Бастама жапырақ. б о т. Баста-
ма сабақтың жан-жағына орналасқан
жапырақтар (Ботаника, 110).
Бастама сабақ. б о т. Бүршіктің
орталық бөлігіне орналасқан сабақ (Бота-
ника, 110).
БАСТАҢҒЫШЫ. з а т. Бастаңғы жа-
саушы, бастаңғыға барушы. Сол б а с т а ң
ғ ы ш ы л а р д ы ң ішінде Кенжебек пен
Зағира да жүреді (Қаз. əдеб., 28.11.1986, 8).
БАСТАРТАР з а т. э т н. Қонаққа
бас тарту үшін сойылған мал. Қызын
ұзатқанның өзінде бордақы бие, семіз
тайынша сойыпты. Б а с т а р т а р ғ а
деп шалған екі-үш тоқтысы тағы бар (Б.
Тоғысбаев, От пен күл, 205).
БАСТАС... Əліпбидің үйіне барды.
Қызына келген сайын бір соғып кететін
жақсы б а с т а с ы (Ə. Нұрпейісов, Қан
мен тер, 125).
БАСТАУ з а т. ə д е б. ж а ң а. Пролог.
Шығарманың жүйе-желісі (компози-
циясы) бір қыдыру өзгеше, көзқарақты
эпилог пен пролог орнына «түйін» жəне
«б а с т а у» деп айдар тағылған. Бөлім-
дер «желі» деп аталады (Қаз. əдеб.,
13.04.1984, 6).
БАСТАУЫҚ с ы н. Бастай беретін,
бастағыш (мал). Б а с т а у ы қ мес қарын
құла бие жылқы алдына түсіп озып барған
соңғы қырат белегіріне шыға бергені сол
еді (Ж. Ахмади, Айтұмар, 13).
БАСТОН з а т. Сырт киімге тігуге
арналған қалың мата. Оның орнына
үстіндегі қара көк б а с т о н костюмінің
түрінен адам шошынарлық (І. Есенберлин,
Алтын, 443).. Бір кездегі б а с т о н костюм
деген құр аты (Бұл да).
Б АС Т Ы Ғ Ы М С У Б а с т ы ғ ы м с ы
етістігінің қимыл атауы.
БАСТЫҒЫМСЫ е т. с ө й л. Бастық
болғансу, өзін бастық деп сезіну. – Онда
неменеге бағанадан бері б а с т ы ғ ы м
с ы п, барқылдап тұрсың? (О. Сəрсенбай,
Шығ., 2, 292).
БАС Т Ы Қ Т Ы Р Ы Л Б а с т ы қ т ы р
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Шəлкес бие – б а с т ы қ т ы р ы л ы п
əбден үйретілмеген үркек, жалт бергіш, аяқ
астынан тулап ала жөнелетін бие (Қазақша
мал атау., 24).
97
Байынқол Қалиев
БАСТЫҚТЫРЫЛУ Бастықтырыл
етістігінің қимыл атауы.
БАСТЫҚШЫЛДЫҚ з а т. Бастық-
құмарлық, бастық болғандық. – Кетші-ай
бар! – деді Тұрыстай күңк етіп. – Б а с т ы қ
ш ы л д ы ғ ы н қара өзінің. Бигелдімнің
өзі де жетіп жатыр маған (М.Айымбетов,
Құмөзек., 97).
БАСТЫРМА¹ з а т. Есікті, кебеже
мен сандықтың қақпағын құлыптау
үшін арнайы жасалған баспа темір
(Қаз. этнография., 1, 427). Кебеже, əбдіре
аузына құлыптау үшін салынған б а с -
т ы р м а əшекейленіп, күмістеліп жаса-
лады (Бұл да).
БАСТЫРМА² з а т. 1. Жиналған шөпке
су тимес үшін үстін шатырлап жапқан
құрылыс; лапас. Кешке қарай жоңыршқаны
б а с т ы р м а н ы ң астына тасып бітірдік
(Н. Ораз, Сиқырлы., 270). 2. Жерді қазып,
үстін (төбесін) бастыра салған үй. Жерден
қазған б а с т ы р м а. Тым жұпыны тұрады
екен (З. Шүкіров, Қиын түйін, 12).
БАСТЫРЫҚ з а т. Қатты желден,
дауылдан қорғану үшін шаңырақтың екі
жағынан арқанның екі ұшымен байлап, дəл
ортасын ауыр затпен бастырып қою əдісі
(Қаз. этнография., 1, 428).
Бастырық арқан. с ы н. Үйді басты-
ратын, желден қорғайтын (арқан). Үйдің
б а с т ы р ы қ а р қ а н ы н тартып, желба-
уын байлап, оңаша қалғаннан кейін барып,
əбден қалжырағанын сезді (Е. Рахимов,
Тентек., 81).
БАСТЫРЫҢҚЫРА е т. Аздап басты-
ру, бастыра түсу.
БАСТЫРЫҢҚЫРАУ Бастырыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
БАСУШЫСЫЗ с ы н. Кітап басатын
адамсыз. Алайда əріп терушісіз, кітап б а с
у ш ы с ы з ол тағы да кітап болмайды (Сен
жəне сенің., 88).
БАСҰРМАНДЫҚ з а т. с ө й л. Мұсыл-
мандық. Ақ патшаның мархаматты
дəргейіне келген соң да б а с ұ р м а н д ы
ғ ы н қоймаған (М. Мағауин, Аласапыран,
2, 276).
БАСЫНУЛЫ с ы н. с ө й л. Адам ғұрлы
көрмеген, басынған. Жендеттер жетімді
тым б а с ы н у л ы, Аш бола таяқ өтіп ашы-
нулы. Жаурап, əлі азайып қалған қойшы.
Ауылға жетуге тым асығулы (А. Нұртазин,
Көк тоғай, 23).
БАСЫТҚЫ з а т. Арақтың ащылығын
басатын тағам (закуска). Коньякты алып
жұтқанда, сосын б а с ы т қ ы алып жеген
кезде Қаржаудың сабадай ішінің бəрі алай-
түлей бытысқан ой еді (А. Əлсеров, Ар
алдында, 95).
БАСЫТҚЫЛЫҚ с ы н. с ө й л. Басыт-
қы боларлық, тіске басарлық. Жұрт
көңілашардан біраз тастап-тастап алып,
қорпақ-құрпақ б а с ы т қ ы л ы қ шұжықты
қаужады (К. Сегізбаев, Жылдың., 98).
БАСЫТҚЫСЫЗ с ы н. Басытқы
жемей-ақ. Əкелген арақтың қалғанын
тауып алып, б а с ы т қ ы с ы з-а қ сіміріп
алдым (К. Сегізбаев, Біз қалада., 72).
БАТАҒА з а т. Өзен, көл жағасына
салынған балықшылар баспанасы. Онда
аулар жамалып-жасқалады, балықтар
кептіріледі, тұздалады (Қаз. этнография.,
1, 435). Балықшылар тобының б а т а ғ а л
а р ы Еділ, Жайық, Каспий жағалауларында
көп болған (Бұл да).
БАТАҚОРШЫ з а т. с ө й л. Бата жа-
саушы кісі. Б а т а қ о р ш ы да орасан көп
болды. Бала-шағалары қырқынан кейін əзер
ес жинады (Қ. Мұқажанұлы, Ортеке, 24).
БАТПЫРАҚТАТ е т. Бірінің үстіне
бірін үйіп төгу. Онысымен қоймай б а т б
ы р а қ т а т ы п будақ-будақ сасық түтін
шығарып кетті (Ш. Мұртазаев, Қара мар-
жан, 201).
БАТПЫРАҚТАТУ Батпырақтат
етістігінің қимыл атауы.
БАТОНШИК з а т. с ө й л. Тіске жұм-
сақ кəмпиттердің бір түрі. Əжемнің
үйге келгесін қалтасынан сол кездегі
ең қымбат барбарис кəмпиттер мен б а -
т о н ш и к т е р шығушы еді (Қарақат
тер., 89).
БАТПА з а т. з о о л. с ө й л. Батбат. Əр
жер, əр жерден тырбалаңдап жүгірген
құмның сары б а т п а л а р ы н қуып
көңіл көтерді, қан таратты. Басқа-басқа,
б а т п а н ы ң қашқаны қандай қызық!
(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 49). Құдық
пен үйдің арасындағы шағылда б а т -
п а жиі кездеседі (Ж. Нəжімеденов, Ақ
шағыл, 133).
