Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі



бет2/10
Дата26.11.2022
өлшемі91,94 Kb.
#52824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақ, орыс, неміс, татар және түркі тілдерін жақсы білген, тіл білімі, математика, физика, заң, география, медицина сияқты салалар бойынша еңбектер жазған кең тынысты, жан-жақты білімді, кезінде замандастары «қазақтың Ломоносовы» деп атаған ғалымның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оның сан салалы еңбектерін сол салалардың білікті мамандары терең зерттегенде ғана елін сүйіп өткен Елдестей азаматтың ғалымдық қыры мен азаматтық тұлғасы мейілінше айқындала түседі.

  • Қазақ, орыс, неміс, татар және түркі тілдерін жақсы білген, тіл білімі, математика, физика, заң, география, медицина сияқты салалар бойынша еңбектер жазған кең тынысты, жан-жақты білімді, кезінде замандастары «қазақтың Ломоносовы» деп атаған ғалымның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оның сан салалы еңбектерін сол салалардың білікті мамандары терең зерттегенде ғана елін сүйіп өткен Елдестей азаматтың ғалымдық қыры мен азаматтық тұлғасы мейілінше айқындала түседі.
  • Елдес Омарұлының ХХ ғасыр басындағы терминологиялық жұмыстарды жүргізуге ерекше атсалысқан, осы іспен тікелей айналысқан алаш оқығандарының бірі екенін оның тергеушіге берген мына жауабынан да байқауға болады. Онда ғалым былай дейді: «Мен онымен (Қаныш Сәтбаев) 1923 жылы, ол Қазақ Оқу-ағарту комиссариатының академиялық орталығына қазақ тілінде жазылған алгебра оқулығының қолжазбасын табыс еткен кезінде таныстым. Мен академиялық орталықтың жанындағы ғылыми комиссияның хатшысы ретінде алгебра терминдерін жасау жөніндегі жұмысқа қатыстым және Сәтбаевтың қолжазбасы жөніндегі хабарламашы болдым» 

Жан-жақты білімділігімен, көп тіл білетіндігімен ерекшеленген ғалым математика, геомертия, физика, тіл білімі сияқты бірнеше саланың терминдерін жасауға белсене араласқан. 90-жылдардан кейін Е.Омарұлы еңбектерінің бірқатарын жинақтап, алғаш жариялаушылардың бірі М.Шуақаев «Елдестің медицина инстиутында сақтаулы жеке ісінде оның медицина қызметкерлеріне арнап қазақ тілінде сөздік дайындағаны туралы анықтама бар. Сөздік күні бүгінге дейін табылмай отыр» деп жазады. Бұл деректер оның медицина терминдерін жасаумен де айналысқандығынан хабардар етеді.

  • Жан-жақты білімділігімен, көп тіл білетіндігімен ерекшеленген ғалым математика, геомертия, физика, тіл білімі сияқты бірнеше саланың терминдерін жасауға белсене араласқан. 90-жылдардан кейін Е.Омарұлы еңбектерінің бірқатарын жинақтап, алғаш жариялаушылардың бірі М.Шуақаев «Елдестің медицина инстиутында сақтаулы жеке ісінде оның медицина қызметкерлеріне арнап қазақ тілінде сөздік дайындағаны туралы анықтама бар. Сөздік күні бүгінге дейін табылмай отыр» деп жазады. Бұл деректер оның медицина терминдерін жасаумен де айналысқандығынан хабардар етеді.
  • Елдес Омарұлы тіл маманы, ұлт тілінің үлкен жанашыры ретінде қоғамдық өмірдің өзге де салаларына қатысты жаңа сөздерді, терминдерді жасауға атсалысқан. Мәселен, Г.Әлімбекова ғалымның физика оқулығы туралы сөз еткен мақаласында «Сол кездегі Министрлер Советі Председателін» тұңғыш рет «Кіндік Үкімет Төрағасы» деп өзі аударып, жоғарыға арнайы ұсыныс құжатын түсіртеді»[1] деп жазады. Термин қалыптастыру ісінің үнемі басы-қасында болған ғалым қаламынан туған атаулар мұнымен де шектелмесе керек. Ғалым мұрасын жинақтап, арнайы зерттесек, әлі де оның қаламынан туындаған көптеген терминдердің табылатындығына күмән келтірмейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет