Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі



бет3/10
Дата26.11.2022
өлшемі91,94 Kb.
#52824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Елдес Омарұлы пән сөздерінің баспасөзде қолданылуына, ерекше мән берген. Ол өзінің білімпаздардың тұңғыш сиезінде пән сөздері туралы жасаған баяндамасын баспасөз тіліне тоқталудан бастайды. «Басылып шыққан газет, жорналдарды қазақ оқи алатын болуы үшін, оның пән сөздері де қазаққа түсінікті болуы керек» деп жазады ғалым. Баспасөздің қоғамдағы атқаратын рөлі қашан да айрықша. Ал ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы хат таныған, білімі барлардың саны халықтың белгілі бір бөлігін құраған кезеңде баспасөздің орны тіптен айрықша болды. Ғылымның түрлі салаларын меңгерген ғалымдар мен жоғары білімді мамандар қауымы жаңа-жаңа қалыптасып келе жатқан уақытта қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер де көп болған жоқ. Барларының өзін жаппай қолданатындай сауатты қауым әлі қалыптаса қоймап еді. Қалың жұртшылық қоғам өмірінде болып жатқан күнделікті жаңалықтармен қатар ғылым-білім саласындағы жаңа ақпараттарды да негізінен газет-журналдар арқылы алып отырды. Көптеген жаңа терминдердің баспасөз беттерінде жиі қолданылыуына да осындай факторлар әсер етті. Терминдерді алғашқы сәттен бастап дұрыс қалыптастыру мен жұртшылықты жаңылыстырмау үшін термин қолданысына ерекше мән беру керек те еді. Осыны жақсы түсінген Е.Омарұлының өз баяндамасында бұл мәселеге арнайы тоқталуы да сондықтан. Терминдердің негізгі қолданылатын жері арнаулы мәтіндер, ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар, оқу құралдары. Алайда қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің де, оларды кәсіби қызметінде пайдаланатын ғылыми қауымның да қалыптаса қоймауы себепті баспасөздің осы кеңістікті толтыруына тура келді. Е.Омарұлының «газет, жорналдарды қазақ оқи алатын болуы үшін, оның пән сөздері де қазаққа түсінікті болуы керек» деген сөзі сол кезеңдегі қазақ баспасөзінде терминдердің көптеп қолданылғанынан хабардар етсе, екінші жағынан терминологияны қалыптастыруда терминдерді ұлт тілінде жасауға ерекше мән беру керектігін атап көрсетіп отыр.

  • Елдес Омарұлы пән сөздерінің баспасөзде қолданылуына, ерекше мән берген. Ол өзінің білімпаздардың тұңғыш сиезінде пән сөздері туралы жасаған баяндамасын баспасөз тіліне тоқталудан бастайды. «Басылып шыққан газет, жорналдарды қазақ оқи алатын болуы үшін, оның пән сөздері де қазаққа түсінікті болуы керек» деп жазады ғалым. Баспасөздің қоғамдағы атқаратын рөлі қашан да айрықша. Ал ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы хат таныған, білімі барлардың саны халықтың белгілі бір бөлігін құраған кезеңде баспасөздің орны тіптен айрықша болды. Ғылымның түрлі салаларын меңгерген ғалымдар мен жоғары білімді мамандар қауымы жаңа-жаңа қалыптасып келе жатқан уақытта қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер де көп болған жоқ. Барларының өзін жаппай қолданатындай сауатты қауым әлі қалыптаса қоймап еді. Қалың жұртшылық қоғам өмірінде болып жатқан күнделікті жаңалықтармен қатар ғылым-білім саласындағы жаңа ақпараттарды да негізінен газет-журналдар арқылы алып отырды. Көптеген жаңа терминдердің баспасөз беттерінде жиі қолданылыуына да осындай факторлар әсер етті. Терминдерді алғашқы сәттен бастап дұрыс қалыптастыру мен жұртшылықты жаңылыстырмау үшін термин қолданысына ерекше мән беру керек те еді. Осыны жақсы түсінген Е.Омарұлының өз баяндамасында бұл мәселеге арнайы тоқталуы да сондықтан. Терминдердің негізгі қолданылатын жері арнаулы мәтіндер, ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар, оқу құралдары. Алайда қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің де, оларды кәсіби қызметінде пайдаланатын ғылыми қауымның да қалыптаса қоймауы себепті баспасөздің осы кеңістікті толтыруына тура келді. Е.Омарұлының «газет, жорналдарды қазақ оқи алатын болуы үшін, оның пән сөздері де қазаққа түсінікті болуы керек» деген сөзі сол кезеңдегі қазақ баспасөзінде терминдердің көптеп қолданылғанынан хабардар етсе, екінші жағынан терминологияны қалыптастыруда терминдерді ұлт тілінде жасауға ерекше мән беру керектігін атап көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет