Жазды Л. С. Выготский 1994 жылдың 7-10 маусымында Испанияда


Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балалар



бет8/12
Дата26.07.2023
өлшемі48,59 Kb.
#104798
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балалар
Гиперкинез – бұлшық ет тонус ауысуынан болған күштеп қозғалу гиперкинез бен тремор ретінде көрініс береді.
Гипернезия – бұлшық етінің құбылмалы тонусына тәуелді қимыл-қозғалысты еріксіз күшпен жасалу сипатын білдіреді. Гиперкинезиялар демалу және қозғалыстада бірдей болады. Бұл балаларда күшпен қозғалу мойын, бас, аяқ-қол дене бұлшық еттерінде байқалады.
Тремор – аяқ қол, саусақтарымен, дауыстың, тілдің еіксіз ырғақты тербелесі. Тремор нақты әрекет жасауда анық көрінеді, мысалы: жазуда.
4. Тепе-теңдік пен қозғалысты реттеу, ұйымдастыруының ауытұуы (атаксия) . Бұл жерде дене атақсиясы отыру, түру және жүру кезінде дене тұрақсыздығы арқылы білінеді. Демеусіз тұра алмайды, жүрісінде аяқтарын кең қояды.
5. Қозғалыс сезімнің бұзылуы (кинестезиялар). Өзінің денесін ұстау сезімі қиындайды.
Синкинезия – бір қолды бүккенде екінші қолдың еріксіз бүгілуі
Күрделі кемістігі бар тұлғалар
біріккен бұзылыстар проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зерттеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан бөлек болады, шетте қалады.
Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген.
А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда өзегеше іс-әрекет қалыптастыру үшін кейбір жағдайларды қамтамасыз ету қажет, олар:
- біріншіден ол - заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе заттар туралы нақты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;
- екіншіден қоршаған ортадағы заттармен әлеуметтік әрекет жасау;
- үшіншіден, әр әрекет нәтижесін баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау.
Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.
- кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (б.э.д ҮІІІғ-б.э. XII ғ.)
Рим философы Сенеканың (б.д.д. 6 - б.д.д. 65ж.) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған
- қамқорлықтан керең соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең (XII г-ХҮІІІ ғ.)
Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін занды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.
- сенсорнкалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең (ХҮІІІ ғ.-ХХ ғ. басы)
1817 ж. - Дания - кереңдерді міндетті түрде оқыту туралы акт;
1873 жыл- Саксония- соқыр, керең және ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылдады.
1881 ж. - Норвегия -саңырауларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1882 ж. - Норвегия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1884 ж. - Пруссия -көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім.
1887 ж. - Швеция - кедей және ақыл-ойы кемтар балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1889 ж. - Швеция - саңырау балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң.
1892 ж. - Пруссия- көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі туралы Заң.
1893 ж. - Англия - соқыр, керең балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1896 ж. - Швеция - соқыр балаларды мінтетті түрде оқыту туралы Заң.
1899 ж. - Англия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1900 ж. - Пруссия- саңырау, соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1914 ж. -Бельгия- көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң.
1920 ж. Нидерланды- ақыл-ойы кемтар, соқыр, саңырау және нашар естийтін балаларға білім беру туралы қағида.
Сенсорикалық кемістігі бар тұлғалардың азаматтық құқығын және мәртебесін тану ғана, керең-мылқау балаларға (Париж, 1770 ж.) және соқыр балаларға (1774 ж.) арналған алғашқы мемлекеттік арнайы мектептердің пайда болуына мүмкіндік берді
Ф. Пиннель, Ж,Эскироль, Ж, Итар дәрегерлер кемтар балаларды оқыту тәжірибесін емханаларда бастаған.
1892 жылы Лондон мен Лейчестер қалаларында ақыл-ойы кем балалар үшін алғашқы мектептер ашылды.
1913 жылы ағылшын парламентіне ақыл-ойы кем тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заң қабылдануына әкелді.
Ресей керең-мылқауларға (1806 ж.) және соқырларға (1807 ж.) арналған алғашқы мектептердің ашылуымен танымал.
Кемтар балаларды оқытуды алғашқы тәжірибесін дәрігер-психиатрлер (В.М. Бехтерев, С.С. Корсаков, В.П. Сербский, А.Н. Бернштейн, В.П. Кащенко т.б.) бастаған. Ресейлік психиатрлер қоғамы 1880 жылдан бастап психикалық ауру және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы мекемелерді ұйымдастыруға белсене тырысуда. Аномальді балаларға арналған «алғашқы жекеменшік мекеме» 1882 жылы Петербург қаласында ашылған И.В.Маляревскийдің дәрігерлік мекемесі болды.
1904 жылы Киев қаласында ақыл-ойы кем оқушыларға арналған дәрігерлік-педагогикалық институт құрылды, онда сондай-ақ атақты профессор И.А.Сикорскийдің Ольга және Елена атты қыздары да оқыды.
1908 жылдан бастап ғана жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы занды еңгізу арқасында көмекші мектептер мен сыныптар ашыла бастады
Олигофренопедагогика даму тарихында 1908 жылы Москва қаласында ашылған В.П.Кащенконың «кемтар балаларға арналған мектеп-саноториясы» ерекше орындардың бірін алады. В.П.Кащенконың осы мекемесі және барлық емдік-педагогикалық әрекеті дефектология тарихында аса маңызды орын қалдырған.
В.П.Кащенко (1870-1943) аномальді балаларды жалпы түрде оқыту мен тәрбиелеу процесінің іске асуы үшін белсенді ат салысқандардың бірі болады
1905 жылы В.П.Кащенко кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясын ашуға дайындығын бастайды. Осы мақсатпен ол ынталы түрде балалар психологиясы мен психопотологиясының пайда болу белгілерін анықтаумен айналыса бастайды, оны А.Н.Бернштейн және Г.И.Россолимо жетекшілігімен жүргізіледі

- кейбір кемтар балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейін кезең (XX ғ. басы XX ғ. 70-шы жылдар)


БҰҰ 1948 жылы "Адам құқығы туралы" Декларацияны қабылдады. БҰҰ ақыл-ойы кемтар (1971), мүгедектердің (1975) құқықтарын декларацияларда бекітті.
- кемтар тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктірін қамтамасыз етуге бас бұру кезеңі ( XX ғ. 70-шы жылдар - қазіргі уақытқа дейін)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет