Мақсаты: Қазақтың балалар мен жастарға дене тәрбиесін беруге қоятын педагогикалық талаптарын меңгерту
Бақылау сұрақтары: 1 Этнопедагогикадағы дене тәрбиесінің негізгі қағидалары қандай?
2 Қазақтың балалар мен жастарға дене тәрбиесін беруге қоятын педагогикалық талаптарында ерекшелік бар ма?
Тапсырма: 1 Ұлттық ойындардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын практикалық тұрғыдан анықтаңыз
2 Қазақтың ұлттық спорт ойындарының бірі негізінде оның балалар мен жастардың дене тәрбиесін қалыптастыру құралы бола алатындығын дәлелдеңіз
Мәнжазба тақырыптары: 1 Қазақтың ұлттық спорт ойындары
2 Ұлттық ойындардың балалардың дене тәрбиесін қалыптастырудағы орны
3 Ұлттық ойындардың ақыл-ой тәрбиесіндегі орны
12 Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі 12.1 Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
12.2 Салт-дәстүрдің халықтық педагогикадағы ролі
12.3 Салт-дәстүрдің тұлға қалыптастырудағы ролі
Мақсаты: Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы түсінікті меңгерту
Бақылау сұрақтары: 1 Салт, дәстүр, әдет-ғұрып дегеніміз не?
2 Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері неде?
3 Олардың халықтық педагогикадағы орны қандай?
4 Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тұлға қалыптастырудағы ролі қандай?
Тапсырмалар: 1 Халқымыздың салт-дәстүрінің бірін сипаттап беріңіз, оның қазіргі уақыттағы қолдану аясын анықтаңыз
2 Озіңізге белгілі салт-дәстүр немесе әдет ғұрыптардың тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлін көрсетіңіз
Мәнжазба, эссе, жоба тақырыптары: 1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
2. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар..
3. Ырымға сенуге бола ма?