Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі



бет4/10
Дата26.11.2022
өлшемі91,94 Kb.
#52824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Біздің ғалымдарымыздың көпшілігі қазір ғылым мен техника саласындағы жаңа ұғымдардың атаулары туралы сөз бола қалса, мұндай ұғым қазақта болмаған, сондықтан оны басқаша атап бас қатырып жатпай, ең дұрысы сол ұғымның атауын да өзге тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдау деп жатады. Мұндай уәжге тоқталатындар аз емес. Тілші ғалымдар мен сала мамандарының арасында жаңа термин жасауға мейілінше қарсы, еуропа халықтары тілдерінің сөздерін өзгертпей алуға бейілділер жиі ұшырасады. Ал жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ ғылымы мен білім саласының дамуына аянбай еңбек еткен алаш оқығандарының көпшілігі бұл мәселеде басқаша ұстанымда болды. Соның ішінде алаш зиялы қауымының көрнекті өкілі, тіл білімпазы Елдес Омарұлының пікірі айрықша көңіл аудартады. «Пән кітебтері үшін пән сөздері керек. Ондай сөздер қазақтың өз тілінде бұрын болмаған; Оны жаңадан ойлап шығару керек» – деп жазады ол. Ғалым бізде бұрын болмаған cөздерді ала берейік деген ойдан мүлде аулақ. Ол керісінше, ондай атауларды «жаңадан ойлап шығару керек» дейді. Жоқты бар етуді, өзгенікін дайын қалпында қабылдай бермей, өзіміздікін жасауды міндет санайды. Алаш зиялылары «осылай істеу керек», «жаңадан жасау керек» деп өзгелерге жол сілтеп, ақыл айтып қана қоймай, өздері пән атауларын жасап, қолданысқа енгізіп үлгі көрсете де білді. Олардың сөзі мен ісінің арасында қайшылық, алшақтық болмады. Елдес Омарұлы да өзінің бұрын қазақта болмаған терминдерді «жаңадан ойлап шығару керек» деген сөзіне сәйкес іс істеді. Ол көптеген геомертия, физика, медицина терминдерін қазақша тұңғыш рет өзі жасап, жазған оқулықтары, мақалалары мен құрастырған сөздіктері арқылы тілдік қолданысқа енгізді. Айтып қана қоюмен шектелмей, ол өз айтқандарын ісімен де дәлелдей білді

  • Біздің ғалымдарымыздың көпшілігі қазір ғылым мен техника саласындағы жаңа ұғымдардың атаулары туралы сөз бола қалса, мұндай ұғым қазақта болмаған, сондықтан оны басқаша атап бас қатырып жатпай, ең дұрысы сол ұғымның атауын да өзге тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдау деп жатады. Мұндай уәжге тоқталатындар аз емес. Тілші ғалымдар мен сала мамандарының арасында жаңа термин жасауға мейілінше қарсы, еуропа халықтары тілдерінің сөздерін өзгертпей алуға бейілділер жиі ұшырасады. Ал жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ ғылымы мен білім саласының дамуына аянбай еңбек еткен алаш оқығандарының көпшілігі бұл мәселеде басқаша ұстанымда болды. Соның ішінде алаш зиялы қауымының көрнекті өкілі, тіл білімпазы Елдес Омарұлының пікірі айрықша көңіл аудартады. «Пән кітебтері үшін пән сөздері керек. Ондай сөздер қазақтың өз тілінде бұрын болмаған; Оны жаңадан ойлап шығару керек» – деп жазады ол. Ғалым бізде бұрын болмаған cөздерді ала берейік деген ойдан мүлде аулақ. Ол керісінше, ондай атауларды «жаңадан ойлап шығару керек» дейді. Жоқты бар етуді, өзгенікін дайын қалпында қабылдай бермей, өзіміздікін жасауды міндет санайды. Алаш зиялылары «осылай істеу керек», «жаңадан жасау керек» деп өзгелерге жол сілтеп, ақыл айтып қана қоймай, өздері пән атауларын жасап, қолданысқа енгізіп үлгі көрсете де білді. Олардың сөзі мен ісінің арасында қайшылық, алшақтық болмады. Елдес Омарұлы да өзінің бұрын қазақта болмаған терминдерді «жаңадан ойлап шығару керек» деген сөзіне сәйкес іс істеді. Ол көптеген геомертия, физика, медицина терминдерін қазақша тұңғыш рет өзі жасап, жазған оқулықтары, мақалалары мен құрастырған сөздіктері арқылы тілдік қолданысқа енгізді. Айтып қана қоюмен шектелмей, ол өз айтқандарын ісімен де дәлелдей білді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет