Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Жеңіл атлетикалық секірулердің техникасын оқыту әдістемесі



бет59/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Жеңіл атлетикалық секірулердің техникасын оқыту әдістемесі.


«Аттап өту» тәсілі арқылы секіруді оқыту.


1- міндет. Секірудің техникасымен таныстыру.
Секірудің техникасын қысқаша әңгімелеп беру, оның ерекшеліктерін түсіндіру, кинограммды демонстрациялау, видеофильмдер, фотосуреттер мен секіруді толық үлгіде көрсету

  • секіру жайлы дұрыс түсінік қалыптастырады.

2 - міндет. Итерілу техникасын үйрету.
Секірудің бұл фазасын үйренуде басты назарды аяқ пен қолдың серіппелі қозғалысын аяқпен итеру жұмысының сәйкестігіне аударған жөн. Осы мақсатта арнайы секірулер, имитациялық және қорытынды жаттығулар өте көп орындалады:

    • тіректі қолмен ұстап(гимнастикалық таяқ, ағаш), бос аяқтың серіппелі қозғалысы;

    • қол мен аяқтың серіппелі қозғалысы секіруге жалғасады;

    • тіреусіз итерілудің серпілумен үйлесуі, бүгіле серпілген аяқта тұру, итеретін аяқөкшеменалда тұрады, қолды артқа қарай сермейді;

    • итеретін аяқты қою имитациясы – серпілетін аяқта отырыңқырап, итеріліп, аяқ өкшеден толық табанға тұрады;

    • сол қалыпта, тек қолды сермеп жасау;

    • сол қалыпта, тек биіктікке секіріп және әртүрлі заттарға қолды, басты, серпілген аяқты тигізу;

    • сол қалыпта, тек 3,5,7 екпін алу қадамында жоғарыға секіруді орындау.

Арнайы жаттығуларды үйренудің мөлшері оларды орындау жылдамдығы мен планканың алатын биіктігі өскенде арта түседі.
3-міндет. Екпін алу техникасын итерілумен үйлестіріп үйрету.
Бұл міндетті орындау үшін екпін алу кезінде жылдамдықты біртіндеп көбейтіп, әсіресе соңғы үш қадамда күшейтіп, ал соңғы қадам – ең ұзын болады, ол секірушінің ОЦМ төмендетуге және жақсы итерілуге икемді жағдай жасайды. Ритмді жақсы меңгеру үшін қадамды дауыстап,шапалақтап,таяқты тықылдатыпсанауға болады.
Итерілу арқылы екпін алуды үйретудің әдістері мынадай жаттығулар: белгі бойынша екпін алу, мұғалімнің санауымен екпін алу, 1,3,5 қадамнан арнайы сызылған жерге дейін итерілу арқылы екпін алу, планка арқылы секіру, жеке екпін алуды іріктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет