Бегалин, Бала Шоқан, 5).
Көк т а р л а у л ы, бұдыр бетегелі, моншақ
жусанды Ұлытау жері де сол игіліктің
біразын бере алады (Советтік Қарағанды,
18.12.1960, 3).
Достарыңызбен бөлісу: |