БАТПАҚСОРҒЫШ з а т. т е х н. Бат-
пақты сорып алатын машина. Оның үстіне
осы б а т п а қ с о р ғ ы ш т ы ң мато-
рына əдеттегі бензин, керосин құйсаң,
түтіні шығып түтігіп, өшіп қалады екен
98
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 357). Стратегиялық
маңызы бар дизтопливоны қайдағы бір б а т
п а қ с о р ғ ы ш қ а босатуды сұрап кел-
ген «əкесіндей адамның» əрекетіне
таңырқайтынын əуелі сыпайы ғана ескертіп
өтті (Бұл да, 5, 358).
БАТПАҚТАУ с ы н. Аздап батпақ,
батпағырақ. Ошаққазған сайының екі жағы
жар, аяғы б а т п а қ т а у, былқылдақтау
боп келеді де, құрақты көлге қосылады
(Қаз. əдеб., 07.06.1974, 2).
БАТПАНДАН е т. Салмағына салмақ
қосу, ауырлай түсу. Оның үстіне иығына
асып алған алаша қоржынның сəт сайын
б а т п а н д а н ы п бара жатқан салмағымен
мықшиып, ырс-ырс ентігеді (С.Сматаев,
Алғашқы., 53).
БАТПАНДАНУ Батпандан етістігінің
қимыл атауы.
БАТПАНДАУ с ы н. Ауырлау, сал-
мақтылау. Сөзінің соңы тым ірі. Б а т п а
н д а у шықты (М. Қаназов, Арна, 77).
Б АТ Ы Л Д Ы М С У Б а т ы л д ы м с ы
етістігінің қимыл атауы.
БАТЫЛДЫМСЫ е т. Батыл болғансу,
батылданғансу. Жігіт енді б а т ы л-
д ы м с ы п, қыздың қолтығына жармасты
(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 181).
БАТЫЛСЫЗДАУ... Таңның атқан-
атпағанына күмəні бардай б а т ы л с ы з д а у
шақырған əтештің дауысы алыстан талып
естілді (О. Кемаль, Тəлкек., 127).
БАТЫМСЫН е т. с ө й л. Батылсын.
Жігіт желеңнің кейбірі оған көз тігіп өтеді,
өте-мөте б а т ы м с ы н ғ а н д а р ы терезе
алдында телміріп тұрады (Т. Əлімқұлов,
Сырлы наз, 280).
БАТЫНУ Батын етістігінің қимыл
атауы.
БАТЫР: Батыр өлімі маржадан.
Бар бəле əйелден д.м. – Б а т ы р ө л і м і
м а р ж а д а н деген-ау, - деп Еркінбектің
таяққа жығылғандығына таңырқағандар
көп болды (Б. Майлин, Таңд., 506).
БАТЫРАШ-ҚОТЫРАШ з а т. Ел
ішіндегі базбұзар, ұр да жық адам.
БАТЫРАШ-ҚОТЫРАШТЫҚ з а т.
Басбұзарлық, ұрдажықтық. Ақын сон-
да өзін көрбалалықпен сынағаны үшін
емес, осы жанрдағы ішбақайлыққа, ауыл
арасындағы б а т ы р а ш-қ о т ы р а ш
т ы қ қ а қатты мұңайған болатын (Қаз.
əдеб., 18.12.1981, 7).
БАТЫРҒЫ з а т. Көннің бетіне сызып,
батырып өрнек салатын құрал. Б а т ы р
ғ ы мүйізден жасалады (Қаз. этнография.,
2, 124).
БАТЫРКЕШ з а т. э к с п р. Ба-
тыр адам, батырсымақ. Сонда елдегі
ағайындары ожарлау бір б а т ы р к е ш
т і жұмсап: «Келсе – жолынан, келмесе –
обалы өзіне, жарып таста» деп тапсырыпты
(О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 45).
БАТЫСТАН е т. Батыс елдерінің əдет-
ғұрпы мен салтына, мəдениетіне ден қою.
– Демографиялық өсімнің жауы – халықтың
демографиялық мінез-құлқының б а т ы с -
т а н ы п кетуі (М. Тəтімов: Ана тілі,
17.01.2011, 6).
БАТЫСТАНУ Батыстан етістігінің
қимыл атауы.
БАУ: Бау байлаушы. Орылған егінді
шимен баулаушы адам. Қолорақшылар мен
белорақшылар, б а у б а й л а у ш ы л а р алыс-
қа ұзап кеткен (Тоғызыншы шежіре, 381).
БАУАР з а т. к ө н е. Жау қолында қалған
адам. Тұрпан төңірегінде жатқан қазақтар
жау қолында б а у а р болып қала берді
(Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 81). Мына
жауынгер батыр Аманжол сияқты қанша
батырлар б а у а р болып отыр (Қ. Макин,
Əруақты аталар, 112).
БАУАШАР з а т. Қолға үйретілген
қыран құсты алғаш рет аңға алып шығу.
Алғашқы б а у а ш а р д а түскен аң ешкімге
байланбайды, өзгеге беру құстың бағын
байлау болып саналады (Қаз. этнография.,
1, 440). – Қыранды аз тояттандырып болған
соң, Омар Шоқанға – Б а у а ш а р ы ң д ы
қаршығаңнан өзің ал, - деді (Н. Баяндин.,
Дала жұлдызы., 18). Қазақ саятшылары
қыран құстың алғаш ілгенін тырнақалды
десе, ауыздануын б а у а ш а р деп атайды
(Ана тілі, 19. 04. 1990, 7).
БАУЛЫҚ: Баулық ши. Орылған
астықты баулауға арналған ши. Қолмен
орылған астықты баясымен осы б а у л ы қ
ш и г е салып баулайтын болған (Қаз. этно-
графия., 1, 440).
БАУРАЙ: Баурай жол. Тауды бауырлап
жүретін жол (Қаз. этнография., 2, 413).
БАУСЫМ з а т. т е х н. Бір нəрсеге бау
болып тұрған сым (зым). (Телекоммун.
терм. ор-қаз. сөзд., 9).
БАУТАҒАР__1'>БАУТАҒАР
1
з а т. Қыран құстың
аяғының бау байлайтын жері. Мұзбалақтың
99
Байынқол Қалиев
түсі қоңыр. Б а у т а ғ а р ы н д а ғ ы жүн
тұяғына түсіп тұрады (Туған жер., 144).
БАУТАҒАР
2
з а т. э т н. Олжасын
байланған адамның аңшыға беретін сыйы
(Қаз. этнография., 1, 440). Б а у т а ғ а р
бермеген адамға екінші рет олжа байла-
майды (Бұл да).
БАУ-ШУ: Бау-шу байлар. э т н. Отау
тігушілерге берілетін кəделердің бірі. Отау
тіккен кезде күйеу жігіт отауын тігушілерге
«уық шаншар», «туырлық жабар», «түндік
жабар», «үзік ұстар», «б а у-ш у б а й
л а р» деген сияқты кəделер береді (А.
Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 85).
БАУЫР: Бауыр жүн. Қойдың бауыры-
на шыққан жүн. Қойдың дене мүшесіне
қарай жүн: бас жүн, б а у ы р ж ү н, мой-
ын жүн, пұшпақ жүн, тірсек жүн болып
бөлінеді (Ж. Қоқанова, Түк жəне тері., 11).
БАУЫРДАҚ
1
з а т. Етіктің өкшесіне
салатын темір (Қаз. этнография., 2, 116).
БАУЫРДАҚ
2
з а т. қ. ө н е р. Бір нəрсенің
(жүзіктің, сақинаның, қамшының) бауыр
жағы, асты. Күмбез сақинаның күмбезі
түрлі үлгідегі қалыптарға бөлек құйылып,
б а у ы р д а ғ ы жіңішке етіп соғылып,
бір-біріне бекітіледі (Қаз. этнография., 3,
276). Қамшының б а у ы р д а ғ ы – өрімнің
қамшы сапқа жалғасқан бөлігі (Бұл да, 3,
414).
БАУЫРЛА е т. к ə с і б. Күлдіреуіштің
ішкі (астыңғы) жағын жалпақтап жону,
тегістеу. Үйші күлдіреуіш жасайтын алты
талды сыдырғышпен б а у ы р л а п, одан соң
жонып шықты. Жетінші талды жай б а у ы р
л а п қана қойды (Қаз. əдеб., 13.08.1982, 15).
БАУЫРЛАУ Бауырла етістігінің
қимыл атауы.
БАУЫРЛЫҚ з а т. Жан-жануарлардың
бауыр еті мен терісі, бауыр жағы.
Айталық, б а у ы р л ы қ дегеніміз - өрім
өруге қолайлы мал бауырының терісі (Ж.
Қоқанова, Түк жəне тері., 12). Қоян болса,
басы езіліп, үйрек яки қырғауыл болса, б а
у ы р л ы ғ ы сойылып түсетін (Лен. жас,
16.06.1976, 4).
БАУЫРСА з а т. Тартпаның аттың
бауырына келетін жалпақ жері. « Б а у ы р
с а», «үзеңгі» мен «сырттық», «ноқта»,
Көрдім мен асауда «өре», «тұсауды» атта.
«Қамшы» ұстап, «қанжығаға» «шідер» бай-
лап, «Желіге» жылқы қайырам атам жоқта
(Қаз. əдеб., 30.04.1986, 5).
БАУЫРСАҚША ү с т. Бауырсақ
секілді, бауырсақ тəрізді. Құлжаны иіре
атып жібергенде, тізіліп тұрған асықтар
б а у ы р с а қ ш а шашылып, əр жерде
тырайып-тырайып жатады (М. Қабанбаев,
Жиһанкез., 4).
БАУЫРТАС з а т. м и н. Кішірек келген,
қап-қатты, жып-жылтыр сəндік тас.
Кенет қолыма қой құмалағының жарты-
сындай ғана б а у ы р т а с іліне кеткені (Қ.
Мұханбетқалиев, Қайдасың., 45).
БАУЫРШЫ з а т. к ө н е. Хан
сарайындағы ас-суды, дастарқан жайын
басқаратын адам, бас аспаз. – Б а у ы р ш ы
ертемен екі өгізше əкеп берді (М. Мағауин,
Аласапыран, 179). Жігіттердің ыңғайын
байқаған соң, б а у ы р ш ы өзі бастап
кетті (Бұл да). Б а у ы р ш ы қызметіне аса
сенімиді адамдар тағайындалған (ҚСЭ, 2,
210).
БАХШИ з а т. Түрікменнің, қара-
қалпақтың жыршы-ақындары (ҚСЭ, 2,
212). Мысалы, түрікмен б а х ш и л е р і ай-
татын «Көрұғлының тууы» деген бөлімі
қазақша Рахмет варианттарының бірінде
баяндалады (Қаз. əдеб., 19.04.1974, 2).
БАҺАС с ы н. ж а ң а. Айтыс, тартыс.
Орыс əдебиеті сынында осы мерзім ішінде
қаншама пікір алысу, б а һ а с (диспут)
əңгімелер болды! (Қаз. əдеб., 25.02.1972, 3).
БАШҚҰРТША ү с т. 1. Башқұрт
тілінде. ≈ Жолдасым б а с қ ұ р т ш а əн айт-
ты. 2. Башқұр əдісімен, башқұрт тəсілімен.
Бау-шуы төгіліп, біреуі түрікпенше, біреуі
б а ш қ ұ р т ш а зерделене тоқылыпты
(М. Мəжитов, Аманғали, 20).
БАШПАЙШЫҚ з а т. с ө й л. Бақайшық
(Т. Мұсақұлов, Биол. сөзд., 1, 54).
БАЯ... Бұрау батқан б а я атандардың
бақырғаны, көштен адасқан иттердің ұлы-
ғаны естіледі (М. Разданұлы, Алтай., 231).
БАЯЖАН з а т. Бағаналы, балқашты,
сулы, шұратты жер. «Қайырлы болса
б а я ж а н, Дария шалқар көлмен тең»
(Ақтамберді жырау, 75).
БАЯН з а т. б о т. с ө й л. Айбатмия.
Айбатмия қоңырау, б а я н, берік деп ата-
лынады (ҚСЭ, 1, 160).
БАЯНДАУХАТ з а т. р е с м и. Болған
істі, оқиғаны, орындалған жұмысты
баяндап жазылған хат. Б а я н д а у х а т
– ақпараттық-анықтамалық құжаттардың
біріне саналады (С. Суатай, Ісқағаз., 11).
100
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
БАЯНДАУЫШТЫҚ с ы н. Баяндау-
ыш боларлық. Шығыс септігіндегі жанама
толықтауыштар көбінесе заттың неден,
қандай материалдан істелгенін, б а я н
д а у ы ш т ы қ сапасының артық-кемдігін
білдіреді (Қаз. қаз. тілі, 248).
БАЯНСЫЗДАУ с ы н. Баяны жоқтау,
тұрлаусыздау, тиянақсыздау. Дегендей
бір: жұмыспенен қылғынба, Құшағында –
бұлқынсын қыз бұлғындай. Жеткен талай
сері түннің түбіне, Жұлдыздар тұр б а я н
с ы з д а у қылмыңдап (Қ. Мырзалиев, Ақ
отау, 37).
БАЯНХАТ з а т. ж а ң а. Бір іс туралы
басшыға жазбаша түрде баяндап жазып
жіберуі (Бекіт.термин., 19).
БƏДБАҚ з а т. и р. с ө й л. Бейбақ. – Түу,
б ə д б а қ! Бізді алдағысы келеді. Сөйле,
тыңдайық! (С. Елубай, Ақ боз., 38). Бойын-
да бір қырым ет жоқ, мұрнының ұшы біздей
сүйірленіп кеткен, еңсесі төмен осы б ə д
б а қ мына пошымымен ірілік етті дегенге
сенгісі келмейді (Жалын, 12974, 2, 58).
БƏДЕНДІЛЕУ с ы н. Бəдені тəуірлеу,
көріктілеу, реңділеу. Б ə д е н д і л е у
келіншек екен, сəті түспеді (Ж. Өмірбеков,
Қызыл су, 148).
БƏДІКТЕУ с ы н. Ұяттырақ, тұрпа-
йылау. Сыпайы бастаған жігіттер бір-
те-бірте сөз сыңайын б ə д і к т е у жақ-
қа бұрып барады (Б. Нұржекеев, Күй
толғақ, 22).
БƏДІЛЕС з а т. ж е р г. Сатқын. - Əдемі
беттеріңнің əрін мен үшін кетірмей-ақ
қойыңдар. Сендер іздеген б ə д і л е с мен
емеспін (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 448).
БƏЙГЕ: Бəйге тарту. э т н. Бəйгіден
озып келе жатқан өз аулының аты мəреге
50-100 м-дей қалғанда екі-екі адамнан
алдынан шығып, бірі алдынан шығып,
бірі шылбырынан, екіншісі құйысқанынан
ұстап демей тарту. Таңертең кеткен бəйге
түс қия шаң берген кезде əр ауыл, əр рудың
ұшқыр аттарға мінген азаматтары б ə й г е
т а р т у ғ а жөнеледі (А. Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 4, 91).
БƏЙГЕШАП з а т. с ө й л. Шабандоз.
Сол сол-ақ екен, жас б ə й г е ш а п т а р
тартысып, жарысып мəз боп қалатын (Лен.
жас, 28.11.1973, 2),
БƏЙГЕШІ з а т. Бəйге алушы, бəйгеге
ие болушы. Еңсесін езген ауыртпалықтан
шыққан соң, ел əнші, тойшы, б ə й г е
ш і, саятшы боп кеткен еді (Қаз. əдеб.,
28.11.1975, 2).
БƏЙГІГЕР з а т. Бəйгіге қосылып
жүрген, жүйрік жылқы. Б ə й г і г е р,
болғаның ба шаппас, желмес? Басына
түспег жан, айтсаң, білмес. Құлағың
естігенді көз бір көрмек, Осы екен: Айтып
болмас, қайтып келмес (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 234).
БƏЙЕК з а т. Көл ортасына, теңізге
құрылған ауды алыстан көрсетіп тұратын
белгі (Қаз. этнография., 1, 452). Б ə й е к
жасау үшін бір құлаштай ағаштың басына
шүберек мата байлап, екінші басына жіпке
тас байлап суға салып қояды (Бұл да).
БƏЙЕКШІЛ с ы н. Бəйек болғыш,
бəйектегіш. – Иə, Тоқа, жайшылық па? –
деп, б ə й е к ш і л дауыспен сұрады (О.
Сəрсенбай, Шеңбер, 57).
Достарыңызбен бөлісу: |