Жеткербаева. А. Мырзағалиева. Ж. Ертайқызы. Н. Тексерген: Қоқанова. Ж. Грамматикалық категориясы



бет3/5
Дата19.11.2023
өлшемі37,59 Kb.
#124892
1   2   3   4   5
Жалпы осы шақ. Осы шақтың бұл түрі етістік негізіне көсемшенін. -а (-е, -й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені бұл форма, контекстегі қызметіне карай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де, адамзатқа, ғаламзатка тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі де (ит уреді, қус ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; муғалім бала оқытады, шэкірттер сабақ тыңдайды) білдіре береді.

  • Нақ осы шақ. Осы шақта бұл түрі көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а, -е, -й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, түр, отыр деген жайкүй етістіктерінін біреуі тіркесу аркылы жасалады. Мысалы: айтып отырмын; көріп тұрмыз; оқып жүр; келе жатыр т. б.

  • Неғайбыл осы шақ. Осы шақтың бұл түрі екі түрлі аналитикалық формант аркылы жасалады. Оның біріншісі — көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады. (Мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? аттанғалы жатырмыз; кіргелі турмыз; оқуға түскелі жүрсіңдер ме?); екіншісі -йын деп (-йін деп) форманты жалғанған етістікке сол төрт (жатыр, жүр, түр, отыр) етістіктін бірі тіркеседі

    КЕЛЕР ШАҚ
    Келер шақ категориясына амал-әрекеттің алдағы уакытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны-аспайтыны я асырылатыны-асырылмайтыны туралы түсінік беретін етістік формалары жатады. Бірақ, түр-түрінің ерекшеліктеріне қарай, бұл формалардын, өзара мағыналық айырмашылыктары болады.

    • Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уакытта шүбәсіз анық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасынын жұрнағы (-а, -е, -й) қосылу аркылы жасалады. Мысальі: Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз, жазғы демалыста ауылдағы егін, кұрылыс жұмыстарына қатысамыз, ауыл еңбеккерлеріне жәрдем береміз



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет