24.Қазақ емлесіндегі ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері Қазақ тіліндегі ерекшеліктердің бірі бұл үндестік заңы. Ерін үндестігінің таңбалануына қатысты пікірлер көп ақ . Қазақ тілінде үндестік жайында І.Кеңсбаев тұжырымдары басты назарға алынған .Ол кісінің тұжырымы ерін үндестігінің таңбалануы аса маңызды емес деген пікірге келген. Бірақ Ә. Жүнісбек тің айтуы бойынша ерін үндестігі бірнеше буынға дейін әлсіремейді дейді .Ғалымдардың кереғар пікірлері баршылық .Үндестік дауысты дыбыстардың оның ішінде бірінші буындағы дыбыстың қандай болып шығуына байланысты. Мысалы ерін үндестігінің таңбалануы: дауұл, құлұн, жұлұн,өнөр ,көнөр т.б . Енді Қ.Жұмалиев бұған қатысты бұрындары сөз ерін үндестігі арқылы көп жасалатын ,себебі түбір сөз өз семантикасынан уақыт өте келе айырылады дейді . А.Байтұрсынұлы алұу,барұу сияқты мысалдар келтіріп айтылуы бойынша жазады. Бұл жерде уәждер теориялық және факті негізінде шығып отыр .Жіңішке дыбыстардың әсері басым екені баса айтылған . Мысалы В.Радлов «о» фонемасынан кейін келген «ө» фонемасы басымдық алады . Яғни О дыбысы үстемдік ете алмайды .Сонымен шығатын түйін ерін үндестігі уәжді . Ерін үндестік категориясы ауызша тіл болады . Сонымен ерін үндестігі :көбөлек,құбұлыс т.б сөздерден байқағанымыздай бастапқы үш буынға немесе екеуінде анық байқалады .Ары қарай езулік болып жалғасады .Дыбыс реңкінен бірден айырылмайды ,бірте бірте келесі буынға өткенде әлсіреп өзгереді .
25. Қазіргі қазақ графикасындағы әріп-фонема-дыбыс қатынасы Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Фонема әріппен таңбаланады немесе әріп фонеманы таңбалайды деген әдеттегі қағидадан басқаша жол ұстанатын белгілі ғалым, профессор Нұргелді Уәли қазақ жазу-сызу жүйесін «дыбысталған сөз – фонема – графема – әріп» тұрғысынан қарастырады. Бұлай қарастыруының себебін, жазу-сызуда фонема мен әріптің қатынасы І:І болып, бір әріп бір фонеманы белгілейтін болса, онда мәселе туындамай, фонемалардың саны мен әріптің саны үнемі сәйкес түсер еді деп түсіндіреді.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.
Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)
Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن)
Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8]
Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.