Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі



бет6/10
Дата26.11.2022
өлшемі91,94 Kb.
#52824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Елдес Омарұлының «пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды» деп отырғаны осы. Орыс, неміс терминтанушы ғалымдарының кейінгі 20-30 жыл көлемінде айтып жүрген «термин мағынасының ұғынықтылығы» (прозрачность термина) дегені осы. Көріп отырғанымыздай, қазақ тіл білімінің мамандары бұл мәселеге жиырмасыншы ғасыр басында-ақ назар аударған.

  • Елдес Омарұлының «пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды» деп отырғаны осы. Орыс, неміс терминтанушы ғалымдарының кейінгі 20-30 жыл көлемінде айтып жүрген «термин мағынасының ұғынықтылығы» (прозрачность термина) дегені осы. Көріп отырғанымыздай, қазақ тіл білімінің мамандары бұл мәселеге жиырмасыншы ғасыр басында-ақ назар аударған.
  • Елдес Омарұлы термин жасау кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалануға алғаш мән берген қазақ зиялыларының бірі. Ол сөзге жалғанғанда тұрақты мағынаны білдіретін -лық, -шы, -шыл, -лы, -сыз, -уыш, -тар сияқты жұрнақтарды «тұрлаулы жұрнақтар» деп, ал ондай тұрақты мағынасы жоқ –қ, -н, -ақ тәрізді жұрнақтарды «тұрлаусыз жұрнақтар» деп екіге бөледі.
  • Елдес Омарұлының «тұралуы жұрнақ» және «тұрлаусыз жұрнақ» терминдері Ахмет Байтұрсынұлы жасап қалыптастырған «тұрлаулы мүше», «тұрлаусыз мүше» терминдерінің үлгісімен жасалған. Сондай-ақ жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оның 1928 жылы Қызылордада жарық көрген «Пішіндеме» оқулығындағы «тұрлаулы шама», «тұрлаусыз шама», «сабақтас пішін» (сабақтас сөйлем), «одағай сан» (одағай сөз) терминдері де Ахаң үлгісімен жасалған атаулар.

«Қазақ тілінің жұрнақтары жете тексерілген емес. Тұрлаусыз жұрнақтардың да түбір сөздің мағанасына дыбыстарына қарай, айрықша бір мәнісі болуы мүмкін, сондықтан түбірге тұрлаусыз мүше жалғағанда аса сақ болу керек. Қазақша түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз шығарғанда – қолдан келгенше тұрлаулы жұрнақпен шығару керек; тұрлаусыз жұрнақтарды тексеріп сырын біліп алу керек» дейді ғалым.

  • «Қазақ тілінің жұрнақтары жете тексерілген емес. Тұрлаусыз жұрнақтардың да түбір сөздің мағанасына дыбыстарына қарай, айрықша бір мәнісі болуы мүмкін, сондықтан түбірге тұрлаусыз мүше жалғағанда аса сақ болу керек. Қазақша түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз шығарғанда – қолдан келгенше тұрлаулы жұрнақпен шығару керек; тұрлаусыз жұрнақтарды тексеріп сырын біліп алу керек» дейді ғалым.
  • Бізде қазір терминжасам барысында төл жұрнақтарымызбен қатар көптеген латын, грек терминбөлшектері мен кірме жұрнақтар да пайдаланылады. Алайда сол жұрнақтардың терминжасам үрдісіндегі үлесі мен пайдаланылу жиілігі анықталып, статистикалық есеп жүргізіліп жатқан жоқ. Елдес Омарұлының өткен ғасыр басында-ақ жұрнақ жалғау арқылы термин жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлуі назар аудартады. Ол тіліміздегі жұрнақтардың жете зерттелмегендігін айта отырып, жаңа атаулар жасағанда оларды орнымен пайдалану керектігін ескертеді. Ғалым термин жасағанда мүмкіндігінше тұрлаулы жұрнақтарды жалғаған дұрыс деп санайды. Оның тұрлаусыз жұрнақтарды пайдаланғанда аса сақ болу керек дегенінде үлкен мән жатыр. Мәселе мұнда жұрнақтың тұрлаулы немесе тұрлаусыз болуында емес. Автордың өзі атап көрсетіп отырған тұрлаусыз жұрнақтардың мағыналарының анық ажыратылмағандығында. Лингвистика тілімен айтқанда әңгіме жұрнақтардың семантикасы туралы болып отыр. Ғалымның бұл пікірі күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Бүгінгі уақытта морфологиялық тәсілмен термин жасау барысында ең бір жиі кездесетін кемшіліктің бірі сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасын білмей жалғау. Тіл мамандарынан гөрі терминологиялық сөздік жасаушы өзге салалардың мамандары бұл кемшілікке көп жол береді. Елдес Омарұлының «тұрлаусыз жұрнақтарды тексеріп сырын біліп алу керек» деуі олардың семантикасын анықтап алу керек дегені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет