Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Жоспар: 15.1. «Ұлттық тәрбие» ұғымына түсінік 15.2. Ұлттық тәрбиедегі ана тілінің рөлі Мақсаты



бет71/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

Жоспар:
15.1. «Ұлттық тәрбие» ұғымына түсінік
15.2. Ұлттық тәрбиедегі ана тілінің рөлі
Мақсаты: «Ұлттық тәрбие» ұғымына түсінік беру, оның ерекшеліктерін саралау арқылы қазіргі жаһандану заманында ұлттық тәрбие берудегі ана тілінің ролін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1 «Ұлттық тәрбие» дегеніміз не?
2 Ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері қандай?
3 Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ана тілінің ролі қандай?
Тапсырмалар:
1. «Ұлттық тәрбие» ұғымына әртүрлі ғалымдар тарапынан берілген анықтамалар талдап, олардың ортақ белгілерін көрсетіңіз.
2. Ұлттық тәрбие берудегі ана тілінің ролі туралы БАҚ материалдарын саралап, негізгі ойларды теріп жазыңыз.
Мәнжазба, эссе, жоба тақырыптары:
1 Ана тілің - арың бұл
2 Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
3 Жаһандану заманындағы тіл мәселесінің ерекшеліктері

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ:

1 «Қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында түркілік және қазақ ойшылдары әл-Фараби, Асан қайғы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтың шығармаларымен танысу, олардың еңбектерінде көтерілген халықтық тәрбиеге қатысты ойларды талдау тақырыпты игеруге мүмкіндік береді.


2 «Халықтың діни көзқарастары мен өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесі» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында діни көзқарастар мен ұлттық тәрбие әдістеріне салыстырмалы талдау жасап, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсету арқылы тақырыпты меңгере аласыз.
3 «Халықтық педагогиканың ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ролі» тақырыбы бойынша халықтық педагогиканың ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы роліне талдау жасап, «ұлттық сана-сезім» ұғымына сипаттама беру арқылы тақырыпты меңгере аласыз.
4 «Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың тәрбиелік маңызы» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» пен «ырым» сияқты ұғымдардың мағынасын түсіну, олардың халықтық тәрбиедегі маңызын түсіну арқылы эссе жазуға дайындала аласыз.
5 «М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдар» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында алдыңғы тақырыптарда меңгерілген мәліметтер негізінде М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдарға талдау жасап, олардың қазіргі уақытта қазақ тұрмысында қолданылу деңгейін көрсетуге болады.
6 «Әртүрлі халықтар дәстүрінің үндестігі» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында Қазақстанды мекендейтін әртүрлі халықтар дәстүрлерімен танысу, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау арқылы «Дәстүрлер үндестігі» тақырыбына эссе жазуға дайындалуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет