Туберкулез диагнозымен түскен пациентте медбикелік тексеру кезінде келесі шағымдар анықталды: жалпы әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, жөтел қақырық бөлінуімен, қақырықта қан жолақтары байқалды. 2-3 апта бойы дене температурасының кешке қарай субфебрильді көрсеткіштерге жоғарылауы, түнде қатты тершеңдік анықталды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары бозарған. Дене t-37,3° С, тыныс алу -минутына 22 рет, PS-88 , АҚ-110/70 мм.с.б. Медбике қай мәселені артықшылықты (приоритетті) мәселе ретінде қарастырады?:
қан түкіру +
кеуде қуысының ауырсынуы
қатты жүдеп кету
ылғалды жөтел
субфебрильді қызба
Артериялық қысымның күрт жоғарылауы кезінде медбике дәрігерді дереу шақыртты, пациентті жастықсыз көлденең жатқызып, шүйде аймағына және балтырға қыша қойды, маңдайына суық компресс қойды, дәрігердің нұсқауларын орындады. Медбикенің қателігі неде?