«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы 044-57/15



бет3/13
Дата27.11.2023
өлшемі171,41 Kb.
#130142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Силлабус фарм каз-1

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерді дәрігерге дейінгі жедел медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін өмірге қауіпті жағдайлардың негізгі диагностика тәсілдерін үйрету


2.3 Оқыту мақсаттары:

  • студенттерді өмірге қатерлі , жедел жағдайлардың диагностикасының қағидаларын үйрету;

  • дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсетүдегі білімдермен дағдыларды қалыптастыру;

  • уақытша қансырауды тоқтату ушін стандартты құралдарды қолдануды үйрету;

  • ауырған және келенсіз жағдайға ұшыраған науқастарды тасымалдау ережелерін үйрету;

  • стандартты тасымалдау қалағын жапсыру ережелерін үйрету;

  • жараларға таңғыш байлауды үйрету; уға қарсы заттарды қолдануды білу және жасай білу;

  • асептика және антисептика негізін үйрету.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі


Білімі және түсінігі:

  • алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді талап ететін, науқас өміріне қауіпті уланулардың, жарақаттанулардың, патологиялық жағдайлардың негізгі себептері мен клиникалық белгілерін;

  • жедел науқастанған және жарақаттанғандардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерге дейінгі көмек көрсету шаралар тәртібі мен реттілігін;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсету стандарттарын қолданады.

  • қарапайым жағдай кездеріндеде, экстремальды жағдай туындағандада асептика және антисептиканың негізгі әдістерін;

Білімі және түсінігін қолдану:

  • Науқастың жағдайын симптомдары мен синдромдарының айқындығына байланысты бағалайды.

  • Ауруханаға дейінгі этапта шұғыл жағдайды диагностикалайды.

  • Ауруханаға дейінгі этапта жедел шұғыл көмек көрсетеді

  • Жедел шұғыл көмек көрсету кезінде науқаспен, науқас туысымен, әріптестерімен қарым- қатынас орната біледі.

  • Өкпе-жүрек ренимациясын жүргізеді

  • аяқ астынан ауырып қалған немесе зақымданған науқастардың жалпы жағдайын бағалау: ес-санасын, жүрек-қан тамыр жүйесін (пульс жиілігін, артериальды қысым деңгейін); тыныс алу жүйесін (тыныс алудың түрі мен сипатын, тыныс алу жиілігін, ентігудің болуын); бүйректің зәр шығару қызметін (мөлшерін, түсін, сағаттық диурезін);

  • клиникалық өлім жағдайын анықтау және дәрігерге дейінгі реанимациялық шаралар жүргізу: көрсеткіштерге сай механикалық асфиксияны жою ; «ауызбен ауыз» тәсілі және ауа өткізгіш арқылы жасанды дем беру; жүрекке тікелей емес массаж жасау; оттегі инголяциясын ұйымдастыру; дәрі-дәрмектерді бұлшық етке егу (дәрігердің нұсқауымен);

  • стенокардия ұстамасы кезінде, миокард инфарктіне күдік туғанда, гипертониялық криз кезінде, бронхиальды астмада, эпилепсиялық ұстамаларда дәрігерге дейінгі көмек жинағын іске асыру;

  • термикалық және химиялық күйік кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету (ауырсыздандыру, контурлы таңғыш жапсыру, тасымалдағыш иммобилизациялауды қоса);

  • жұмсақ тіндердің жарақаты кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету (жеке таңу пакетін қолдана отыра асептикалық, бинтпен бекіткіш және тор тәріздес таңғыш байлауды қоса);

  • тірек-қимыл аппаратының жарақатында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету (ауырсыздандыру, тор сым қалағын, Дитерихс қалағын, тосын жасалған қалақтарды қолдана отырып тасымалдағыш иммобилизациялауды қоса);

  • өмірлік көрсеткіштерге қарай улану кезінде көмек көрсету (асқазанды жуумен, антидоттар берумен, жүрек қызметін қалыптастыру үшін бұлшықетке егулермен бірге).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет