БАРМАҚ: Бармақ батты. Кейбір
əйел адамдардың бетіндегі бармақ ба-
сындай шыңқыр. Сол жақ бетінде «б а р
м а қ б а т т ы с ы» бар (Ғ. Мүсірепов,
Ұлпан, 83).
БАРМЕН... Жөні бөлек əр нəрсенің, Əр
ненің: Біреуге Ыстық Кармен емес, Б а р
м е н і ң (шарапхананың даяшысы, сақи).
Жатсам-тұрсам жалбарынып сұрайтын Үш
тілеуім, Үш тілегім бар менің (Қ. Мырза-
лиев: Жалын, 1972, 6, 58).
БАРСЫЛДАТ е т. Барс-барс өткізіп
ату. Не түзем құрған қол, не доп атып,
мылтық б а р с ы л д а т қ а н жарақшы тірі
жан көрінбейді. Тып-тыныш (М. Мағауин,
Аласапыран, 213).
БАРСЫЛДАТУ Барсылдат етістігі-
нің қимыл атауы.
БАРСЫН е т. «Бар» деп мақтанбау.
Мен айттым, баламын деп ашылмаған,
Тастағы Жауқазындай аршылмаған.
Дулаттың бір атасы Қасқараудан, Өлеңге
бай болса да б а р с ы н б а ғ а н (Қаз. əдеб.,
02.06.1972).
БАРСЫНУ Барсын етістігінің қимыл
атауы.
БАРҰҢҒАР з а т. к ө н е. Шыңғысхан
заманындағы билеушінің оң қолы болып
табылатын лауазым иесі. Игі жақсылар
қақ айрыла сөгіліп, бірі сол қол – жұңғарға,
бірі оң қол – б а р ұ ң ғ а р ғ а, атақ-дəреже,
абырой-мəртебесіне орай, əрқайсысы
өздеріне тиесілі орындарына отыра баста-
ды (М. Мағауин, Аласапыран, 50).
БАРШАТЫШҚАН з а т. з о о л. 1.
Ақтиын сияқты, бірақ денесінде қоңыр
түсті жолақтары бар жануар (бурун-
дук). Жел ме, б а р ш а т ы ш қ а н ба,
ағаш басынан томп-томп бүршік дома-
латты (Қ.Ысқақов, Қараорман, 137). Шіри
бастаған жер ағаштың қуысынан б а р ш а
т ы ш қ а н мен тиін сығалады (О.Бөкеев,
Мұзтау, 209). 2. Баршатышқанның терісі.
Үстінде б а р ш а т ы ш қ а н н а н құраған
белдемше (Қ. Ысқақов, Қараорман, 112).
БАРШЫ з а т. к ө н е. Шолғыншы.
Жіберіп əр тарапқа б а р ш ы л а р ы н,
Байқастап тұрушы еді жердің бəрін.
Қалмақтың жол аңдыған б а р ш ы л а р ы
Қазақтың ұстап алды бір адамын (Батырлар
жыры, 6, 103).
БАРШЫНДАН е т. Жасы ұлғаю,
қартаю. Кейін көргендер тым ерте б а р ш
ы н д а н ы п, қартайып кетіпті десіп жүрді
(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 134).
Б А Р Ш Ы Н Д А Н У Б а р ш ы н д а н
етістігінің қимыл атауы.
БАРШЫНДЫҚ з а т. Жасы ұлғайған-
дық, қартайғандық. – Олай дейтінім
сарбарқын тартқан таңын көрмейсіңдер ме,
ал мынау иығына түскен ақ б а р ш ы н д ы қ
т ы ң белгісі (А.Сейдімбеков, Аққыз, 48).
БАРЫЛДАҚ з а т. з о о л. с ө й л. Барыл-
дауық. Олардың арасында қара лəй-
лек, үлкен қарақаз, ұзынқұйрық, жағалтай,
ұлар, б а р а л д а қ (лысуха) болатын
(Марқакөл, 138).
93
Байынқол Қалиев
БАРЫЛДАҢҚЫ с ы н. Барылдап
қалған. Қосына баласының жетпей жа-
тып, Ананың шер лақтырған зарын қара.
Боздаған б а р ы л д а ң қ ы кəрі дауыс, Қақ
тілді түн жүрегін пəрə-пəрə (И. Байзақов,
Таңд. шығ., 1, 223).
БАРЫЛДАҢҚЫРА е т. Аздап барыл-
дау, барылдай түсу. Əсіресе, Аманқұлдың
күлкісі б а р ы л д а ң қ ы р а п қатты шығады
(Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 51).
БАРЫЛДАҢҚЫРАУ Барылдаңқыра
етістігінің қимы атауы.
БАРЫЛДАУЫҚ з а т. з о о л. Үйректің
өзен мен көлдерде тіршілік ететін, кəсіптік
маңызы бар бір түрі. Б а р ы л д а у ы қ жəне
бізқұйрық үйректердің де «күй ойнағы»
күрделі (Р. Əлімбаев.., Құстар., 8). Олардың
ішінде көбірек ауланатыны өзен мен көл
үйректері: б а р ы л д а у ы қ, бізқұйрық,
қоңыр сусылдақ, шүрегей үйректер мен
қасқалдақтар (Саятшылық, 34).
БАРЫМТАГЕР з а т. Барымтамен
айналысушы адам.
БАРЫМТАГЕРШІЛІК з а т. Ба-
рымтамен айналысушылық, барымта
жасаушылық. Б а р ы м т а г е р ш і л і к
уақытта Құлнəзір деген кісіні басқа ру
жігіттері өлтіріп, теңдік бермейді, құн
төлемейді (Ел аузынан, 25).
БА Р Ы М ТА Л АСУ Б а р ы м т а л а с
етістігінің қимыл атауы. Б а р ы м т а л
а с у д а сан болмай кетіпті (Ғ. Мүсірепов,
Жат қолында, 223).
БАРЫМТАШЫДАЙ с ы н. Барымта-
шы секілді, барымташы тəрізді. Бұрын
ешкімге зорлық қылып үйренбеген момын
жігіт, б а р ы м т а ш ы д а й жалтақтап,
жан-жағына қарай береді (Р. Өтесінов, Кең
жылой, 123).
БАРЫП: Барып тұрған. Шектен асып
кеткен, нағыз. ≈ Ол б а р ы п т ұ р ғ а н
сараңның өзі еді.
БАРЫПКЕЛ-АЛЫПКЕЛ з а т. Біреу-
дің «Барып кел, алып кел» деп біржақ-
қа жұмсайтын адамы; шабарман. Онан
қалса ферманың б а р ы п к е л- а л ы п к е-
л і н е қолғабыс жасау (К. Сегізбаез, Ашыл-
маған., 22).
БАС: Бас амандық садақасы. Жеке
басы үшін берілетін садақа, пітір.
Кешкілікті ауызашар, таңертеңгілікті сəресі
дейді. Ораза уақытында мұсылмандар
семьясының əрбір басына б а с а м а н д ы қ
(пітір) с а д а қ а с ы н төлейді (Ана тілі,
26.04.1990, 6).
Бас арқан. э т н. Тігілген киіз үйдің
керегелері шалқайып кетпес үшін, оның
(керегенің) бас жағына жуықтау жерінен
айналдыра таңып тастайтын арқан
(Қаз. этнография., 1, 413). Б а с а р қ а н
тартылған соң үзік, туырлық жабылып, ту
сыртынан белдеу арқан тартылады (Бұл да).
Бас би. Дəрежесі (лауазымы) жағынан
билердің ең үлкені; басты (негізгі) би.
Бізге белгілі барлық дерлік деректер-
де Төле осы кездегі қазақ хандығының
б а с б и і болғандығы жайлы айтылады
(Н.Мыңбатырова, Төле би., 62).
Бас жаққа барыспады. Ұрыспады,
керіспеді, артық сөз айтылмады д.м.
Тілімді тістеп əрең отырдым. Б а с ж а қ
қ а б а р ы с с а м, жанымды да сұрайтын
түрлері бар (Ж. Кəрменов, Ғашық., 18).
Бас жоқ, көз жоқ. Еш нəрсенің байыбы-
на бармай, еш нəрсеге қарамай.
Бас жүн. Қойдың бас терісінің жүні.
Қойдың дене мүшесіне қарай жүн: б а с
ж ү н, бауыр жүн, мойын жүн, пұшпақ жүн,
тірсек жүн болып бөлінеді (Ж. Қоқанова,
Түк жəне тірі., 11).
Бас жылқышы. Жылқышылардың
басшысы. Төренің бұлайша бір қиырға
бұра тартқаны оның бір өзі мен қос ағасы –
б а с ж ы л қ ы ш ы с ы н а ғана белгілі еді
(К.Сегізбаев, Беласқан, 109).
Бас ие. Үйдің иесі, күйеуі. ≈ Б а с и е ң аман
болсын! (М. Мақатаев, Дариға-жүрек, 68).
Басқан ізіне алмады. Бəрінен де
жоғары қойды, ешкімге теңгермеді.
Құлдығым, жібек құндызым, Құлыным,
құйттай жұлдызым. А л м а й м ы н б а с
қ а н і з і ң е, Басқаның тəтті мың қызын
(Қ.Шаңғытбаев, Арма., 21).
Б а с қ о с т ы . Қ о с ы л д ы , ү й л е н д і .
Жалғыздық қинаған болар, өткен жылы бір
адаммен б а с қ о с ы п т ы (З. Қинаятұлы,
Көшпенді., 51).
Бас сарашы. Бас редектор. Қазақта
б а с с а р а ш ы н ы ң орынтағына отырып
көрген жандар аз емес (Б. Омарұлы, 11-ші
Қаламұш). «Ана тілі» газетіне б а с с а р
а ш ы боламын деп ол ойлаған жоқты (Бұл
да, 54).
Бас салым. Ең басты (үлкен) салым.
Көкпар тартысына бауыздалған баспақ
(бұзау) тасталып, б а с с а л ы м ғ а он
94
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
түйе, жүз қой сыйлық берілген (Қаз. əдеб.,
23.03.1990, 5).
Бас сауға сұрады. Жеке басына
амандық тіледі. Дұшпаннан б а с с а у ғ а
с ұ р а п, əрең дегенде жаны қалды (Б.
Адамбаев, Ақбөбек, 31).
Бас сүйексіздер. з о о л. Төменгі
сатыдағы ұсақ жəндіктер. Олардың бас
сүйегі болмайды. Б а с с ү й е к с і з д е р
Жерорта теңізінде, Атлант мұхитының
Европа жəне Африка жағалауында тіршілік
етеді (ҚСЭ, 2, 190).
Бас сүйектілер. Жоғарғы сатыдағы
жəндіктер. Олардың бас сүйегі болады
(ҚСЭ, 2, 190).
Бастары піспеді. Бастары қосылмады,
сыйыспады. Балалары сабаққа отырса б а с
т а р ы п і с п е й, жалғыз столға таласады
(Жетісу, 28.09.1984, 4).
Бас тауықта. Тауық алғаш шақырған
кезде, таңсəріде. – Көтер басыңды, Раздан.
Маған келгенің шын болса, мен ұры түнде
есік ашып, б а с т а у ы қ т а шығарып,
салады екен деп ойлама! (Е. Рахимов,
Тентек., 61).
Бас терісі аузына түсті. Түнерді,
тұнжырады. Бетінің түгі шығып, əкесі
өлгендей, б а с т е р і с і а у з ы н а т ү
с і п кетіпті (Ж. Аймауытов, Шығ., 161).
Баспақов – онсыз да иті қырын жүріп, б а с
т е р і с і а у з ы н а т ү с і п келе жатқан
адам (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 208).
Бас терісін аузына қаптады. Ұрысты,
балағаттады, боқтады. Ал қала адамдары
болса, аялдамада тұрған бес-алты мунуты-
на шыдай алмай автобус шопырының б а с
т е р і с і н а у з ы н а қ а п т а й д ы (О.
Бөккев, Мұзтау, 247).
Бас тоғыз. э т н. Бəйге, қалыңмал
жəне айыпқа байланысты берілетін
тоғыздардың ішіндегі ең көрнектісі (Қаз.
этнография., 1, 416). Б а с т о ғ ы з д а н
кейінгі тоғыздар өзінің құндылығы мен
құрамы жағынан төмендей береді (Бұл да).
Бас тоқсан. Күз айында болатын
алғашқы тоқсан. Ашық күндері аңқиып-
саңқиып тұратын сол биік шың кəзір
б а с т о қ с а н н ы ң бұлыңғыр ауасын-
да көз ұшында əзер-əзер қылаңытады
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 158).
Бас үйретті. Асауды жуасытты, асау-
ға бас білгізді. ≈ Тайыма б а с ү й р е т і п,
мініп алдым.
Басы бəйгіге тігілді. Ел-жұрты үшін
өзін құрбан етуге бекінді. Ел-жұрты үшін
б а с ы б ə й г і г е т і г і л г е н асыл ұрқым!
(М. Мағауин, Аласапыран, 2, 52).
Басы бүлік. Сотқар, шатақ, тыныш
жүрмейтін (адам). Бірақ б а с ы б ү лі к
т і біржола бұғаулап, бос ноқтаны темір
кісенмен алмастыратын дүлей күш бар (М.
Мағауин, Аласапыран, 2, 113).
Басы кеудесіне домалады. п о э т. Басы
еңкейіп, салбырады; мөлиді. Секемі күшті
шофер бала да өңі сынып, к е у д е с і н е
б а с ы д о м а л а п мөлиді (Д. Досжанов,
Жолбарыс, 63). Зейнеп бара-бара бойын
тіктеп отыра алмай б а с ы к е у д е с і н е
д о м а л а п, бұлғақтап, ауып түсер бол-
ған соң еркектер еріксіз тізгін тартты (Бұл
да, 154).
Басы қарайтылды. Басына күмбез ор-
натылды, ескерткіш қойылды. Осы соңғы
келуінде б а с ы қ а р а й т ы л м а й жатқан
Төремұрат батырдың қасынан əлгіндей
күмбезді кесенені көреді (Қ.Тоқмырзин,
Керзаман, 3, 251).
Басымды ауыртпа. Басымды қатырма,
мазамды алма д.м.
Басына бұғалық түсті. Біреудің
ырқында кетті, еркінен айырылды.
Мұндай үкімді б а с ы н а б ұ ғ а л ы қ
т ү с к е н екеуі ғана емес, делеңдеп тұрған
мына даңғой көпшілік те күтпеген сияқты
(Лен. жас, 16.06.1981, 4).
Басына қосақ. э т н. Айыпты адам
төлейтін, үш тоғыздан басқа «бас биге»
деп беретін бір ірі қара мал. Сондай-ақ,
оған қосымша «б а с ы н а қ о с а қ» деп
бас биге бір ірі қара, «соңына тіркеу» деп
одан кейінгі биге бір ұсақ мал бергізген
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 137).
Басынан атқарды [өткізді]. Өз басы-
нан өткерді, өз басынан кешті.
Басынан [бастан] аттады. Ескермеді,
елемеді, санаспады д.м.
Басынан аяғына дейін. Барлығы,
түгел. ≈ Олардың б а с ы н а н а я ғ ы н а
д е й і н түгел қатысқанын білдік.
Басынан не кешпеді. Бəрін де басынан
өткізді, көрді. - Əрекеңнің б а с ы н а н
н е к е ш п е г е н?! Бəрін де кешкен (Б.
Соқпақбаев, Таңд., 406).
Басынан таяқ ажыратпады. Ұдайы
ұрып-соқты, сабады. Б а с т а р ы н а н
т а я қ а ж ы р а т п а й, қаққанда қа-
95
Байынқол Қалиев
нын, соққанда сөлін алып отыру керек
(Ө.Қырғызбаев, Қырда., 85).
Басынан тоқай алды. Ойыннан
ұтылған баланың басын шертіп жазала-
ды. Мұғалім жоқта ол ойнаған болып, б а
с ы м н а н т о қ а й а л ы п, құлағымды
созып, істемегенді істейді (Б. Соқпақбаев,
Балалық., 66).
Басына шапты. Басына көтерілді.
Бүкіл денемді қан лап етіп б а с ы м а ш а -
у ы п, көз алдым тұмандана қалды
(А.Мекебаев, Алапат, 171).
Басын қарайтты. Басына күмбез
орнатты, ескерткіш қойды.. «Ананы
бұзып, екі-үш күн ішінде Төремұрат
батырдың б а с ы н қ а р а й т ы ң д а р»
деп бұйрық береді (Қ. Тоқмырзин, Керза-
ман, 3, 251).
Басын тоқпақтады. Ойбай салды, ашу-
ланды, ызаға булықты. Кішкентайымды
емізуге ғана келіп ем, кешеуілдеп қалдым.
Бригадиріміз б а с ы н т о қ п а қ т а п
жатқан шығар (Жалын, 1973, 6, 83).
Басыңа құт қонсын! Бақыт дарысын,
сəті түссін! ≈ Б а с ы ң а қ ұ т қ о н с ы н,
қарағым!
Басыңа шайнап жақ. Бермесең одан əрі,
құрып кетсін д.м. – Ондай ақылдарыңды
б а с т а р ы ң а ш а й н а п ж а ғ ы ң д а р!
– деді ашулы қауын иесі (Т. Дəуренбеков,
Сүмбіле, 77).
Басып озды. Қуып жетіп, озып кетті;
артқа тастады. ≈ Американы б а с ы п
о з а м ы з» дегенімізге қанша уақыт болды.
БАСАЛАМАН с ы н. ж е р г. Басы
бірікпейтін, араз. Мұндағы соқтықпалы
– «ұйымыздық, б а с а л а м а н» де-
ген мағынада, ал мың сөзі «көп» деген
мағынада айтылған (Н. Сауранбаев, Қазақ
тілі, 21).
БАСАЛҚА: Басалқа айтты. Ақыл
(кеңес) берді, басу сөз айтты. Кетті жас
көлдей болып көздерінен, Айрылды б а с а л қ а
а й т а р сөздерінен, Ерекше өлім шіркін өкін-
дірер, Топырақ бұйырмаған өз жері-
нен (І. Тұрмағамбетов, Рүстем дастан, 156).
БАСАЛҚЫЛАУ с ы н. Сабырлылау,
салмақтырақ. Басқалардан гөрі б а с а
л қ ы л а у көрінген Бəтжанды байқады
(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 85).
БАСАР к ө н е. Тау жуасы. Кейде
арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде тек сарған
ғана өскен, ал кейде тіпті б а с а р, қараған,
төбе, ұшы-қиыры жоқ белестер тілгілеп
өткен (І. Есенберлин, Алмас, 207).
БАСАР: Басар көбейсін. Киіз басып
жатқандарға айтылатын тілек.
Басар молайсын. «Басатын жүн көп
болсын» деген тілек. Киіз басып жатқан-
дар болса, «Б а с а р м о л а й с ы н» деу
керек (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік.,
2, 39).
БАСБУХ з а т. с ө й л. Бухгалтерлердің
басшысы, бас бухгалтер. Б а с б у х т ы ң
айтқаны рас екен. Борқанның кейін бұған
əбден көзі жетті (Н. Дəутайұлы, Аты жоқ.,
548). – Мына Баекең келіп, сосын мен... –
деп б а с б у х күмілжіңкіреп қалып еді (Жа-
лын, 1974, 2, 52). Бір мекеменің бастығы
болды, Өзіне сай б а с б у х ы болды. Төрт
түсті қаламы болды, Қаламы емес амалы
болды (Қаз. əдеб., 13.07.1973, 4).
БАСҚАҚТЫҚ з а т. к ө н е. Өлке
басқарушысы болғандық. Қаған оның
кезінде Тəңірқұт б а с қ а қ т ы ғ ы н ы ң
аға тежеуілі болып келген (Т. Зəкенұлы,
Мəңгітас, 270).
БАСҚАЛДАҚ з а т. Өзен суына
қойылған қамыстан тоқылған бөгет (Қаз.
этнография., 1, 422). Б а с қ а л д а қ қ а
балық көп жиналады (Бұл да).
БАСҚАНДЫҚ з а т. Қадам басқан
жай, күй. Еркіндей ғарышқа адым б а с-
қ а н д ы ғ ы м, Емес бұл артық айтып асқан-
дығым. Еңбектің ен тарауы басталды
мың, Армысың, ару майым – ашқан гүлім!
(А.Асылбеков, Көкорай., 48).
БАСҚАШАЛАП ү с т. Басқа түрде,
өзгеше. Бұл пікірді ақын өзінің соңғы жо-
лында астарлап, б а с қ а ш а л а п жеткізеді
(Қаз. əдеб., 23.08.1974, 4).
БАСҚҰЖАТ з а т. с ө й л. Төлқұжат.
Оларға б а с қ ұ ж а т т а (паспортта)
бұрынғыша ССРО-ның азаматы деген
сияқты жазудың болғаны қолайлы (Қаз.
əдеб., 24.01.1992, 2).
БАСҚЫ з а т. Қатты батыру арқылы
өрнек түсіретін жүзі бар құрал. Баспа –
ағашқа, мүйізге, теріге өрнек жүзді б а с
қ ы м е н батырып əшекейлеу əдісі (ҚСЭ,
2, 185).
БАСПА¹ з а т. Басқымен бастырып
жасаған өрнек, əшекей, ою. Шыңылтыр
жарғақтарға тігілетін кесте, жүргізілетін
сыздық, бастырылатын б а с п а, салынатын
оюлар қанша (Жұлдыз, 1974, 9, 185).
96
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
БАСПА² з а т. қ. ө н е р. Жіптің
қалдырған ілмегін бармақпен басып тұрып,
келесі жіпті сол ілмектен өткізіп барып,
бастыра тігу əдісі (ҚСЭ, 2, 185).
БАСПА
3
з а т. Шырт етіп жабылып
қалатын кішкентай жабысқақ түйме
(кнопка). ≈ Жейдесінің б а с п а с ы н басып,
жағасын түймеледі.
БАСПА. Баспа кесте. Матаның екі
бетіне бірдей түсетін кесте. Біз кестеден
басқа инемен бүршік салып тігетін «ке-
нуа» кесте жəне матаның екі бетін бірдей
түсетін б а с п а к е с т е дейтін кестелер
бар (Ж.Ахмади, Айтұмар, 230).
БАСПАЛАТЫП ү с т. Баспа əрпімен.
Сол «папа» деген сөзді Нұрлан бар өнерін
салып, б а с п а л а т ы п жазыпты (Ə. Əзиев,
Шұғыл., 122).
БАСПАЛДАҚТАН е т. Біртіндеп
биіктеу, сатылану. Аласа адырлар
ергежейленіп, Қозы көш оза б а с п а л д а қ
т а н ы п биіктей беретін (Повестер мен
əңгім., 146).
БАСПАЛДАҚТАНУ Баспалдақтан
етістігінің қимыл атауы.
БАССЫЗДАНДЫР е т. Басын кесіп алу,
бассыз қалдыру. Бұл қанішер патшаның бар
пиғылы «қазақтардың бас көтергенін осы-
лайша б а с с ы з д а н д ы р ы п, басын көр-
меге қоямыз» дегені екен-ау! (Қ.Тоқмырзин,
Керзаман, 3, 96).
БАССЫЗДАНДЫРУ Бассыздандыр
етістігінің қимыл атауы.
БАСТА е т. Етіктің басын тігу, етікке
бас салу. Көйлексіз, жеңсіз күртеше тонды
жалаңаш етіне киіп алып, Айранбай ескілеу
етікті б а с т а п жатыр (Б. Майлин, Таңд., 381).
Киетін етігі жоқ. Ескі қайыс етігінің қоны-
шын б а с т а п қою үшін əркімнің тігінінен
қалған жамаулығы жетпей қалды (Бұл да).
БАСТАҒЫШ с ы н. Бір нəрсені бастай-
тын, елді соңына ертетін. Қызықсың ғой,
адам, сен. Сен өзіңді ғажаппын деп сенесің,
Қарның ашса сынағышсың, шешенсің,
Топтағыш та, б а с т а ғ ы ш та, көсемсің
(Қаз. сов. поэз, 70).
БАСТАМА: Бастама бүршік. б о т.
Бүршіктің бастама жапырақтарының
қолтығында өте ұсақ бүршіктер болады.
Оны бастама бүршік деп атайды (Бота-
ника, 109).
Бастама гүлшанақ. б о т. Гүлшанақтың
басталған жері. Кейбір бүршіктердің
ішінде б а с т а м а г ү л ш а н а қ т а р
болады (Ботаника, 109).
Достарыңызбен бөлісу: |