«Тілдің заңына келмейтін жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, - тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады» деп, ұлт тілінің қадір-қасиетін терең сезінген, оның негізгі заңдары мен тазалығын, әуезділігін сақтау қажеттігін ғылыми тұрғыдан дәлелдей білген ғалым, өз идеясына, ғылыми ұстанымына беріктігімен де еркшеленеді. Оны ғалымның шығармашылығынан және ұлтшыл, алашшыл, пурист деп айыптаған жылдыарда да алған бағытынан бас тартпағандығынан, табандылық танытқандығынан да байқауға болады.

Елдес Омарұлының білімпаздардың тұңғыш сиезінде жасаған баяндамасына ерекше мән беріп, айрықша тоқталып отырумыздың өзіндік себептері бар. Ең бірінші себебі – бұл бүкіл қазақ-қырғыз зиялылары, алаштың ең білімді азаматтарының бас қосқан алқалы жиынында терминология мәселелерін алғаш рет ресми түрде талқылауға ұсынған баяндама. Оған дейін де түрлі басылымдарда жеке ғалымдар мен қазақ оқығандары тарапынан термин, терминология мәселелері туралы сөз қозғалғанымен, бірақ дәл білімпаздар құрылтайындай жоғары деңгейде өткен салиқалы жиында арнайы сөз болмаған еді. Сондықтан да терминология мәселелерінің елдегі түрлі көзқарастағы бүкіл ғалымдарының жиналған съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі ретінде қаралуы – қазақ терминологиясының тарихындағы айтулы оқиға еді. Екінші себебі – осы баяндамада тұңғыш рет ұлттық терминологиялық қорды қалыптастырудың негізгі бағыттары, терминологияны дамытудың қағидаттары ұсынылып, жан-жақты талқылаудан кейін съезд оны ресми бекіткен болатын. Сонымен 1924 жылы съезд қаулысымен ресми бекітілген қазақ терминологиясының тұңғыш ғылыми қағидаттары Елдес Омарұлының баяндамасына негізделді. Нақтырақ айтқанда, пән сөздерге арналған баяндама съез делегаттары тарапынан қызу талқыланғанмен, баяндамашының ұсынған мәселелері бойынша айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ. Жалпы көтерген мәселесі, ғылыми құндылығы жағынан да Е.Омарұлының бұл баяндамасын қазақ терминологиясының тарихындағы алатын орны айрықша «Елдестің ерекше баяндамасы» деп атауға толық негіз бар.