Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Этномәдени білім беруді енгізудің негізгі қағидалары



бет54/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

4.3 Этномәдени білім беруді енгізудің негізгі қағидалары
Этнопедагогикалық мәдениет – бұл этнопедагогикалық білім, адамзаттық қатынас пен үлгі, танымдық және тәрбиелік маңызы бар: бесік және бесік жырлары, балалар киімі, қоғамдық тәрбиешілер, спорттық және басқа жарыстар, дәстүрлі балалар мерекелері, ақыл-кеңестер, өсиеттер мен тыйымдар, тәрбие, ойындық әндер, балалардың еңбек құралдары туралы көзқарастар жиынтығы, балалар фольклоры, ойыншықтар, балалар тағамы, балалар еңбегі және қозғалмалы ойындар. Ал этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және тілдің сәйкестігін, этникалық топтардың өзіндік тұрмысын сақтауға және бір мезгілде басқа мәдениетті меңгеруге бағдарланған білім беру үлгісі.
Этномәдени білім беруді енгізудің негізгі қағидалары мыналар:

  • Білім беру саласы бойынша барлық саяси партияның, қоғамдық, діни және

басқа да ұйымдардың қатысуын заң шеңберінде шектеу;

  • Қоғам қызығушылығына сәйкес тұлғаның этномәдени сұраныстары мен

қажеттіліктерінің басымдылығы туралы ереже қабылдау; қоғамда этномәдени бірлікті қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты іске асыру;

мәдениеттің жаһандық құндылығын тәжірибеге енгізу;

  • Мәдениетті құрушы институт, ұлттық өзіндік тұрмысты сақтау және дамыту

туралы;

  • Көпұлтты мәдени тұрмыс мәселелерін кешенді шешу;

  • Көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

4.4 Көптілді тұлғаны тәрбиелеу
Қостілділік немесе билингвизм – адамның екі тілді қатар меңгеріп, сол екі
тілді практика жүзінде қолдануы және солардың көмегімен басқалармен табысты қарым-қатынас орнатуы. Екі тіл білетін адамдар – билингвтер, үш тіл білетіндер – полилингвтер, үштен көп тіл білетіндер – полиглоттар деп аталады. Қостілділік әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі кезде үлкен маңызға ие және ақпараттық қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Шарықтап дамып келе жатқан халықаралық қатынастар әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің тығыз байланысын тудырып отыр. Адамның өзінің ана тілінен басқа ең болмаса бір шет тілін меңгеру қажеттігі – өмір талабы. Қос тілді мемлекеттердің тууы, жаһанданудың кең етек алуы, екі тілді қатар меңгерген адамдар санының артуы билингвизмді біздің заманымыздың ақиқатына айналдырып отыр. Кез-келген көп ұлтты мемлекет қостілді немесе көптілді болып табылады.
Жаһандану дәуірінде көпмәдениетті, көптілді адам – бір жағынан өз халқының мәдени мұрасын сақтаушы, екінші жағынан, ұлттар мен этникалық топтар арасын жалғастырушы болып табылады. Экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың кеңеюі билингвизмнің халықтарды біріктірудің белсенді факторы және қуатты құралы бола алатынын көрсетеді. Билингвизмнің халықаралық тіл есебінен қалыптасуы ұлттық тілдің дамуына тежеу болмауы керек, керісінше, ана тілі мен әдебиетін терең тануға, басқа халықтың тілдік мәдениетіне толерантты қарауға мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстанда бір жағынан, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданыс тауып отырса, екінші жағынан, ресми тіл ретінде – орыс тілі, халықаралық қатынас тілі ретінде – ағылшын тілі қолданылып отыр. Сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың тілдерін дамытуға жағдай жасалған.
Жалпы алғанда, көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Көптілді тұлға – өзінің мәдениеті арқылы басқа ұлттың мәдениетін меңгеруге бағытталған тұлға. Аталған мәселені талдамас бұрын алдымен бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ.
Көптілділік – нақты коммуникативтік жағдайдың әсерімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді.
Көптілділіктің негізгі көрсеткіштері мыналар:

тілді білуі, шетел тілін үйренуі, халықтар әдебиетін оқуы;

  • Рельефті тарихи сана. Тарихи үрдістерді терең зерттеу және жете түсіну;

  • Объективтілік. Дін тарихын білуі;

  • Айқындалған географиялық және экологиялық сана. Әлемді және өз Отанын

түсінуі, оларды сезіну беделі;

  • Ашық көркем эстетикалық сана. Көркем шығармашылық, ән айту т.б. Өз

халқының мәдениетіне қатысуды жете сезінуі;

  • Құқықтық сана. ҚР Заңдары мен құқықтық актілерін, өз құқығы мен

міндеттерін білуі;

  • Тілге ерекше мән беруі;

  • ҚР тіл саясатының негізгі қағидалары: жүйелілік, кешендік, өзара түсіністік,

төзімділік, т.б.
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және
танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Осыған орай көптілді білім беру мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр.
Көптілді білім берудің мақсаты әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту. Міндеттері:
– көптілді білім беру арқылы әр оқушының жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
– әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған көптілді тұлға дайындау.
Қазақстан Республикасы тіл саясатының негізгі қағидалары:
- жүйелілік: бөлінген мәселені емес, жүйеге байланысты барлық мәселелерді біртіндеп шешу;
- бірізділік: қадаммен шешу, жеке сұрақтарды шешуге қызықпау;
- кешенділік: көпжақты тұрғы, көптеген органдар мен адамдардың күшін біріктіру;
- өзара түсіністік пен төзімділік: кез келген тілдің еркін дамуы; туған тілге деген мақтаныш;
- мемлекеттік тілді дамыту және бекіту (мысалы, Францияда қоғамдық орындарда ағылшын тілін пайдаланғаны үшін айыппұл төлейді).
Тіл ــ тек адамдардың қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмай, белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімін, халықтың халықтық қасиетін, оның жалпы тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Бір азаматтың өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, өзге ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігіне ие бола алады. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дәуірге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, ғұлама Әбу Наср Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде жетпіске жуық ұлттың тілін жетік білген. Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде тиісті орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына сараптай алса, өз өмірін мағыналы өткізетін кемел тұлға болып жетілері анық. Бүгінгі таңда елімізде «көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет», - деп атап өтті.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» кемел тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылықтың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 
Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. «Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу - басты міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет