«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет19/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Практикалық сабақ №23.
Орман-мелиорациялау шаралары


Сабақтың мақсаты:Орман алқаптарын анықтау. Ирригациялық эрозияға қарсы шараларды анықтау.

Эрозияға қарсы отырғызылатын орман алқаптары топырақтың бұзылмай сақталуына септігін көп тигізеді. Бұл орман алқаптары төмендегідей болып бөлінеді:


- су бөлінетін қырда отырғызылатын орман алқабы қардың көп жиналуына, әсерін тигізеді және жел екпінін бәсеңдетеді;
- су шайып сай-жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың шетіне дейін созылуы тиіс. Бұл ағаштар сол сайдың жыраланған жағасын бекітеді, жыраның үлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді;
- су ағатын сайлардың, өзендердің жағасына отырғызылатын орман алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ұшырамауын қамтамасыз етеді;
- сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы оларды әрі қарай тереңдеп шайылудан сақтайды. Топырақ эрозиясы болмауы үшін дөңес жерлерге орман жолақтарын отырғызады. Бұл жолақтардың арақашықтығы жердің еңістігіне қарай өзгеріп отырады, егер еңістік 2-30 болса, бір жолақпен екінші жолақтың арасы 300-400 м болады, еңестік 3-40 болса - 250-300 м, ал еңістік 50-тан көп болса 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының көлденеңі 12-20 метр болғанда дөңес жерлерден аққан суды топырақ толық сіңіре алады.
Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар. Қазіргі кезде Қазақстанда суарылатын барлық жерлердің көлемі 1,2 млн гектар шамасында, оның ішінде егістік жерлер 1,0 млн гектардай. Мұның 90%-дан астамы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы облыстарында орналасқан. Бұл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жүрген дөңес жерлерлер де аз емес. Дөңес жерде су ағысы қатты болатындықтан, суармалы жердің көбісі эрозиядан үлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда жер суару ережесі мен тәсілі бұзылып жүргізілсе, бір рет суарғанның өзінде ғана әр гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен. Ирригациялық эрозия топыраққа келтіреін зиянына қарай екіге бөлінеді:
- суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия, дақылдарды суару кезіндегі болатын танаптағы топырақтың шайылуы;
- қарықтар эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – қарықтар мен каналдардың судың әсерінен қазылып шайылуы.
Суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, жеңіл, құнарлы бөлігі танаптың биік жерінен сумен төменгі жағына ағып барады да, танаптағы топырақың құнарлылығының әр түрлі болуына әкеп соғады. Жыл өткен сайын танаптың биік жерлерінің құнарлылығы кеми түседі.
Су эрозиясын болдырмау үшін төмендегідей шаралар қолданылады:
- суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану керек;
- егіншілікте жаңа әдіс дискретті суаруды қолдану су эрозиясын болдырмауға септігін тигізеді;
- топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы түтіктер жүйесін қолдану өте жақсы нәтиже береді;
- су жүретін жүйелерінің ішін бетондау, әр түрлі темірбетон құбырлар, науалар қолдану;
- су жүретін жүйектердің ұзындығы, тереңдігі, оның ішімен жүретін су мөлшері топырақтың түріне байланысты, ол шайылмайтындай етіліп өзгеріп тұруы керек;
- эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға көпжылдық шөптер егіліп, олар ауыспалы егіс жүйесінен шығарылып тасталуы тиіс;
- эрозияға ұшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна көң сіңірілсе, топырақтың физикалық қасиеттері едәуір жақсарады;
- жердің құнарлылығын көтеру үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек.;
- жерді тегістеу және дұрыс жоспарлау ирригация эрозиясын азайтады;
- танаптарға су жеткізуге арналған қарық жүйесі оны шайып тереңдете бермеуі үшін жердің ыңғайына қарап әр түрлі тұспалар мен бетонды төккіштер жасау керек.
А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институттарының және көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндіріске кеңінен енгізді. Осы шаралардың бастылары мыналар:
1. Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз қалдыру және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша өңделгеннен соң танапта 70 % дейін немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, КПШ-12 сыдыратілгіш культиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған БИГ-3 А, БИГ-6 тырмалары, ЛДГ-10, ЛДГ-15, БМШ-15 құралдары, аңызға тұқым себетін СЗС-2,1А дән сепкіштері жатады.
Соқамен аударып жыртылған жерлерде эрозияның салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырылып өңделген танаптардан 1,2 тонна топырақ ұшып кетеді екен. Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды. Көктемде сыдыра қопсытылған сүдігерге қарағанда едәуір ылғал көп болады. Осының әсерінен ауылшаруашылық дақылдарының әр гектарын 1,5-3ц өнім артық алынады.
Аңызы сақталған танаптарда көбіне желтоқсан айының басында-ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал аударылып жыртылған танаптарда қар көбіне қыстың екінші жартысында ғана тоқтайды және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себепті жер 70 см-ге дейін тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейін тоңданады.Сондықтан, аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу еріп, оның суы топыраққа жақсы сіңеді.
Мысалы, бұрынғы Қазақ ғылыми-зертеу астық шаруашылығы институтының зерттеулері бойынша орта есеппен 5 жыл ішінде жерді соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыра тілгіш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екі есе көп жиналған. Топырақтағы соған

сәйкес алғал қоры 512 м3/га және 978 м3/га, ал жаздық бидай өнімі 9,5 ц/га және 12,8 ц/га болған.


Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеуді көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер сыдыра қопсытатын құралдармен жүгізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргізген көпжылдық зерттеулер жерді сыдыра қопсытқанда күз, қыс кездерінде түсетін ылғал топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр. Танапта жатаған бидайық сияқты көпжылдық көгентамырлы арамшөптер болса, сыдыра өңдейтін құралдарды қолданған сайын олардың саны арта түседі. Сондықтан, мұндай танапарды парға қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет сыдыра қопсытқыш культиваторлармен өңдеп, арамшөптерді жою керек.
Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өңделетін болғандықтан жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қауіпі туады. Сондықтан, парға қалдырылатын танапқа орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып тастау керек, өйткені ол топырақты эрозиядан қорғауға септігін тигізеді.
Жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде арамшөптердің саны кейбір жағдайда көбейе түседі. Сондықтан, топырақ қорғаудың бұл тәсілін қолданған кезде ауыспалы егіс жүйесі мүлтіксіз орындалуы керек. Сол ауыспалы егістің бір танабы міндетті түрде пар болуы тиіс. Егістіктің топырақ қорғайтын жүйесі оны терең өңдеуді талап етеді. Парға қалдырылған танапты тамыз айының аяғында терең етіп КПГ-250 жазықтабан сыдыратілгіш культиваторы типтес құралдармен өңделеді содан 2-3 жыл бойы топырақ тек 10-14 см тереңдікке таяз өңделіп тұрады. Кей жағдайда парға қалдырылған танаптарда арамшөптерді жою үшін культивациялаудың орнына әр түрлі гербицидтер қолдануға да болады.

Бақылау сұрақтары:


1 Егіншіліктегі топырақты мелиорациялау жұмыстары
2 Топырақты химиялық мелиорациялау
3 Сор топырақтарды гипстендіру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет