ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
221
салмағы мен көлемі бірдей, бір текті жүкті тапсырушыға байланысты, келісім
бағаларының айырмашылығы жер мен көктей болуы мүмкін. Осы келтірілген мысалда
делдалдардан 120 мың тенге алса, егер тікелей өздері қабылдағанда 400 мың тенге, ал ең
бірінші баға 7500 тенге болса, олар 150 мың тенге алуы мүмкін еді. Яғни
тасымалдаушылардың жүкті қалай, кімнен қабылдауына байланысты, автокөлікпен
тасымалдаушылардың да табысы əртүрлі болады.
Жалпы тасымалдаушылардың делдалдарға немесе жүк жіберушіге қояр талаптары
төмендегідей, өйткені олар жүктің уақытында баруына, жол қауіпсіздігі мен жол үсті
тексерушілерден кедермей өтуіне байланысты:
-жүктің тиісті құжаттарының заңдылығы;
-ерекшелігіне қарай арнаулы қораптарға, ыдыстарға, контейнерлерге салынуы;
-жүктің нақты салмағы мен көлемі;
-қабылдап алушының толық мекен жайы, хабарласу мүмкіндігі;
-жүкті тиеу мүмкіндігі жəне оған кетер уақыт мөлшері;
-тасымалдау құны, оны төлеу жолдары;
-қораптарға, ыдыстарға немесе контейнерлерге салынған жүктердің бүтіндігіне,
тізімге сəйкестігіне жауапкершілік шарты, олардың нақты құны;
-тасымалдауға арналған жүктердің құны жəне оның сақтандырылуы;
-жүкті қабылдап жəне оны тиеп алуға барар жердің автомобильге кіріп шығу
мүмкіндігі жəне қауіпсіздігі;
-жол бойындағы жауапкершіліктің бөлінуі, тасымалдаушының жауапкершілік шегі.
Тасымалдаушының тапсырманы орындауы, негізінен екі үлкен фактордан тұрады,
олар автомобиль жүргізушісі жəне автомобильдің техникалық-эксплуатациялық жағдайы.
Біріншісі жүргізуші немесе адам факторы:
-жүргізушінің басқаруындағы автомобильді жетік білуі, жұмыс істеген уақыты, алыс
жолдарға шыққаны, техникалық күтім жəне жөндеу жұмыстарын орындағаны ;
-алыс жолдарға денсаулығының, жəне шыдамдылығының жарамдығы;
-оның жеке басының жауапкершілігі, тəртібі;
-араққа, шарапқа басқада кеселді, рұхсат етілмеген ішкіліктерге əуестігі;
-жол жүрер алдындағы жеке басының, ортадағы жəне жан ұясындағы көңіл-күйі;
-төл-құжаттарының түгелдігі жəне дұрыстығы;
-жол жүру ережесін жəне тасымалдауға байланысты заңдармен құжаттарды білуі;
-жол бойғы кездесетін тексерушілермен, кездейсоқ жағдайлардағы мінезі,
адамдармен тіл табыса алу мүмкіндігі;
-басқа адаммен алыс жолда жақындасып, тіл табысып, олармен сыйымдылығы, мінез
құлқы.
Екіншісі автомобильдің техникалық жəне эксплуатациялық жағдайы:
-автомобильдің нақты тапсырманы орындауға жүк көтергіштігі мен қорап көлемінің
көрсеткіштерінің сəйкестігі;
- қорабының жүкті тиеуге жəне түсіруге икемдігі;
-жүк тасымалдауға жəне алыс жолдарға автомобильдің техникалық жарамдығы;
-тиісті тапсырманы орындау үшін белгіленген маршрут бойындағы сол маркалы
автомобильдерге техникалық жəрдем беретін орындардың мекен жайы;
-автомобильдің жол бойы «орталықпен» байланысқа шығу мүмкіндігi, жол бойы
керекті жанар жағар майлармен қамтамасыз етілу мүмкіндігі;
-автомобильдің тапсырманы орындап келуі аралығындағы кезекті орындалатын
техникалық күтім жұмыстары, оларға керекті қосалқы бөлшектер немесе құралдар мен
эксплуатациялық материалдар алу мүмкіндігі;
-автомобильде тұрған дөңгелектердің техникалық жарамдығы жəне қосалқы
дөңгелектер мен тосыннан болар жағдайда керек болар құралдар;
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
222
-автомобильдегі алғашқы көрсетер дəрігерлік көмекке пайдаланатын дəрілер мен
құралдар түгелдігі;
-автомобильдегі өртке қарсы пайдаланар өрт сөндіргіш құралдар мен саймандар;
-жол бойы керек болар көтергіш, құрал-саймандар, ұсақ бұрандылар мен
бұрағыштар.
Жүк тасымалдау жұмысы өте күрделі жəне жауапкершілігі үлкен. Соның ішінде
елімізде облыс орталықтары мен үлкен жол үстiндегi тиесiлi инфрақұрылымдардың
болмауы, елдi мекендердiң арақашықтығының ұзындығы, көптеген жерлерде ұшқан құста
кездеспейтiнi, автомобиль жүргiзушiсiнiң мiнезiне, психологиясына қатты əсер бередi.
Жоғарыдағы аталған тасымалдау жұмысының тиiмдiлiгiне тiкелей қатынасты факторлар,
сондықтан бұларға дұрыс жауапкершiлiкпен қарап, түгелдей орындалуы тиiс.
Сонымен қатар тасымалдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білгеннен, сол
тасымалдайтын жүктердің бағасы да өзгереді. Ол үшін қандайда болмасын тасымалдау
амалдарын алдын-ала тиімді ұйымдастырудың іс-жоспары орындалады. Кез келген
уақытта тасымалданатын жүкті тасымалдауға қалай дайындап, ұйымдастырған тиімді
болатынын анықтап алған жөн болады.
Кесте 1.- Автомобильдердің техникалық жəне эксплуатациялық жағдайы
Автомобиль түрлерi
Көрсеткiштер аттары
КАМАЗ
5421+тiрке
ме
КАМАЗ
тоңазытқыш
тар
Газель
тоңазытқыш
тар
Жүк көтергiштiгi 8+8
8,0
2,0
Жағар май, л/100км 35 35 16
Жүргiзушi саны 1
1
1
Еңбек ақысы, мың.тенге/күн 2,0
2,0
2,0
Жол ақысы, мың.тенге/күн 1,5
1,5
1,5
Жолдағы күн саны 2,0
2,0 2,0
Мал өнiмдерi:
16
Iрi қара тiрiдей, бас
Сойылған ет, кг
– 8000
2000
Барып келу шығыны:
14000 14000 6400
Жағар май, 50т/л
Төлеме қаржы, тенге
7000 7000 7000
Жүк көтергiштiгiн пайдалану
коэффициентi
Бiр тiрi қара бас 200кг 3200/16000
1,0
1,0
Мал өнiмiнiң тонна
Тиiмдiлiгi:
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
223
21000 21000 134000
3200 8000 2000
Барлық шығын, тг
Тасымалдаған ет, кг
Өзiндiк құны, кг/тг
6,56 2,63 6,7
Нақты жағдайды қарастыралық. Мысалы Алматы облысы Ақсу елдi мекенiнен
Алматы қаласына мал өнiмдерiн тасымалдау тиiмдiлiгiн келтiрейiк. Екi ара 400км. Мал
өнімдерін, нақтырақ атасақ етін Алматы қаласына əкеліп сату керек. Ол үшін бірінші
амалда малды тірідей автокөлікпен тасымалдап, Алматы қаласында сойюды
ұйымдастырады. Екінші амалда мал сол өскен жерінде, яғни мал жіберушінің жағдайында
сойылып, арнаулы тоңазытқыш автокөліктерімен тасымалданады жəне ол екі түрлі
маркалы автокөлік-тоңазытқышын пайдалануды қарастырамыз. Нақты есептеу амалдары
кестеде берілген.
Қорытынды
Мына кестеде көрсетілген малдарды сол орындарында сойып, автокөлік-
тоңазытқыштармен тасымалдаған жағдайда еттің өзіндік құнының төмен болатындығы
дəлелденіп отыр. Оған қосымша біздің мақсатымыз тасымалдайтын автокөліктерді жəне
тиеп-түсіру механизімдерін дұрыс таңдау арқылы тауардың бағасын төмендетуге қол
жеткізуге болады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Жаңбыров Ж.Ғ. тасымалдауды ұйымдастыру жəне басқару. Оқу құралы. Алматы, Нұр-
Принт, 2007, 150 б.
2. Жаңбыров Ж.Ғ., Қалиев Е. Автокөлікті пайдалану тиімділігін арттыру //Алматы, Вестник
ҚазҰАУ. Алматы, 2007, 223 б.
3. Горев А.Э., Олещенко Е.М. Организация автоперевозок и безопасность движения. М.,
Транспорт, 2006, 216 б.
УДК 338
Елешева Жанна Болатовна - ізденуші (Алматы, ҚазККА)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЧТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
ЖƏНЕ ПОЧТА САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ
Əмбебап қызмет елдің жəне бүкіл əлемнің экономикалық тиімділігіне, ал жаңа
технологиялар мен Интернет почта операторларына қолданыстағы қызметтердің сапасын
көтеруге жəне жаңа түрлерін ұсынуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар əмбебап
қызмет осы жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіншіліктерге бейімдейді.
2008 жылы қазақстандық почта ұлттық экономиканың дербес сегменті ретінде осы
саланың бөлінгеніне 15 жыл толуын атап өтетін болады. Бұл Қазақстан
Республикасындағы
почталық
аумақта
мамандандырылған
құқық
кеңістігін
қалыптастыруға жəне əр түрлі меншік нысандарымен почталық операторлардың жұмыс
істеуіне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызды. Жаңа экономикалық жағдайға
өту менеджменттен шешім қабылдауда креативтікті, барлық жұмыскерлерді алға
қойылған мақсаттарға жетуге жұмылуды жəне компаниядағылармен қатар ауыл
тұрғындары тұрпатында біздің ең көпшіл тұтынушыларымыздың əлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз етуді қажет етті. Екінші жағынан, сыртқы жағдайлар компанияның жəне
клиенттің үміті мен сұраныстарына сəйкес келетін сапалы деңгейдегі қызметтердің кең
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
224
ауқымын көрсету үшін бизнес-ортаға шоғырландыруды талап етті. Қазақстан
Республикасының егемен мемлекет ретінде қалыптасу аясында халықаралық алаңда
танылуға көп көңіл бөлінді, бұл халықаралық одақтар мен ұйымдардағы мүшелікке
қосылуды білдіреді жəне барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызды салаларда
өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолданыста болатын бірыңғай ережелер жинағын
қабылдау ниетін қарастырады. Қазақстан почтасы үшін мұндай сыртқы саясат бағыты:
қысқа мерзім ішінде халықаралық почта кеңістігінде біздің мемлекетті толық құқылы əрі
лайықты серіктес ретінде танытуды көздейді.
Байланыс желілері мен құралдарын үндестіру, почталық технологияларды
нарықтық жағдайларға бейімдеу мақсатында 1991 жылғы желтоқсанда ТМД елдерінің
байланыс əкімшіліктерінің басшыларымен байланыс саласындағы аймақтық достастық
(əрі қарай - АБД) құрылған болатын. Оның жұмысы почта байланысын пайдалану,
техникалық саясат жəне жаңа озық технологияларды енгізу, почта байланысын дамыту
жөнінде бірлескен инвестициялық жобаларды əзірлеу жəне жүзеге асыру,
мемлекетаралық почта алмасуда жаңа қызмет түрлерін енгізу мəселелеріне байланысты
өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағытталған. АБД өзінің қызметімен
халықаралық деңгейде кеңінен танылды, Халықаралық электр байланыс одағында жəне
Дүниежүзілік почта одағында бақылаушы мəртебесіне ие болды. Бұл халықаралық
аренада Қазақстан почтасының мəртебесі мен елеулілігі ұдайы өсіп келе жатқандығының
айғағы еді/1/.
2000 жылы почта индустриясын дамыту жөнінде ДПО ұсыныстарын алға тарта
отырып, Қазақстан Республикасы почталық индустрияны дамыту жөнінде Дүниежүзілік
почта одағының ұсыныстарын ұстанып, почта-жинақ моделін негізге қабылдаған,
бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші ел болды. Почта қызметінің ауқымды
əртараптандырылуы почталық қызметпен қатар қаржылық қызмет көрсету арқылы оны
коммерциялауды көздейді. Қызмет түрлерін көбейтіп дамыту арқылы келесі нəтижелерге
қол жеткізілді: соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасында жазбаша хат-хабарлар
көлемі 3 есе, сəлемдемелер - 75%, мерзімдік баспасөз басылымдары - 2 есе, бюджеттік
ұйымдардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу - 600 есе, зейнетақы жəне жəрдемақы - 5,2
есе, қабылданған коммуналдық төлемдер мен салықтар қабылдау - 47 есе, депозиттер - 50
есе, ақша аударымдары - 3 есе өсті. Мысалы, еліміздің бір тұрғынына шаққанда ақылы
ақша аударымының саны жылына 6,4-тен 14,2 бірлікке дейін, қаржылық қызмет көлемі 8
есе өсті. Компанияның табысын көрсетілетін қызметтердің көлемі 4 есе өсіруге септігін
тигізді, яғни 2006 жылы 12,8 млрд. теңгеден асты, таза табыс - 125 есе, яғни 2,2 млн.
теңгеден 275,7 млн. теңгеге дейін жетті. Компанияның негізгі жетістіктері ретінде еңбек
ресурстарын күшейтуін атап өтуге болады. Еңбек өнімділігінің 3 есе өсуі соңғы 7 жылда
жұмыскерлердің еңбекақысын 2000 жылғы 8,9 мың теңгеден 2006 жылдың
қорытындылары бойынша 32,8 мың теңгеге дейін немесе 3,7 рет көтеруге мүмкіндік
берді. Қосымша 5 865 жаңа жұмыс орны ашылды. Почта-қаржы қызметтерінің кең
ауқымы еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, тармақталған почталық бөлімшелердің
желілері базасында олардың қолжетімді болуымен қамтамасыз етіледі, оған қоса 3 096
тұрақты бөлімшелердің 2 498-і немесе 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Тармақталған почта желісі компанияның əлеуметтік маңызды қызметтер рыногында
басым болуына мүмкіндік туғызды. Мысалы, “Қазпочта” АҚ-тың зейнетақы жəне
əлеуметтік жəрдемақы төлеу жөніндегі үлесі 50%, еңбекақы төлеу - 26%, төлемдерді
қабылдау - 25%, оның ішінде республиканың ауылдық елді мекендерінде - 100%-ды
құрайды. Мерзімдік басылымдарды тарату жəне жазылу қызметінің рыногында
“Қазпочта” АҚ үлесіне республикада таратылатын жəне жазылатын мерзімдік баспа
басылымдарының 85%-ға жуық таралымы келеді /2/. Бүгінгі күні қала-аудан деңгейінде
почталық жөнелтімдерді тасымалдаудың орташа жиілігі аптасына 5,4 ретті, аудан-ауыл -
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
225
3,4 ретті құрайды, жеткізу мерзімі барлық бағыттар бойынша 1 күнге қысқарды жəне таяу
жылдары əр елді мекенге хат-хабарлардың күнделікті жеткізілуіне қол жеткізуге міндетті.
Почталық қызметтер бойынша еліміздің барлық облыс орталықтарында
орнатылған, ІPS Lіght халықаралық қадағалау жүйесі базасында Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша ішкі жəне халықаралық жөнелтімдерді қадағалаудың
автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы ЕМS Kazpost курьерлік қызмет көрсету
технологиясы жетілдірілді. Бұл почталық жөнелтімдердің тұрған орны туралы ақпарат
алуға мүмкіндік берді, яғни оның жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қоғам ЕМS-
қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы 334 пунктте көрсетеді. 2006
жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік Почта одағының ЕМS кооперативімен
“ЕМS қызметін сертификаттау бойынша Қазпочта” АҚ-қа “қола деңгейі” берілді (196
қатысушылардың ішінен 36-шы орын). 2007 жылдың маусым айынан бастап “Қазпочта”
АҚ “Сrіcket” жүйесі бойынша Интернет базасында кіріс сəлемдемелерді іздестіру жөнінде
шетел почта əкімшіліктерінің салған сұрауына электронды жауап беру жүйесіне қосылды.
Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту бағдарламасы
шеңберінде қалалық жерлерде жəне ірі ауылдық елді мекендерде орналасқан почталық
байланыс бөлімшелерінде банкоматтар мен POS-терминалдар орнату арқылы почталық
төлем карточкалары жүйесін енгізу жөнінде жұмыс атқарылды. Барлығы 15 190 почталық
төлем карточкасы шығарылды. Халықаралық Vіsa жəне Master Card жүйелеріне қосылу
базасында төлемдер мен почталық аударымдар қабылдауға үстеме қосымшаларды
қолдану технологиясы əзірлене бастады. Тұтынушылық қарыздар беру жəне почталық
байланыс бөлімшелерімен банктердің шоттарына депозиттер қабылдау жөнінде екінші
деңгейлі банктермен агенттік келісімдер жасаудың арқасында берілген несиелердің
көлемі 40,0 млрд. теңгеге, депозиттер - 5,1 млрд. теңгеге дейін өсті. “Қазпочта” АҚ
халықтан жəне компаниялардан олардың пайдасына төлемдер қабылдау жөнінде көптеген
банктермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. “Қазпочта” АҚ сонымен қатар төрт
жыл қатарынан он бір бюджеттік жіктеу коды бойынша бюджетке салық төлемдерін тегін
қабылдайды.
Азаматтарға əлеуметтік жағдайына, жасына жəне географиялық орналасуына
қарамастан, қаржы құралдары мен қор рыногының қызметтеріне бірдей шартта қол
жеткізуді қамтамасыз ету үшін халықтың инвестициялық мəдениеті мен қаржылық
сауаттылығын көтеру құралы ретінде қолданылатын трансфер-агенттік желі құрылған.
Бүгінгі күні жеке жəне заңды тұлғаларға бағалы қағаздар бойынша мəмілелерін тіркейтін
223 пункт қызмет көрсетеді. 2006 жылы “Қазақтелеком” АҚ акциялары ойдағыдай
өткізілді/3/.
Ұялы байланыс қызметінің төлемдерін қабылау жөнінде “Kmobіle”, “Beelіne”,
“Dalacom” “Pathword” сияқты ұялы байланыс операторларымен ынтымақтастық қарым-
қатынас кеңейтілуде. Барлық қазақстандықтар үшін компьютерлік сауаттылықты көтеру
жəне Интернет-ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін “Қазпочта” АҚ
ауылдық жерлерде жұртшылық Интернет желіні еркін пайдаланатын 45 пункт ашты.
Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 70 пункт ашу жоспарланып отыр. Енді қазір
Интернет арқылы филателиялық өнімдерді сатып алуға жəне “Интернет-жазылым”
арқылы мерзімді басылымдарға жазылуға болады.
“Қазпочта” АҚ “Посылторг”, “Katorg”, “Otto”, “Ридерз Дайжест”, “Nіckermann”
компанияларымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау арқылы Қазақстанда каталог
бойынша сауда-саттықты дамытып келеді, “оқулық-почтамен” каталогы бойынша жалпы
білім беретін əдебиеттер мен оқулықтарға жазылу мүмкіндігі беріліп отыр. Аталмыш
жетістіктер почталық-қаржы инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуға негізделген, яғни
2000 жылдан қоса алғанда 2007 жылға дейінгі кезеңде 12,0 млрд. теңгеге жуық сомаға
инвестициялар тартылды. Соның нəтижесінде почталық байланыс бөлімшелерінің
ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу жəне техникалық жайластыру деңгейі көтерілді,
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
226
жұмыс орындары кассалық техникамен, компьютерлік жəне банктік құрал-жабдықтармен
жарақталды, автокөлік жəне почта вагондарының парктері жаңартылды, қазіргі заманға
сай бағдарламалық өнімдер сатып алынды.
Жоғарыда аталған жетістіктер Қазақстан Республикасының почта-жинақ жүйесінің
саласында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында белгіленген іс-
шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Компанияның стратегиялық даму жоспарларында таяудағы бес жылда негізгі күш
халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін, почта-жинақ жүйесінің нақты
экономикалық қызмет секторына жəне халыққа еркін мүмкіндік беруге жұмсалатын
болады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі технологияларды енгізу базасында
почта-жинақ жүйесін жаңғырту үшін экономикалық жəне технологиялық жағдай жасау
жөнінде басымдылықтар анықталған. 2011 жылға қарай нормативтік талаптарға сай
келмейтін барлық ауылдық почталық бөлімшелердің техникалық жəне күрделі
жайластыруды аяқтау, онда Интернетке көпшілік (ұжымдық) қол жеткізетін пункттерді
ашуды ұйымдастыру (бұдан əрі -КҚП), сондай-ақ ауылдық жерлерде ХҚО ашу үшін
жағдай жасауды қамтамасыз ету. Бюджеттік қаржыландыру есебінен 1 489 ауылдық
почталық байланыс бөлімшелерін салу, сыртқы қаржыландыру есебінен - 622 ауылдық
почталық байланыс бөлімшелерін салу жоспарланып отыр; Дүниежүзілік Почта
одағының елдері арасында Қазақстан Республикасы почта ағындарының транзитін
қамтамасыз ету үшін Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында 3 автоматтандырылған
логистикалық-сұрыптау орталығын ашу жөнінде байқау жобаларын жүзеге асыруды
аяқтау; халықаралық деңгейге сəйкес келетін, “Қазпочта” АҚ толық функционалды
орталықтандырылған
ақпараттық-логистикалық
жүйені
құру;
тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жоғары технологиялық қызметтерді енгізу
арқылы өнім қатарын кеңейту; 2012 жылға қарай қала мен ауыл арасында қызмет көрсету
сапасына байланысты алшақтықты қысқартатын, барлық ауылдық почталық байланыс
бөлімшелерінде халықаралық стандарттар деңгейінде почталық-қаржы қызметінің
стандарты тізбесін көрсетуді қамтамасыз ету /2/.
Қазақстан почтасына белгіленген жоспарларды жүзеге асыру Достастық елдері
арасында көшбасшы позициясын алуға жəне біздің бұдан былай ниетіміз - позициямызды
халықаралық деңгейде де нығайтуға мүмкіндік туғызады. Əрине, бұл 20 мың
жұмыскерден тұратын, үлкен ұжымның ерен еңбегі мен кəсіби біліктілігінің жемісі.
Жұмыскерлердің келешекке нық қадаммен адымдауы, қоян-қолтық еңбек етуі осындай
күрделі де маңызды жоспарларды жүзеге асыруға жол ашатындығын атап өтуге тура
келеді.
Енді ең негізгі мəселе – почта саласын реформалау жүйесіне тоқталсақ..
Почта секторы əлемдегі өтіп жатқан ғаламдандыру процесінен шет қалған жоқ,
көптеген мемлекеттерде почта саласының реформасы өткізілген немесе өткізілуде.
Осыған орай, кез келген шаралар, оның ішінде тəжірибе алмасу барлығымыз үшін өте
маңызды. ТМД елдерінің почта байланысын реформалау жəне дамыту ісінде
почташылардың жұмысы халық арасында түсіністік пен қолдау тапты деп айтуға болады.
Бірақ, бүгін бізге почта байланысының желілерін сақтау, көрсетілетін қызметтердің
сапасын жəне бəсекеге қабілеттілігін көтеру, почталық технологияларды бірыңғай
бағдарламалық жəне ақпараттық сүйемелдеуді енгізу, почта жөнелтілімдерінің жоғалуын
болдырмау жəне тасымалдау мен жеткізу маршруттарындағы почта қызметкерлерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, оңайға соқпайтын міндеттерді шешудің жаңа
əрі тиімді жолдарын іздестіру қажет. Байланыс саласындағы аймақтық достастығының
осы жəне басқа да көптеген мəселелерді шешудегі рөлін асыра бағалау қиын». Осы
саланы реформалау нəтижесінде почталық байланыс сапасын көтеру, елдер арасындағы
өзара есеп айырысуды жақсарту, екі жақты табыстар алу, желілерде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету сияқты мəселелер қарастырылған. Сонымен қатар почта саласын
ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008
227
реформалауда мемлекеттің рөлі қарастырылды. Бүгін ТМД көптеген елдерінде почта
саласының реформасы бірыңғай ақпараттық қоғамды құруға бағытталған, сондықтан
тəжірибе алмасу үшін осындай кездесулердің маңызы зор. Мемлекеттер арасындағы
екпінді дамып келе жатқан экономикалық байланыстарға байланысты почта əкімшіліктері
бірқатар проблемалармен бетпе-бет келеді, оның ішінде негізгісі-көрсетілетін
қызметтердің түрлерін кеңейту жəне сапасын көтеру /4/.
Реформалау жүйесі көптеген мəселелерді қарастырады, олардың барлығы көкейтесті
мəселелер десе де болады, оның ішінде көбісі сапалы əрі қолайлы бағамен қызметтер
көрсету үшін почта қызметтеріне тарифтер белгілеу, қалай жұмыс істеу сияқты
мəселелерге қатысты. Тағы бір өте маңызды мəселе-почта саласын басқару мен реттеуде
мемлекеттің рөлі. Бұл мəселеде Франция почтасы мен ДПО Халықаралық бюросы
тарапынан қолдау тауып отыр, мемлекет əр тұтынушыға жазбаша хатхабарларды жеткізу
қызметінің қанша тұратындығын нақты білуге тиіс. Яғни, егер Телекомда соңғы
ұзындықпен болса, мұнда-почташының əр почта жəшігіне немесе клиентке хат-хабарды
жеткізуі. Бұл мəселеге де қатысты қолдау тауып, почта қызметтерін дамытуда
мемлекеттің əрі қарай саясаты қандай болуы керектігін талқылау үшін, осы
проблемаларға арналған аймақтық конференцияны ұйымдастыру туралы шешім қабылдау
көзделген болатын.
Халықаралық тəжірибені талдай отырып, кеңес дəуірінде почтаның шын мəнінде өте
дамыған жəне өте төмен тарифтермен сапалы қызметтер көрсеткендігіне көз жеткіздік.
Енді, қазір сонау кеңес дəуірінде əзірленген көлемдерге, сол нормативтер мен
параметрлерге бірте-бірте қайта оралып келеміз. Жазбаша хат-хабарлар бойынша жеке
тұлғалардың белсенділігі төмендеді. Бірақ, оның есесіне ірі корпоративтік клиенттер
заңды тұлғалардың хат алмасуы артты. Соған сəйкес халыққа хабарлама-шоттарды, банк
шоттарын, карточкалар бойынша басылған шоттарды, зейнетақы көшірмелерін жеткізу
көлемі, сонымен қатар жарнамалық өнімдерді тарату көлемі де артып келеді. Статистика
мен зерттеулер адамның қолда «ұстауға» қарағанда жарнаманы жақсырақ
қабылдайтындығын айқын көрсетті /4/.
Почта саласы реформалау жолында. Өткен жылы Почта-жинақ жүйесін дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданды, онда ауылдық почта желілерін
дамытуға қатысты қаржыландыру міндеттемесін мемлекет өз мойнына алды. Бюджетке
үш жылдық бағдарламаға шамамен 5,7 млрд. теңге салынды жəне биылғы жылы ауылдық
почта
бөлімшелерін
жөндеу,
салу,
құрал-жабдықтармен
жабдықтау
жəне
компьютерлендіру үшін іс шаралар жүргізілген болатын. Жалпы айтқанда, ауылда почта
коммерциялық міндетке қарағанда əлеуметтік міндетті көбірек атқарады. Мемлекет
ауылдық жердерде жəне қалаларда сапа мен қызметтердің жиынтығы арасында теңсіздік
болмауына мүдделі, өйткені Қазақстан жағдайында, яғни тұрғындардың шамамен 43
пайызы ауылдық жерде тұратындықтан, ауыл тұрғындары қаржылық, почталық жəне
басқа қызметтерге қатысты ешқандай ыңғайсыздық көрмеуге тиіс /5/.
Достарыңызбен бөлісу: |