Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі


Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#13028
1   2   3
Байланысты:
Жорабай Ақсымбат(1)

Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік.

Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы. Критериалды бағалау: - оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады; - оқушы бойындағы үрейленуді басады; - мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.

Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие. Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды. Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 («қанағаттандырылмаған»), 3 («қанағаттандырылған»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»). 6

Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі – бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген: а) белгілі бір өлшемі; ә) жалпы сыныптағы; б) бұрынғы көрсеткіші болады. Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады. Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебра пәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, бірінші орынға өлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін немес өзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ол дәл солай. Баға әрдайым субъективті. Бірақ көптеген мектептердегі қазіргі жағдайға қарағанда оның субъектілігі күмән туғызады. Бұлай бағалау түбегейлі мұғалім билігінің құралы. Соған сәйкес мұғалім әрдайым ақиқатқа сай келе бермейтін, талассыз бедел иесі, шындықты тасымалдаушы. Әсіресе бұл мәселе өзінің (өзгенің) ойын суреттеу, мазмұндау немесе дәлелдеуге құрылған, нақты дұрыс немесе дұрыс емес шешілген мысалдар арқылы бағалай алмайтын пәндерге келгенде өзекті болып отыр. Бес балдық бағалау көрсеткіші басқа да нормативті бағалау түрлері сияқты нақтылығы жоқ қолайсыз құрал екеніне күмән жоқ. Алайда бағалау жүйесін оны көпқырлы ете отырып жетілдіруге болады. Алдымен бүгінгі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін анықтап көрейік:

1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.

2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.

3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық: - Бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай 7

практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.



Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, атааналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады. Критериалды бағалау кезінде: - оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады; - оқушы бойындағы үрейленуді басады; - мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.

Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет