Ат тағалау. Мініс аттың тұяқ-
табанына таға шегелеу ісі. А т т а ғ а л
а у таулы-тасты күдір жерлерде аттың та-
банына тас батудан, тасырқаудан сақтайды
(Қаз. этнография., 1, 248).
Ат тарту. э т н. Ат жарысында көмбеге
жақындап қалған атқа жанкүйерлерінің
қиқулап дем беріп, сүйреп, демеу жорасы
(Қаз. этнография., 3, 223).
Аттыға жол, ауыздағы сөз бермеді.
1. Бабырап көп сөйледі, тіл мен жағына
сүйенді. 2. Сөзге шешен, тілге жүйрік.
Аттының аяғын, жаяудың таяғын
алған. Қу, əккі.
Аттың қара қапталынан. Бір нəрсенің
өлшемі, мөлшері. Айтпа! Оның қырсығы
а т т ы ң қ а р а қ а п т а л ы н а н
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 40).
Ат тіс. Аттың тісіндей тіс, ірі тіс.
Атына қамшы басты. Тұра шапты.
Қамалға жақындай бере сарбаз а т ы н а
қ а м ш ы б а с қ а н д а, бұл не істерін
білмей, анадай жерде тұрып қалып еді
(Ə.Оспанов, Жанқожа батыр, 20).
АТА: Ата бұғы. Бұғының үлкені (еркегі).
А т а б ұ ғ ы анадай жерде қаздиып қарауыл
қарап тұр екен (Қаз. əдеб., 05.06.1987, 14).
Ата жау. Ежелгі, байырғы жау, қанды
қол дұшпан.
Ата күші. э т н. Құдалық салтта жі-
гіт жағы беретін жол-жорағылардың бірі.
Салт бойынша жігіт жақ құдаларына қа-
лыңмал, ана сүті, а т а к ү ш і жəне өлі-тірі
дегендер сияқты жол-жоралғыларын береді
(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 76).
Ата қораз. Жасамыс қораз. Екі қо-
разы бар: бірі – бала қораз, екіншісі –
а т а қ о р а з. Сонсоң сегіз мекиен тауық
(Ж. Əлмашұлы, Тар дүние, 487).
Атамнан аулақ. Əрі кет, жолама.
Атаңның көріне сиейін! Атаңа нəлет
д.м. қарғыс. Бірінші, екінші... оныншы а т а ң
н ы ң к ө р і н е с и е й і н! (Ж.Нəжімеденов, Ақ
шағыл, 204).
Ата сақал. Жасы келгендердің, ата-
лардың сақалы. Мұнда шоқша сақал, қаба
сақал, а т а с а қ а л , күйек сақал дейсің бе,
əйтеуір неше алуан сақалдар толып жатыр
(Н. Ораз, Сиқырлы., 82).
АТАБАШ з а т. с ө й л. Шүлдік. Бұл
ойын халық мұғалімі Байтоғайұлының
еңбегінде «лекжалау» делінген. Ал Шығыс
Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарында
« а т а б а ш» деп аталады (Б.Төтенаев, Қаз.
ұлт. ойын., 7).
АТАБЕЗ з а т. а н а т. Адамның, малдың
еркектік безі. Кей жағдайда а т а б е з, яғни
жұмыртқа нəрестенің эмбриологиялық
даму барысында ұмаға түспей қалады (Жас
Алаш, 01.11.2003, 5).
АТАҒАШ з а т. Үстіне шығып, үйдің
қабырғасын немесе төбесін майлайтын
құрал. А т а ғ а ш т ы құрылыс жұмыстары
кезінде адам қолы жетпейтін жерлерге қол
жеткізу үшін қолданады (Қаз. этнография.,
1, 254).
АТАЕРКІ: Атаеркі дəуірі. з а т. т а р.
Отбасының атаға (əкеге) бағыну дəуірі.
Мəселен, а т а е р к і д ə у і р і (патриархат),
анаеркі дəуірі (матриархат) секілді түрік
сөздерін біз өз еңбектерімізде пайдалануға
тырысып жүрміз (Ана тілі, 27.09.1990, 2).
АТАЕСІМ з а т. ж а ң а. Фамилия. Ол
бапта жаңағы а т а е с і м мен əкесімді
өзгерту тəртібі міндетті түрде жазылады
(Ана тілі, 27.02.1992, 7). Қазақта Егембер-
диев деген а т а е с і м көп замандардан
бері келе жатыр (Ана тілі, 14.11.2002, 7).
АТАКҮЛДІК з а т. ж е р г. Атажұрт.
1904 ж. қайтыс болған Мақаштың бейіті
а т а к ү л д і г і н е н 4-5 шақырым жерде
(Ана тілі, 26.03.1992, 5).
АТАҚ-БЕДЕЛ з а т. Атағы мен беделі,
екеуі де бірге. Бұрыннан келе жатқан а т
а қ-б е д е л і н бетке ұстаған Қайролланың
кейде тапсырылған жұмысқа жүрдім-
бардым қарайтын əдеті де бар (Е. Мырзах-
метов, Туған күн, 9).
АТАҚОСТЕК з а т. ж е р г. Ататек.
– Бұралқы сөз күлуге жақсы деп, кішкене
64
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
баланы қазірден бастап а т а қ о с т е к
таратуға үйреткендерің жөн емес, - деді
екінші біреу (Жалын, 1973, 6, 51).
АТАЛҒЫ з а т. Ойыс жүзді шот (Х.
Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман, 174). А т а л
ғ ы - дөңес жүзді шот. Ер жонатын аспап
(Ана тілі, 23.09.1993, 6).
АТАЛЫҚ з а т. б о т. Өсімдіктің
көбеюіне қатысты басты мүшелердің бірі.
Гүлдің негізгі мүшелері – а т а л ы қ пен
аналық (Ботаника, 108). А т а л ы қ т а р
гүлдің аналығын қоршап тұрады (Бұл да).
Аталық гүл. б о т. Аталықтар кейде
аталық гүлдер деп те аталады. А т а л
ы қ г ү л д е р жеміс бермейді, сондықтан
оларды бос гүлдер деп атайды (Ботаника,
110). Өсімдіктің жеке гүлі тостағанша,
күлте жəне а т а л ы қ г ү л, аналық гүл
болып, бірнеше бөлікке бөлінеді (Биоло-
гия, 107). Кейбір өсімдіктердің бір гүлінде
тек аналықтар – аналық гүлдер, ал басқа
гүлінде тек аталықтар – а т а л ы қ г ү л д
е р болады (Биология, 160).
Аталық жіпшелер. б о т. Аталықтың
құрамына кіретін мүшелердің бірі. Аталық
а т а л ы қ ж і п ш е л е р д е н жəне
тозаңқаптан құралады (Ботаника. 108). А т
а л ы қ ж і п ш е л е р – аталықтың жіңішке
сабақтары олардың басыңда тозаңқап бола-
ды (Бұл да, 107).
АТАЛЫРАҚ с ы н. Атасы əйгілірек,
белгілірек. Ақ патшаның емшісінің қазақ
даласында одан гөрі а т а л ы р а қ,
аруақтырақ өзге сұлтан құрып қалғандай
Əбілқайырдың іргесін бағып шықпай қой-
ғаны еді ғой (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 284).
АТАМАНШЫЛ с ы н. Атаманды,
қолдаушы, атаманды жақтаушы. Алай-
да шетелдік империалистер қолдаған
жетсулық бай-кулактар, казактардың а т
а м а н ш ы л топтары мен буржуашыл
ұлшылдар Совет өкіметіне қарсы күресін
тоқтатпады (ҚСЭ, 3, 17).
АТАМДАТ е т. «Атам», «атам» деп
жылау. ≈ Атамдатсаң а т а м д а т, бо-
тамдатпа.
АТАМДАТУ Атамдат етістігінің
қимыл атауы.
АТАМЗАМАННАН ү с т. Баяғыдан,
ежелден. ≈ Бұл – а т а м з а м а н н а н келе
жатқан салт, дəстүр.
АТАН: Атан шығар. Атан болуға аз
уақыт қалған, піштірген (түйе).
АТАНЫ з а т. к ө н е. Бұлғары. Сары а т
а н ы белбеуіне екі басбармағын қыстырып
алыпты (Ғ. Мүсірепов, Оян. өлке, 57).
Қабат-қабат киініп, белін қызыл а т а н ы
м е н шіреп буып алған (Бұл да, 178). Оқпа-
нына кейін күміс шегелер қағылған,
тоқымы қызыл а т а н ы м е н тысталған
жеңіл ертоқым Қаратайдың ертоқымы еді
(С. Жүнісов, Ақан сері, 353).
АТАСПАС қ. Атөтпес. Тоғызқұма-
лақшының біреуі көкмойыннан, біреуі
ортадан, кейбіреуі а т а с п а с т а н, бел-
басардан бастаймын деп кезек алып, ал-
ғашқы боп көшеді (Лен. жас, 08.11.1988, 4).
АТАУЛЫ: Атаулы көмек. Белгілі
бір адамға, белгілі бір іске жасалған
мемлекеттік арнаулы көмек (Бекіт. тер-
мин., 11).
АТАУЫЗ з а т. к ө н е. Патша өкіметі
жиятын салықтардың бір түрі. Казак-
орыстың уряднигі, полицайы а т а у ы з,
шаңбасар доход жинаушысы бір кенеледі
(Ж. Аймауытов, Шығ., 107). Қалада салып
алған сарайдай үйлері, сəулетті дүкендері
анау. Имениелеріне қыр қазақтарының
малы жолап кетсе табандатып «а т а у
ы з» төлетеді (Жұлдыз, 1972, 9, 161).
АТАУЫШТЫҚ з а т. Атайтындық,
атаушылық. Сөздердің атқаратын ең негіз-
гі функциясы – а т а у ы ш т ы қ қызмет
(М. Белбаева, Қазіргі қаз. тілі., 12).
АТАШЫЛ с ы н. «Ата-ата» деп аузы-
нан тастайтын, атасын жақсы көретін
(бала). Кішкентай қара домалағы қолынан
жетелеп, ойыншықтарын көрсетіп, «ата-
ата» деп жүр. – А т а ш ы л ы н жаман
неменің, - деп қояды Ерекең күліп (Н. Ораз,
Сиқырлы., 172).
АТБАҚЫЛ з а т. э т н. Бір томпаймен
екінші томпайды атып ойнау. Көтеріспек
немесе а т б а қ ы л ойынына екі ойын-
шы қатысады да, ойынды өздері ұнатқан
жерлерінде ойнай береді. Ойыншылардың
əрқайсысында сиырдың асығы болуы керек
(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 50). А т б а
қ ы л ғ а екі бала қатысады. Біреуі томпай-
ын алысырақ лақтырады, екіншісі оны өз
томпайымен (сампайымен) атады. Тигізсе
қарсыласы оны томпай жатқан жерге дейін
арқалап көтеріп апарады (Қаз. этнография.,
1, 259).
АТБАС: Атбас балық. и х т и о л. Теңіз-
де тіршілік ететін, басы аттың басына
65
Байынқол Қалиев
ұқсас балық түрі. А т б а с б а л ы қ т а
р маржандар мен балдырлардың арасында
тіршілік етеді (Су асты., тіршілік, 42). Теңіз
а т б а с б а л ы қ т а р ы өте баяу жүзеді
жəне қауіп төнген кезде керемет камуфля-
жына сеніп, жасырына қалады (Бұл да, 43).
Шанжар, көксерке, пинагор, бекіре, а т б
а с б а л ы қ, инебалық т.б. ұрпақтарына
қамқорлық жасайды (Қ. Қайымов, Зооло-
гия., 79).
АТБЕКЕТТІК з а т. с ө й л. Адвокат-
тық. Ықаң бұрын үлкен қалада тұрып, а т
б е к е т т і к құрып, орыстан қатын алған
(Ж. Аймауытов, Шығ., 224).
АТБЕСІК з а т. Мəйіт салатын табыт
түрі (Қаз. этнография., 1, 260).
АТДОРБА з а т. Атқа жем беретін,
ат жем жейтін дорба. Халық шеберлері
тоқыған алаша, бау-басқұрлар, текемет,
қоржынжар, а т д о р б а л а р бар (Қаз.
əдеб., 11.04.1986, 11).
АТЕКЕ қ. Аталық. Саянды Сүйіншікке
а т е к е етем деп Рабиу-Сұлтан-Бегім
осында жанталасқан жоқ па еді? (І. Есен-
берлин, Алмас., 139). Ұлықбектің туған
баласы жиеніне а т е к е болып, менің
қолымда тұрса, қандай күш! (Бұл да).
АТЖАЛ з а т. с ө й л. Бөкес. Сөз етіп
отырған совхоздың шабандығын аралағанда
а т ж а л д а ғ ы шөпті айырмен шаншып
əкеп, үймекке салып жатқан адамды
көрмексіз (Жетісу. 11.07.1967, 3).
АТЖАЛДЫ с ы н. Ат жалдаған, атжал
етілген. Егіс даласындағы а т ж а л д ы
бидай дестесіндегі қар мұрты бұзылмай,
мұздап жатып алды (Ш. Мұртазаев, Ин-
тернат., 63).
АТЖАЛМАНША ү с т. Атжалман
тəрізді, атжалман сияқты. Ол ін қазған
а т ж а л м а н ш а, топырақты артына
бұрқылдата лақтырып жатыр екен (А. Ме-
кебаев, Жезтырнақ, 199).
АТЖАНДЫ... Сары биенің өрен
жүйріктігін естіп білген, көздерімен көр-
ген а т ж а н д ы қазақ оны кейіннен
«Сауырдың Сағымсарысы» атандырарын
да білмеген (К. Сегізбаев, Беласқан, 396).
АТЖҮЙРІК з а т. Мал сойғанда көзге
түсетін шеміршек. Оны лақтырсаң,
керегеге жабысып қалса, атың жүйрік
болады деген ырым бар. – Міне, əже, мен
а т ж ү й р і к т і де білемін (С. Жүнісов,
Заманай.., 175).
АТКЕЖІМ Атқа жабатын, əдемілеп
арнайы жасалған жабу; атжабу. Жеңіл
жабылған а т к е ж і м м е н жабуланып,
мамағашта сарытап боп байлаулы тұратын
(Саятшылық, 175).
АТКЕЗ з а т. Бір елден екінші елге
алып өтуге болмайтын заңсыз тауар.
Кеденшілер тіпті буған жүкті, А т к е з
нəрсе бар ма? – деп, тыққан тіпті. Ана-
мына «көрімдік» неге алмасын, Əйтсе де
аңғарымыз аман шықты (А. Үлімжіұлы,
Шығ.жин., 2, 233).
АТКЕЗШІЛІК з а т. Аткезші (контра-
бандист) болушылық. А т к е з ш і л і к
т і баста істегендер əлі де істеп жүр (Ж.
Тұрлыбаев, Семсер, 57). Демек олар а т к е
з ш і л і к п е н айналыса жүріп, ол жақтағы
сыбайластарынан қару-жарақ алғызуы да
ғажап емес қой (Бұл да, 62).
АТКӨКЕК з а т. з о о л. х а л қ. Бəбісек.
Көкек деген құс Қазақстанда да бар. Ай-
дарлы, əдемі құс. Қазақтар оны «а т к ө к
е к» деп атайды. А т к ө к е к т і ң ешкімге
қатысы жоқ (Жас алаш, 20.01.2005, 6).
АТКӨПШІК з а т. Атқа ерттел-
ген ердің үстіне төселетін кішкентай
көрпеше. А т к ө п ш і к т і ң көлемі ердің
екі қасының арасына сиятындай мөлшерде
болады (Қаз. этнография., 1, 262).
АТҚАЗЫҚ з а т. ж е р г. Мама ағаш. Бір
кезде шағырлы үрпектің тасасынан а т қ а
з ы қ т ы ң ұшы көрінеді (Ж. Нəжімеденов,
Кішкентай, 97). Үлкен қара төбетті ұстап,
есік алдында жатқан ескі арқанның үзігімен
а т қ а з ы қ қ а байлады (Б. Шаханұлы,
Таңд., 1, 374).
АТҚАРАТЫНСУ Атқаратынсы
етістігінің қимыл атауы.
АТҚАРАТЫНСЫ е т. Белгілі бір
жұмысты (істі) атқарғансу. Бəрі де
көкірегін керіп, екпіндеп, ауылға айғырсып
келеді; барлық жұмысты қолынан а т қ а
р а т ы н с ы п, закүншіксініп, білгішсініп
келеді (Ж. Тілепбергенов, Ізбасар, 173).
АТ Қ Ұ М А РЛ Ы Қ . . . К ү н і к е ш е
Біркімбайдың шылауында жүрген кіші
бапкері а т қ ұ м а р л ы қ т а н басқаны
білмеген туысқанындай емес, заманның
ағымына, заң-законге жүйрік адам боп
шықты (Т. Əлімқұлов, Сейтек сарыны, 83).
АТҚЫ¹ з а т. к ө н е. 1. Садақ пен же-
беден тұратын, өзінен-өзі атылатын,
аңшылық құрал. А т қ ы н ы ірі аңдар
66
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жүретін жолдарға қаратып құрып қояды
(Қаз. этнография., 1, 263). А т қ ы н ы
ірі аңдар жүретін жолға қаратып, аңның
қос өкпесіне, кеудесіне тиетіндей етіп
құрып қояды. Аң көлденең керілген жіпке
соқтыққанда оқ атылып аңға қадалады (Ана
тілі, 04.11.1993, 7). 2. Соғыс кезінде жауға
тас ататын құрылғы. Өгіздегі арбаларға
ұзын сидалар орнатылып, үстінде жақ тар-
татын көземелері, үлкен малта тастарды
ататын а т қ ы л а р ы бар еді (Т. Зəкенұлы,
Мəңгітас, 290).
АТҚЫ² з а т. ж е р г. Тасқын. Пəлен
жерде пəлен кіре а т қ ы ғ а кетіпті, түген
жерде түгенше адамды көшкін əкетіпті (Қ.
Ысқақ, Тұйық, 115).
АТҚЫСЫР с ы н. Мүлде қысыр,
ешқашан тумайтын. – Үйіңдегі 12 биенің
алтауы анық буаз, екеуі неғайбыл, екеуі а т
қ ы с ы р. Қалған екеуінің қысырлығына
қоса өкпесінде тесігі бар (Ел аузынан, 116).
АТОЙЛЫ с ы н. Атойлаған, қарқынды,
екпінді. Сол құрылыстардың қарқыны да
екпінді, бəрінен жарыс серпінінің өзгеше
бір а т о й л ы лебі танылады (Б. Мұстафин,
Жайнаған., 8).
АТОМЫРАУЛАСТЫРУ з а т. Ат
үстінде ойналатын ойын. «А т о м ы р
а у л а с т ы р у» ойынының шарты бой-
ынша шеңбер ішіндегі аттылар бірін-бірі
ығыстырып шығаруы керек (Б. Төтенаев,
Қаз. ұлт. ойын., 76). Жамбы ату, а т о м ы
р а у л а с т ы р у – нағыз жігіттердің жігіті
ойнайтын ойындар (Бұл да, 21).
АТӨТПЕС з а т. Тоғызқұмалақ
т ақт асындағы солдан оңға қарай
санағандағы үшінші отау. Үшінші ұяның
а т ө т п е с аталу себебі одан құмалақтың
еш уақытта арылмайтындығынан (Ө. Жо-
лымбетов, Айгөлек, 48).
АТРАЗИН з а т. х и м. Арам-шөптерге
қарсы қолданылатын гербицидтердің
бірі. Соңғы жылдары бау-бақтарда өскен
арамшөптерге қарсы симазин, а т р а з и н,
мондрон жəне пропазин сияқты герби-
цидтер кеңінен қолданылуда (Қаз. ауыл.
шаруаш., 1966, 11, 29).
АТСЫРАТАР з а т. э т н. Тоғызқұ-
малақ тақтасындағы солдан оңға қарай
санағандағы төртінші отау. Тоғыз-
құмалақта да атөтпес жəне а т с ы р а т
а р деген екі отау бар (Ө. Жолымбетов,
Айгөлек, 49).
АТСЫРАТУ з а т. э т н. Тоғызқұма-
лақ ойынының мақсатқа құралған жоспа-
рының нəтижесі (Ə. Ақшораев, Тоғыз., 9).
АТСЫРАУ з а т. э т н. Тоғызқұмалақ
ойыны аяқталуға жақындағанда, бір
жағының құмалағы екінші жағына өтіп
кетіп, жүрерге құмалағы қалмай қалса,
мұны «атсырау» деп атап, қарсы жағы
отаулардағы барлық құмалақты өз есебіне
кіргізіп алады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 4, 119). Ойынның аяғына таман тас
азайып, қарсы жақтың отауларына шабу-
ылдау мүмкіндігі төмендеуді а т с ы р а у
дейді. Атсырамау үшін ойыншы өте шебер
болуы керек (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 49).
АТТАНШЫ з а т. Аттан-аттан деп,
дабыл қағушы, хабар беруші. Əйтеуір əр
сауалының алдында бақан көтеріп тұрар
а т т а н ш ы н ы ң жоқтығына шүкіршілік
ететін-ді (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 224).
АТТАТҚЫЗУ Аттатқыз етістігінің
қимыл атауы.
АТТАУШЫЛЫҚ з а т. Аттап кету-
шілік, істемеушілік. Əдетте күйеудің тəжі-
рибесіне, пысықтығына жəне қалтасының
қалыңдығына байланысты бұл ғұрыпты
а т т а у ш ы л ы қ та болып жататын
(Х.Арғынбаев, Қаз. семья, 199).
АТТҰМАР з а т. «Тіл-көзден сақтайды-
мыс деген мағиялық сенімге негізделіп, жүй-
рік немесе жорға аттың мойнына тағып
қоятын, ішіне жазылған дұғасы бар үшкіл
пішінді тұмар (Қаз. этнография., 1, 250).
АТТҰЯҚ з а т. Жылқы тұяғындай
алтын немесе күміс құйма. Сол сапарын-
да ол қытайлардан жəне моңғолдардан
«қойтұяқ», «тайтұяқ», «а т т ұ я қ» ата-
латын алтын жентектеріне қоржынының
бір басын толтырып қайтқан (С. Мұқанов,
Аққан жұлдыз, 2, 156).
АТТЫҚ з а т. Ердің адам мініп отыра-
тын жері; тұғырлық, кісілік, керсен (Ата
салты., 111).
АТТЫРМАҚ з а т. Шабылған шөпті
тырмалайтын ірі тісті техникалық құрал.
Онда Мұқағали а т т ы р м а қ п е н бөкес
салатын (Алм. ақшамы, 04.07.1991, 3).
АТШАБАРЛЫҚ з а т. Атшабар
болғандық, шабармандық. – Жұмағұлдай
ит болмас, қаныпезер! Елді қанқақсатып
жүретін, а т ш а б а р л ы қ қ а жаратқан
ғой өзін кəпірдің (М. Əуезов, Таңд. шығ.,
1, 310).
67
Байынқол Қалиев
АТШАКӨКЕК з а т. з о о л. с ө й л. Ат-
көкек. Көмекейін бүлкілдетіп, солығын
баса алмай сұңқылдаған а т ш а к ө к е к,
шық-шық еткен сауысқан... даланы
азан-қазан əуезге толтырып жібереді
(О.Сəрсенбаев, Бақыт., 52).
АТШЫЛЫҚ з а т. Атшы болу, атқа
қарау. – Бала, атшы болғың келе ме, бас-
шы болғың келе ме? – деп сұрапты. Бала:
- Атшы болсам да, жарайды ғой! – деп-
ті. Сонда Абылай хан: - Дұрыс балам.
Алғашқы жүрісің а т ш ы л ы қ т а н
басталсын! – деген екен (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9., 16).
АТЫ: Аты жаман ауру [кесел]. Рак
ауруының қосымша аты. – Иманы саламат
болсын. Ауырған ба еді? – А т ы ж а м а н
а у р у д а н (Т. Қашуақ, Мəрмəр., 207).
Аты жоқ қол. қ. Аты жоқ саусақ.
Қазақ бес саусағының ортан саусағынан
кейінгі төртінші саусағын «а т ы ж о қ
қ о л» дейді. Сол «а т ы ж о қ қ о л» деген
сөздің өзі атаулық мəнде қолданылып тұр
(Егем. Қазақст., 22.12.2006, 8).
Аты жоқ саусақ. Қолдың төртінші
саусағы; шылдыр шүмек. Мұнда бала-
ға алдымен өз алақанын жаздырып:
«басбармақ, сұқсаусақ (сұққол), ортаңғы
саусақ (ортаңқол), а т ы ж о қ с а у с а қ
шынашақ» деп жалпы бір рет танысты-
рады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 31).
Ғалымдар еркекшора қыз-келіншектердің
сұқ жəне а т ы ж о қ с а у с а қ т а р ы
ұзындығының бірдей болатынын айтып
отыр (Ана тілі, 31.03.2011, 11).
Достарыңызбен бөлісу: |