3. Морфологиялық жаттығулар Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:
Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.
Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3)сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.
Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.
2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.
3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.
Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:
Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.
Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе әнгімелер құрастыру.
Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету.
Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.
Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.