ДЕСІС Дес етістігінен жасалған
ортақ етіс. Айнымайық, д е с і с к е н
уəдеден (Ғашық-наме., 60). Анам əжемді
қатты сыйлайтын, екеуі ищəй д е с і с к е н
емес (Қазақст. əйелдері, 1975, 8, 27).
ДЕСІСУ Десіс етістігінің қимыл атауы.
ДЕУЛІ с ы н. с ө й л. Деген. – Сенің
атыңды неге осылай қойды екен? – д е у
л і сұрағына мүдіргенім бар (Лен. жас.
30.12.1972. 3).
ДЕФОРМАЛАН е т. Əуелгі (бастапқы)
формасын жоғалту. Сондай-ақ біреуінің
бірінші компоненті, біреуінің екінші
компоненті əрі делексикаланған, əрі д е
ф о р м а л а н ғ а н сөздер екені даусыз
(А. Ысқақов, Қазіргі қаз. тілі, 138).
Д Е Ф О РМ А Л А Н У Д еф о рм а л а н
етістігінің қимыл атауы.
ДЕЦИМЕТРЛЕ е т. Дециметрмен
өлшеу. Əлдеқайдан линейка табылып, ал-
дымен метрлеп, д е ц и м е т р л е п, сосын
сантиметрлеп өлшенді (М. Байғұт, Бұла
бұлақ, 152).
Д Е Ц И М Е Т РЛ Е У Д е ц и м е т рл е
етістігінің қимыл атауы.
ДЕШТІ: Дешті қыпшақ. Ертедегі
күшті түрік мемлекеттерінің бірі. Ежелгі
египет, грек мемлекеттерімен үзеңгілес:
скиф, сақ-ғұн, массагет, сармат, д е ш т і
қ ы п ш а қ мемлекеттері болған екен
(Ə. Ыдырысов, Таңшолпан, 200).
ДЖЕРСИ з а т. Сырт киім тігілетін
қалың матаның бір түрі. Оған қарасұр
д ж е р с и пальто киген Берітарт қарсы
жолықты (Қ. Сатыбалдин, Қараторғай,
334).
ДЖИНСЫ з а т. Мықты жəне тығыз
матадан тігілген ер адамдардың бұт
киімі. Нұрлан сол жылы Мəскеуде қолдан
150 сомға америкалық д ж и н с ы сатып
алып киген еді (Н. Исабаев, Өмір., 319).
ДЖИП з а т. Жеңіл машинаның ең жақ-
сы маркаларының бірі. Шағын ауылдың
өкпе тұсынан өңмендей кірген үлкен қара
д ж и п автокөлігі шеттеу орналасқан ақ
үйдің алдына келіп тоқтады (Д. Рамазан,
Жылап аққан., 49).
ДЗЮДОШЫ з а т. Дзю-до күресінің
маманы. Қарағандыға жетпістен астам
д з ю д о ш ы келді (Лен. жас, 20.11.1974, 4).
ДИАБЕТИК з а т. м е д. Диабет ауруы-
мен ауыратын адам. «Семіздікті қой ғана
көтере алады» дейді қазақ. Сұмдық қой!
Болашақ д и а б е т и к т е р! (Р. Тоқтаров,
Ғасыр наны, 278).
ДИАЛА з а т. с ө й л. Орыстың «дело»
сөзінің қазақша айтылуы. Жеке д и а
л а с ы н тағы бір ашып көру керек екен
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 72).
ДИВАН-КЕРЕУЕТ з а т. Əрі диван,
əрі кереуеттің қызметін атқаратын үй
жиһазы. Үйіндегі д и в а н-к е р е у е т
к е жатып, бірер сағат ұйықтап алды (Соц.
Қазақст., 18.04.73, 2).
ДИВАН-КРЕСЛО з а т. Əрі диван, əрі
креслоның қызметін қатар атқаратын
үй мүлкі. Бөлмедегі жасыл масатымен
қапталған шетелдік д и в а н-к р е с л о л а р
бұларды бірден жасқап тастағандай болды
(Т. Нұрмағанбетов, Жер иісі, 42).
ДИДАР : Дидар ғайып. э т н.
«Адамның табиғатын (қасиетін) білу
өте қиын. Сондықтан құдай адамына
жолықтырсын» деген ұғымды меңзейді.
Мұсылмандардың түсінуінше дүниеде үш
ғайып бар. Олар: нəсіп ғайып, неке ғайып,
д и д а р ғ а й ы п (Қаз. этнография., 1, 593).
ДИЕТШІК з а т. Диетаны қатаң
сақтайтын адам. Қазіргі жаңа дирек-
тор ішкілікті татып алмайтын, ет жемей-
тін д и е т ш і к (Д. Досжанов, Жол-
барыс, 330).
ДИЕТШІЛ с ы н. Диетаны сақтайтын,
диетаны ұнататын. «Ауыр асты көтерер,
Сүлдем мынау, қай түрім?» Десе дағы
д и е т ш і л, Керегің жоқ ағың деп, «Ко-
ньякка ниетшіл, Бола қалды бағым деп, Екі
жүзді қағып салды (Лен. жас, 03.06.1972, 4).
ДИЗЕЛЬДІК с ы н. Дизельге тəн,
дизельге қатысты. Болашақта біздің
ауыр техникамыз д и з е л ь д і к қуатқа
көшпекші, сол кезде оларға керекті жанар-
жағармайдың жетпіс процентін конденсат
бермек (Қаз. əдеб., 19.09.1986, 10).
ДИКТОРЛЫҚ з а т. Диктор қызметін
атқарушылық, доктор болғандық. Бұл
күнде ағалықтан асып, аталыққа алшаң
адымдап бара жатқан Əнуарбектің д и к
т о р л ы қ салада өз мектебі бар (Қаз. əдеб.,
01.04.1983, 15).
160
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ДИКТОРША ү с т. Диктор сияқты,
диктор тəрізді. Əйел даусына салудың
орнына еркек д и к т о р ш а самбырлап
кетеді (Т. Əлімқұлов, Көкек айы, 80).
ДИҚАНАТА з а т. м и ф. Егіннің,
егіншілердің пірі, иесі. Қазақ халқының
мифологиялық пірлерінің бірі – Д и қ а н
а т а (Жалын, 1974, 3, 147).
ДИЛАНДЫРУ Диландыр етістігінің
қимыл атауы.
ДИЛАНУ Дилан етістігінің қимыл
атауы.
ДИЛЫЛАУ с ы н. Күйлілеу, қуаттылау.
Əйелі де, өзі де жілік майы үзіле қоймаған,
д и л ы л а у еді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 50).
ДИНАМИТСІЗ с ы н. Динамиті жоқ,
динамитпен қаруланбаған. Онысы да рас.
Бүгінде д и н а м и т с і з орманшының күні
жоқ (Қ. Ысқақ, Ақсу., 23).
ДИПЛОМДЫ с ы н. Дипломы бар, білім
алған. Бұлар д и п л о м д ы, дипломсыз
делініп екіге бөлінеді (Ж. Алтайбаев, Таңд.
шығ., 201).
ДИПЛОМДЫҚ с ы н. Бір дипломға
татырлық, дипломға тұрарлық. Қал-
тасында медицина колледжының дипломы
болмаған, дегенмен бір д и п л о м д ы қ
білімі бар еді (А. Мархабаев, Ғарышта., 80).
ДИПЛОМШЫ з а т. Диплом жазушы,
диплом алушы. Д и п л о м ш ы қандай
кітаптар оқыды екен, кімдердің еңбегіне
сүйенді екен деген оймен пайдалан-
ған кітаптарының тізімін қарадық (Б.
Нұржекеев, Өзендер., 125).
ДИРИЖЕРШЕ ү с т. Дирижер сияқты,
дирижер тəрізді. Жас жігіт екі қолын д и р
и ж е р ш е ербеңдетіп, мінбеде тұрып алды
(Ə. Нұршайықов, Махаб. жырлары, 388).
ДИСКІЛЕНУ Дискілен етістігінің
қимыл атауы.
ДИСТИЛЛЯЦИЯЛАНУ Дистилля-
циялан етістігінің қимыл атауы.
ДИУАНАШЫЛЫҚ з а т. Диуана
болушылық, тақуалық (Д. Исабеков,
Тіршілік, 86).
ДИІРМЕНТАС з а т. Диірменнің астық
үгетін астылы-үстілі дөңгелек екі үлкен
тасы. Бір орыс жігіті д и і р м е н т а с
т ы қашады. Өзі жап-жас жігіт, түйедей
алып екен (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 94).
Мойнына ілген жалпақ қайыс белбеуге д и і р
м е н т а с т ы төрт жерден іліп, ұясынан
жалғыз өзі қозғап, көтеріп алды (Бұл да).
ДОБАЛ с ы н. с ө й л. Жуандау. Біздің
жылқы жабы емес, қарабайыр мен қазанат.
Жабы деген жалдас, мойыны жуан, аяғы
қысқа да д о б а л, жүні қалың, жал-құйрығы
қою келеді (Ер қанаты, 84).
ДОБИЯ з а т. м и н е р. Білезіктің
көздеріне орнатылатын қызғылт түсті
тас. Д о б и я əдетте күмістен соққан
жалпақ білезіктердегі ойыққа, ұяға орна-
ластырылып бекітіледі (Қаз. этнография.,
1, 640).
ДОГМАТШЫЛДЫҚ з а т. Догматизм-
ді жақтаушылдық, соны қорғаушылық.
Мен, аға, поэзиямыздағы д о г м а т ш ы л
д ы қ т а н қорқамын (Ə. Тəжібаев, Жаданов
əңгім., 141).
ДОҒА: Доға жүйкелі жапырақтар.
Жүйкелері доға пішінді иіліп келген
жапырақтар. Кейбіреулері д о ғ а ж ү й к
е л і ж а п ы р а қ т а р деп аталады, мыс.,
інжугүл (Биология, 128).
ДОҒАЛАҚ з а т. к ə с і б. Құдықтың
шынжырын (арқанын) өзіне орап, долыны
көтеріп сыртқа шығаратын жуандау
ағаш білік. Шығыр, арқан, долы – бəрі
сақадай сай. Айыр, д о ғ а л а қ т а р ы н а
дейін бар (Лен. жас, 13.12.1988, 3).
ДОДАГЕР з а т. Дода көкпарының
шебері, доданы жақсы тартатын.
Қазақтар жақтан басын беторамалмен тас
қып байлап алған əйгілі д о д а г е р Бей-
сенбай шықты (Ер қанаты, 144).
ДОДАПАЗ з а т. с ө й л. Додашыл. Олар
той-думанды қыздырып, кəдімгі көкпаршы,
д о д а п а з д а р ғ а ұқсап бір-біріне өлеңмен
кезек сөз тастап отырады (Жалын, 1974,
3, 123).
ДОДАШЫ з а т. Дода тартушы, дода
тартумен айналысушы. ≈ Бұл кезде д о
д а ш ы л а р да жиналып қалған болатын.
ДОДАШЫЛ с ы н. Додаға түскіш,
додаға лайық (ат). Саймасайдың күрең
қасқасы д о д а ш ы л мал еді (Ш. Мұртазаев,
Қызыл жебе, 34). Ақеділдің тақымына
д о д а ш ы л бəкене сары айғыр тиіп еді
(Р. Ниязбеков, Отағасы, 9).
ДОЖЫНА з а т. Бір текті заттардың
12 данасы; дюжина.
ДОЗИМЕТР з а т. т е х н. Иондағыш
сəулелердің шамасын өлшейтін құрал.
Радиациялық жағдайды шамалайтын при-
борлар, д о з и м е т р л е р қайда? (Қаз.
əдеб., 28.06.1989, 2).
161
Байынқол Қалиев
ДОЙБЫШЫЛ с ы н. Дойбы ойнағыш,
дойбықұмар. Карташыл, шахматшыл, д о й
б ы ш ы л, кроссвордшыл хирург досы ай-
тады (Д. Досжанов, Жолбарыс, 231).
ДОК з а т. Кемені құрастыру немесе
оның су асты бөліктерін жөндеу үшін
пайдаланылатын инженерлік құрылыс.
Кемені судан шығарып д о к к а қойды
(ҚСЭ, 4, 5).
ДОҚТАН е т. Доқ көрсету, қоқаңдау.
- Əй, қалай-қалай сөйлейсің?! – деді өзіне-
өзі келе бастаған Əлмырза д о қ т а н ы п,
дауыс көтере (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 343).
ДОҚТАНУ Доқтан етістігінің қимыл
атауы.
ДОЛАНА с ы н. Долана ағашынан,
долана сүрегінен жасалған. Атасы
жонып берген д о л а н а шоқпарымен
жерді ұрғылап барады (К. Мұқажанұлы,
Ортеке, 5).
ДОЛАНАЛЫ с ы н. Долана қалың өскен,
доланасы мол. Əкем д о л а н а л ы сайдан
отын сүйреп əкелді (Т. Жақыпбайұлы, Асан
ата, 26).
ДОЛБАРЫНША ү с т. Болжамынша,
жобалауынша, долбарлауынша. Д о л б а
р ы н ш а ол жақта мал көп, сондықтан кісі-
лер шаруақор келеді (Т. Қосуақ, Мəрмəр., 10).
ДОЛДАНДЫРУ Долдандыр етістігінің
қимыл атауы.
ДОЛДАНЫС Долдан етістігінен
жасалған ортақ етіс. Сонда бүкіл Алмалы
бойының аюлары тегіс үн қосып: «Біздің
алмамызда адамзаттың не қасы бар» десіп
д о л д а н ы с ы п, жер-көкті азан-қазан
етіпті (С. Мұратбеков. Жабайы алма, 20).
ДОЛДАНЫСУ Долданыс етістігінің
қимыл атауы.
ДОЛОТО з а т. т е х н. Тасты
бұрғылайтын құрылғының алмастан
жасалған басы. Олар қанша тырысса да,
д о л о т о гүрс етіп тиеді де, дəл бір оның
басын біреу ұстап алып, əдейі жібермей
тұрғандай (І. Есенберлин, Алыста., 233).
ДОЛЫҚ з а т. Құдық қазғанда оның
түбінен шығатын сулы, сазды топырақ.
Баймұқан үнемі беліне байлап жүретін
кендір жібімен Биғалидың қолын артына
қайырып таңып тастады да, д о л ы қ тар-
татын үлкен кебеже шелекке отырғызды
(Жалын, 1977, 6, 108).
ДОЛЫЛАНУ Долылан етістігінің
қимыл атауы.
ДОЛЫША ү с т. Долы адамша. –
Қатының көк егіннің үдесіне шыға ал-
май жүргенде сен д о л ы ш а көшесің!
(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 246).
ДОМАЛАҚ: Домалақ қалың. э т н.
Əдепкі (ресми) кəделерді орындамай-ақ,
ақшалай берілетін қалыңмал (Қаз. этно-
графия., 1, 643).
ДОМАЛАТПАЙ з а т. м е д. Өте
жұқпалы ішек ауруы. Бертін келе д о м а
л а т п а й д а н ол байғұс та дүние салды.
Əйтеуір, артында үш күшігі қалды. Соны
медет қылдық (С. Бердіқұлов, Егеулі най-
за, 38). Д о м а л а т п а й (холера) ішек
ауруларының ішіндегі ең жұқпалысы
жəне ең қауіптісі болып саналады (Балқаш
еңбеккері, 22.08,1970, 4).
ДОМБАЗДАУ Домбазда етістігінің
қимыл атауы.
ДОМБАЙ з а т. з о о л. Жабайы есек.
Далада құлан, д о м б а й шұбырса, О-дағы
бір егеулі оққа жолығар! (Шалкиіз: Бес
ғасыр жырл., 1, 47). Біз жаңылып д о м
б а й д ы құлан деп жүрміз. Құлан – пре-
жевальский жылқысы (Б. Қыдырбекұлы,
Түгел сөздің., 125).
ДОМБЫҒЫҢҚЫРА е т. Аздап домбығу,
ісіңкіреу. Жел қағып тотығыңқырап, д о м
б ы ғ ы ң қ ы р а п кеткен бет-аузын шар-
шаңқы түрмен сипалап өткен жігіт күреңіте
түсті (Т. Мəмесейіт, Таудан., 67).
ДОМБЫҒЫҢҚЫРАУ Домбығыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ДОМБЫҚ: Добық бет. Беті домбығып
кеткен, ісіңкі. Төбесінде шоқпар тұрғандай
бүгжең қаққан бітік көз, д о м б ы қ б е т
қараның мысы басылып, даусы əдеттегі-
дей мияулап шықты (Р. Отарбаев, Біздің
ауыл., 391).
ДОМБЫРА: Домбыра бас. м у з. Дом-
быра негізді бас аспабы. Сол сияқты үш
ішекті болып келетін домбыра прима, д о м
б ы р а б а с, домбыра контрабас түрлері
кəдімгі екі шекті домбырадан өрбіген
аспаптар (Қаз. əдеб., 27.12.1974, 4).
Домбыра контрабас. м у з. Домбыра
негізді контрабас.
Домбыра прима. м у з. Домбыра негізді
прима.
ДОМБЫРАШЫЛ с ы н. Домбыра
тартуды жақсы көретін, домбыра тар-
татын. – Асеке, мынау жастардан бір ор-
кестр жинап алсаң да жетерлік, - деп Сиғат
162
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Əбдіден кейін жұрттан төбесін жасырып
отырған д о м б ы р а ш ы л, жігіт-желеңді
желеу етті (Қ. Ысқақ, Ақсу., 262).
ДОН: Дон жылқысы. Жылқының Дон
бойынан тараған тұқымы. Д о н ж ы л қ ы
с ы мініске де, жегуге де төзімді, аса күтім
талғамайды (ҚСЭ, 4, 21).
ДОНЖУАН з а т. Бозбалашылықтың
əсерімен моральдықтың этикалық норма-
ларын бұзған ер адамның бейнесі. ≈ Ол бір
жүрген д о н ж у а н.
ДОНКИХОТ з а т. Кедей, бірақ сері
жігіттің бейнесі. Д о н к и х о т серілік
қиялдың шырмауында болып, зорлық-
зомбылығы жоқ заман орнатуды арман
етеді (ҚСЭ, 4, 22).
ДОНКИХОТТЫҚ з а т. 1. Орынсыз
батырлық, қажетсіз батылдық. Ал
мұндай д о н к и х о т т ы қ екінің бірінің
қолынан келе бермейді (І. Есенберлин,
Шығ. жин., 1, 206). Оның кейде дүниедегі
əділетсіздік атаулыға бір өзі қарсы шаба-
тын «д о н к и х о т т ы ғ ы» да бар еді
(Қ. Жұмаділов, Таңғаж., 184). 2. а у ы с.
Алаңғасарлық, аңқаулық, қожанасырлық.
Тышқан қағып жүрсе де, ханға сəлем
бермейтін Ситан сыболышының д о н к и
х о т т ы ғ ы н да Асекең енді түсінгендей
(Қ. Ысқақ, Ақсу., 454).
ДОП з а т. к ө н е. Оқ. Беркініп садақ
асынбай, Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге д о п салмай,... Ерлердің ісі бітер
ме?! (Махамбет: Жеті ғасыр жырл., 1, 166).
Сол зеңбіректерге Беққара мен Түлекбайлар
ие болмақ. Олар дəрі толтыру, д о п салу, от
қою тəрізді шеберлікті қазір үйреніп жатыр
(С. Сматаев, Елім-ай, 2, 386).
ДОП: Доп айдаушы. э т н. Қазан-
доп ойынындағы допты домалатып,
қазаншұңқырға түсіру үшін əрекетте-
нуші ойыншы. Бір ойыншы д о п а й д а у
ш ы болады. Ол допты қазанға түсіру
үшін айла іздейді. Басқалары қазан-
ды қорғайды (Қ.Толыбаев, Бабадан.,
126). Басқа ойыншылар өзінің ұясын да д о п
а й д а у ш ы ғ а алдырмауға тырысады
(Бұл да).
ДОПҚҰМАР з а т. Доп ойнауды
ұнататын (адам). – Жігітім, поэзияны
футболға айырбастағанды қайдан көрдің?!
– деп тыйып тастады. Анау əдепсіз де, д о п
қ ұ м а р өзге ағайындар да жым болды
(М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 220).
ДОПТЫ: Допты соқ. о й ы н. э т н .
Көпшілік жиналған жерде ойналатын
ойын: Бөлменің ортасына доп қойылады
да, біреуді допқа арқасын бере тұрғызып,
көзін басатын қағаз қалпақ кигізеді. 8
қадам ілгері жүргізіп, үш рет айналды-
рып жібереді. Ол барып допты аяғымен
тебеді. Тебер кезде басындағы қалпағын
ала қояды. Д о п т ы с о қ ойынын ойнау-
шы допты тебе алса, оған жүлде беріледі
(Ойын-сауық, 236).
ДОПШЫ з а т. Жауға қарсы доп
(домалақ тас) атушы. Айналасы биік ду-
алмен қоршалып, салықшылар, д о п ш ы
л а р тұратын биік тұрғылары мен көземдері,
қарауыл мұнаралары бар (Т. Зəкенұлы,
Мəңгітас, 403).
ДОРБАУЫЗ з а т. з о о л. Аузы дорбадай,
тұрқы қысқалау, маңдайында жарқыраған
қызықтырғышы бар балық түрі. Жарыққа
қызыққан ұсақ балықтар мен ас шаяндар
д о р б а у ы з д ы ң дəл қасына жүзіп келеді,
сол кезде ол аузын тез аша қояды (Су асты.
тіршілік, 63).
ДОРҒАБЕК з а т. к ө н е. Хакімбектің
айырықша тапсырмаларын орындай-
тын шенеунік. Ертеңіне олар саудасын
кəдімгідей бастап кеткен кезде керуенба-
сына д о р ғ а б е к шақырып жатыр деген
хабар келді (Ж. Бейсенбаев, Жасын-
тағдыр., 163).
ДОС-ЖАРАНШЫЛ с ы н. Дос-
жарандарының көп болуын ұнататын, дос-
жаранға жанын беретін (Ш. Мұртазаев,
Қара маржан, 163).
ДОС-ҚАС з а т. э т н. Жастардың
көңілді кештерде ойнайтын ойыны. Сол
жерде жастар таң атқанша « д о с-қ а с» ойы-
нын ойнады (Д. Исабеков, Тіршілік, 238).
ДОСҚҰМАР с ы н. Дос болғыш,
досшыл. Асқұмардың тəні семіреді, д о с
қ ұ м а р д ы ң жаны семіреді (Ж. Ахмади,
Айтұмар, 510).
ДОСПЕЙІЛ з а т. Досына ақ пейілді
адам. Ол сол бұрынғыша: аңқылдаған д о с
п е й і л, жайсаң мінез, көрген жерден сал-
дырлай жөнелетін бала көңіл... (Жұлдыз,
1975, 4, 127).
ДӨДІЛДЕТ е т. Машинасын «дөд,
дөд» дегізу, дыбыс беру. Ақырында мына
қатты жүріске шыдай алмай, алдындағы
машинаға «д ө д і л д е т і п» белгі берді
(Жалын, 1974, 2, 30).
163
Байынқол Қалиев
ДӨДІЛДЕТУ Дөділдет етістігінің
қимыл атауы.
ДӨЙДАЛА з а т. ж е р г. Айдала. Ат
ырыққа көнетін емес, басын кекжитіп алып
д ө й д а л а шауып барады (Қ. Жұмаділов,
Атамекен, 182). Үйді қапырық, ауланы қой
сасиды деп, дастарқанды д ө й д а л а ғ а
жасатқан (Қ. Ысқақов, Қараорман, 206).
ДӨЙПАС с ы н. ж е р г. Мықты, зор;
дүлей. Дегенмен уақыт шіркін одан да қа-
тал ғой, қанша д ө й п а с болса да кəрілік-
тің ыңыршағын мықтап-ақ салыпты
(Н. Қазыбеков, Тұсаукесер, 46).
ДӨКЕЙЛЕТ е т. ж е р г. Үлкейт. Бірақ
бұзауымды д ө к е й л е т і п бересің деп,
екі қызыл бұзауға бір пұт астық берді
(Ж. Аймауытов, Шығ., 37).
ДӨКПЕК с ы н. с ө й л. Дүңк-дүңк
етіп қалған, жайсыз. Ұзақ жыл д ө к п е к
желіспен шоқырақтатып жүріп, Ағыбай
оны да ұмытыпты-ау (Қ. Жұмаділов,
Сəйгүлік., 87).
Достарыңызбен бөлісу: |