Жазба жұмыстары және оның түрлері



бет8/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
4 .Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;


5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.
Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.
Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.
Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.
8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.
Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет