Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі


Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік



бет4/8
Дата12.12.2022
өлшемі31,15 Kb.
#56789
1   2   3   4   5   6   7   8
6. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік
7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі• оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;
• оқушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін
қалыптастыруға бағытталады;
• оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін
жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
• оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша
бағалаудың формалары мен тәсілдерінің әртүрлілігін қамтиды.
Төменде критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық
негіздердің сипаты ұсынылды.
8. Критериалды бағалаудың негізгі принциптері мен функциялары Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері): Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады. 6 Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері оқушылардың, мұғалімдердің,
мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды жәнә ынталандырады.
Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік
стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының
үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше
қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық
рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты

сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет