Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет17/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   168

Аясына  алды.  Қамқорлық  көрсетті, 

пана болды. 

АЯҚАяғына су түсті. Ұзақ жүрістен 

кейін жақсы суытылмай отқа жіберілген 

атта болатын ауру; аяғына жем түсті. 

Көрінген  мініп,  ақыры  а  я  ғ  ы  н  а    с  у



т ү с і п, мүсəпір болып жатысы анау (Ш. 

Мұртазаев, Интернат., 47).



Аяғын  шауып  алды.  Ат  шапқанда 

артқы  аяғымен  алдыңғы  аяғын  басып 

қалып, жарақаттап алды. Күржік кешегі 

бəйгеде а я ғ ы н  ш а у ы п  а л д ы. Енді ол 

көкпарға да жарамайды (Т. Əлімқұлов, Ел 

мен жер, 49).



Аяғыңды аттама. Келме, жолама. 

Аяқ көрік. Ұсталықта қолданылатын, 

қолмен емес, аяқпен іске қосылатын көрік. 

Дөңгелектің  иінді  білігіне  жалғасқан 

табанілдірікті (педаль) басып а я қ к ө р і к 

т і іске қосады (Қаз. этнография., 1, 298). 

Аяққа жығылды. Кінəлі адамның өзі 

айыпты болған адамның аяғына жығылып, 

кешірім сұрады. А я қ қ а  ж ы ғ ы л у – 

кешірім сұраудың ең ауыр түрі. А я қ қ а 



ж ы ғ ы л ғ а н соң, қандай ауыр күнə болса 

да  кешіріледі  (А.  Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 1, 137). 

Аяқ  су.  Арықпен  жетектеп  жүріп 

суғаратын су. Биыл су тапшы болғандықтан, 

жұрт а я қ  с у д а н үміт үзіп, күші келгені  

шығыр,  күші  келмегені    атпа  құруға 

кіріскен-ді (Ж. Арыстанов, Жалынды., 237). 

Бірер  жетіден  кейін  шошқаны  сықақтау

а я қ  с у ғ а айналды (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 

278). 


Аяқ суытты... Саудагерлердің [Қоянды 

жəрмеңкесіне]  барарда  атын  айдап, 

қайтарда малын жайып қайтып жүргенде 

осы жерге ол талай түнеген, а я ғ ы н  с у ы т



қ а н (Ы. Тникин, Жомарт., 62). 

АЯҚБАУ з а т. э т н. Сəндік үшін уықтың 

иініне төрт жерден тағылатын шашақты 

бау. Əрбір а я қ б а у д а үш-үштен алты 

шашақ  төгіліп  тұрады  (Ə.  Тəжімұратов, 

Шебер., 29). Киіз  үйдің  уықбауы,  жел-

бауы, а я қ б а у ы, шалмасы, құры, бас-

құры,  жел  арқаны,  белдеуі,  үзік,  туыр-

лық,  түңлік  баулары  тек  əдемілік  үшін 

əр  түрлі  болып  жасалмаған  (Лен.  жас, 

23.11.1972, 3). 



АЯҚДОПШЫ з а т. ж а ң а. Аяқдоп ойнай-

тын ойыншы; футболист. Қарағандылық 

а  я  қ  д  о  п  ш  ы  л  а  р  өз  алаңында  өткен

72

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ойында  бірде-бір  жеңіліске  ұшырамады 

(Жас. Алаш, 13.01.2008).

АЯҚЖАҚСЫ з а т. э т н. Қыз беретін 

жаққа  төленетін  қалыңмалдың  ең  аз 

мөлшері.  Мəселен,  деректерде  қалыңмал 

есебінде  «басжақсы»  деп  берілетін  бес 

түйеге қосып бір қызжетім (күң), ал «а я қ-

ж а қ с ы» деп беретін үш түйеге қоса бір 

«еркекжетім» (құл)  беретіндігі  туралы 

баяндалған (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 235).

«Тоғыздың» басжақсысы күң болса, а я қ 



ж а қ с ы с ы құлынды бие, ал басжақсысы 

түйе болса, а я қ ж а қ с ы с ы қымбат шапан 

болады (Қаз. этнография., 1, 299). 

АЯҚҚАП  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Ауруханаға 

кірерде тазалық сақтау үшін аяқкиімінің 

сыртынан  киетін  жұқа  қап. – Шешіңіз, 

мен сізге қазір халат бергіздірейін, - деді 

де дəрігер: - Лидия Ивановна, осы адамға 

халат пен а я қ қ а п (бахиля) əзірлетіңізші! 

(Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 214). 

АЯҚТАБАҚ...  Тартылатын  еттің 

қонаққа  сəйкестіріліп  табаққа  салынуын  

бастабақ, сыйтабақ, ортатабақ жəне а я қ

т а б а қ деген төрт түрге бөлуге болады 

(Ата салты., 145). 



АЯҚТАП¹ ү с т. Аяғымен кешіп (суды). 

Жол  ортасында  Сібір  өзендері  тасымай-

ды. Аты жүзімей-ақ а я қ т а п өтіп кетті 

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 284). Жалғыз 

«Қайраңкөлден»  басқа  көлдердің  бəрінен 

де  а  я  қ  т  а  п  өте  берем  (Ғ.  Мүсірепов, 

Ұлпан, 123). 

АЯҚТАП²  ү  с  т.  Аяқ-аяғымен,  сан-

санымен  (бөліп  алу).  Тірі  малды  бірігіп 

сойып, а я қ т а п, жіліктеп бөліп алатын 

(Жас алаш, 06.06.1998, 6). 

АЯҚТАП

3

  ү  с  т.  Аяқ-аяқ  етіп,  аяқпен 



(ішті). Бал а я қ т а п ішіліп, шарап ша-

расымен  сіміріліп  жатты  (М.  Мағауин, 

Аласапыран, 2, 37). 

АЯҚТОҒЫЗ з а т. с ө й л. Аяқжасы. 

Əдетте «тоғыз» белгіленгенде бастоғыз бен 



а я қ т о ғ ы з анық көрсетілуі керек (Қаз. 

этнография., 1, 302). 



АЯҚТЫ: Аяқты балық. з о о л. с ө й л. 

Бақатіс. А я қ т ы б а л ы қ суда тіршілік 

етеді (Білім жəне еңбек, 1985, 2, 15). Бақатіс 

немесе  а  я  қ  т  ы  б  а  л  ы  қ  қатпайтын 

бұлақтарда қыстап шығады (Бұл да). 



АЯЛҒЫ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Реті,  жөні. 

–  Айтпақшы  «құдай»  деген  сөзді  не 

қылмаңыздаршы, сөздің а я л ғ ы с ы ғой, 

- деді (Ж. Аймауытов, Шығ., 1989, 232). 



АЯЛДАТЫЛ  Аялдат  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Күндіз  күн 

ысыған  кезде  отар  саялы  жерде  немесе 

қырат беткейінде біраз а я л д а т ы л а д ы 

(Қаз. ауыл шаруаш., 1966, 11, 52). 



АЯЛДАТЫЛУ  Аялдатыл  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЯН:  Аян  омыртқа.  ж  е  р  г.  Азат 

омыртқа. Тіліміздің этнографиялық лекси-

касында диалектілік ерекшеліктер де едəуір 

орын алады. Мысалы, сүйінші – шүйінші, 

азат омыртқа – а я н  о м ы р т қ а, асар - үме,

тана  бау – тана  тағар,  жасырынбақ – 

бұғынбақ,  құдағи – құдағай  т.б. (Жалын, 

1974, 3, 148). 

АЯНКЕСТЕН  е  т.  Бір  нəрседен  аяну, 

аянкес болу. – Кім біліпті. Тым бой күйттеп, 

марғауланып, а я н к е с т е н і п кеттік пе?! 

(Б. Шаханов, Қаратау., 9). 

АЯНКЕСТЕНУ Аянкестен етістігінің 

қимыл атауы. 

АЯНШЫ з а т. Аян берілген адам. А я 

н ш ы келіп сөйлейді, Сөйлегенде бұ дейді 

(Ер Сайын, 23).



АЯНЫШСЫЗ с ы н. Ешқандай аяныш 

жоқ;  есіркеусіз,  мүсіркеусіз.  А  я  н  ы  ш 

с ы з, өкінішсіз мал кеуделі Тұңғатар, міне, 

Ұзаққа атап отырған кəрі аруақ... – Бəкей 

аруағы (Жұлдыз, 1974, 8, 27). 

АЯНЫШТЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап  ая-

нышты, жан ашитындай. Əйткенмен əлгі 

үйлер Нариманға а я н ы ш т ы л а у көрінді 

(Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 19). 

АЯСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Көлемсіздік, 

аумақсыздық.  Сосын  қазған  шұңқыр-

дың  а  я  с  ы  з  д  ы  ғ  ы  н  а  қарамастан 

өлікті  жүресінен  отырғыза  салып,  қай-

та  көме  бастады  (А.Мекебаев,  Жезтыр-

нақ, 199).

А Я У Г Е Р Ш І Л І К :   А я у ге р ш і л і к 

білдірді.  Аяды,  есіркеді,  мүсіркеді.  Бəрі

де  дабырласып  Оштай  кемпірді  əңгіме 

етісті. Кішкентай Шарманға а я у г е р ш і л і к

б і л д і р г е н болды (Жалын, 1973, 1, 9). 

Аяугершілік жасады. Аяушылық етті, 

мүсіркеді.  Дегенмен...  баланы  осында 

біраз  уақытқа  қалдырып  кетеміз  деп  ал-

дын-ала айтып қойған соң, шалға да аздап 

а я у г е р ш і л і к  ж а с а ғ а н болды 

(Т.Нұрмағамбетов, Қош бол., 12). 



73

Байынқол Қалиев

ƏБЕСТЕН  е  т.  с  ө  й  л.  Əбессін.  Ол 

қамшысын  шолтаң  еткізді.  Сонысынан 



ə  б  е  с  т  е  н  г  е  н  д  е  й  таңдайын  қақты 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 31). 



ƏБЖЫЛАНША  ү  с  т.  Əбжылан 

сияқты,  əбжылан  тəрізді. –  Қой,  қайда-

ғыны шатпа, - деп құлақ түбінде ə б ж ы л 



а н ш а ысылдады қара шал (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 9). Кертоқал ə б ж ы л а н 



ш  а  ысқырынып,  Басына  бағдан  Хорлан 

түсті бүлік. Өгей қыз «отырса – опақ, тұрса 

– сопақ», Бидайық балапанды қысты бүріп 

(М. Əлімбаев, Өшпес от, 42). Ə б ж ы л а н



ш  а  толғап  созған  басын  тайраңдаған 

бойында  жерден  қалт  көтеріп  алғанды 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 33). 

ƏБЖІЛДІК:  Əбжілдік  танытты. 

Икемділік, ептілік, көрсетті. Мен өзімше, 

сол баяғы жігіт кезімдегідей ə б ж і л д і к 



т а н ы т ы п, бір оңтайлы жерден секіріп 

түстім (А. Əшімұлы, Таң. шығ., 2, 7). 



ƏБЗАМАТТА е т. ж е р г. Лезде, тез, 

жылдам. Əйелдің – балқия екені, еркектің – 

Мажан екені ə б з а м а т т а қыр үстіндегі 

жұртқа аян болды (С.Елубай, Ақ боз., 40). 

Содан  ə  б  з  а  м  а  т  т  а  ауыл  іші  жаңа 

хабарға толды да кетті (Бұл да, 52). 

ƏБЗЕЛДЕУ Əбзелде етістігінің қимыл 

атауы. Міну былай тұрсын, атты ə б з е л

д е у д і білмейді. Желдік əкел десе, көпшік 

əкеледі (Лен. жас, 27, 12, 1972, 2). 



ƏБЗЕЛДЕТУ  Əбзелдет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏБЗЕЛСІЗДІК  з  а  т.  Əбзелі  жоқтық, 

əлі əбзелденбеген. 

ƏБСІН ү с т. ж е р г. Үнемі, жиі. Демек,

бұдан  аңғарылатын  жағдай  сөз  зерттеуде

талас тудыратын сөз қолданыс ə б с і н кез-

десіп отыратындығы (Соц. Қаз., 29.03.1991, 4). 



ƏБІЖІН з а т. ж е р г. Зəбір. ≈ Көп ə б і 

ж і н көрдім (Г. Бегалиев, Қаз.ор.сөзд., 226). 

ƏБІНАУАТ з а т. к ə с і б. Үлкен сары 

қауын. 

ƏБІРЕТТЕН  е  т.  к  ө  н  е.  Үлгі,  өнеге, 

ғибарат  д.  м.  Мешіт  көзге  көркем,  өзі 

биік,  Тұрады  жұмасына  жұрт  жыйылып, 



Ə б і р е т т е н і п борышымды өтейін деп, 

Мен  бардым  шаттығымнан  көңілім  сүйіп 

(С.Торайғыров, Таңд. шығ., 56). 

ƏБІРЕТТЕНУ Əбіреттен етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏДЕБИЕТТАНУШЫ з а т. Əдебиетті 

зерттеуші, əдебиет маманы. 

ƏДЕБИЕТТЕН  е  т.  Əдеби  тілге  ай-

налу, қалыптасу. Егер қазақ əдеби тілінің 

даму,  қалыптсау  тарихын  шолсақ,  оның 

негізгі де, өрнегі де жалпы халықтың тіл 

болғанын,  ал  ауыз  əдебиетінің  тілі  сол 

жалпы халықтық тілдің ə д е б и е т т е н 

г е н үлгісі екенін мойындауға тиіспіз (Қаз. 

тілі түсін. сөзд., 1, 9). 



Ə Д Е Б И Е Т Т Е Н У   Ə д е б и е т т е н 

етістігінің қимыл атауы. 

ƏДЕПНАМА з а т. ж а ң а. Əдептілік ту-

ралы қағидалар жиынтығы; этика. Бұл оқу 

құралында  мемлекеттік  қызметкерлердің 

келбет-бейнесі  мен  ə  д  е  п  н  а  м  а  с  ы  н 

ы  ң  теориялық  негіздері  қарастырылады 

(Айқын, 17.03.2009).



ƏДИПА з а т. и р. Құпия, ғаламат. Бір 

күні шырақ жаға өзі келді. Бұл жерде бір 

хикая сөзі келді, Қараса шырақ жағып жан 

жағына. Жұмысқа бір ə д и п а кезі келді 

(Ө. Ақжолұлы, Үриятнама, 118).

ƏДРЕС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жібек  шалыс 

шілтерлі мата. Ə д р е с еді көрпесі-ай, Ол 

Жəдігер  зарлайды.  Байбөрінің  еркесі-ай! 

(Алпамыс, 172). 

ƏДІБҰЛДЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Мұрат, 

мақсат.  -  Əуезім  жігіт  боп  қалды.  Кімге 

телмеңдетейін енді. Соны ə б д і б ұ л д ы қ 



қ а жеткізсем... (А. Нысаналин, Алыс. алау, 

35). Орыс тілін үйренсек ə б д і б ұ л д ы қ



қ  а  қолымыз  бірден  жететіндей  көрінеді 

(Алматы ақшамы, 04.01.1990). 



ƏДІЛДІЛІК з а т. с ө й л. Əділдік. 

ƏДІЛҚАЗЫЛАР :  Əділқазылар 

алқасы.  Төрелік  етушілер,  төрелік  жа-

саушылар.  Сахнаға  жанамалай  қойылған 

орындықтарға жайғасқан ə д і л қ а з ы л а р 



а л қ а с ы н а залдың əр-əр тұсынан əредік 

ұшбу  хаттар  да  түсіп  жатты  (Қ.  Ботбай, 

Егіз., 70). 

ƏДІЛІРЕК с ы н. Əділеттірек, əділдеу. 

ƏДІМҰЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Əдімұ-

лық.  Қартайған  ата-анасын  сүйретіп 

қайда  барады,  бүйтіп  шұбап  жүріп  қай 



ə д і м ұ л ы қ қ а жетеді (О.Сəрсенбаев,

Бақыт., 207). – Сенсіз  де  таңымыз  атып, 

тауығымыз шақырған. Бізді ə д і м ұ л ы қ

қ  а  жеткізбей-ақ  қой  (Қ.  Найманбаев, 

Беймезгіл., 32). 



Ə

74

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ƏДІС:  Əдісін  алды.  Бір  нəрсенің 

ыңғайын  тапты,  тəсілін  меңгерді, 

машықтанды. 

ƏДІСТЕМЕЛІК  с  ы  н.  Əдістемеге 

қатысты, əдістемеге жататын. Педагог-

ғалым сондай-ақ ана тілін оқыту жүйесін 

жеңілдету  мақсатымен  түрлі  ə  д  і  с  т  е 

м е л і к еңбектер де шығарған (Ана тілі, 

04.07.1991, 7). 



ƏЖАП з а т. с ө й л. Ғажап. – Балаң ə ж 

а п екен. Бірақ оны сұрампаз етіп үйретпе 

(О. Сəрсенбаев, Бақыт., 137). 



ƏЖЕТТІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Құмарлық

Оған басқалардай сұқтана қарамадым, ол 

кезде менің де ə ж е т т е г і м шамалы 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 261). 



ƏЖИНЕ з а т. к ө н е. Кəдірсіз, құнсыз, 

мылжың. Жақсы қартайса – қазына, Жаман 

қартайса – ə ж и н е (Мақал). 



ƏЖУАЛАС  Əжуала  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. 

ƏЖУАЛАСУ  Əжуалас  етістігінің 

қимыл  атауы.  Екеуінің  ə  ж  у  а  л  а  -

с  у  ы  н  Шөңкенің  даусы  бөлді  (Жұлдыз, 

1973, 3, 38). 



ƏЖІ  з  а  т.  Тасты,  кірпіштерді  қала-

ғанда  байланыстыратын  мықтылығы 

цементпен  таласарлықтай  лай  түрі 

(Ə.Нұрмағамбетов, Түрікм. қаз. тілі, 85). 



ƏЖІК-КҮЖІК  ү  с  т.  Күбір-күбір, 

сыбыр-сыбыр. Қаппар мен Айтуар ə ж і к-

к ү ж і к сөйлесті (Қаз. əдеб., 06.11. 1974, 4). 

ƏЗ:  Əз  айы.  к  ө  н  е.  Наурыз  айы. 

Автордың  пайымдауынша,  қазіргі  «На-

урыз»  айын  қазақтар  бұрын  «ə  з    а  й  ы» 

деп атаған. «Əз болмай жаз болмайды, жаз 

болмай ел мəз болмайды» деді сондықтан 

(Қаз. əдеб., 04.12.1991, 6). 



Əз  көтерді.  Құрметтеді,  ардақтады; 

басына  көтерді.  –  Орыстың  ақ  патшасы 

пайғамбар емес, несіне ə з  к ө т е р е с і ң 



д е р! – деді Жаяу Мұса көздері шатынап, 

ұшқын шаша (С. Рахымбек, Айдында., 20). 



ƏЗБАРАҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Борсықтың 

баласы.  Ересек  борсықтың  майын  емдік-

ке пайдаланғанымен, ə з б а р а қ т ы өлті-

руге қазақы дəстүр қоспайды (Қаз. этногра-

фия., 1, 309). Борсық баласы ə з б а р а қ 

аталатыны  жұртқа  мəлім  (Ана  тілі, 

03.04.1997, 8). 



ƏЗЕР-ПƏЗЕР ү с т. Əрең дегенде, зорға. 

Бастары  салбырап  кеткен,  алға  басқан 

аяқтары  артқа  кеткендей,  құр  сүлделе-

рін  сүйретіп,  ə  з  е  р-п  ə  з  е  р  қозғалады

(Д. Рамазан, Жылап аққан., 23). 

Ə З І Л Д Е С К Е Н СУ   Ə з і л д ес ке н с і 

етістігінің қимыл атауы. 

ƏЗІЛДЕСКЕНСІ  е  т.  Əзіл  айтқансу, 

қалжыңдасқансу.  Əлінбай  əйелдер-

ге көтерме сөздер айтады, көңіл аулап ə з



і л д е с к е н с и д і (М. Сқақбаев, Қырық 

қыз, 72). 



ƏЗІЛКЕШТЕН  е  т.  Əзілкеш  болып 

көріну, əзіл айтқансу. – Ойпыр-ай, Əлеке, 

айтпақшы, - деп ол мұның əйелі Аршагүлдің 

алдында  отырғандағыдай  ə  з  і  л  к  е  ш  -

т е н е санын бір соқты (Ұ. Доспанбетов, 

Шығ., 4, 67). 



Ə З І Л К Е Ш Т Е Н У   Ə з і л к е ш т е н 

етістігінің қимыл атауы. 

ƏЗІЛКЕШТЕУ  с  ы  н.  Жеңіл  əзіл

айтатын,  қалжыңшыл,  əзілқойлау.  Ол 

ə з і л к е ш т е у, үнемі көңілді жүретін, 

пысықайлығы  да  ешкімнен  кем  емес-ті 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 48). 

ƏЗІЛҚОЙЛАН  е  т.  Əзілқой  болып 

көріну, қуақылану. Басымды бұлғаңдатып, 

бет-аузымды құбылтып, ə з і л қ о й л а н 



ы  п  күлдіруге  тырысам  (А.  Жақсыбаев, 

Базарал, 78). 



Ə З І Л Қ О Й Л А Н У   Ə з і л қ о й л а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ƏЗІРЛЕНІЛ  Əзірлен  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Өткен қыста малға 

ірі  жемшөптің 30 проценті  ашытқылау 

əдісімен ə з і р л е н і л г е н түрде берілді 

(Қаз. ауыл шаруаг., 1986, 1, 46). 



ƏЗІРЛЕНІЛУ  Əзірленіл  етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏЙЕШ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Əйбəт,  əдемі, 

жақсы. – Мə, мына ə й е ш т е р і м д і тағып 

берейін (Т. Тілеуханов, Біздің əке., 18). 



ƏЙКƏПІР...  Қайсысының  қорасынан 

шығып ең, қайсысына ə й к ə п і р болып 

ең? (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 54). 

ƏЙКƏПІРЛЕ  е  т.  Қарғап-сілеу,  жа-

манаттау.  Əлде  қиына  теріс  оқу  сіңіп 

делқұлы бола бастаған ба деп сырттан ə й 



к ə п і р л е п, ғайбаттап жүргендер де бар 

(Д. Досжанов, Жолбарыс, 187). 



ƏЙКƏПІРЛЕН Əйкəпірле етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Əсіресе мынадай 

ағайынды ел араласып келіп аяқ астынан



ə й к ə п і р л е н і п шыққанда төгілер қан, 

шетінер  жан  аяулы  да  ардақты  (Жұлдыз, 

1972, 7, 72). 


75

Байынқол Қалиев

ƏЙКƏПІРЛЕНУ  Əйкəпірлен  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ƏЙКƏПІРЛЕУ

1

  с  ы  н.  «Əй  кəпір» 

дегізіп жүрген, жексұрындау, кəдірсіздеу. 

Ол педсоветке түсіп, сөгіс алып, біраз ə й 



к ə п і р л е у болып жүрген (Т. Əбдікұлы, 

Парасат., 95).



ƏЙКƏПІРЛЕУ

2

 Əйкəпірле етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏЙНЕККЕСКІШ з а т. Əйнек кесетін 

құрал,  алмас.  Əйнектеу  жұмыстарына 

ə й н е к к е с к і ш, сызғыш, бұрыштама, 

тістеуік (атауыз) жəне балға пайдаланыла-

ды (Шаңырақ, 22). 

ƏЙТ-ҮЙТ:  Əйт-үйтке  қарамады. 

с ө й л. Ай-шайға қарамады. 



ƏЙТ: Əйт шу, қарақұйрық. Артына 

қарамай  тайып  тұру  д.м.  –  Немене,  бұл 

сенің басыңа көк тас қоя ма? Ертең буыны 

бекіп, бұғанасы қатқасын ə й т  ш у,  қ а р а 

қ ұ й р ы қ деп тартып береді (Ш. Айтматов, 

Ақ кеме, 29). 



ƏКЕ:  Əкеңнің  аузын  [ұрайын]. 

Біреудің  əкесін  боқтаған  боқтық  сөз.  – 

Миыңды шағып жейін бе, ə к е ң н і ң  а у 



з ы н... Неменеге ежірейесің? (Р. Тоқтаров, 

Ертіс., 2, 14). - Ə к е ң н і ң  а у з ы н ұ р а 



й ы н н ы ң, қақпаны қай тастың түбінде 

екен, - деп өз-өзінен қызғана шамырқанды 

(О. Бөкеев, Мұзтау, 162).

ƏКЕБАС о д. Жасы кішіге айтылатын 

еркелету сөз. – Мен жоқта саған ə к е б а с, 

көкебас деді ме? (Ə. Байбол, Теміржол., 32).



ƏКЕЕСІМ з а т. ж а ң а. Əкесінің есімі, 

отчество.  Ол  бапта  жаңағы  атаесім  мен

ə к е е с і м д і өзгерту тəртібі міндетті түрде 

жазылады (Ана тілі, 27.02.1992, 7). 



ƏКЕЛТ  Əкел  етістігінен  жасалған 

өзгелік  етіс.  Ертең  қолыңа  бес  əйел

ə  к  е  л  т  і  п  беремін,  соларды  күніне  екі 

сағаттан үйретіп, үш айдың ішінде маман 

қып  шығарасың,  ұқтың  ба? (Ə.Əбішев, 

Тас  түлек., 205). Баяғы  заман  бол-

са,  жеңгетайына  асылдан  көйлек  киген 

екі  жеңгесіне  дырылдаттырып  отырып 



ə к е л т п е с пе едім (А. Жүнісов, Өмір 

өзі, 36). 



ƏКЕЛТУ  Əкелт  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ƏКЕМДЕТІП  ү  с  т.  а  у  ы  с.  Əкесін 

көрсетіп; молынан, қалың. Əсіресе соңғы 

күндері ə к е м д е т і п жауған қар аралас 

жаңбыр қайсібір ашық-тесік қалған қора-

қопсарлардың  аузы-мұрнын  толтырды 

(Лен. жас, 13.12.1974, 1). 

ƏКЕМТЕАТР з а т. х а л қ. М. Əуезов 

атындағы қазақ мемлекеттік академиялық 

драма театры осылай да аталына береді. 

ƏККІСТЕУ с ы н. ж е р г. Қулау, тіс 

қаққандау.  Біздің  əкей  шым-шымдап 

баласының  жайын  Нарекеңнен  сұрап 

байқап еді, ə к к і с т е у адам ба, қайдам, 

жарытып ештеме айтпады (О. Сəрсенбаев, 

Бақыт., 158). Қайыпбердінің  астындағы 

қара  жал  күрең  торы  ə  к  к  і  с  т  е  у 

мал  ма,  қайта-қайта  кейіндеп  қала  берді 

(О.Сəрсенбаев, Жақсы., 154). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет