Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


«Ш.Уәлиханов – этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші»



бет72/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

7 «Ш.Уәлиханов – этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында қазақтың танымал ғалымы Ш.Уәлихановтың халықтық тәрбие туралы пікірлерімен танысып, тақырып бойынша мәнжазба жазуға дайындалуға болады.
8 «Мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік маңызы» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында қазақ мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын жинаушы және зерттеуші ғалымдар еңбектерімен танысу және мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халықтық тәрбие құралы ретіндегі маңызын түсіну арқылы фото, видеоматериалдар негізінде слайдтық презентация жасауға дайындала аласыз.
9 «Халық әндерінің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында қазақтың халық әндерінің ұлттық тәрбие құралы екенін анықтап,халық әндерінің түрлеріне сипаттама беу арқылы тақырып бойынша мәнжазба орындауға дайындала аласыз.
10 «Жыраулар, ақындар, көрнекті ойшылдар мен педагогтар шығармаларындағы халықтық педагогика элементтері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында қазақтың танымал жыраулары, ақындары, ойшылдары шығармашылығымен танысып, олардағы халықтық тәрбие идеяларын материаланықтау арқылы жоба қорғауға дайындалуға болады. Материалды презентациялық слайд, эссе, мәнжазба түрінде беруге болады.
11 «Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізгі міндеттері» тақырыбын орындау барысында Ақтөбе қаласында жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар жұмысымен танысып, «Достығымыз жарасқан» тақырыбына жоба дайындауға болады. Жұмысты студенттер топқа бөлініп орындайды. Материал презентациялық слайд, буклет, альбом, эссе түрінде берілуі керек.
12 «Қазақстан халқының дәстүрлері негізінде оқушылардың адамгершілік санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында Қазақстан халқының дәстүрлерімен, ырымдарымен, әдеттерімен, тәрбие құралдарымен танысу арқылы олардың халықтық тәрбиедегі ролін мәнжазба түрінде көрсете
13 «Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында президенттің Қазақстан халқына жолдауы және тағы басқа еңбектерімен танысып, президент тұжырымдарының қазіргі көп ұлтты Қазақстан жағдайында жастарға тәрбие берудегі маңызын түсініп, үйге берілген тақырыптардың біріне эссе дайындай аласыз.
14 «Қазақстанның жеке халықтарының этномәдени ерекшеліктері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында Қазақстанның жеке халықтарының этномәдени ерекшеліктерімен танысу арқылы «Түркі халықтарының этномәдени ерекшеліктері», «Славян халықтарының этномәдени ерекшеліктері» тақырыптарына мәнжазба жазуға дайындалуға болады.
15 «Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының ролі» тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты орындау барысында көрсетілген әдебиеттерді оқи отырып, қазіргі замандағы мәдениеттердің көптүрлілігінің негізгі тенденциясын және тәрбиенің ерекшеліктерін анықтай аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет