Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет78/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   168

ҚАЛТАША  з  а  т.  м  е  д.  Жүректің 

қан  келіп  құйылатын  оң-сол  бөліктері. 

Жүректің қызылтамыр саласы сол жүрек-

тің  астыңғы  қ  а  л  т  а  ш  а  с  ы  н  а  н 

аорта деген атпен басталады (Б.Омарұлы, 

Жүрек, 85). 

ҚАЛТҚЫ з а т. Балалардың су бетінде 

кім қозғалыссыз көп уақыт бойы тыныш 

жата алады деп жарысып ойнайтын ой-

ыны. Өткелге суға түстік, балалардың қ а л 

т қ ы ойынын қызықтадық (Қ.Қараманұлы, 

Ай куə, 32). 



ҚАЛТҚЫЛЫ... Жайынды қ а л т қ ы л ы 

қармақтармен аулайды (Қ.Аймағамбетова, 

Табиғ., 14). 

ҚАЛТҚЫСЫЗДЫҚ з а т. Күмəнсіздік, 

шүбəсіздік,  адалдық. – Олар  жанымның 

таза  екенін,  көңілімнің  қ  а  л  т  қ  ы  с  ы  з 



д  ы  ғ  ы  н  біледі,  ендеше  өкпелеп  қайда

барады. Ертең-ақ қайтып келеді (Қаз. əдеб., 

27.12.1974, 2). 

ҚАЛТЫЛ  з  а  т.  Қалт-қалт  еткен, 

қалтылдаған күй-жай. Ықыластың «қолы 

темірдей» деп дəріптеуші еді. Сол қажырлы 

қолдың  бірінші  қ  а  л  т  ы  л  ы  басталды 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 35). 



ҚАЛША... Бұлбұл əнін естіртіп, тəнін 

көрсетпейді. Сыбызғы – сыңсуын естіртіп, 



қ  а  л  ш  а  с  ы  н  жасырады  (Т.Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 122). 



Қ А Л Ы Ң П Ұ Ш П А Қ ТАУ   с   ы   н . 

Төзімділеу, көнтерілеу, мықтылау. Ерғали 

мұның өзіне қарағанда қ а л ы ң п ұ ш п а 



қ т а у, шаруаға епсектілеу (Э.Төреханов, 

Алматыда., 261). 



ҚАЛЫҢША  с  ы  н.  Қалыңдау  келген; 

жұқа  емес.  Конвертті  ашсам,  ішінде 

қатырмамен тысталған қ а л ы ң ш а кітапша 

жүр (С.Мұқанов, Мөлдір., 274). 

ҚАЛЫПШЫЛ  с  ы  н.  Бір  қалыпқа 

түсіргіш,  унитарлық.  Егер  кез  кел-

ген  этностың  төлтума  мəдениетінің 

болатындығын мойындасақ, онда дəл қазіргі 

қалпындағы қ а л ы п ш ы л социалистік 

мемлекеттің ұлттық мүдде атаулыны тəрік 

ететінін түсіну қиын емес (А.Сейдімбеков: 

Ана тілі, 14.02.1991, 4). 

ҚАМ с ы н. Осал, нашар, шынықпаған. 

Жігіттің аты семіз, қ а м болғандықтан жете 

алатын болмайды, енді біраз шапса болды-

рып қалатындай (Қаз. əдеб., 21.03.1975, 4). 



ҚАМАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жазалылар 

қамалатын  орын;  түрме.  Əр  қ  а  м  а  қ 

т  а  н 40-50-ден  шығарып,  бəрін  қоса 

төрт  қатардан  сапқа  тұрғызып  айдады 

(Т.Мəмесейіт,  Таңжарық, 2, 293). Енді 

күндегідей  əрқайсысын  жеке  тексеріп, 

үсті-бастарын тінткілеп барып қ а м а қ қ а 

кіргізді (Бұл да, 295). Келесі күні кілтшінің 

аузынан  естіді.  Өмірлік  қ  а  м  а  қ  қ  а 

бұйырылған екен (Е.Рахимов, Тентек., 71). 



ҚАМАЛ: Қамал қорғау. з а т. э т н. Ой-

ыншылар үлкен шеңбердің бойына қатарға 

тұрып, қолындағы доппен шеңбердің орта-

сында қорғаушысы бар «қамалға» тигізуге 

тиіс. Кімде-кім допты «қамалға» тигізсе, 

сол қорғаушысы болады. «Қ а м а л   қ о р ғ а у»

ойыны  ашық  алаңда  өткізіледі.  Ойынға 

бір  зат  жəне  доп  керек.  Ойыншылардың 

санына шек қойылмайды (Б.Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын., 64). 

ҚАМАЛ-ҚОРҒАН з а т. а у ы с. Елдің 

иесі,  қорғаушысы,  тірегі.  Құлағанға 

ұқсайды қазақтың қ а м а л-қ о р ғ а н ы. 

Қайғырмаңыз,  ханзадам,  айтпасыма  бол-

мады,  Батырың  өтті – Бөгембай! (Бұқар 

жырау: Жеті ғасыр., 1, 47). 

ҚАМАЛСАРАЙ з а т. к ө н е. Ертедегі 

Орта  Азия  қалаларының  құрамдас  бір 

бөлігі; сыртқы қала. Жетісу қалалары қ а м 

а л с а р а й (сыртқы қамал) мен шахристан 

(ішкі  қала)  тұратын  орталық  бөлігі  жəне 

ұзын дуалмен қоршалған рабат (қала маңы) 

болады (Қазақ. тарихы очерк., 95). 



ҚАМАТУШЫ з а т. Қамауға алуға се-

бепкер адам; түрмеге жапқызушы. Майса 

қ  а  м  а  т  у  ш  ы  өзі  екенін  біліп  сыңсып 

алды да, артынша жеңілдеп «бұдан басқа 



326

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

амал қалды ма» деп жұбанды (Т.Қошуақ, 

Мəрмəр., 197). 

ҚАМАУ: Қамау су. Тұйықталып қалған 

су. Қ а м а у  с у д а ғ ы балық – қорадағы 

қой.  Қолы  бұрын  жеткен  қарық  болады 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 46). Қ  а  м  а  у

с у д ы ң балығы талай жұрттың құлағына 

тиген-ді (Бұл да). 



ҚАМАУШАЛАН е т. ж е р г. Қоршалу, 

қамалу.  Қалың  жабудың  астында  ақ  тер-

көк тер боп қ а м а у ш а л а н ы п қалған 

жылқылар тұнып, тұтасып тұрған көк ніл 

ауаның  қойнына  күмп-күмп  қойып  кетіп, 

жалаңаш  сауырларын  жел  қытықтап, 

шапқан  сайын  рахатқа  батып,  үдей  түсті 

(Ə.Кекілбаев, Дала., 148). 

ҚАМАШАУЛАП ү с т. Қамашау етіп, 

қоршаулап.  Жұрт  батар  күнмен  таласып 

жүріп тоңы ашылған орындарға қ а м а ш 



а у л а п жаппаларын тікті (С.Елубай, Ақ 

боз., 37). 



ҚАМБА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Бөкес.  Екі 

күннен кейін пішен шабуға ел тегіс кірісті 

де.  Жауынсыз  көктем  суымен  ғана  өсіп 

піскен  шөпті  қ  а  м  б  а  д  а  көп  ұстамай 

жұрт келесі күні-ақ шөмеле сала бастады 

(Х.Есенжанов, Ақ жайық, 1, 318). 



ҚАМБАЛАУ  Қамбала  етістігінің 

қимыл атауы. 10 жастан 20 жасқа дейінгі 

жасты «қой жасы» деп атап, оларға қойдың 

қырық қайырымын білу, астық жинаудың 

ұрық таңдау, жер айдау, баптау, ору, жию, қ 



а м б а л а у сияқты əдістерін толық меңгеру 

талабы қойылған (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 2, 14). 

ҚАМБАР: Қамбар жұлдызы. а с т р. 

Ғылым  тілінде  Арыстан  деп  аталатын 

шоқжұлдыздың бірі. Қыркүйекте Қ а м б а р

ж ұ л д ы з ы жер астына кетеді (Х.Əбішев, 

Аспан  сыры, 144). Бұл – ел  арасында 



Қ а м б а р  ж ұ л д ы з ы деп аталатын он 

екі  шоқжұлдыздың  бірі  (Бұл  да, 19). Қ  а 



м б а р  ж ұ л д ы з ы жазғытұрым іңірде 

күншығыстан  туады,  түнімен  аспанда 

жүріп,  таң  ата  батады  (Қаз.  этнография., 

3, 413).


ҚАМБАС...  Қ  а  м  б  а  с  деген – қара 

сона (оса). Қарақұртқа өзінің тұмсығын тез 

сұғып  жіберіп,  уын  жібереді.  Ол  уланып 

қалады. Қарақұртты өзінің личинкасын са-

лып, жерге көмеді. Сөйтіп өседі, көбейеді. 

Қ а м б а с тек қана қарақұртты ғана аулай-

ды (Туған өлке, 2004, №2-3, 96-98). 



ҚАМБАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қамба 

ұстаушылық,  қоймашылық.  Ханжігіттің 

есеп-қисап істерін білетіндігін ұғып, қ а м 



б а ш ы л ы қ міндет алып берді (Ғ.Білəл, 

Ғасырлық., 246). 



ҚАМБОЗ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Тымырсық, 

тымық (С.Аманжолов, Воп., 427). 

ҚАМДАСТЫРҒАНСУ   Қамдас -

тырғансы етістігінің қимыл атауы. 

ҚАМДАСТЫРҒАНСЫ  е  т.  Қам- 

қылғансу, қам жасағансу. Содан соң оның 

қамын қ а м д а с т ы р ғ а н с ы п, оны 

сиыр малының соңынан ілестіріп əкететін 

еді (Т.Отарбайтегі, Зауал, 36). 



ҚАМЗАУЛА  е  т.  с  ө  й  л.  Қамзау  еті, 

суықтан қорғау, қалқалау; қамсаула. Жаңа 

қонысқа жетісімен, шаңырақты көтерісіп, 

туырлықты қ а м з а у л а ғ а н н а н кейін 

Айбосын екі түйені жетектеп кері қайтты 

(К.Ахметбеков, 2, 297). 

ҚАМҚА  с  ы  н.  Қамқадан  тігілген, 

қамқадан  жасалған.  Басындағы  шоқ 

үкілі камшат бөркі де, үстіндегі қос етекті 

көйлегі де, белін қынай киген қ а м қ а ішігі 

де өзгеше (І.Есенберлин, Алмас., 254). 



ҚАМСА з а т. з о о л. Теңіз балықтары-

ның  уақ  түрі.  Теңіз  балықтарына  мына-

лар жатады: майшабақ, сардина, қ а м с а 

(анчоус),  кете,  құныс  (горбуша),  кемиек 

(нерка),  ақсерке,  скумбрия,  семсербалық, 

марлин,  сайра,  нəлім,  бұзаубас  т.б. 

(Шаңырақ, 117). 



ҚАМСАУЛЫ  с  ы  н.  Жан-жағы 

қоршалған, қамсау боларлық. Сатып алған 

есекті мəшиненің қ а м с а у л ы қорабына 

тиеді де, мықтап байлап, бекітіп, екі тəулік 

жол  жүріп,  ауылға  жетті  (Ə.Асқаров,  Өр 

Алтай., 340). 

ҚАМСЫЗДАН Қамсызда етістігінен 

жасалған өздік етіс. 

ҚАМСЫЗДАНУ  Қамсыздан  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚАМТАМАСЫЗДАН  е  т.  Өзін-өзі 

қамтамасыз  ету,  керек-жарағын  алдын 

ала тауып алу. 

ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫР   Қам-

тамасыздан етістігінен жасалған өзгелік 

етіс. 

ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ  Қам-

тамасыздандыр етістігінің қимыл атауы. 

ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРЫЛ  Қам-

тамасыздандыр  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. Ішер тамақ, киер киімі, жа-


327

Байынқол Қалиев

тар орындары əбден қ а м т а м а с ы з д а 



н д ы р ы л д ы... (Жалын, 1974, №3, 153). 

ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРЫЛУ Қам-

тамасыздандырыл  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҚАМТАМАСЫЗДАНУ  Қамтама-

сыздан етістігінің қимыл атауы. 

ҚАМҰС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Энциклопе-

дия.  Тілге  кездейсоқ  сөздің  жиынтығы 

деп  қарамай,  атадан  балаға  мұра  боп 

келе  жатқан  халық  даналығының  қ  а  м 

ұ  с  ы  (энциклопедиясы)  деп  қарау  керек 

(Ə.Қайдаров: Қазақст. əйелдері, 1982, №2, 

13). 

ҚАМШЫ... Қарақаптал – айғырдың зəрі 

бұзылып, қ а м ш ы с ы н ы ң (қасасының) 

сырты  қотыр  болып,  жия  алмай  қалатын 

ауруының аты (Ш.Жанəбілов, Қазақша мал 

ауру., 174). 

ҚАМШЫ:  Қамшы  қайтару.  э  т  н. 

Жігіт  аулынан  барған  жаушының  ізгі 

ниетпен  қыз  үйінің  төріне  іліп  кеткен 

қамшысын  (уақтысы  өткен  соң)  иесіне 

қайтару салты. Қ а м ш ы  қ а й т а р у

–  қыз  ата-анасының  «Кінə  өзіңде,  енді 

қызымның  басын  босаттым»  дегенді 

білдіреді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 

3, 36). 

Қамшы  қалдыру.  э  т  н.  Құда  болуға 

ниеті  бар  екенін  білдірудің  ишарасы. 

Қыз əкесі келгендердің ниетін мақұлдаса, 

қалдырған  қамшыны  қайтармайды  (Қаз. 

этнография., 3, 424). 



ҚАМШЫЛАР: Қамшылар жақ [бет]. 

Қамшы  ұстайтын  жақ,  оң  жақ  (бет). 

Өзен жағасы у-шу. Қ а м ш ы л а р  б е т



т  е  г  і  жар  бетінде  көгершін  ұясы  болса 

керек, гу-гу етеді (Тұлпар, 290). 



ҚАМШЫЛАСУ Қамшылас етістігінің 

қимыл атауы. Бұл топтағы жігіттер қ а м 

ш ы л а с у д ы еріксіз тоқтатып состиып 

тұрып қалысты (Қ.Толыбаев, Бабадан., 64). 

Мұз үсті кең, бəлкім, қ а м ш ы л а с у ғ а 

қолайлы  көрген  болар  деген  түйткіл  бар 

(М.Мағауин, Аласапыран, 274).

ҚАМШЫЛАУЫ з а т. а у ы с. Түрткі 

болуы, итермелеуі. Олар да соғыс жайлы, 

оның ащы ақиқаты жайлы оқуға мүмкіндік 

алса деген бір мұраттың қ а м ш ы л а у ы 

м  е  н  біраз  шығармаларды  тəржімалауға 

кірісті (Лен. жас, 19.06.1976, 2). 



ҚАМШЫША  ү  с  т.  Қамшы  сияқты, 

қамшы  тəрізді.  Келте  шолақ  құйрығын

қ а м ш ы ш а шолтаң-шолтаң жеңіл қағады 

(С.Оспанов, Бақытты., 67). 



ҚАМЫР:  Қамыр  қою.  ж  е  р  г.  Нан 

ашыту. Жеңеше, үйіңнен ашытқы табыла

ма? Қ а м ы р  қ о я й ы н деп едім (Т.Ахтанов, 

Дала сыры, 37). 

ҚАМЫРЫҚ  е  т.  ж  е  р  г.  Өңі  тозу, 

жүдеу, боп боз болу. Əйелдердің барлыққан 

қ  а  м  ы  р  ы  қ  беттерінде  шаң-тозаңның 

опасы, қатқан тердің айғызы ғана қалыпты 

(Қ.Ысқақ, Тұйық, 137). 

ҚАМЫС  с  ы  н.  Қамыстан  істелген, 

қамыстан  жасалған.  Поселке  шетіндегі 

бесіктей ғана, қ а м ы с шатырлы қожалақ 

үй маскүнем Шодырдікі (Ғ.Мұстафин, Дау-

ыл. кейін, 65). Жауын күшейе түскен. Қ а м 



ы с шляпаның ернеуінен аққан су мойнына 

құйылып,  көйлектің  ішіне  төгіліп  жатыр 

(Х.Рахимов, Қарлығаштар, 137). Тым бол-

маса, қ а м ы с қорасы бар, айналасы жөнді 

қоршалған  үйлер  де  некен-саяқ  екен  ғой 

(Р.Райымқұлов, Жапанда., 9). 



ҚАМЫСТОРҒАЙ  з  а  т.  з  о  о  л. 

Қамыс арасында жүретін, арқасы ақшыл 

қоңыр,  бауыры  сарғылт,  салмағы 10-12 

г-дай  кішкене  құс.  Ұсақ  əнші  құстар: 

мақтанторғайлар, қ а м ы с т о р ғ а й л а р 

жəне тағанақтар ұрпақтарын қорғауға жан-

дарын салады (Қорғалжын, 101). Қамыстың 

сабақтарында зыр қағып ұшқалақ қ а м ы с 

т о р ғ а й л а р жүр (Бұл да, 139). Қ а м ы 

с т о р ғ а й негізінде суы ағыссыз не баяу 

ағысты қамыс өскен жерлерді мекендейді 

(ҚСЭ, 6, 443).

ҚАМЫСША  ү  с  т.  Қамыс  тəрізді, 

қамыс сияқты. Желді күнгі қ а м ы с ш а 

жапырылады (А.Мекебаев, Аңызақ, 8). 



ҚАМЫСШЫ  з  а  т.  з  о  о  л.  с  ө  й  л. 

Қамысторғай.  Ит  мұрыны  өтпейтін 

шілікте  томартауықтары,  қ  а  м  ы  с  ш  ы, 

торғай  тұқымдастардан  сарышымшық, 

шырылдауық  торғайлар  тіршілік  етеді 

(Қорғалжын, 23). 

ҚАМЫТҚАҚТЫ с ы н. Қамытқа көп 

түсіп, əбден қалжыраған, арықтаған көлік 

(ат, өгіз т.б.). Соқада қ а м ы т қ а қ т ы

боп  жүрген  арық  аттар,  əлі  де  жілігіне 

май  жүгіре  қоймаған  көтерем  өгіздер 

(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 386). Олар ала 

жаздай мая-мая шөпті қотан төңірегіне тасу 

жұмысын атқарған колхоздың бір топ қ а м 



ы т қ а қ т ы жуас аттары еді (Лен. жас, 

22.11.1977, 2). 



328

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚАН:  Қан  құю.  Сау  адамның  қанын 

қансыраған  немесе  науқас  адамның  қан 

тамырына құятын əдіс. Қ а н  қ ұ ю д а н

бұрын  науқастың  қаны  толық  зерттеліп, 

оның қан тобы анықталады (ҚСЭ, 6, 449). 

Қан сигектетті. Қанын ағызды, қанын 

сорғалатты.  Төре-Байху 1635 жылы  қан 

жалаған иттей аузы-мұрнынан қ а н  с и г е 



к т е т і п Батырдан жеңілді де, Кукунорға 

көшіп кетті (С.Сматаев, Елім-ай, 51). 



Қан  түсу.  в  е  т.  Қатты  жүргеннен, 

ыстықтай жем жегендіктен жылқының 

аяғының  ісіп  кетуі.  Жылқыда  «ақбас», 

«қутұяқ», «сасықтабан» (қ  а  н    т  ү  с  у

жем түсу) сияқты аурулар кездессе, қойда 

«құлық», «қостабан»  аурулары  болып 

тұрады (Х.Арғынбаев, Этногр. очерк, 146).

Қаны  басына  шықты.  Қатты  ашу-

ланды, ыза кернеді. Бойында бұрын-соңды 

байқалмаған ашқарақ сезім атойлап, қ а н ы



б  а  с  ы  н  а    ш  ы  қ  т  ы  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 81). 



Қан сəске. Сəскенің толған кезі, нағыз 

сəске. Күн қ а н  с ə с к е г е таянғанда екі 

əскер  бір-біріне  бетпе-бет  келіп,  қарама-

қарсы қарап, андыздап тұрды (Д.Рамазан, 

Жылап аққан., 13).



ҚАНА

з а т. к ө н е. Қарын. Ең құрымаса, 



қ а н а с ы н а н шыққан перзенттерін де 

көрсетпей, зар етіп қойды-ау (О.Сəрсенбаев, 

Жақсының., 201). Уылдырық  шашатын 

балықтың  қ  а  н  а  с  ы  н  а  н  шығысымен 

ұрық жыбырлай бастайды (Қ.Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 142).



ҚАНА

2

  з  а  т.  с  ө  й  л.  Арна,  кенере. 

Үшеу  көк  ала  атты  қ  а  н  а  с  ы  н  а  н  аса 

бұрқырап жатқан асау өзенге тықсыра түсті 

(Қ.Салғарин, Соқпақ., 130). 

ҚАНАҒАТТАТ Қанағатта етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

Қ А Н А Ғ АТ ТАТ У   Қ а н а ғ а т т а т 

етістігінің  қимыл  атауы.  Жаңа  ұрттап 

шыққан қатықсыз қара аталасы құрсақ қ а 



н а ғ а т т а т у үшін емес, көңіл алдарлық 

қана  нəпақа  екенін  енді  түсініп  келеді 

(А.Мекебаев, Жезтырнақ, 11). 

ҚАНАҒАТТЫ  с  ы  н.  Қанағаты  бар, 

тойымды, нысапты. Не деген қ а н а ғ а т 

т ы адам екеніне түсінбеймін (З.Ахметова, 

Шуақты күн., 92). 



ҚАНАЗДЫЛЫҚ з а т. м е д. в е т. с ө й 

л. Қаназдық. Əсіресе оларды (атты) маңқа, 

жамандату, қ а н а з д ы л ы қ, күс, жем түсу 

сияқты жұқпалы аурулардан сақтау керек 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 53). 

ҚАНАЙ-ХАН  з  а  т.  э  т  н.  Жастар 

ойынының бір түрі. Ол кезде құдалықтың 

кəдесі  мол,  қыз-бозбаланың  ойыны  да 

көп. Əсіресе жастар «қ а н а й-х а н» атты 

ойынды  ұнатады.  Ханның  жасауылы 

асықты иіреді, шіге түссе «ұры ұстадым» 

деп  айыптыны  алып  келеді.  Хан  тексер-

ген  боп,  қыз-жігітті  бітісіп  келіңдер  деп 

далаға шығарады (Ғ.Мұстафин: Қаз. əдеб., 

17.01.1986, 3). 

ҚАНАЛУШЫСЫЗ с ы н. Қаналушының 

болмауы, қаналушының жоқтығы. ≈ Қ а н 

а л у ш ы с ы з қоғам құру. 

ҚАНАТ:  Қанат  жайды.  Кең  тарады, 

дамыды. Бұл қ а н а т  ж а й ғ а н келелі 

іс өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр (Лен. 

жас, 06.01.1976, 1).

ҚАНАТТЫ: Қанатты құмырсқа. з о о 

л. Қанаты бар, ұшатын құмырсқа. Шайыр 

иісі бұрқырап, қарағай басынан қ а н а т т ы

қ ұ м ы р с қ а құйыла бастады (Қ.Ысқақ, 

Тұйық, 85). 



Қанатты тышқан. Ұшар (летяга) кей-

де осылай да аталынады. Кейде аңшылар 

ұшарды қ а н а т т ы  т ы ш қ а н деп те 

атайды.  Ол 10-12 м  биіктіктен 40-50 м 

қашықтыққа дейін ұшып бара алады (Се-

мей таңы, 23.01.1970, 4). 

ҚАНАТТЫАЯҚ з а т. з о о л. Артқы 

аяғында  қанат  белгілері  бар  ұшқыш 

жəндік.  Осы  маңнан  табылған  бауыры-

мен  жорғалаушылардың  бірі – қ  а  н  а  т 



т ы а я қҚ а н а т т ы а я қ т ы ң артқы 

аяғында қанат жүйесі бар (Қазақст. пионері, 

18.09.1971, 4). Қ а н а т т ы а я қ орманда 

өмір сүреді. Жай жүргенде қанатын жинап, 

ағаштан ағашқа секіргенде қанатын жаяды 

(Бұл да). 



ҚАНАУШЫСЫЗ с ы н. Қанаушының 

жоқтығы,  қанаушының  болмауы.  Марк-

сизим-ленинизм  дүниені  өзгертудің  жəне 



қ а н а у ш ы с ы з, қаналушысыз жаңа қоғам 

құрудың  мұраттарын  да  белгілеп  берді 

(Балалар - өмір. жалғасы, 4). 

ҚАНАУЫЗ  з  а  т.  Сапалы,  жақсы 

матаның бір түрі. Қ а н а у ы з көйлек, 

кремплин  жемпір, «кала-кала»  шалбар... 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 49). 

ҚАНБАЗАР з а т. Ағыл-тегіл көп дүние, 

мол  табыс. – Сенің  келуіңе  қарсы  құдай 

тағаланың  өзі  қорасынан  берген  несібесі 



329

Байынқол Қалиев

емес пе бұл. Мұндай қ а н б а з а р күнде 

бола бермес (Ш.Айтматов, Ақ кеме, 125). 

ҚАНБҰЛ з а т. к ө н е. Əскер қанаттарын 

қорғаушы жасақ. Темір əскерін үш негізгі 

(қанат)  жəне  төрт  көмекші  бөлімдерге – 

қанаттарды қорғаушы (қ а н б ұ л) жəне алғы 

шептегі  отрядтарға  (қарауылдар)  бөлді 

(ҚазССР тарихы, 2, 199). 

ҚАНДАҒАЙ з а т. к ө н е. Бұлан. Таң 

бозынан өріске шыққан киік, жайылымға 

тұрған қ а н д а ғ а й, үйірімен өрген тарпаң, 

тағы мен құлан алыстан естілген дабырдан 

бой салып қаша қоймаған-ды (М.Мағауин, 

Аласапыран, 117). Киік пен қ а н д а ғ а й 

араласқан.  Құлан  мен  тарпаң  қосылған. 

Дүркірей басып, бүкіл даланы жауып кетеді 

(Бұл да, 118). 

ҚАНДАҒАШТЫ  с  ы  н.  Қандағаш 

өскен, қандағашы мол (Қ.Құрманов, Жасыл 

əлем, 30). 



ҚАНДАЙ: Қандай [не] ақың бар! «Еш-

қандай ақың жоқ» д.м. ≈ Маған бұлай деу-

ге сенің қ а н д а й  а қ ы ң  (қ а қ ы ң)  б а р! 



ҚАНДАНУ... Соншама жер, жал, бұлт, 

күн  долдануы,  Тиыштықта  жүргендерді 

қолға  алуы,  Күндегідей  күмісті  нұрын 

сеппей, Күнбатыстың боялып қ а н д а н у 



ы (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 12, 37). 

ҚАНДАУЫР з а т. б о т. Биіктігі 10-55 

см  сабағы  төрт  қырлы,  тік,  бұтақты, 

гүлі қызғылт күлгін, біржылдық шөптесін 

өсімдік. Қ а н д а у ы р – ауыл шаруашылық 

дақылдарына үлкен зиян келтіретін, жарты-

лай паразит өсімдік (ҚСЭ, 6, 448). 

ҚАНДАУЫРЛА е т. Қандауырмен қан 

алу, емдеу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет