Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Қазақтың халық педагогикасында тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру



бет62/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

5.4 Қазақтың халық педагогикасында тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру
Педагогикалық ой-пікірлер тарихында әртүрлі тұжырымдамалар адамның жас кезеңі бойынша дамуын кезеңдестіру мәселесін шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Адамның жас ерекшеліктеріне орай тәрбие беру мәселесінің маңыздылығына Ислам дінінде ерекше назар аударылған. Құран аяттары мен хадистердегі балаға қатысты мағлұматтарды және ислам ғалымдарының тәрбиеге қатысты көзқарастарын ескере отырып, дін негізінде бала тәрбиесін келесі топтарға бөліп қарастыруға болады: сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы; бүлдіршін кезең: 2-6 жас аралығы; «Тәмииз» кезеңі: 7-9 жас аралығы; «Мураһиқ» жасы: 10-15 жас аралығы; балиғат жасы - 16 жастан жоғары. 
Қазақ халқы да өз тәжірибесінде адамдардың қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, соған орай тәрбиелеу үшін адам жасын бірнеше кезеңдерге бөлген. Сөйтіп, адамның жас және жеке бас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдерін топтастырудың бірнеше тәсілдері қалыптасқан. Бірінші тәсілді адамның дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен байланысты белгілі отандық этнопедагогтар былай жіктейді:
1. Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең - нәрестелік кезең. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінді: а) бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін); ә) еңбектеу жасына (7 айдан 12 айға дейін). Әдетте 40 күнде баланы қырқынан шығарады, 3-ші күннен тұзда суға шомылдырады, 5-і күні бесікке салады, 7-ші күні «сылап, сипау» ырымы жасалады.
2. Бір жастан үш жасқа дейінгі кезең - бөбектік кезең. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. 1 жаста «тұсау кесу» әдет-ғұрпы өткізіледі.
3. Үш жастан жетіге дейінгі кезең – сәбилік кезең. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысқан. 3 жастан бастап, салт-дәстүрлер баланың жынысымен байланысты әртүрлі мазмұнға ие бола бастайды. Бұл кезде ер балалар үшін “атқа мінгізу” ғұрпы, қыздар үшін “сырға тағу” ғұрпы жүргізіледі. Қыздар көбіне қазан-аяқ ұстап шешелеріне көмектескен, ұлдар бұзау не қозы-лақ бағып, тезек теріп, оны түйеге артып әкелген. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді қайырып келген. 5-7 жаста ұлдарға «сүндет тойы» жасалып, қыздардың «тұлым қою» рәсімімен бұрымын өсіреді. 7 жасқа дейін баланың еркі тәрбиеленеді: оған бәрін істеуге рұқсат беріледі. Барлық нәрсе кешірімді болады. “Жеті жасқа дейін балада ақыл болмайды”, “Жеті жасқа дейін бала көбік”, “Балаға ақыл жеті жастан кейін кіреді” дейді халқымыз. бастап “сүндет 5-7 жа
4. Жеті  жастан он екі жасқа дейін - періште жасы. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелген. Егер бұлар осы кезеңде бұзақы іс жасаса, онда оның кінә екені осы кезеңдерден кейін есептелінген. Осы кезеңде қыздар анасына көмек көрсетуге тиіс болған, ұл балалар үй ішінен сыртқы жұмыстарға жегілген. Осы жастағылар игілікті өндіруге қатыстырылған. Дегенмен бұл жас әлі кішкентай болып есептелінген. Мәселен, біреудің үйіне қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен бірге дастархан басына отырғызылмаған, тек анасымен бірге ғана ас ішетін. Жалпы, 7 жастан 11 жасқа дейінгі кезеңді баланың сезімдік даму кезеңі деуге болады. Сонымен қатар бұл жастағы балаларды «ойын баласы» деп те атайды.
5. Он үш жастан он бес жасқа дейін - бозбалалық (қыз бала) кезең. Бұл кезең ұл мен қыздардың едәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбеген. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас еткен, киген киімі де өткен кезеңдердегідей емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау) қосылатын. Бұл кезең - баланың ерекше қасиеттері дамитын кезең болып табылады. есею кезеңі басталады. Бұл кездің жауапкершілігін «Он үште отау иесі» сияқты мақалдан аңғаруға болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кезде ұлдың да, қыздың да есею кезеңі басталады.
6. Он бес жастан бастап үлкендер жасы басталады. Бұл кезде баланың ерік-жігері мен сезімдік дамуы аяқталады. Денесінің, өзінің күші мен қуатының жетілуін адам саналы түсінеді. Бұл кезеңде ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болған.
Осы кезеңдерде бірен-сараңдары болмаса, (онда да үстем тапқа жататындардың балалары) бұқара халықтың балалары оқымаған, бірақ олар өздерінің білімін, ақыл-ойын тіпті дамытпады деуге болмайды. Біріншіден, балалар кіші жас кезеңінен бес-алты жасында туған-туысқандарымен бірге жұмыс істеп, үлкендерге еліктеу арқылы өзінің білімін, еңбек дағдыларын дамытқан. Екіншіден, бозбала, не қыз бала ол кезде түрлі ойын-сауықтарға қатысып, мәселен, айтыс кезінде кім қандай деректер келтірілгенін тыңдап, кейін өлең шығаруға, сөзді тауып айтуға ұмтылып, шешендік қабілетке ие бола бастаған. Қазақта «балиғат» деп 13-ке толған қыз баланың жасын атайды. Ал осы жастағы ұл баланы «ер жетті» деп атайды. Халық түсінігі бойынша жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпағы көп, дені сау, мықты болып қалыптасады деген. 13 жастан асқан соң исламның шариғат ережелері бойынша адам пенделік істерге барып, күнәһарлық жасай бастайды деп танылады. Сондықтан қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған. 
7. 25-30 жас – жігіттік шақ немесе тәжірибе жинақтау кезеңі. 25 жастан адамның ерікті және сезімдік дамуы аяқталады. Ал 30 жас – әлемнің үш бірлігінің символы, ол аяқталғанда адам өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаса, өзі кінәлі болады.
8. 30-40 жас – дүр жігіт немесе жігіт ағасы атанатын шақ, бұл кезең жауапкершіліктің күшеюімен ерекшеленеді.
9. 40-50 жас – материалдық молшылық, ашық эмоция, тәжірибені пайдалану кезеңі, халық бұл кезеңді «ердің жасы» деп атайды. 40 жастан материалдық байлықтың игілін көру, рахаттану басталады, сондықтан осы кезеңді материалдық жетістіктің, айқын эмоциялардың, жинақталған тәжірибенің мезгілі деуге болады.
10. 50-60 жас – «жігіт ағасы» атанатын шақ немесе дене және психологиялық үйлесімділік кезеңі. 50 жаста адам физикалық және психологиялық бастаулардың үйлесіміне қол жеткізеді. Ол өмірді философиялық тұрғыда саналы ұғынуға ұмтылады, бұл жас – ойластырылған әрекеттер, асықпай сөйлеумен көрінетін жетілгендік кезеңі. Ал 60 жас – даналық жасы, пайғамбар жасы және отыздан екі рет қайталанып аяқталған цикл, яғни екі әлем құрылды және меңгерілді деп есептеледі.
11. 70 жас – «қарасақал» немесе даналық жасы.
12. 80 жас – «ақсақал» немесе бата алған уақыт. Қайтыс болғандарға бұл жаста «ас» береді. Оның заттарын таратады, бұл жасқа келіп қайтқан адамдарды жоқтап, жылауға болмайды деп есептелген. 80 жас – алла берген ғұмыр, бұнда қырық жастан екі рет дүниелік қатынастар әлемі өткізілген.
13. 90 жас – адамның данагөйлік кезеңі, өзінің дүниетанымының тәжірибесін жастарға беретін, ғарыш заңдарын білетін және Жер мен Ғаламның, Ғалам мен Адамның бірлігін терең түсінетін кезең.
14. 100 жас – адам өмірінің шексіздігі ғаламдық шексіздіктің сапасына ие болады, адам тұңғиыққа аттанады.
Аталған бір жас сатысынан екінші жас сатысына өту белгілі бір салт-жоралғылармен байланысты болған. Әрбір жас сатысының киім киюінен, шаш қоюынан, міндеттерінен, мінез-құлық нормаларынан байқалатын өзіндік ерекшеліктері бар. Бір жастан екінші жасқа өту ертерек пайда болған жас сатысынан туындаған және біздің заманымызға дейін тұрмыста қолданылып келе жатқан салт-дәстүр ретінде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен жоралғыларды орындаумен қатар жүрген.
Адамның жас ерекшеліктерін ескерудегі екінші тәсіл қазақтардың шаруашылық іс-әрекетінің негізгі түрімен, яғни мал шаруашылығымен байланысты. Соған сәйкес жас кезеңдерге бөлу төрт түлік малдың атауымен байланысты болды. Мысалы: туылғаннан – 10 жасқа дейін қозы жасы; 10 жастан 20 жасқа дейін қой жасы; 20 жастан 30 жасқа дейін жылқы жасы; 30 жас – орда бұзар; 40 жас – қамал алар жас, аға жас, немесе ер түлегі; 50 жас әдетте ердің жасы деп есептеледі. Ер балалардың 7-10 жас аралығын «қозы жасы» деп аталуын бұл жастағы балалардың төрт түлік мал төлдерінің қасиеттерін жыға тану тапсырылғандықтан деп топшыласақ, 10-20 жас аралығын «қой жасы» деп атау осы жастағыларға қойдың қырық қайырымын білу талабы қойылғандықтан деуге болады. Ал 20 мен 30 жас аралығын «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарға осылай жасына қарай ат қойып тәрбиелеу олардың өзіне деген сенімділігін арттырған. ЕЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет