Жетісу облысы Алакөл ауданы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар О. Молдағожин атындағы орта мектеп»



бет2/3
Дата26.01.2023
өлшемі5 Mb.
#63117
1   2   3
«Ескендір» поэмасынан үзінді
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп, Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Абай
Буын саны -11
Бунағы -2/3
Ұйқасы – шалыс ұйқас
Мазмұны
Мағынасы
Мүддесі
Тақырыбы
Идеясы
Бұлақ көзі
Шығады: "асыл - тастан, өнер - жастан", Тәрбие тәуір болса әуел бастан. Мысалы ғылым таппақ сол секілді: Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан. Жігітке талаптанған жүз мың рахмет, Әрқайда өз білгеннен ырзық шашқан. Жаны ашып нашарларға қызмет етіп, Салса егер түзу жолға — болса адасқан. Халық үшін жанын қиып шыққан болса, Қайырлы әр кадамы болсын басқан! Көрсетіп тар орында таудай қайрат, Құтқарса мұқтаждықтан, болса адасқан! Қазақ қор болар ма еді, көп болса егер, Шаһбаздар осы айтқандай өнер асқан?! Немене бұл күнгі хал ойлап тұрсақ, Жақсы жоқ өз басынан пайдасы асқан! Азырақ дәулет біткен кісі болса, "Мен баймын, сен кедей!" —деп, мал санасқан. Болмаса бірлі-жарым талапкерлер, Жігіт жоқ өнерпазбен бір жанасқан! Һемматсыз (үмітсіз) байланамыз, бәрі надан, Мұхираб сан жәрдемнен аулақ қашқан. "Анау артып, мен кейін қалам ба?" — деп, Өзімен-өзі күншілдікпен құр таласқан.
Мәшһүр Жүсіп
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет