Қ А Н Д АУ Ы РЛ АУ Қ а н д а у ы рл а
етістігінің қимыл атауы. Қан айналысы
бұзылудың бірден-бір емі қанды сарысу
жиналған тұстан қ а н д а у ы р л а у жəне
сүлік салып емдеу болған (Қаз. этногра-
фия., 1, 274).
ҚАНДЫАУЫЗ
1
з а т. Атқанына
дəл тиетін мылтық. Қырқылжың жігіт
шағынан бері сенімді серігі болып келе
жатқан қ а н д ы а у ы з ы ойда жоқта қолды
болды (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 3).
ҚАНДЫАУЫЗ
2
з а т. Қақпанның аңның
аяғын қысып қалатын ауызы. Шалдың
бұл қақпанының қ а н д ы а у ы з ы н ы ң
үлкендігі кішігірім доғадай, дөңгелек таба-
ны ошақтай, серіппесінің сомдығы білектей
(С.Мұқанов, Бақташы., 153). – Бұл не? Бұ
серіппе, ал мынау қ а н д ы а у ы з! (Жалын,
1972, №6, 60).
ҚАНДЫБҰРАУ з а т. ж е р г.
Қантышқақ. Бірақ күн ұзаған сайын
ішінен қ а н д ы б ұ р а у өткендей, үйде
отыра алмады (З.Ақышев, Жаяу Мұса, 52).
Қорқатын реті бар. Ішіңнен қ а н д ы б ұ р
а у өткізсе, ішкен-жегеніңді ақтарса... (Бұл
да, 405).
ҚАНДЫКӨЗ з а т. Бүркіттің көзі
қанталап тұратын алғыр түрі. Қырандар
нəсіліне қарай: көкшегір, шегірпая, қ а н д
ы к ө з, мұзбалақ, шұбартөс, ішжарғыш,
ақиық деп аталады (Ана тілі, 14. 02. 2008).
ҚАНДЫҚАҚПАН з а т. Тоғызқұмалақ
т ақт асындағы солдан оңға қарай
са н а ғ а н д а ғ ы ж е т і н ш і о т а у. Ə р
ойыншының отаулары солдан оңға қарай:
арт, тектұрмас, атөтпес, атсыратар, бел, бел-
басар, қ а н д ы қ а қ п а н, көкмойын, маңай
деп аталады (Ə.Ақшораев, Тоғызқұм., 12).
Егер тұздық белбасарға, қ а н д ы қ а қ п а н,
көкмойын атауларынан жасалса, бұл өте
қауіпті, қарсы жақтың позициясын қатты
əлсіретеді (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 48).
ҚАНДЫМ... 2. Қандым ағашының
сүрегі. Қ а н д ы м қызулы отын, оның
шоғы темірді сексеуілдің шоғынан бұрын
балқытады жəне шоғы көпке дейін сөнбей
жатады (А.Балтабаев, Шөлде орман., 11).
Халық қ а н д ы м д ы қасық, ожау, үзеңгі,
қазық, тоқпақ, қада, бұрау сияқты заттарды
жасауға пайдаланған (Бұл да).
ҚАНДЫІРІҢ з а т. м е д. Қан араласқан
ірің. Емсектердің айтуынша, мұндай ком-
пресс жараның қ а н д ы і р і ң і н солқылдата
сорып, оның тез жетілуіне əсерін тигізетін
көрінеді (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 49).
Қ а н д ы і р і ң д і денеде қалдыруға бол-
майды (Ш.Көшербаев, Туберкулез., 78).
ҚАНЖАПЫРАҚ з а т. б о т. Жапырағын
сықсаң қызыл бояу шығатын дəрілік
өсімдік. Сол сынған жіліншіктен оташы
шал шорт кесіп, қ а н ж а п ы р а қ тартып
орап тастаған. Жас қой, тез бітті (О.Бөкеев,
Өз отыңды., 94).
Қ А Н Ж А РЛ Ы с ы н . Қ а н жа р ы
бар, қанжармен қаруланған. – Қанжар
емес, сапы. Біз қ а н ж а р л ы н ы,
семсерліні, қылыштыны кісəпірге балай-
мыз (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 120).
ҚАНЖЫҒА: Қанжығасы майлы
оралды. Олжалы қайтты, аң атып əкелді.
330
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Сен қақпан құрамын дегенде ырым етіп
алып беріп ем, жаман болған жоқсың, қ а н
ж ы ғ а ң м а й л ы о р а л д ы (А.Мекебаев,
Алапат, 114).
Қанжығасына байлады. Алғашқы
алған аңын біреуге сыйға тартты, берді.
Бірінші соғылған аңды аңға бірінші рет
шыққан адамның қ а н ж ы ғ а с ы н а б а й
л а й д ы (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 61).
ҚАНЖЫҒАЛА е т. Қанжығамен бай-
лау, қанжығаға байлау. Жолаушы қоржын-
қолаң, шапан-шақпытын қ а н ж ы ғ а л а м
а й д ы, бөктереді (Ата салты., 102). Аңшы
қоян, түлкі алса, қ а н ж ы ғ а л а й д ы да,
қасқыр соғып алса, бөктереді (Бұл да).
Қ А Н Ж Ы Ғ А Л А Н Қ а н ж ы ғ а л а
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
ҚАНЖЫҒАЛАНУ Қанжығал ан
етістігінің қимыл атауы.
Қ А Н Ж Ы Ғ А Л АУ Қ а н ж ы ғ а л а
етістігінің қимыл атауы. Ердің не алды,
не артындағы қанжығаның біріне бір затты
байласа, қ а н ж ы ғ а л а у деп аталады (Ата
салты., 102).
Қанжыға – бұл бөктеру мен қ а н ж ы ғ
а л а у үшін ер қапталының екі алды мен екі
арасына бекітілген екі таспа (Бұл да, 101).
ҚАНЖЫЛЫМ с ы н. Жылуы қанның
жылуындай, жып-жылы. Жаңағы сары
келіншек құманды қайта əкелді. Ішінде
қ а н ж ы л ы м су (М.Сүндетов, Ескексіз
қайық, 144).
ҚАНЖІЛІК з а т. Жөнді бапталмай
бəйгіге қосылып, зорыққандықтан бо-
латын ауру; жілігінің ішіне қан кету.
Керісінше ат семіз болса қызылмай, қ а
н ж і л і к етіп алмай, бірте-бірте баппен
арытады (Ер қанаты, 179). Семіз атты
алғашқы кезде қатты қинап, қызылмай, қ а н
ж і л і к қылып алмау керек (Саятшылық,
169). Семіздей ойға-қырға бет алды са-
былтып қ а н ж і л і к жасаған (Қаз. əдеб.,
20.12.1974, 4).
Қанжілік болды. Əбден шаршады,
шалдықты; зорықты. Жарым жылға дейін
район мен аймақ орталығында қ а н ж і л
і к б о л ы п, қызмет орнын іздеп сабылған
ол əбден түңіліп, күдерін үзді (Т.Əлқанұлы,
Тірліктен., 236).
ҚАНКӨБЕЛЕК з а т. э т н. Үйде,
клубта, далада ойнайтын ойын. Қ а н к ө
б е л е к ойынының шарты бойынша, сол
қолымен оң құлағын ұстап, оң қолының
сұқ саусағын жерге тіреп, еңкейіп жүріп,
15-20 рет тез-тез шырқ айналған жігіт 3 м
қашықтықта тұрған бір затты алуы керек
(Ойын-сауық, 191).
ҚАНКӨБЕЛЕКШЕ ү с т. Қанкөбелек
секілді, қанкөбөлек тəрізді. Сені тымы-
райып қарсы алып, бірақ келген шаруаңды
лезде қ а н к ө б е л е к ш е шыр айналдырып,
бəрін тап-тұйнақтай етіп жіберетіндерді де
көріп жүр (Ө.Ахмет, Қарқаралы., 6).
ҚАНКҮРЕҢ с ы н. Түсі қанның түсіне
ұқсас күрең қызыл түс. Күн сəулесі қара
көк айдынның бетіне қ а н к ү р е ң иірім
суреттер салыпты (Ө.Сəрсенбай, Шеңбер,
22).
ҚАНҚАМАУ з а т. х а л қ. Шахмат.
Гарри Каспаров қ а н қ а м а у д а н əлем
чемпионы (Қаз. жаршысы, 07.06.1994, 2).
ҚАН-ҚАСАП с ы н. п о э т. Көп адам
қырылған, қан судай аққан, қан жоса
болған (соғыс). Оның көкесі ол кезде алыс
жорықта, қ а н-қ а с а п ұрыста жүр еді
(Ш.Айтматов, Ерте келген., 47). Үңгірге
кірген адам ондағы адамдар мен аңдар
арасындағы тіршілік үшін айқасқан қ а н-қ
а с а п арпалысты көріп тұрғандай күй кеш-
пек (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 53).
Қан-қасапқа ұшырады [тап болды].
Қырғынға ұшырады, қырылды.
ҚАНҚОЙ с ы н. Қанқұмар, қанқұйлы.
Соғыс! Соғыс! Сенсің қ а н қ о й қара түн.
Сені қостар Қорқау, құзғын, қарға, жын
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 80).
ҚАНҚҰЙЛЫЛЫҚ з а т. Қанқұмарлық,
қаныпезерлік, жауыздық. Жауыздық пен
қ а н қ ұ й л ы л ы қ, қатыгездік ана сүтімен
дарыса, ондай ұрпақ ел болып келістіре
ме?! (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 128).
ҚАНТҚАЙШЫ з а т. ж е р г.
Қантшаққыш. Шəмші ауылында тұратын
кенже баласы Бақытжан Қалдаяқовтың қол
шарығын, білік төсін, қырғыш пен қ а н т қ
а й ш ы с ы н алдық (А.Жұмашев, Қалдаяқ
ұста., 18).
ҚАНТСАУЫТ з а т. Ішіне қант салып,
дастарқанға қоятын ыдыс. Қара ала,
қызыл ала поднос пен шайнек, қ а н т с а
у ы т, шыныаяқтар мен беті жабулы бір-екі
тарелке əкеле жатқан еркек осы үйдің иесі
болар-ау (Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 404).
ҚАНТШАҚҚЫШ з а т. Шақпақ
қантты шағатын құрал (Қаз. этнография.,
3, 440).
331
Байынқол Қалиев
ҚАНТҮЛЕК з а т. з о о л. с ө й л. Қан-
түбіт. Қырандар жасына қарай балапан,
қ а н т ү л е к, тірнек, тастүлек, құмтүлек,
қана, жана, барқын, баршын, шөгел деп
аталады (Ана тілі, 14.02.2008).
ҚАНТЫСТАУ з а т. ж е р г. Беке
1
. Бұл
ауру Арал маңында беке, Көкшетауда қ а
н т ы с т а у деп аталады (О.Нақысбеков,
Ауыс. гов., 102).
ҚАНТЫШҚАҚ з а т. Малдың қан ара-
лас іші өтіп, тоқ ішекті зақымдайтын
инфекциялық ауруы. Көбінесе жас қозыда
байқалады (дизентерия). Дəрілік түймедақ
төлдің ақтышқақ, қ а н т ы ш қ а қ деген
ауруларына да қолданылады (Н.Шəріпбаев,
Пайд. өсімд., 9).
ҚАНҰЙЫҚ з а т. Сойған (өлген)
малдың етіндегі, адам ағзасындағы ұйып
қалған қан. ≈ Етіндегі қ а н ұ й ы қ т а р д
ы алып тастаңдар.
ҚАНШЕГІР з а т. Қыран бүркіт-
тің алғыры. Дəулет қансонарда түлкі
қағып түсіретін кешкіл бас қ а н ш е г і р
тəрізді атылып тұр (Ə.Байбол, Темір-
жол., 277).
ҚАНШЕЛЕКТІК з а т. Жауыздық,
қанішерлік, айуандық. Фашистер жазықсыз
нəрестелерді осы машинаға мінгізіп газбен
тұншықтырып өлтірмек. Қандай айуандық,
қ а н ш е л е к т і к! (І.Есенберлин, Шығ.
жин., 1, 365).
ҚАНШЫ з а т. с ө й л. Адам тамыры-
нан қан алып емдейтін адам. Басы ауыру,
сақинасы ұстау кезінде қ а н ш ы шеке
тамырды шекіп, аздап қан алатын болған
(Қаз. этнография., 3, 440).
ҚАНЫАЗДЫҚ з а т. м е д. Адамның
қаны азайып кететін ауруы. Сондай-ақ жас
балалы аналар мен сəбилердің көпшілігі
анемия (қ а н ы а з д ы қ) ауруынан зардап
шегуде (Денсаулық, 1990, №2, 30).
ҚАҢ... Əбілғазы Баһадүрдің айтуын-
ша, «қ а ң» - екі дөңгелекті арба деген
мағына береді (А.Сейдімбеков, Күңгір-
күңгір., 184).
ҚАҢҒУЫЛДА е т. с ө й л. Қаңғу,
қаңғыру, кезу. Сырға иіріп отырған
ұршығының шүйкесін суыртпақтап соза
түсіп: - Сиырын іздеп, қ а ң ғ у ы л д а
п жүрген шығар, - деді (М.Айымбетов,
Құмөзек., 211).
ҚАҢҒУЫЛДАУ Қаңғуылда етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҢҒЫ з а т. к ө н е. Ертерек кезде
қылмысты адамның мойнына, аяқ-қолына
салатын шынжырлы кісен. Ұмыт болған
кейбір дүниелерді Дəркенбай дүниеге қайта
əкелуде. Соның бірі – қ а ң ғ ы. Ол ағаштан,
шынжырлы кісеннен тұрады. Ертеректе
қ а ң ғ ы н ы қылмысты адамның мойнына,
аяқ-қолына салып қаңғыртып жібереді екен
(Жетісу, 20.08.1992, 4).
ҚАҢҒЫЛЕСТЕ е т. ж е р г. Қаңғалақтау;
қаңғу. Қ а ң ғ ы л е с т е п солай қарай безек-
теп бара жатқанда қуып жеттім (О.Бөкеев,
Өз отыңды., 196). Енді міне, барар жер, ба-
сар тауым жоқ қ а ң ғ ы л е с т е п жүргенім
(Бұл да, 215).
Қ А Ң Ғ Ы Л Е С Т Е Н Қ а ң ғ ы л е с т е
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
ҚАҢҒЫЛЕСТЕНУ Қаңғылестен
етістігінің қимыл атауы. Ол аюдың
таңсəріден тау асып қ а ң ғ ы л е с т е н у і
н і ң себебін бірден байқады (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 113).
Қ А Ң Ғ Ы Л Е С Т Е У Қ а ң ғ ы л е с т е
етістігінің қимыл атауы. Өздері қалыңға
кіріп кететін əдеттері болмаса, дала кезіп, қ
а ң ғ ы л е с т е у д е н құтылып, қонжықтар
да дем алып қалған (К.Сегізбаев, Жап-
жасыл., 52).
ҚАҢҚА з а т. к ө н е. Арбаның үстіне
тұрақты тігілген шағын үй. Оны көбінесе
жорықшылар мен ұзақ жолға шығушылар
пайдаланады. Көшпелі елдің өмір салты
үйлердің алуан түрін өмірге келтірген. Олар:
итарқа, жаппа, қ а ң қ а, қоспа, жоламай,
жорықүй, жолымүй т.б. (А.Сейдімбеков,
Күңгір-күңгір., 190). Жолаушылар мен
жорықшылардың тігетін үйлерін абы-
лайша, қос, қ а ң қ а, жорықүй деп атаған
(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 25).
ҚАҢҚУЛА е т. Қаңқу сөз, алып-қашпа
сөз айту, өсектеу. Жұрт сөзді онан əрі
жаңыртқан жоқ, Қ а ң қ у л а п, қағажулап
қағытқан жоқ. Насырға шабатынын біліп
жиын, Шаппаған бəйге басын ауыртқан
жоқ (І.Жансүгіров, Шығ., 512). Мұны төрде
отырған ақсақалдар қызғанып, баланы
қ а ң қ у л а й д ы, малға бата қыл дейді (Ел
аузынан, 55).
ҚАҢҚУЛАС е т. с ө й л. Ұрсысу, керісу,
балағаттасу. Не жауласып мерттескен
емес, не жөндесіп серттескен емес, қит етсе
бір-біріңнің жоқ-жітік, кем-кетіктеріңді
айтып, ел көзінше қ а ң қ у л а с с а ң д а р,
332
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
əрине, жараның аузы ушыға береді (Лен.
жас, 15.08.1973, 3).
ҚАҢЫЛТЫР с ы н. Қаңылтырдан
істелген, қаңылтырдан жасалған. Нығмет
қаланың жатақтар тұратын шетіндегі тас
дуалды, қ а ң ы л т ы р шатырлы, еңселі
ағаш үйге жүгіре басып тез жетті (Жұлдыз,
1972, №9, 158).
ҚАП е т. Балықтың қармаққа салған
жемді тістеуі. Балықтың да қ а б а т ы н
кезі осы (Қ.Қараманұлы, Ай куə, 26).
ҚАП: Қап киіп жарысу. Клубтарда
ойналатын жастар ойыны. « Қ а п к и і п
ж а р ы с у» ойыны клуб залдарында, жазық
далада өткізіледі (Ойын-сауық, 162).
Қаптың түбі қағылды. Азығы сарқыл-
ды, тамағы таусылды (С.Алдабергенов,
Жаңару. 6).
Қаптың түбін қақты. Қысқа деп
жинаған азығының соңғысын алып, қазан-
ға салды д.м. - Əлгі менің əйелім, қ а п
т ы ң т ү б і н қ а ғ а алмаймын дейді
(Б.Дəулетбаев, Сүмбілшаш, 108).
ҚАПАЛАҚ з а т. Жел диірменнің айна-
лып тұратын қалақшасы. – Менің қазіргі
жүрісім – жел диірмен сынды. Қашан, қай
жақтан жел соғады деп қ а п а л а ғ ы м арби-
ып тұрғаным (О.Бөкеев, Өз отыңды., 122).
ҚАПАЛАҚТАТ Қапалақта етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
ҚАПАЛАҚТАТТЫР Қапалақтат
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
Қабағынан бұлт көшірмей-ақ ыстық күнде
қар қ а п а л а қ т а т т ы р ы п, жалғыз
ауыр сөз айтады (Жалын, 1974, №1, 61).
Қ АП А Л А Қ ТАТ У Қ а п а л а қ т а т
етістігінің қимыл атауы.
ҚАПАН с ы н. ж е р г. а у ы с. Даңқты,
əйгілі, үлкен. Осынау қ а п а н атағымменен
əскерді өзім басқардым, Найзамен, қанмен
қасқита жаздым əр жолын ерлік дастанның
(М.Шаханов, Мəңгүрт., 26).
ҚАПАУ с ы н. ж е р г. Қапырық,
тымырсық. Жаздың қ а п а у ыстығында
Айдарлы байдың жал-құйрығы төгілген
өңшең жирен жылқылары суға белуарынан
малынып, шыбындап тұрар еді (Ə.Нəбиев,
Бейтаныс., 11).
ҚАПАШЫЛ с ы н. Қапалана беретін,
қамыққыш, ренжігіш. Сонда менің осы бір
қ а п а ш ы л мінезім, боркеміктігім үшін
кінəлап, талай-талай өзімді-өзім жегідей
жемеймін бе? (А.Мекебаев, Алапат, 229).
ҚАПЕЛІМШІЛ с ы н. ж е р г. Жай-
барақат, бейқам, қамсыз жатқан. Өз
басының бақытсыздығын ұмытқан. Қ а п е
л і м ш і л қасіретті емініп, бойрап, бүлініп
қалмаған (І.Есенберлин, Алтын ат., 278).
Қ а п е л і м ш і л жүрегін, шыдамсыз жанын
шоқтай күйдірген оның ойнақы қарақат
көздері, гүл қабыз нəр құмар еріндері...
(Бұл да, 282).
ҚАПЕТ з а т. ж е р г. Халат. Əйел ауы-
рып жатқан Қабеннің төсегіне жақындап,
қ а п е т і н, орамалын шешіп оның
үстіне тастап, өзі көйлекшең ғана қалды
(Ж.Молдағалиев: Жұлдыз, 1973, №7, 19).
ҚАПҚАҒАР з а т. э т н. Сүр еттен
қап түбінде қалған бір асымдай етті
көршілерімен бөлісіп жеу салты (Ата сал-
ты., 130). Қ а п қ а ғ а р – қыстай сақтала-
сақтала қап түбінде қалған ең соңғы бір
асым ет. Оны үй иесі қазанға салып асып,
көрші-қолаңдарын «қ а п қ а ғ а р жеңдер»
деп шақырып береді (А.Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 3, 129).
ҚАПСАР з а т. Қатары, қасы, жаны.
Қаздың қ а п с а р ы н а н қалмай үйіне еріп
келемін (О.Бөкеев, Мұзтау, 228).
ҚАПСЫРМА
1
з а т. Үй немесе құрылыс
салғанда қатар жатқан ағаштарды бір-
біріне қысып ұстап тұру үшін қажетті,
екі жағында иілген ұштары бар темір
(скоба). (Сөз өнері, 181).
ҚАПСЫРМА
2
з а т. ж а ң а. Көзілдірік
əйнегін сыртынан ұстап (қаусырып)
тұратын метал жақтау (оправа).
ҚАПТАЛ с ы н. Ер адамның белі
қыналмаған (тік, жайдақ) жеңіл сырт
киімі (шапан, шекпен, күпі т.б.). Тонның
белі тарылып тігілгендері – «қынамал»,
ал қыналмайтындары – «қ а п т а л» деп
аталады (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 15, 120).
Еркектердің жұқа, сырма сырт киімі. Қ а
п т а л шапан жағасыз келеді. Көбіне егде
кісілер жазда киеді (ҚСЭ).
ҚАПТАЛ : Қапт а л жол. Тауды
қапталдай түскен жол. Біз қ а п т а л
ж о л м е н жүріп келе жатқан едік, кенет
жер сілкінгендей болды да, қар жүріп кетті
(Жетісу, 15.05.2006).
ҚАПТАМА с ы н. Сырты былғарымен
(дермантинмен) қапталған (есік). Сол ек-
піндеген беті сырты былғарымен тысталған
қ а п т а м а есікті шалқайта ашып біреу
кірді (Ж.Қорғасбек, Жынды., 80).
333
Байынқол Қалиев
ҚАПТЕҒҰЛ з а т. к ө н е. Ханның са-
райын түнде күзететін əскери адамдар.
Сарай төңірегінен əлдеқашан торғауыттар
– күндізгі күзетшілер кетіп, олардың орнын
қ а п т е ғ ұ л д а р – түнгі күзетшілер алған
(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 69).
ҚАПТӨСЕК з а т. Туристер далада
жатқанда (ұйықтағанда) ішіне кіріп жа-
татын бітеу төсек-орын. Оған жаңа қ а п
т ө с е к берілді. Қ а п т ө с е к т і ң астына
қамыс мардан төселді. Марзия қ а п т ө с
е к т і ң ішіне кіріп кетті (Ш.Мұртазаев,
Қара маржан, 51).
ҚАПТҮБІ з а т. э т н. Күйеудің
қоржынына əртүрлі сыйлық салу кəдесі.
Дайындықтың ең бастысы «қ а п т ү б і»
деп, күйеудің түрлі кəделерді салып кел-
ген қоржынына əртүрлі сыйлықтар мен
сарқыттар салу керек (Х.Арғынбаев, Қаз.
халқы., 197).
ҚАПТЫРМАЛЫ с ы н. Қаптырмасы
бар, қаптырма тағылған. Осы секілді
асыл тастардан көз қондырылған қ а п т
ы р м а л ы белдіктер əсемдігімен жақсы
əсер қалдырады (Қазақст. əйелдері, 1983,
№9, 27).
ҚАПШАҒАЙ ү с т. Ылдым-жылдым,
тез, шапшаң. Күн көтеріле балшық езіп, кір-
піш қалауға кіріскен шал қ а п ш а ғ а й қи-
мылдап біраздан соң таңдайы кеуіп шөлдей
бастаған (О.Бөкеев, Өз отыңды., 12).
ҚАПШЫҚТА е т. Қапшыққа салу. ≈
Біз өз тарымызды қ а п ш ы қ т а п алдық.
ҚАПШЫҚТАУ Қапшықта етістігінің
қимыл атауы. Киіз басатын боз жүндерді
бірыңғай қ а п ш ы қ т а у ы м ы з қажет
(Қ.Салғарин, Соқпақ., 68).
ҚАПЫ: Қапы жоқ. Мүлтіксіз, қапысыз;
ешқандай кемістік жоқ. Үлкендердің жер
танитын қырағылығында қ а п ы ж о қ
(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 415). Ал оқушы
жұртшылықтың ықыласында қ а п ы ж о қ
(Бұл да, 482).
ҚАПЫЛТ Қапыл етістігінен жасалған
өзгелік етіс.Сұржекеймен арасы жақсы-
тын Ждақайдың. Сондықтан Қозбағар қ а
п ы л т қ а н ы м е н Ждақай нығызсынған
қалпын бұзбады (С.Елубай, Ақ боз., 260).
Достарыңызбен бөлісу: |